Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС №8

Тақырыбы: «Кестелік процессор MS Excel. Мәліметтерді енгізу және редакциялау. Ұяшықтың адресі»

Мақсаты: MS Excel кестелік процессорының негізгі элементтерімен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру.

Негізгі түсініктер:

Мәліметтерді компьютерде кестелар түрінде ұйымдастыруға және өңдеуге арналған программалар немесе қосымшалар кестелық процессорлар немесе электрондық кестелар деп аталады. Бұл электрондық кестелердің артықшылығы- мәліметтерді өңдеуді, сұрыптауды, есептеуді автоматты түрде жүзеге асыра алады, әртүрлі ұяшықтарда орналасқан мәліметтерді түрліше формулалар көмегімен байланыстыра алады және т. б.

Ехсеl программасында құжат болып .хls кеңеймесі бар файл есептеледі. Бұл файлды Ехсеl-де жұмыс кітабы деп атайды. Жұмыс кітабы жұмыстық беттерден (лист1 немесе Sheet 1) тұрады. Бір құжат көлеміндегі беттер саны - 255 болуы мүмкін.

Әрбір жұмыстық бет жеке электрондық кесте түрінде қарастырылады да, онда 65536 жол (rows) и 256 баған(columns) болады. Әрбір жол 1 ден бастап 65536 дейінгі бүтін сандармен, ал бағандар латын алфавитінің A, B, …, Z, AA, AB, …IV әріптерімен белгіленеді. Жолдар мен бағандардың қилысуынан кестенің негізгі құрылымдық элементі ұяшық (cell) пайда болады. Кестедағы әрбір ұяшықтың адресі болады және ол ұяшық орналасқан баған мен жолдың атауларының бірігуінен тұрады (мысалы, А5, ВВ45, т.б.).

Ұяшықтарға жазылатын мәліметтер текст, тұрақтылар, формулалар түрінде болады. Бір ұяшыққа 32767 символға дейін енгізуге болады.

 

Мысал. Оқушылардың үлгерім сапасын кестеге енгізу және нәтиже бойынша диаграмма тұрғызу.

 
 

 

1-тапсырма. ЕхсеІ –де жүргізілетін қарапайым амалдар. Автотолтыру әдісімен енгізу.

1. ЕхсеІ программасын іске қосыңыз (Пуск Программы Microsoft Excel).

2. Жаңа жұмыс кітабын даярлаңыз (Файл→Создать). Оны Кітап.хІѕ деген атпен сақтап қойыңыз (Файл → Сахранить как).

3. Таңбашасына шерту арқылы қолданылмаған жұмыс парағын таңдап алыңыз немесе жаңасын құрыңыз (Вставка →Лист).Жаңа парақтың таңбашасына екі рет шертіңіз және оны Автотолтыру деп атаңыз.

4. А1:В7 ауқымына әр түрлі бүтін сандар енгізіңіз.

5. Осы ауқымды ерекшелеп алып,оған Түзету→Тазарту→Ішіндегі (Правка →Очистить→Содержимое)командасын орындаңыз. Болған өзгеріске назар аударыңз.Отменить батырмасын басу арқылы бұрын енгізген мәндерді қайта қалпына келтіріңіз.

6. А1:В7 ауқымын ерекшелеп алып, оны Түзету→ Көшіру (Правка→Капировать)командасының көмегімен алмасу буферіне орналастырыңыз.

7. Алмастыру буферіндегі мәліметтерді G5ұяшығына апарып қойыңыз(Түзету→Кірістіру (Правка →Вставить))

8. G5: Н8 ауқымын ерекшелеп алып, Түзету→Қияп алу (Правка→Вырезать) командасының көмегімен қиып алып,

С8:Д12 ауқымына апарып қойыңыз.

9. С15:L15ауқымын автотолтыру көмегімен 2003 санымен толтырыңыз, ол үшін 2003 санын С15 ұяшығына енгзіп, сол ұяшықты ағымдық етіп алыңыз да, тышқанның нұсқағышымен толтыру маркерін L15ұяшығына дейін созыңыз.

10. Осылайша2004 санын А15:А25 ауқымына тігінен толтыр

11. Кітап.хІѕ жұмыс кітабын сақтап қойыңыз.

 

2-тапсырма: «Логикалық функциялар. Екі және үш шартқа тәуелді функциялардың графигін тұрғызу»

 

Логикалық функциялар қандай да болмасын бір шартқа тәуелді есептеулер жүргізуде қолданылады. Шарттарды көрсету үшін Excel программасында салыстыру амалдарының “ =”, “>”, “<”, “<>” (тең емес), “>=” (үлкен немесе тең), “<= “ (кіші немесе тең) белгілері пайдаланылады.

ЕСЛИ( лог_выражение; значение_если_истина; значение_если_ложь ) функциясы,функция аргументіндегі логикалық өрнек(лог_выражение) ақиқат мәнге ие болғанда, аргументтегі бірінші мәнді (значение_если_истина), ал қарсы жағдайда екінші мәнді (значение_если_ложь) береді. Мұндағы,

лог_выражение – бұл нәтижесі, екінің бірі, яғни не АҚИҚАТ немесе ЖАЛҒАН болатын логикалық өрнек.

значение_если_истина – бұл лог_выражение АҚИҚАТ болғандағы мән, егер осы жағдайда функцияның жазылуында бұл аргумент (значение_если_истина) түсіп қалған болса, онда функцияның мәні де АҚИҚАТ болады.

значение_если_ложь – бұл лог_выражение ЖАЛҒАН болғандағы мән, егер осы жағдайда функцияның жазылуында бұл аргумент (значение_если_ложь) түсіп қалған болса, онда функцияның мәні де ЖАЛҒАН болады.

Мысалы: B1 ұяшыққа =ЕСЛИ(A1<20000; 12; 15) формуласы жазылған. Егер A1 ұяшығына 30000 саны енгізілетін болса, онда нәтижесінде B1 ұяшықта 15 саны шығады, себебі 30000<20000 шарт ЖАЛҒАН болып тұр.

И, ИЛИ функциялары күрделі шарттарды жазу үшін қолданылады:

И (логическое_выражение1; логическое_выражение2;....) - АҚИҚАТ мән қабылдайды егер барлық аргументтер сәйкесінше АҚИҚАТ болса, ал қалған жағдайлардың бәрінде ЖАЛҒАН болады.

ИЛИ (логическое_выражение1; логическое_выражение2;...) - АҚИҚАТ мән қабылдайды егер ең болмағанда бір аргумент АҚИҚАТ болса, ал қалған жағдайлардың бәрінде ЖАЛҒАН болады.

Мысалы: Егер A1 ұяшығына [1, 4] аралықтағы сандардың бірін жазғанда В1 ұяшығындағы =ЕСЛИ (И(A1>=1;A1=<4);15;18) - өрнегінің мәні 15-ке тең болады, ал қалған жағдайда 18 болады.

ЕСЛИ немесе т. б. функцияларды аргумент ретінде қайталап қолдану арқылы күрделі шарттар жасалады. Мысалы:

= ЕСЛИ (A1<20000; 12; ЕСЛИ (A1<40000; 15; 18)) формуласы бойынша, егер A1 < 20000 болса, онда нәтиже 12 тең, қарсы жағдайда келесі тұрған A1 <40000 шарты тексеріледі, бұл шарт ақиқат болған жағдайда формула нәтижесі 15, ал жалған болғанда формула нәтижесі 18 болады.

1-жаттығу. Электрондық кестеда с туденттердің пән бойынша үлгірімі процентпен берілген. Үлгірім 45% кем болса студент аттестациядан өтпеген болып есептеледі. Студенттің аттестациядан өтке-өтпегенін формула көмегімен анықтаңыз.

1. Excel программасында Работа3 деген атпенжаңа құжат құрыңыз.

2. Құжаттың бірінші жұмыстық бетін (Лист1) Задание 1 деп өзгертіңіз.

3. Кестені 7- суреттегідей толтырыңыз.

 

7-сурет

4. Студенттің аттестациядан өткен- өтпегенін тексеру үшін:

§ С3 ұяшығы белгіленеді. Вставка→Функция командасы орындалады. Пайда болған терезеден Логические категориясындағы, ЕСЛИ функциясын таңдайсыз.

§ Әрі қарай ЕСЛИ функциясының терезесіндегі Логическое выражение тұсына В3 ұяшықтағы мәнді, 45% салыстыратын шартты: В3>=45% түрінде жазамыз.Шартқа сәйкес:

§ Значение если_истина тұсына: «аттестован» жазылады;

§ Значение если_ложь тұсына: «не аттестован» жазылады;

§ ОК басылады;

Бақылау сұрақтары:

1. Электрондық кесте деген не?

2. Электрондық кестенің негізгі ұғымдарын атаңыз.

3. Терезесінің құрылымы қандай?

4. Ұяшықтың адресі қалай анықталады?

5.Ұяшығына формуланы қалай енгіземіз?

 


<== предыдущая | следующая ==>
Задание№1. Теоретические основы информатики | Составление платёжной ведомости

Date: 2015-12-13; view: 1830; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию