Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Беттерді нөмірлеу





Кірістіру –Бет нөмірлері (Вставка- Номера страниц) командасы арқылы қосып, Положение өрісінде нөмірдің қай жерде орналасу керектігін – беттің жоғарғы немесе төменгі жағында екенін көрсету керек. Выравнивани е өрісінде нөмірдің қай жерде, беттің оң жағында, сол жағында немесе ортасында орналасу керектігін көрсету керек. Егер Номер на первой странице параметрін қоспасақ, онда беттің нөмері экран бетінде көрінбейді, қағаз бетіне де шықпайды. Егер осы команданың Форма т батырмасын бассақ, онда онда бірінші беттің нөмірін беруге (беттің нөмірі “1” басталмаған жағдайда) және де нөмірлеуге арналған сандардың форматын беруге болады. Берілген нөмірлеу сәйкес колонтитул арқылы экранда Разметка страницы режимінде және құжатты қағазға басқан кезде көрінеді.

Бетті нөмірлеуді алып тастау үшін кез келген нөмірленген бетке көшіп, Вид - Колонтитулы командаларын іске қосып, бет нөмірін ерекшелеп алып, Delete пернесі арқылы өшіріледі.

Microsoft Power Point – Microsoft Office – тің құрамындағы, презентациялық материалдар дайындауға арналған программа. Бұл программа кодоскоптарға және 35 мм –лік мөлдір қабыршақтарға арналған слайдтар, қағазда үлестірілетін материалдар, компьютер экранында анимациалық көрністерді бейнелей алатын презентациалар дайындау мүмкіндігін береді. Microsoft Power Point программасында баяндама немесе мекеменің ашылу салтанаты т.с.с әртүрлі материалдарды оның дыбыстық және мультимедиалық мүмкіндіктерін пайдаланып жандандырып жіберуге болады.

1.Power Point программасын іске қосу.

§ Power Point программасы тапсырмалар тақтасындағы Іске қосу батырмасын шерткенде ашылатын бас менюдің Программалар, Microsoft Power Point қатарында тышқанды шерту арқылы іске қосылады.

§ Менің компьютерім немесе Сілтеуіш программасының терезесінде С дискісінде сақталған Microsoft Office бумасындағы Microsoft Power Point жарлығын – да тышқанды екі рет шерту арқылы іске қосуға болады.

§ Автомазмұн шебері ауыстырғышы таңдалса, жаңа презентация, белгілі бір тақырыпқа сәйкес метін және безендіру элементтері енгізіліп сақталған презентациялар тізімінен қажеттісін таңдап, сатылы түрде сұрақтарға жауап бере отырып құрылады.

§ Перезентациялар шаблоны ауыстырғышы өз презентацияңызды бұрыннан безендіру элементтері сақталып қойылған шаблон түріне келтіріп дайындау мүмкіндік береді.

§ Бос презентация ауыстырғышы ешқандай мәтін енгізілмеген және безендіру элементтері пайдаланылмаған таза, бос презентация құру мүмкіндігін береді.

§ Презентация ащу ауыстырғышы бұрын құрылып, сақталып қойған презентацияны оқу мүмкіндігін береді. Бұл ауыстырғыш қосылғаннан кейін, ашуға қажетті презентацция сақталған орынды көрсетуді талап ететін сұқбат терезе пайда болады.

 

2. Автомазмұн шебері көмегімен презентация құру.

Автомазмұн шебері көмегімен:

§ Жалпы мәселелер бойынша баяндамалар;

§ Қызмет бабы бойынша баяндамалар;

§ Мекеменін жұмыс істеуі жөнінде мағлұмат;

§ Сауда – саттық және маркетинг жөнінде іс есеп – қисаптар;

§ Жеке хабарламалар сияқты тақырыптарды кеңінен ашуға арналған алдын ала дайындалып қойылған презентациялар ішінен таңдап, өз презентациямызды құра аламыз. Microsoft Power Point программасы іске қосылғаннан кейін пайда болған сұқбат терезеде Автомазмұн шебері өрісін таңдап, ОК батырмасын шертеміз. Осы кезде Автомазмұн шебері іске қосылады.

Автомазмұн шебері презентация құру үшін сатылы түрде мындай сұрақтарға жауап беруді талап етеді:

1-ші қадамда Презентацияның түрі, яғни оның жалпы тақырыптық бағытын таңдаймыз; Келесі қадамға өту үшін қажетті тақырыпты таңдаған соң, Ары қарай батырмасын шертеміз.

2–ші қадамда Презентацияны көрсту тәсілдері, презентацияның баяндамашы өзі түсіндіретін болғандқтан тек иллюстративті слайдтардан құралатынын немесе ақпараттық киоск түрінде дайындалып, көрермендер өз беттерінше қарауға арналатын операциялардың біреуін таңдау қажет;

3-ші қадамда Презентацияны шығару материалының форматы, қағазға басылатынын, фотографиялық слайд немесе электрондық презентация болу керектігін көрсету қажет;

4-ші қадамда Қосымша мәліметтер: презентацияның тақырыбы және титулды слайдта жазылатын мәтіндерді теріп жазамыз.

Тиісті мәліметтерді енгізгеннен кейін Дайын батырмасын шертеміз.

3.Шаблондар көмегімен бос презентация құру

Power Point программасында презентация құру әрекетін автомазмұн шебері көмегінен басқа екі түрлі тәсіл арқылы орындауға болады. Оның бірі алдын-ала безендіру элементтерін пайдалана тоырып құру болса, екіншісі ешқандай безендіру элементтері қарастырылмаған бос презентация құрып алып, одан кейін көркемдеу болып табылады.

4.Презентацияны шаблондар көмегімен құру

Power Point программасында безендіріліп, дайындалған презентациялар шаблондар пайдалана отырып, өз презентациямызды құруға болады. Шаблондарды пайдаланып құру әрекетін Power Point программасы іске қосылған мезетте ашылған сұқбат терезеде Презентациялар шаблоны опиясын таңдау арқылы құру мүмкіндігі бар. Осы опция таңдалғаннан кейін Жалпы, Презентациялар дизайдары, Презентациялар, Web-парақтар астарлы беттерінен тұратын, Презентацияны құру сұқбат терезесі ашылады. Осы сұхбат терезе Файл-Құру командасын орындағаннан кейін де ашылады.

5.Бос презентация құру

Бос презентация, яғни ешқандай көркемдеу элементтері қолданылмаған таза презентация құру әрекетін:

§ PowerPoint программасын іске қосу мезетін экранда пайда болған сұқбат терезесінің Презентация құру өрісіндегі Бос презентация (Пустую презентацию) опциясын таңдау арқылы;

§ Файл-Құру командасын орындағанда ашылған сұқбат терезесінің Жалпы (Общие) астарлы бетінде Жаңа презентацияны (Новую презентацию) шарт белгісін таңдау арқылы;

§ Стандартты саймандар тақтасындағы Құру (Создать) батырмасында тышқанды шерту арқылы орындауға болады.

Осы әректтердің бірі орындалған соң экранда Слайд құру сұқбат терезесі ашылады.

Презентация слайдтарын қарастыру, үйлестіру схемасын таңдау әрекетін Слайд құру сұқбат терезесінде жүзеге асыруға болады.

PowerPoint программасында слайдтар белгіленуінің 24 түрлі варианты бар. Осы варианттар ішінен өзімізге қажеттісін таңдаған соң ОК батырмасын шертеміз.

3. Слайдқа мәтін, сурет, графикалық объектілер енгізу

Шаблон көмегімен немесе бос презентацияны құру командалары орындалған соң, Слайд құру сұқбат терезесі ашылады. Осы сұқбат терезеде слайдтағы мәтін, графикалық объектілер, диаграммалардың орналасу схемасын таңдай аламыз. Қажетті схеманы таңдап, ОК батырмасын шерткен соң, экранда слайд пайда болады. Әрбір өрісте әрекеттің орындалуына бацланысты қандай элемент енгізілгені көрсетіліп тұрады. Мысалы, слайдтың жоғарғы жағындағы өріс аймағындағы тышқанды бір рет шертсек тақырып енгізіледі т.с.с. Бастапқы уақытта слайд схемасы дұрыс таңдалмай қалса, оны кейін өзгертуге болады.

Тышқанды бір рет шертіп, тақырыпты және сол жақтағы өріске мәтінді енгізген соң, олардың қаріп түрін, түсін т.б. өзгертуге, яғни форматтауға болады. Форматталатын мәтінді ерекшелеп, белгілеген соң, Формат – Қаріп (Формат – Шрифт) командасын орындағанда ашылған сұқбат терезеде немесе форматтау саймандар тақтасындағы батырмалар көмегімен тиісті әрекеттерді орындаймыз. Форматтау әрекетін өріс ішіндегі бүкіл мәтінге қатысты орындау үшін, өріс жақтауында тышқанды шертіп, алдымен оны ерекшелеп аламыз.

Мәтін енгізу өрісінде оны таңбалаған тізім түрінде жазған ыңғайлы. Әдетте таңба ретінде қара дөңгелектер немесе төртбұрыштар қолданылады. Осы стандаррты таңбаларды өзгерту үшін, таңбаланған тізім жазылған өрісте тышқанды шертеміз де Формат – Таңба (Формат – Маркер) командасын орындаймыз. Таңбалар (Маркеры) сұқбат терезесі ашылады. Қаріптің Wingdings деген түрін ашсақ, ОК батырмасын шерту арқылы таңба ретінде қолдануға болады.

Таңбаланған тізімнің соңында Enter пернесін басаытн болсақ, келесі жолға таңба қойылады. Бос таңбадан кейін пернені қайта бассақ бұл таңба өшіп қалады. Ал, тұтас тізімнің таңбасын алып тастау үшін, оны ерекшелеген соң Ctrl+A қос пернесін басамыз немесе саймандар тақтасындағы Таңбаланған тізім батырмасын шертеміз.

Сондай-ақ, слайдқа кесте, диаграмма сурет сияқты объектілерді слайд схемасын таңдаған кезде шығатын, өріс аймағында тышқанды екі рет шерту арқылы енгізе аламыз.

Енгізу– Сурет (Вставка – рисунок) – командасын орыдап:

Картинкалар (Картинки) – Microsoft Clip Gallery объектілерін;

Файлдан (Из файла) – файл түрінде сақтаулы тұрған суреттерді;

Автофигуралар – әртүрлі автофигуралар;

Бірнеше тармақтан тұратын даиаграмма (Организационная диаграмма), WordArt объектілерін, сканерден көшірме (со сканера), Microsoft Word кестесін енгізу мүмкіндігі бар.

Енгізу – Объект (Вставка – Объект) командасын орындап, ашылған сұқбат терезеде қажетті типін таңдау арқылы объект енгізуге болады. Мысалы, слайдқа Microsoft Excel кітабының бір парағын орналастыруға болады т.с.с. Слайдқа Excel программасын құрылған дайын диаграмманы буферге көшіріп алып, енгізуге де болады. Ол үшін Excel программасында қажетті диаграмманың ерекшелеп, Түзету – Көшіру (Правка – Копировать)командасын орындау арқылы, буферге аламыз. PowerPoint программасына оралып, Түзету – Енгізу (Правка – Вставить) немесе жанама менюдегі Енгізу командасын орындаймыз.

Microsoft Office құрамындағы Microsoft Graph арнайы программасының көмегімен қарапайым диаграммларды құру мүмкіндігі бар. Енгізу – Диаграмма (Вставка – Диаграмма) командамасын орындаймыз немесе слайдқа диаграмма енгізу схемасы таңдалса, диаграмма өрісінде тышқанды екі рет шертеміз. Саймандар тақтасындағы диаграмма енгізу батырмасында тышқанды шертуге де болады. Осы мезетте экранда мәліметтер кестесі мен диаграмма пайда болады. Меню қатарындағы командалар мен саймандар тақтасында болған өзгерістерді бірден байқауға болады. Кестедегі мәліметтерді тұтас белгілеу үшін, қатарлар мен бағаналардың тақырыптары қиылысқан сол жақ жоғарғы бұрышта тышқанды шертеміз. Del пернесін басу арқылы оларды өшіріп, өзімізге керекті мәліметтерді енгіземіз де, меню қатарынан Диаграмма – Диаграмманың типі командасын орындап, диаграмманың типін таңдаймыз. Диаграмма – Параметрлер командасын орындап, қажетті параметрлерді тағайындаймыз. Диаграмманы слайдқа орналастыру үшін, слайдта тышқанды шертіп, Мәліметтер кестесі терезесін жабамыз.

4.Power Point программасында слайдпен жұмыс істеу режимі.

Power Point Программасының графикалық объектілерді бейнелеуге арналған басқа программалардан айырмашылығы, бір мезгілде бірнеше слайдтардан тұратын презентациялармен жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Осы себепті слайдтарды қараудың бірнеше режимдері бар:

§ Слайдтар режимі

§ Құрлымдық режим

§ Слайдтарды сұрыптау режимі

§ Бетке ескертпе жазу режимі

§ Слайдтарды көрсету режимі

Бұл режимнің әрқайсысы слайдты әртүрлі етіп көрсетеді және бір режимде жасаған өзгерту барлық режимде де іске асады.

Слайдтар режимі – презентацияның әр слайдын жеке қарауға және өңдеуге өте ыңғайлы. Осы режимде мәтін енгізуге және өңдеуге, графикалық объектілер мен кестелер енгізуге болады. Сонымен бірге өзіміз дайындаған немесе дайын суреттер, мәтіндік түсініктемелер енгізу мүмкіндігі бар.

Құрлымдық режим – презентацияның тек мәтіндік мазмұнын көрсетеді. Бұл режимде презентациядағы мәтінді өзгертуге немесе жаңа мәтін енгізуге болады. Слайд режимінде жасаған безендіру әрекеттерін құрлымдық режимде орындай аламыз.

Слайдтарды сұрыптау режимінде – презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп, терезеде орналасады. Тұтас презентацияның түріне арналған слайдтардың фоны, түстерді таңдау сияқты ортақ параметрлерді тағайындай отырып, болған өзгерістерді бақылауға ыңғайлы. Нақты бір слайдтың мазмұнын өзгерту мүмкін емес болғанымен, оларды өшіру, қайталау, көрсету ретін өзгерту әрекеттерін орындауға болады.

Бетке ескертпе жазу режимі – презентация кезінде баяндамашы қолдану үшін беттерге ескертпелер құруға арналған. Бұл режимге көшкен кезде слайдтың кішірейтілген көшірмесі беттің жоғарғы бөлігіне орналасады да, төменгі бөлігін мәтіндік түсініктемемен толтыруға болады.

Слайдтарды көрсету режимінде – дайындалған презентация слайдтары бірінен кейін бірі экранда көріне бастайды. Бұл режимде қолданылған барлық анимациялық эффектілер экранда көрінеді (графикалық объектілер немесе мәтіннің әріптері бірінен кейін бірі жоғарғы, төменгі немесе т.б жақтан ұшып келуі, түсі өзгеруі т.б).

Осы режимдердің біріне көшу үшін, Түр командасының ішкі менюіндегі қажетті режимнің бірін таңдаймыз немесе программа терезесінің сол жақ төменгі шетінде орналасқан режим батырмасының тистісін шерту жеткілікті.

Құрылымдық режимде жұмыс істеу ерекшкліктері

Құрылымдық режим презентацияның негізгі бөлімдерін жоспарлау мен ұйымдастыруда өте ыңғайлы. Бұл режимде презентациядағы мәтіндер толық көрінетін болғандықтан, оның мазмұнын анықтап, тексере отырып, өз қалауымызша өзгерте аламыз. Осы режимге көшу үшін, Құрылымдық режим (Режим структуры) батырмасын шерту жеткілікті.

Құрылымдық (Структуризация) саймандар тақтасындағы батырмалар көмегін слайдтың немесе мәтіннің орнын ауыстыру, слайдтардың тек тақырып аймағын ғана көрсету, презентацияның жаңа слайдын құру т.с.с. мүмкіндіктері бар.

Деңгейді жоғарылату (Повысить уровень) – Деңгейді бір сатыға жоғарылатады. Мысалы, презентацияның жаңа слайдын құру қажет долса, жаңа тізім құрғаннан кейін осы батырманы шертеміз. Бұрыннан жазылып тұрған тізім элементінде осы батырманы шертсек, оның деңгейі жоғарылап, слайд тақырыбына ауысады. Деңгейді төмендету (Понизить уровень) – Деңгейді бір сатыға төмендетеді. Таңбаланған тізім элементтерінің деңгейі төмендетеді.

Жоғары (Вверх) – слайдттың немесе тізім элементінің орнын жоғары қарай ауыстырады. Мысалы, көрсеткіш екінші слайдтың тақырып аймағына орналастырып, осы батырманы шертсек, ол бірінші слайдтың соңғы тізім элементінің алдына жылжиды. Яғни, бірінші слайдтың тізімінің соңғы элементі екінші слайдқа орын ауыстырады.

Төмен (Вниз) – слайдтың немесе тізім элементінің орнын төмен қарай ауыстырады.

Үлкейту (Развернуть) – тізім элементтері жасырылып тұрған жағдайда оларды ашады, яғни көрсетеді.

Жасыру (Свернуть) – тізім элементтерін көрінбейтіндей етіп, жасырады.

Барлығын жасыру (Свернуть все) – презентациядағы тізім элементтерінің бәрін жасырып, тек слайдтаодың тақырыптары ғана көрінеді.

Барлығын үлкейту (Развернуть все) – презентациядағы барлық тізім элементтері жасырылып тұрған кезде, оларды қайтадан көрсетеді.

Фоматталуын көрсету (Отобразить форматирование) – Мәтіндердің қалай форматталғандығын бейнелейді.

Презентацияларды көрсету

1. Презентацияны көрсету кезінде уақытты қадағалау

Microsoft PowerPoint программасының әрбір слайдты көрсетуге қанша уақыт кеткенін қадағалап, есептеу мүмкіндігі бар. Слайдтарды көрсетуге қанша уақыт кеткенін қадағалау арқылы алдын ала презентацияға дайындалуға болады.

Презентация материмлдарын баяндауға кеткен уақытты қадағалау үшін, слайдтарды сұрыптау режиміне көшеміз, Слайдтарды сұрыптау тақтасындағы Уақытты қадағалау (Настройка времени) батырмасында тышқанды шертеміз немесе Слайдтты көрсету (Показ слайда) режимінен басқа режимнің кез келгенінде Слайдтты көрсету – Уақытты қадағалау (Показ слайда – Настроцка времени) командасын орындаймыз. Осы кезде экранда бірінші слайд оң жақ төменгі шетінде секундоиермен бірге пайда болады. Презентацияны баяндауды бастай беруге болады. Келесі слайдқа ауысу үшін, тышқанның сол жақ батырмасын шерту керек. Қайталау (Повторить) батырмасын шерту арқылы көрсетуді басынан бастауға болады.

2. Слайдқа ескертпелер жазу

Бетке ескертпелер жазу (Режим страниц заметок) режимінде әрбір слайдқа белгілі бір ескертпелер жазуға болады. Осы режимге көшкен соң, слайдтың төменгі жағында ескертпе жазуға арналған бөлігі көрінеді. Өзімізге қажетті мәліметтерді теріп енгіземіз. Бұл ескертпелер аудиторияға көрінбейді. Презентацияны көрсету алдында, осы ескертпелерді қарап немесе қағазға басып алу арқылы ұмытылған мәліметтерді еске түсіруге болады.

3. Слайдтық шоуды жүзеге асыру

Презентация дайын болған соң оны ұйымдастыру тәсілдерін таңдау қажет. Сондай-ақ, презентация үшін комрьютер мониторы, диапроектор немесе слайдтық кодоскоптың қайсысы пайдаланылатынын, тыңдаушыларға презентацияның қағазға түсірілген көшірмесін тарату мәселесін шешу қажет. Осы мәселелер шешеілген соң, PowerPoint программасы ұйымдастыру тәсілдеріне қарай презентацияны шығару әрекеттерін реттейді.

Егер презентация саны шектеулі қызметкерлерге арналған кезекті хабарлама болса, бір коипьютер жеткілікті. Ал, презентация үлкен аудиторияға өткізілетін болса, бірнеше компьютер лерді пайдалануға тура келеді. Мұндай жағдайда дұрысы үлкен экпанды проектор қолдану.

4.1 Презентацияны бөтен компьютерде өткізу

Егер презентация компьютерде өткізуге арнап дайындалса, онда міндетті түрде компьютерде өткізу керек. Кейбір жағдайларда презентация өткізілетін компьютердің оны дайындаған компьютерден айырмашылығы болуы мүмкін. Мұндай кезде презентация өткізілетін компьютерге PowerPoint программасын орнатудан басқа жеңіл жолы бар. Кез келген компьютерге арналған презентациялар пакетін Жинақтау шебері (Мастер упаковки) көмегімен дайындауға болады. Бұл жинақтау шебері байланысқан файлдармен бірге бүкіл презентацияны басқа компьютерде көрсету үшін жазу мүмкіндігін береді. Прзентацияны иілгіш дискетке, қатты дискіге немесе желі арқылы басқа компьютерге жазу мүмкіндігі бар.

1. Файл – Жинақтау (Файл – Упаковать) командасын орындаймыз. Ашылған Жинақтау шебері терезесінде Ары қарай (Далее) батырмасын шертеміз.

2. Басқа компьютер ағымдағы презентацияны жинақтағымыз келетінін мақұлдаймыз. Қажет болса, бірнеше презентацияны тасымалдауға болады.

3. Жинақтау шеберіне қандай дискі қолданылатынын және байланысқан файлдар қосылатындығын көрсетеміз.

4. True Type қаріптерін енгізу (Внедрить шрифты True Type) опциясы таңдалғанына көзімізді жеткіземіз, себебі презентация көрсетілетін компьютерде ол дайындалған қаріптер жарамсыз болып қалуы ықтимал.

PowerPoint Viewer өзімізбен бірге алғанымызды хабарлаймыз да, Дайын (Готово) батырмасын шертеміз. Әсіресе презентацияда байланысқан және ендірілген файлдар көп болса, бірнеше дискеттер және біраз уақыт қажет болуы мүмкін.

Презентацияны басқа компьютерде көрсету үшін, дискіні дискіжетекке орналастырған соң, бас менюдегі Орындау (Выполнить) командасында тышқанды шертеміз. Дискета орналастырылған дискінің атын көрсетеміз де, Қос нүктеден кейін PNGSETUP.EXE көшірілген адресті және буманың атын көрсетеміз. Осы файл көшірілген соң презентацияны көрсете беруге болады, яғни файлдың шарт белгісінде тышқанды екі рет шертеміз.

4.Жасырын слайдтар құру

PowerPoint программасы жасырын сладтар құру мүмкіндігін береді. Бұл слайдтар презентацияның көрсетуге арнамалған бір бөлігі болады. Бірақ қажет болса, Кез келген уақытта көрсете аламыз.

Слайдтарды жасыру үшін:

1. Слайдтарды сұрыптау режиміне көшеміз.

2. Жасыруға қажетті слайдтарды белгілейміз.

3. Слайдтарды сұрыптаушы (Сортировщик слайдов) тақтасындағы Слайдтарды жасыру (Скрыть слайд) батырмасында тышқанды шертеміз. Бұл кезде слайд мүлде жоқ болып кетпейді, оның нөмірі жіктелінеді де, үсті сызылады.

Слайдты жасыру батырмасын тек слайдтарды сұрыптау режимінде ғана екпінді, ал слайд режимінде жұмыс жасап отырып оны жасыру қажет болса, Сервис –Слайдтарды жасыру (Сервис – Скрыть слайд) командасын орындаймыз.

Жасырылған слайдтарды ашудың екі тәсілі бар:

§ Жасырылған слайдтың алдынғы слайдта тышқанның оң батырмасын шертіп, Ауысу – Жасырын слайд (Переход – Скрытый слайд) командасын орындаймыз.

§ Жасырылған слайдтың алдындағысымен жұмыс жасап отырғанда Н немесе һ әрпін басамыз.

5. Слайдтың айрықша бөліктерін ерекшелеу

Презентация кезінде белгілі бір ақпараттарды көрсету кезінде оған аудитория назарын аударту үшін:

1. Слайдты көрсету кезінде тышқанның оң жақ батырмасын шертеміз.

2. Жанама менюден Қалам (Перо) командасын орындаймыз. Осы мезетте тышқанның көрсеткіші қаламға ұқсас болады. CTRL+P қос пернесін басу арқылы да орындауға болады.

3. Тышқанның батырмасын басулы күйінде ұстап тұрып, слайдтың белгілі бір элементтерін ерекшклкп белгілей отырып қоршауға немесе кез кеоген суреттер салуға болады.

4. Осы салынған суреттерді немесе қоршауды өшіру үшін, Е пернесін басамыз. Бұл перне басылмаған күнде де, осы символдар келесі слайдқа өту кезінде өз-өзінен өшіріліп қалады.

5. Курсорды бастапқы қалпына келтіру үшін, CTRL+А қос пернесін басамыз.

Тақтада маңызды нәрсені бормен белгілеп көрсету сияқты, слайдта да ерекшклеп көрсетуге болады.

6. Презентацияларды баспаға шығару

Презентацияларды баспаға шығармас бұрын, шығарылатын қағаздың параметрлерін тағайындау қажет. Файл – Парақ параметрлері (Файл – Параметры страниц) командасын орындаймыз да, ашылған парақтың макеті (Макет страницы) сұхбат терезесінде тиісті параметрлерді, яғни қағаздың өлшемін, ориентациясын енгіземіз. Бағыт (Ориентация) ретінде қағаздың кітап немесе альбом ретінде басылуын айтады.

Парақ параметрлерін тағайындаған соң, Файл – Баспаға шығару (Файл –Печать) командасын орындаймыз. Баспаға шығару параметрлерін тағайындау мүмкіндігін беретін сұхбат терезе ашылады.

Осы сұқбат терезенің жоғарғы жағында компьютерге қосылған принтердің аты жазылып тұрғанына көзімізді жеткіземіз. Терезенің элементтері мынадай бөліктерден құралған:

§ Баспаға шығару. Әрбір слайдты жеке параққа шығарасыз ба? Әлде бір бетке екі, үш немесе алты слайд шығару арқылы қағазды үнемдейсіз бе? Беттерді ескертпелерімен бірге баспаға шығарасыз ба? Тізімнен қажеттісін таңдап аламыз.

§ Көшірме саны (Число копий). Қажетті көшірме санын көрсетеміз. Көшірмелер бойынша реттеу (Разобрать по копиям) белгісін қажет болса көрсетіп қоямыз.

§ Баспаға шығару аралығы (Диапазон печати). Презентацияны тұтас немесе таңдап алынған слайдтарды ғана баспаға шығаруға болады.

§ Жасырын слайдтарды баспаға шығару (Печать скрытых слайдов). Жасырын слайдтарды да баспаға шығару қажет болса осы өрістің белгісін көрсетіп қоямыз.

§ Ақ-қара түсті (Черно-белый). Слайдтағы әртүрлі түстер сұр түсті дақтарға айналдырылады.

§ Бет бойынша масштабтандыру (Масштабировать по листу). Егер жасалған слайд қағаз бетіне сыймай немесе оның бір бөлігін ғана алып тұрса, осы өрістегі белгіні көрсетіп қоямыз. Бұл кезде PowerPoint программасы бетті максималды түрде толтыруды қамтамасыз етеді.

§ Слайдтарды жиектеу (Обрамление слайдов). Қағазға басылатын слайдтар жіңішке сызықтармен қоршалып шығады.

Жеке элементтерді, мысалы жасырын слайдтарды қағазға басып алған соң, осы сұқбат терезеге қайтадан оралып, беттерге жазылған ескертпелерді, слайд құрылымын, презентация слайдтарының өзін де қағазға шығара аламыз.

6.1 Беттерге жазылған ескертпелерді қағазға шығару

Презентация материалдарын екіге бөлеміз. Бірі аудиторияға көрсетуге арналған қажетті мәтіндер мен бейнелер, ал екінші көмекші құрал ретінде жеке өзімізге арналған слайдтармен ескертпе болсын. Бұлай жасау үшін, Баспаға жіберу (Печатать) тізімінен Ескертпелер (Заметки) командасын таңдау қажет. Бұл кезде жоғарғы жағында слайдтар, төменгі жағында ескертулер жазылған беттерді қағазға шығара аламыз.

Презентация кезінде екі слайдты көрсету үшін, слайдтардың тізімі болуы керек. Осындай тізім қолымызда болуы үшін, презентацияның құрылымын баспаға шығару қажет. Баспаға жіберу тізімінен Құрылымы (Структуры) қатарын таңдаймыз. Сондай-ақ осы тізімде бір бетте екі, төрт алты слайдты баспаға шығару қатарының бірін таңдай аламыз.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Мәтіндік процессор дегеніміз не және ол қандай қызмет атқарады?

2.Word редакторы нақты түрде қандай іс-әрекеттер орындай алады?

3. Word редакторы қандай тәсілдермен іске қосылады?

4. Word редакторы жұмысты қалай аяқтайды

5. Word редакторы ның мәтінді бейнелеу режимдері қандай?

6. Word редакторы аспаптар тақтасының құрамы.

7. Word редакторы қалып-күй қатарының мәліметтері.

8. Word процессорына мәлімет қалай енгізіледі?

9. Керексіз символдар қалай өшіріледі?

10. Мәтін бойынша курсорды жылжыту тәсілдері.

11. Мәтін бөліктерін ерекшелеп белгілеу (тышқан мен пернелермен) тәсілдері.

12. Мәтін бөліктерін өшіру-көшіру және жылжыту жолдары.

13. Беттерді форматтау тәсілдері.

14. Колонтитул деген не және олқалай қойылады?

15. Бет номерлерін қалай алып тастауға болады?

 

Дәріс 9-10. Электрондық кестелерді пайдалану.

Баспалық жүйелер.

  • Кестелiк процессордың негiзгi түсiнiктерi.
  • Мәлеметтердi енгiзу және редакциялау. Мәлеметтер форматы.
  • Абсалюттiк және салыстырмалы адрестер.
  • Excel-дiң графикалық мүмкiндiктерi.
  • Баспалық жүйелер.

Microsoft фирмасының Excel программасы–кестелік процессорлар немесе электрондық тобына жататын ең кең тараған программалық дестелердің бірі. Бірақ Excel жәй программа ғана емес; оны коптеген математикалық амалдарды; күрделі есептеулерді көрнекі жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде; түрлі-түрлі диаграммалар тұрғызып; мәліметтер базасын даярлап; олармен жұмыс істеуді; сандық эксперимент жүргізуді және т.б. қамтамасыз ете алады.

Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан тұрады. Жолдардың максималдық саны 16384-ке; ал бағаналар саны 256-ға тең. Әрбір бағана мен жолдың қиылысуы ұяшықты құрайды; ол ұяшыққа мәліметтерді (мәтін; сан; формула) енгізеді.

Excel программасын іске қосу үшін осы программамен байланысқан шартбелгіні тауып; оны тышқаниен екі рет шерту керек, немесе Windows 98 жүйесінде «Іске қосу» - Программалар – MS EXCEL командасын орындаса, экранда EXCEL электрондық кестесінің терезесі пайда болады.

Экрандағы EXCEL терезесінде мынадай объектілер орналасқан.

Бірінші қатар – EXCEL – дің басқару батырмалары бар терезе тақырыбы орналасқан қатар.

Екінші қатар – EXCEL менюі.

Үшінші және төртінші қатарлардаСтандартты және Форматтау аспаптар тақтасы..

Бесінші қатар – енгізу-түзету қатары немесе формулалар қатары.

Бесінші қатардан терезе соңына дейін электрондық кестенің жұмыс аймағы орналасады. Жұмыс аймағындағы жолдар мен бағандар белгілі бір тәртіппен белгіленеді.

Терезенің ең төменгі қатары – қалып-күй қатары. Төменгі қатардың сол жақ шетінде EXCEL жұмыс режимінің сілтемесі орналасқан. EXCEL кестесі берілгендердің енгізілуін күтіп тұрған жағдайда дайын режимінде тұрады да, индикатор Дайын деген сөзді көрсетіп тұрады.

Енді электрондық кестенің негізгі ұғымдарымен танысалық.

Жол нөмірі–элетрондық кестедегі жолды анықтайды. Ол көлденең орналасқан жұмыс аймағының сол жақ шекарасында нөмірмен белгіленген.

Бағана әрпі–электрондық кестенің бағаналарын анықтайды. Әріптер жұмыс аймағының жоғарғы шнкарасында орналасқан. Бағаналар мынадай ретпен белгіленеді: A–X, содан соң AA–AZ, одан кейін BA-BZ және т.с.с.

Ұяшық–электрондық кестенің мәлімет енгізілген ең кіші элементтері. Әрбір ұяшықтың бағана әрпі мен жол нөмірінен тұратын адерсі бар. Ұяшықтарды адрестеуді В1, А1:А9, С12 т.с.с. тәсілмен жазуға болады. Бұлай жазу ұяшықтарды салыстырмалы түрде адрестеу деп аталады, мұнда адрестер ағымдағы ұяшыққа салыстырмалы күйде беріледі.

Мысалы, А4 ұяшығына = A1+A2 формуласын енгізсек, электрондық кестеде нәтижеде А4 ұяшығына бұдан үш қатар жоғары орналасқан ұяшықтағы санды екі қатар жоғары орналасқан санға қосқандағы мән жазылады.

Егер =A1+A2 формуласын А4 ұяшығынан В4, С4 ұяшықтарына көшіріп жазсақ, сәйкес түрде =В1+В2, =С1+С2 деп көшіріледі.

Егер ұяшықты адрестеуді салыстырмалы емес нақты күйде бергіміз келсе, онда ұяшықты абсолютті түрде адрестеуіміз керек. Ол үшін ұяшық адресіне $ символы қосылып жазылуы керек. Мысалы: $G$4, $B42, 4D427 т.с.с.

Формуланы көшірген кезде оның кейбір элементтерін салыстырмалы адрестеу, ал кейбірін абсолютті адрестеу арқылы жазуға болады, бұл ұяшықты аралас түрдегі адрестеу деп аталады.

Аралас түрдегі адрестеу ушін $ символы өзгермейтін баған атауына немесе өзгермейтін жол нөмірінің алдына жазылады. Мысалы: $B4, AC$7 т.с.с.

Сан форматтары

Ұяшықтағы сандарды әртүрлi форматта бейнелеуге болады. Мысалы 100 саны:

- 100.00р – ақша түрiндегi форматта;

- 10000% - проценттiк форматта;

- 1.00Е+02 - ғылыми форматта (экспоненциал түрде)

Форматтау саймандар панелiнiң сәйкес батырмалары арқылы немесе Формат→ Ұяшық → Сан … командасы арқылы сандарды әртүрлi форматта бейнелеуге болады. Алдымен форматы өзгерiске ұшырайтын ұяшықты ағымдық ету керек. Экранға шыққан сұхбат терезесiнен керектi сандық форматты таңдау керек. Жаңа форматты енгiзу кезiнде ұяшықтағы санның тек бейнелеу тәсiлi өзгередi, ал сан мәнi өзгермейдi.

Егер ұяшыққа сан ###### түрiнде жазылса, онда оның цифрлар саны баған енiне симағандығынан деп бiлу керек.

Стандартты функциялар

Excel - дiң стандартты функциялары y=f(x) түрiнде жазылады, мұндағы x-аргумент, f-функция. Аргумент –сан, ұяшық адресi т.б. бола алады.

Excel - дiң кейбiр стандартты функциялары:

SQRT(x) – х санынан квадрат түбiр табу функциясы;

MAX(тiзiм) – тiзiмде берiлген сандардың iшiнен ең үлкен санды тауып беру функциясы, мысалы:

max(45, 25, 58, 76, 47, 13)=76;

Date: 2015-12-13; view: 2383; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию