Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Билет Қазақстандағы демократиялық қайта жаңарулар
Қазіргі таңда қоғамды демократияландыру мәселесі одан әрі зерттеуді қажет етіп, нағыз кӛкейкесті сипат алып отыр. Президент Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінде бҧған ҥлкен мән беріліп, оның бағыт-бағдары атап кӛрсетілген. Оның тікелей бастамашылығымен «Қазақстанды демократияландырудың жаңа кезеңі – еркін демократиялық қоғамды жедел дамыту» атты баяндамасы бойынша Конституцияға ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу, сӛйтіп президенттік-парламенттік басқару жҥйесіне кӛшу мәселелері Парламентте шешімін тапты. Қазақстанда билік жҥйесін демократияландыру жолында 2007 жылы ӛте батыл шешімдер қабылданды. Қоғамдағы кейбір саяси кҥштер тарапынан халықтың демократияға әлі де болса, мәдени, саяси жағынан дайын еместігі туралы пікірлер айтылғанына қарамастан, Президент Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық бағдарламасы жҥзеге асырылуда. Ол басқарған мемлекеттік комиссияда партиялар жҧмыс істеп, демократиялық реформалардың бағдарламасы нақтыланды. Бҧдан 15 жыл бҧрын ТМД-ның жас мемлекеттері қалыптаса бастаған кезде, оның кейбіреулері саяси реформалаудан бастаса, Қазақстан экономикаға басымдық берді. Президент Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «алдымен экономика, содан соң саясат» деген принцип жҥзеге асырылды. Оған халықаралық қауымдастық оң баға берді деуге болады. Бастысы – Қазақстанның саяси тҧрақтылығы сақталынды. Қазір мемлекет дамуының жаңа кезеңінде саяси реформаларға да басымдық мән берілді. Қазақстанда демократияландыру жоғарыдан бастау алғанымен, халық арасында бірнеше жыл бойы талқыланды. Себебі ӛтпелі кезеңде демократияландыру жӛнінде посткеңестік республикаларда бҧрмалаушылықтар орын алды. Соның салдарынан бюрократиялық тосқауылдар мен жалған демократия бой кӛрсетті. Қазақстан Президенттік-Парламенттік Республикаға айналды. Конституцияда азаматтық қоғамның алғышарты болып табылатын азаматтардың қҧқықтары мен еркіндіктері заңдастырылды; баламалы негізде жалпы сайлау жолымен мемлекеттік билікті ауыстырудың тетігі белгіленді; атқарушы билікке тепе-тең болатын жаңа екі палаталы Парламент жҧмыс істейді; қҧқықтық-сот жҥйесі реформалануда; ӛзін-ӛзі басқару институты қалыптасып келеді; кӛппартиялық жҥйе және саяси плюрализм қалыптасу және даму ҥстінде; тәуелсіз БАҚ қалыптасуда. 50-билет Үкімет-бизнес қатынастарын жақсартудағы әкімшілік институтардың функционалдық және құрылымдық сипаттамалары. Экономикалық және институционалды жүйелер арасындағы қатынастар мәселесі бойынша экономикалық саясатқа қатысты мемлекеттік институттардың құрылымдық және функционалдық сипаттамаларын талдау маңызды ақпарат береді: - жалпы экономикаға қатысты нақты және күтілетін сектор салмағы; - сектордың даму болашағы; - сектор құрылымы. Жеке кәсіпорындар мен үкімет өзара қатынастар сипатын бәсекелік стратегияны талқылауға енгізудің түрлі деңгейде жүзеге асатынын ескеру керек: - экономикалық жүйенің жалпы деңгейінде; - түрлі экономикалық секторлар деңгейінде; - компания деңгейінде. Үш деңгейдің әрқайсысы үшін талдау түрлі мақсаттарды көздейді: - стратегиялық конфронтация үшін жеке кәсіпорындар мен қоғамдық институттар арасындағы өзара қатынастардың шекті сәттерін таңдау; - жүйелі концептуалды қағидаларын өңдеу; - адамдарда, менеджерлерде осындай өзара қатынастарды жақсарту қабілеттіктері мен ептіліктерін дамыту. Аталған мақсаттар стратегиялық талдау, стратегиялық жүзеге асыру сияқты аталмыш процестерді анықтайды. Бірақ өзара қатынастар пәні мемлекеттік институттардың қызмет етуін зерттеу тұрғысынан да сыйымды. Өткен ед оның негіздері болып табылғандар: - жалпы пайдаланылатын тауарлар мен әмбебап тауарлардың өндірісін іскерлік әдістермен басқару. Бұл – кәсіподақтарды дифференциациялау; - дамуды қолдау саясаты (мысалы, жаңа кәсіпорындардың құрылуын қолдау бойынша әрекеттер). Бұл – экономика дамуының макро бағыты. Мемлекеттік сектордың қаржылық және функционалды дағдарысы жеке кәсіпорындардың мемлекет қызметтерін атқаруға салымын қайта бағалауын қамтитын зерттеудің жаңа аумағын ашты. Бұл перспектива тұжырымдамалар арасындағы айырмашылықтарға әкеледі: - мемлекет қызметі процестердің белгілі жиыны арқылы қажеттіліктерді қанағаттандырудан тұрады; - қоғамдық қызметтерді өндіру. Пәннің күрделілігі екі элементті сипаттайтын теорияларға жүгінуден тұрады – жеке кәсіпорындар мен қоғамдық институттар. Осыған қатысты түрлі тәсілдемелерді атап өтуге болады: - теоретико-дедуктивті; - тарихи; - салыстырмалы; - сипаттаушы-индуктивті. Теоретико-дедуктивті тәсілдеме әлеуметтік-экономикалық жүйелер, жеке кәсіпорындар мен қоғамдық институттар негізіндегі теориялардың дамуы ретіндегі өзара қатынастар пәнін қарастырады. Жекелей алғанда, бір жағынан, тиімділік қағидалары арқылы мақсаттарға жету үшін әдістерді анықтаумен «басқару теориясымен» байланысқа негізделсе, екінші жағынан, басқару ғылымында өзара қатынастар сипаты туындайды: - жеке кәсіпорындар үшін тиімділік тұжырымдамасы өндірілген нәтижелер мен пайдаланылатын ресурстар арасындағы коэффиицентті анықтау үшін тиімділік тұжырымдамасы қабылданды; - мемлекеттік институттар үшін тиімділік тұжырымдамасы аталмыш жағдайдан тәуелділікті анықтау үшін қабылданды; - өзге ассоциация типтері үшін тиімділік тұжырымдамасы әлеуметтік әрекетке ықпал ететін басқару деңгейін сезіну үшін қабылданған. Басқару ғылымының прогрессивті эволюциясы сыртқы өзара қатынастарға шоғырланған. Олардың ішінде «өндірістік жүйе» (жеке кәсіпорындар жүйесі) мен «өндірістік емес жүйе» (қоғамдық институттар жүйесі) арасындағы қатынасты атап өтуге болады. Жүйедегі мәселелермен байланысты талдау саяси және институцоналды ерекшеліктердің жеке кәсіпорындағы басқаруға қалайша ықпал ететінін көрсетуге негізделген. Екінші теориялық мектеп «қоғамдық саясатты» қарастырады. Бұл мемлекеттің «қоғамды реттеу мен қоғамды құрайтын құраушылар арасындағы өзара қатынастар» ретінде қатынастарын кеңейту үшін жүзеге асады. Қызметтердің әрекет етуі заң саласынан экономикалық салаға дейін кеңінен тарайды, себебі азаматтық құқықтардың экономикалық қатынастардың қатты ықпалына алынатыны анық болды (еркіндік, меншік, таңдау еріктігі, өмір сүру шарты. Бүгінгі күні мемлекеттік капитализммен баламалы жүйелердің конфронтациясынан кейін жалпы экономикалық саясатты қайта қарау процесі әрекеттер арқылы емес, қағидалар арқылы реттеу мақсатымен қозғалысқа келтіріледі. Сәйкесінше, жалпы экономикалық саясат жалпы тепе-теңдік жоғарыдан енгізіле алмайды деген қағиданы қайта анықтайды. Үшінші теориялық мектеп жеке кәсіпорынның «әлеуметтік жауапкершілігін» қарастырады. Жеке кәсіпорындардағы зерттеулер экономикалық мақсаттардың тұрақты немесе әлеуметтік ортаға қол жететінін көрсетеді. Өткен теорияларда орта мемлекеттік саясаттан тәуелді «әлеуметтік динамика» ретінде анықталған. Соңғы теориялық мектеп әдетте мемлекет өкілеттігінде болатын мемлекеттік табыстармен ұқсас болатын мемлекеттік істерді қарастырады. Алдымен бұл теориялар қоғам құраушыларының өкілеттігіне енбейтін объектіні анықтады. Кейіннен «мемлекеттік іс» тұжырымдамасы қоғамдық тәртіп, қоғамдық қауіпсіздік, қорғаныс, шетелдік және дипломатиялық қатынастар ретінде анықталған. Елдер немесе облыстар арасындағы одақтар мен қатынастар экономикалық мәселелерді құқықтардың өзара дәлелденуімен, әскери сипаттағы келісімдермен қатар енгізілуін талап етеді. «Үкімет - бизнес» қатынасын қарастыруға қатысты екінші тәсілдеме - тарихи. Ол аталмыш елдегі қатынастардың дамуын келесі параметрлер арқылы қайта қарастырудан тұрады: - сандық шарттар, енгізілетін ресурстардың ауқымдылығы; - сапалық шарттар, қатынастар сипаттамасы мен типологиясы. - тарихи тәсілдеменің мақсаты төмендегілерді түсіндіруден тұрады: - қоғамдағы түрлі мекемелердің ролі; - әлеуметтік шарттар; - экономикалық шарттар; - бұрындары орын алатын интеграцияның ұлттық процестермен бірігуі. Үшінші тәсілдеме – қарастырудағы салыстырмалы тәсілдеме. Ол түрлі елдердегі жеке кәсіпорындар мен қоғамдық институттар арасындағы қатынастарды салыстырады. Төртінші тәсілдеме эмпирикалық сипаттаумен байланысты, ол елдегі жеке кәсіпорындар мен қоғамдық институттар арасындағы қатынастарды қарастырудан және олардың мазмұнын, соңғы мақсаттарын түсіндіруден тұрады. Тақырыпты зерттеудің күрділілігі зерттеушімен қолданылатын құрылымдық таңдау әсерінің әрекет етуінен тұрады. Эмпирикалық сипаттаушы тәсілдеме шектеулерін алып тастау тәсілдемелерінің бірі төмендегілерді қамтитын релевантты мәселелерді алға шығарудан тұрады: - территориалды қамтылушылық пен орналастыру; - салық салу жүйесі (пайда, салықтардың азаюы, капитал салымдары); - өңдеуді ынталандыру стратегиясы; - еңбек нарығындағы жалпы араласу; - қаржылар мен банктік нарықты реттеуге араласу; - базистік зерттеулерді, ноу-хауды қолдау; - қоршаған ортаны қорғау бойынша араласу; - кәсіпорындардың инфрақұрылымға қызмет көрсету жүйесін басқаруға қатысуы; - халықаралық деңгейдегі ұлттық мәртебені қолдау; - ынтымақтастықтың халықаралық бағдарламаларына қатысу; - жеке және мемлекетпен бірлескен кәсіпорындар.
Date: 2016-01-20; view: 1079; Нарушение авторских прав |