Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Орықтар





Мемлекеттік табиғи қорық қоры – қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілер, ғылыми зерттеулерге, ағарту және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекетті қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы.

Қорықтардың басты мақсаты – табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен табиғи қоса сақтау, табиғат кешендерінің даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет.

Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шаққанда қорықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау қоғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.

Ақсу-Жабағылы қорығы 1926 жылы ұйымдастырылды. Бұл – Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық. Қорық Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы мен Өгем жотасында 131,9 мың га жерді алып жатыр. Қорық төрт биіктік белдеуді қамтиды. 1500 м биіктікке дейінгі төменгі белдеу өзіне тән өсімдіктері мен жануарлар дүниесі бар дала, 1500-2000 м – даланың шалғынды, бұталы ағашы өсімдіктері өседі. Мұнда ағаш тәрізді арша, бадам бұтасы, жабайы жүзім, жабайы алма және басқа да оңтүстік өсімдіктері өседі. Жануарлардан мұнда елік, қарақұйрық, борсық, бұғы, қабан, ақ тырнақты аю және т.б. жануарлар кездеседі.

Қорықтың аумағында өсімдіктердің 1404 түрі бар, оның 47 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Құстардың 239 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 9 түрі және сүтқоректілердің 51 түрі, балықтың 2 түрі бар екені есепке алынды.

Наурызым қорығы 1934 жылы ұйымдастырылған. Бұл Қостанай облысының Наурызым ауданында орналасқан. Мұның аумағы 191,4 мың га жерді алып жатыр. Қорықта көптеген көлдер бар, бетегелі тың дала қорғауға алынып зерттелуде, бұл көлдердің жағасында бұрыннан шоқ-шоқ қарағай сақталып келген. Қорық көлеміне Наурызымдағы Қарағай мен Тірсек орманы да кіреді.

Табиғат жағдайының әртүрлілігіне байланысты, таяу жатқан аз ғана үлескінің өсімдігі мен жануарлар дүниесі әр алуан келеді. Мұнда даланы, орманды және суаттарды мекендейтін жануарлар кездеседі. Онда тұяқтылардан қабан, елік, кеміргіштерден суырлар, ақ қояндар және жыртқыштардан қарсақ, түскі борсық, күзен, ақкіс кездеседі. Қорықта сүтқоректілердің 42 түрі, құстардың 60-тан астам түрі, балықтың 6 түрі, 687-ге жуық өсімдік түрі кездеседі. Аппақ қардай аққулар, шағалалар, бірқазандар мен үйректер қаптап жүреді.

Алматы қорығы 1964 жылы құрылған. Аумағы 71,7 мың га-ға жуық, әр түрлі ландшафт зоналарында жатыр. Бұған мәңгі қар мен мұз жамылған, беткейлері шөптер мен ағашқа бай Іле Алатауы мен жағасында құмды шөлі бар Іле өзенінің атақты «әнші тауы» Аққұм-Қалқан жатады. Көктеректі нудан тұратын жапырақты ормандар, долана, жабайы алма және өрікағаштары 1800-2000 м биіктікке дейін көтеріледі. Қорықтың жануарлар дүниесі алуан түрлі, мұнда 39 түрге жуық сүтқоректілер мен 200-ден астам құстардың, 965 өсімдік түрі бар. Шыршалы орманда бұғы, елік, Тянь-Шань сілеусіні, барыс, борсық, түлкі, қасқырлар мекендейді. Соңғы уақыттарда қорықта тиін, сасық күзен өсірілетін болды. Қорықта құстардың ең көбі: ұлар, кекілік, бұлдырық, Іле өзенінің бойындағы тоғайларда қырғауылдар, тарғақтар мекендейді.

Барсакелмес қорығы Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Қорық 1939 жылы ұйымдастырылған. Жалпы көлемі 160,8 мың га. Ондағы мақсат – жалпы табиғат кешенімен қатар саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрықты қорғау болды. Бұрын Аралда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 257 түрі өссе, соңғы кезде олардың саны тіпті азайып, кейбіреулері жойылып кету қаупінде. Негізгі қорғалатын аңдар: ақбөкен, қарақұйрық және құлан.

Қорғалжың қорығы 1968 жылы құрылған. Қорық Ақмола облысының 259 мың га жерін алып жатыр. Оған тың даланың қол тимеген, түрен түспеген жерлері, сондай-ақ Қорғалжың және Теңіз көлдері кіреді.

Қорықтың жануарлар дүниесі дала зонасына тән. Сүтқоректілердің 41 түрі, құстардың 299 түрі, балықтың 14 түрі, өсімдіктің 343 түрі кездеседі. Олар: суыр, дала алақоржыны, су егеуқұйрығы, қосаяқтар және басқалар. Көл жиегінің қара суларында үйрек, қаз және басқа да суда жүзетін құстар сансыз көп. Теңіз көлінде мыңдаған қоқиқаз ұя салады. Бұл дүние жүзінде сирек кездесетін, ең солтүстікке ұя салатын құс.

Марқакөл қорығы 1976 жылы құрылған. Қорық солтүстігінде Қазақстан Алтайының Күршім жотасы мен оңтүстігінде теңіз деңгейінен1447 м биіктіктегі Азутау жотасы аралығындағы аса әсем Марқакөл шегінде орналасқан. Қорықтың жалпы ауданы 75 мың га, оның 44 мыңын көл айдыны құрайды. Көлге 27 кішігірім өзендер, жылғалар құяды, ал одан бір ғана өзен Ертістің оң саласы – Қалжыр ағып шығады. Дәрілік өсімдіктерден аралий мен «алтын тамыр» кездеседі. Қорықта сүтқоректілердің 39 түрі мекендейді, оның ішінде аю, сілеусін, бұғы, арқар, қасқыр, және құстың 200-ге жуық түрі, оның ішінде қарақұтан, аққу, суқұзғындар, 5 түрлі балық кездеседі. Көлде балықтың бірнешеш түрі: мөңке, майқан, талма, теңге кездеседі. Бұлардың ішінде ең бағалысы мөңке, оның еті өте дәмді. Өсімдіктің 721 түрі кездеседі.

Үстірт – республикадағы ең жас қорықтың бірі. Ол Маңғыстау облысында 1984 құрылды. Ауданы 223,3 мың га республикадағы ең үлкен бұл қорық Үстірт жерінде орналасқан. Қорықта сүтқоректінің 227, құстың 11 түрі, өсімдіктің 261 түрі кездеседі. Қорықтың аумағында бір кезде осы арада кеңінен тараған жыртқыш ірі мысық қабылан мен құланның санын қалпына келтіру белгіленді. Өсімдіктен қорғауға тұратын аса маңыздысы жұмсақ жемістік, иіссіз катрана, үстірт таспасы.

Батыс Алтай қорығы 1992 жылы құрылған, ауданы 56 мың га. Қорық Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында орналасқан. Алтай тау жүйесінің қазақстандық бөлігінің солтүстік-батыс жағын, Холзун, Көксу және Иванов жоталарын қамтиды. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 564, жануар дүниесінің 161 түрі, құстардың 120, сүтқоректілердің 20, балықтың 5 түрі кездеседі. Өсімдіктерден марал оты, алтын тамыр, жануарлардан бұлғын, аю, құндыз, сусар, борша және т.б. сирек аңдар кездеседі.

Алакөл қорығы 1998 жылы құрылған. Ауданы 197,1 мың га. Қорық Алматы облысындағы Алакөл ауданында орналасқан. Атыраулық сулы-батпақты ландшафтылары қорғалады. Құстардың 257 түрі, өсімдіктердің 270 түрі, сүтқоректілердің 21 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 3 түрі бар. Қорықтың негізгі мақсаты — Алакөл жүйесіне енетін көлдерді мекендейтін су құстарын (аққу, реликт шағала, қаз, тырна, және т.б.) қорғау.

Қаратау қорығы 2004 жылы құрылды. Көлемі 34,3 мың га. Қорық шөлді ландшафты зонаның қоңыржай белдеуіндегі таулы жерде орналасқан. Қорықты құру себебі – аймақтың эндемикалық өсімдіктерін сақтау үшін және қаратау жотасы республикада саны бойынша көне жерортатеңіздік өсімдік элементтерінің таралу жағынан бірінші орын алуында. Қорықта 1500 өсімдік түрін, жануарлар дүниесінен омыртқалылардың 227 түрі, соның ішінде сүтқоректілердің 42 түрі, құстардың 114 түрі, балықтың 3 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 16 түрі кездеседі. Қызыл кітапқа қарақұйрық, арқар, қоңыр тянь-шань аюы, қар барысы, тас сусары кірген. 114 құстың 80-і ұшатын оның 11 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген.

Date: 2015-12-13; view: 1158; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию