Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шестернялы гидромашиналардың түрлері,олардың айрықша белгілері





Тістегерішті сорғылар сыртқы және ішкі іліністі тістегеріштерімен дайындалады.Тістегерішті сорғылардың кең таралған түріне сыртқы іліністісі жатады. Бұл типті сорғының қарапайым түрі суретте берілген.

Сорғы суреттің сол жағында пунктирмен көрсетілген корпуста 4 тығыздалып орналасқан жетекші 1 және жетектегі 3 тістегеріштерден тұрады. Стрелканың бағыты бойынша тістегеріштер айналғанда тістердің ойыстарын толтырып тұрған сұйықтық сору қуысынан 5 айдау қуысына 2 ауыстырылады. Сору қуысында тістегеріш тістері іліністен шығады, ал айдау қуысында ілініске кіреді. Соған байланысты сору қуысында сұйықтықтың көлемі ұлғаяды да, айдау қуысында азаяды.

 

2-суретте ішкі іліністі тістегерішті сорғының схемасы көрсетілген.

Айдау қуысын сору қуысынан бөлу үшін ішкі және сыртқы тістегеріштердің арасына орақ тәріздес (серповидный) элемент қолданылады. Сыртқы тістегеріштер мен корпустың арасын тығыздау үшін пружиналы тығыздау элементтері орнатылады.

С ұйықтықтарды ағызу кезінде тістегеріштердің айналу бағыттарын ауыстырған жағдайда орақ тәріздес элементті 2-суретте көрсетілгендей диаметралды қарама-қарсы қалыпқа ауыстырған жөн.

Бұл типті сорғылардың габаритті өлшемдері шағын болып келеді және сыртқы іліністі тістегерішті сорғыларға қарағанда төзімдірек, алайда дайындау қиындықтарына байланысты олар сирек кездеседі, негізінен реверсивті қозғалтқыштарды майлау жүйелерінде қолданылады.

Тістегерішті сорғылардың негізгі түрі сыртқы іліністі тік тісті тегеріштер жұбынан тұратын және тістерінің саны бірдей эвольвентті профилді сорғы болып табылады. Сорғының бұл түрі құрылысының қарапайымдылығымен және пайдалану сенімділігімен ерекшеленеді.

Берілісті ұлғайту үшін орталық жетекші тістегеріштің айналасында орналасқан үш және одан да көп тістегеріштері бар сорғылар пайдаланылады. 3-суретте үш тістегерішті сорғының схемасы берілген. Ортаңғы тістегеріш жетекші болып табылады; ол көрсетілген стрелканың бағытымен айналғанда сұйықтық каналдардың ықпалына түсіп 2 және 4 каналдары арқылы айдалады. Мұндай сорғылардың теориялық берілісі дәл осындай өлшемді екі тістегеріштен тұратын сорғының теориялық берілісінен екі есеге артық. Осындай типтегі сорғының нақты берілісі ағып кетудің артуынан сорғының екі еселенген берілісінен едәуір төмен болады.

Қиғаш тісті және шевронды тістегерішті сорғыларда тістердің ілініске кіруі және іліністен шығуы тік тісті тегерішті сорғылардағыдай барлық ені бойынша бірден емес, біртіндеп жүргізіледі. Соған байланысты олардың дайындау қателіктері мен монтажға сезімталдығы төмен, төзімдірек болып келеді, сонымен бірге бірқалыпты, шусыз жұмыс істейді.

Қиғаш тісті тістегеріштердің елеулі бір кемшілігі жұмыс барысында тістегерішті корпустың бүйіріне қысып тастайтын осьтік күштің пайда болуынан көрінеді, бұл үдемелі түрде тозуына әкеледі. Бұл кемшіліктер шевронды тістегерішті сорғыларда кездеспейді.

Әдетте шевронды тістегеріштер екі қиғаш тісті тістегеріштерден тұрады, оның біреуі сол жаққа қиылған, біреуі – оң жаққа

Жетекші білікте отырған қиғаш тісті тістегеріш 1, оң жаққа қарай қиылған, ал сол білікке орнатылатын қиғаш тісті тістегеріш 2, сол жаққа қарай қиылған. Екі тістегеріш бір шевронды тістегерішті құрайды; олар білікте ортақ шпонкада орналасады. Жетектегі роторда орналасқан қиғаш тісті тістегеріштер кері ретпен орналасқан, яғни 3 тістегеріш сол жаққа қиылған, ал 4 тістегеріш – оң жаққа. Тістегеріш 3 біліктегі шпонкада орналасқан, ал 4 тістегеріш білікке еркін орналастырылған, бұл оған жетекші ротор тістегерішінің тістеріне қатысты ротор жұмысы кезінде өздігінен орнатылуға мүмкіндік береді.

Шевронды тістегеріштерде тістердің көлбеу бұрышы әдетте 20…250 құрайды.

Шевронды тістегерішті сорғылар тік тісті тегерішті сорғыларға қарағанда жылдамырақ (айналым саны) және қызмет ету мерзімі ұзағырақ. Сонымен қатар, бұл сорғыларда сұйықтықтардың тістердің ойыстарында бітеліп қалуы


болмайды.


 

 


Date: 2016-01-20; view: 1178; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию