Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кіріспе. Тақырыбы: Өмірлік циклдың сатылары





Курстық жұмыс

Пән: Квалиметрия

Тақырыбы: Өмірлік циклдың сатылары. Сенімділіктің үш типі. Сенімділіктің техникалық болжаулары – теориялық, тәжірибелік, эмпирикалық. Резервтеу және оның элементтері. Сенімділікті бағалау. Сенімділікті техникалық қамтамасыз ету аумағындағы негізгі түсініктер. Сенімділікті бағалау сипаттамасы.

 

 

Орындаған: Өсімжанұлы Е.

Тобы: 3 курс ССжМ

Қабылдаған: Туреханова Г.И

 

 

Астана, 2015 жыл

Мазмұны

 

Кіріспе......................................................................................................................3

 

І. Өмірлік циклдың сатылары

1.1 Тауардың өміршеңдік кезеңінің фазалары мен кезеңдері...........................4

1.2 Тауар өміршеңдігі және нарық.......................................................................7

1.3 Тауардың өмірлік циклының көрсеткіштері...............................................15

ІІ. Сенімділік туралы мәліметтер

2.1 Сенімділік теориясының негіздері. Сенімділік теориясының терминдері мен анықтамалары.................................................................................................19

2.2 Сенімділік құрамы: істен шықпағандық, жөндеуге жарамдылық, сақталуы, ұзақ мерзімділігі.............................................................................21

2.3 Сенімділіктің сандық көрсеткіштері.............................................................24

ІІІ. Жабдықтардың сенімділіктерін бағалау

3.1 Сенімділікті бағалау........................................................................................25

3.2 Физикалық, моральдық және техника-экономикалық өмір ұзақтықтары.....................................................................................................26

3.3 Жабдықтардың өмір ұзақтығын арттырудың конструктивтік, технологиялық және пайдаланулық әдістері................................................27

 

Қорытынды..........................................................................................................28

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................29

 

 

Кіріспе

Тауар өндірісі – қоғамдық өндірістің белгілі бір ұйымы. Тауар өндірісінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастар нарық арқылы, олардың еңбегінің өнімдерін сатып алу, сату арқылы көрініс табады. Ол еңбек өнімділігін арттырудың және өндіріс көлемін ұлғайтудың пәрменді тетігін жасайды. Тауар өндірісі мен оның тетігі – адамзат өркениетінің жалпыға ортақ мәнді жетістіктерінің бірі, қоғамдық-экономикалық формациялардың бірде-біреуі оны орағытып өте алмады. Тауар өндірісінің өнімдерді тікелей айырбастау, тауар айналымы, тауар өндірісі сияқты қалыптасу сатылары бар.

Демократиялық қоғам тарихи жағынан нарықтық қатынастардың енуімен жалпылама сипатқа ие бола бастады. Мәдениет пен нарықтың арақатынасы туралы әртүрлі, кейде бір-біріне қарама-қарсы көзқарастар бар. Алайда бір нәрсені анық айта аламыз: адамзат әлі күнге дейін адамдық әрекетті ынталандыру мен қоғамдық байлықты бөлудің нарықтан жетілген тәсілін ойлап тапқан жоқ. Нарықтық шаруашылыққа негізделген үлгілердің бір артықшылдығын қоғамдағы экономикалық әрекеттерді, бір жағынан, тұтынушылардың сұраныстарына сәйкес бағыттап, екінші жағынан, тауар дефицитін барған сайын өрістететін бәсекелестік пен еңбек өнімділігін арттыру арқылы жүзеге тиімді және рационалды шаруашылық процестері нәтижесінде қысқарту деп пайымдауға болады.

Экономика ғылымында көлемдердің кезең түріндегі толқуын және өнім өмірінің кезеңдерін экономикалық циклі, немесе тауардың өмір циклі деп аталады. Тауардың өміршеңдік кезеңі дегеніміз тауардың рыноктағы өмір сүру мерзімі, өмір сатылары болады. Өнімнің өтіміне, пайданың көлеміне, тұтынушылардың мінез-құлқына, бәсекелестіктеріне, маркетинг стратегиясына тауардың өмір циклі аса күшті ықпал жасайды. Өзгеріс бар жерде даму, ілгерілеу де бар. Олай болса, тауардың өзіндік ерекшеліктері ретіндегі өмірлік циклі — онық физикалық қасиеттерімен қатар, ең алдымен нарықтық айналымға қатысқан мерзіміне сәйкес қарастырылады. Ал тауардың айналымдағы уақытының ұзақтығы: оның сапасына, бағасына, оған қажеттіліктіқ дайындық дәрежесіне, жалпы сұраныстың көлеміне, нарықтық конъюнктураның қалпына байланысты және бұл қайбірде тауардың өз қасиетінен алшақтау — жалпы конъюнктуралық жағдайдың нәтижесі болып көрінуі де мүмкін. Сондықтан белгілі бір тауардың нарық айналымындағы әрекет ететін уакыты әр түрлі деңгейде байқалатынын күтпеген окиға деп санаудың орны жоқ.

Тауар қолдануда әрбір дәуір өз жаңалығын бірге ала келіп, айналымдағы тауардың өмірлік цикліне елеулі өзгеріс ендіріп отырады. Материалдық игіліктерді тұтынудағы ерекше шарықтау кезеңі, әсіресе, үстіміздегі ғасырдың екінші жартысынан бастап, жалғасын табуда. Адамзат қоғамынық қазіргі өркениетті дамуы ғарыш ғажайыптарының сырына үнделуде.

 

І. Өмірлік циклдың сатылары.

Date: 2016-01-20; view: 1673; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.015 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию