Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Нәрестенің гипоксиясы және асфиксиясы. Нәрестенің реанимациясы





 

1067. Егер туылғаннан соң баланың тыныс алуы жақсы болса, онда ауыз бен мұрын қуыстарын аспирациялаудың қажеттілігі:

* + Міндетті емес

* Таңдамалы

* Міндетті

* Жасалғаны жөн

* Жаппай

 

1068. Қазақстан Республикасында перинаталдық өлімнің себебінде бірінші орынды алады:

* босану жарақаты

* құрсақішілік сепсис

* құрсақішілік пневмония

* мерзімінен асқан жүктілік

* + нәресте гипоксиясы және жаңа туылған бала асфиксиясы

 

1069. Шала туылған бала өлімінің жиі себебі:

* сепсис

* патологиялық сарғаю

* геморрагиялық ауру

* туа пайда болған ақаулар

* + респираторлы дистресс-синдромы

 

1070. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (2010) клиникалық хаттамаларына сәйкес, нәрестенің «гипоксиясы» келесі жағдайдың синонимі болып табылады:

* аса қауіпті

* + қауіпті

* компенсацияланған

* қанағаттанарлық

* декомпенсацияланған

 

1071. Нәресте тіндері мен ағзаларының оттегімен қамтамасыз етілуінің жетіспеушілігі немесе оттегі жеткіліксіз жұмсалса денесінде күрделі өзгерістер тудырады, ол аталады:

*асфиксия

* гипоплазия

*гипотропия

* гипертрофия

+ гипоксия (өміріне қауіпті)

 

1072. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (2010) клиникалық хаттамаларына сәйкес, босанудың бірінші немесе екінші кезеңінде нәрестеге оттегі жетіспеушілігі әсерінен жаңа туылған баланың өзіндік демалуға қабілетсіздігі немесе демалысының қалыптаспауы аталады:

* апноэ

* атрофия

* арефлексия

+ асфиксия

* гипоксия (өміріне қауіпті)

 

1073. Жаңа туылған баланың асфиксиясы – бұл босану немесе толғақ кезінде оксигенацияның бұзылу салдарынан, келесіні бастауға немесе қалыпты жалғастыруға қабілетсіздігі:

* + өздігінен тыныс алуын

* артериалды қан қысымын

* зәр шығаруды

* жүрек соғуын

* пульсін

 

1074. Асфиксия – бұл мына кезеңдегі оксигенацияның бұзылу салдарынан пайда болатын жаңа туылған баланың өздігінен тыныс алуды бастауға немесе қалыпты тыныс алуды жалғастыруға қабілетсіздігі:

* жүктілік кезінде

* сәбилік кезінде

* + босану және толғақ кезінде

* неонаталды кезең

* ерте неонаталды кезең

 

1075. Босану және толғақ кезіндегі оксигенациясының бұзылуы салдарынан жаңа туылған баланың оздігінен тыныс алып бастауы немесе қалыпты тыныс алуды жалғастыруға қабілетсіздігі аталады:

* Арефлексия

* + Асфиксия

* Гипоксия

* Тахипное

* Апное

 

1076. Жаңа туылған баланың асфиксияда туылуын келесі факторлар жоғарылатады:

+ мерзіміне жетпеген жүктілік, қағанақ суына меконийдың араласуы

* мерзіміне жеткен жүктілік, ашық түсті қағанақ суы

* реанимацияға арналған жабдықтардың болуы

* жабдықталған бөлменің болуы

* үйретілген қызметкерлердің болуы

 

1077. Жаңа туылған бала асфиксиясы клиникалық диагнозы келесі кезеңде койылады:

* реанимацияға дейінгі

* реанимациядан кейінгі

*туғаннан кейін бірден +

*туғаннан кейін 1 минуттан соң

* туған кейін 3 минуттан соң

 

1078. Жаңа туылған бала кіндігінің артериалды қанында дәлелді метаболикалық ацидоз (рН 7,0 және базалық тапшылығы ≥12) және бір және одан да көп жүйелердің не ағзалардың зақымдалу, неврологиялық статусының бұзылу (перинаталды энцефалопатия) белгілері анықталып, Апгар шкаласы бойынша 5-ші минутта – 0-3 баллға бағаланғанда, төмендегі клиникалық диагноз қойылады:


* апноэ

* атония

* асистолия

+ асфиксия

* арефлексия

 

1079. Асфиксиямен туылған нәресте дереу келесі шараларды жүргізуді қажет етеді:

* + Реанимацияны

* Фототерапияны

* Қарқынды терапияны

* Симптоматикалық терапияны

* Жаңа туылған баланың алғашқы өңделуін

 

1080. Жаңа туылған баланың асфиксиясы клиникалық диагнозы келесі кезеңде қойылады:

* босану кезінде

* реанимацияда

* реанимацияға дейін

* туыла салысымен

* + реанимациядан кейін

 

1081. «Акушерия мен неонатология бойынша ҚР-ның денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы мен негізгі клиникалық хаттамаларына» (2010) сәйкес, туылған кезде неонаталды асфиксияның келесі түрлерін ажыратады:

* жеңіл, жеңілдеу, ауыр

* + орташа немесе жеңілдеу, ауыр

* ерте, кештетілген, кеш

* жедел, жеделдеу, созылмалы

* компенсацияланған, субкомпенсацияланған, декомпенсацияланған

 

1082. Егер нәресте өздігінен тыныс алмаса немесе тұрақсыз, жүректің соғу жиілігі минутына 100 реттен көп, бұлшықет тонусы салыстырмалы түрде жақсы, тері жабындылары цианозды болса, осы баладағы белгілер туылған кездегі асфиксияның жіктелуіне сәйкес келеді:

* дені сау балаға

* ауыр асфиксияға

* компенсацияланған асфиксияға

* декомпенсацияланған асфиксияға

* + жеңілдеу және орташа неоталды асфиксияға

 

1083. Неонаталдық асфиксияның жіктелуі:

* біріншілік, екіншілік

+ женіл, орташа, ауыр

* жедел, жеделдеу, созылмалы

* шынайы, жалған, күмәнді

* компенсацияланған, декомпенсацияланған

 

1084. Жаңа туылған балада өзіндік демалысы ретсіз немесе жоқ, жүректің жиырылу жиілігі минутына 100 реттен көп, бұлшықет тонусы салыстырмалы түрде жақсы, тері қабаты цианозды—бұл неонаталдық асфиксияның келесі түріне тән:

* ауыр

* жедел

* созылмалы

* компенсирленген

+ женіл немесе орташа

 

1085. Егер нәресте өздігінен тыныс алмаса немесе тұрақсыз, жүректің соғу жиілігі минутына 100 реттен аз немесе мүлдем жоқ, бұлшықет тонусы төмен, тері жабындылары цианозды немесе ақшыл болса, осы баладағы белгілер туылған кездегі асфиксияның жіктелуіне сәйкес келеді:

* дені сау балаға

* компенсацияланған асфиксияға

* декомпенсацияланған асфиксияға

* + ауыр неонаталды асфиксияға

* жеңілдеу және орташа неоталды асфиксияға

 

1086. «Акушерия мен неонатология бойынша ҚР-ның Денсаулық Сақтау Министрлігінің бұйрығы мен негізгі клиникалық хаттамаларына» (2010) сәйкес, нәрестенің өздігінен тыныс ала алмауын не тынысының дұрыс болмауын келесі топқа жатқызуға болады:


* +Реанимация шараларын шұғыл жасау

* Дені сау нәресте күтімі

* Ірі нәрестеге арнайы күтім жасау

* Салмағы аз нәрестеге арнайы күтім жасау

* Даму ақауы не босану жарақаты бар нәрестеге күтім жасау

 

1087. Жаңа туылған баланың реанимациясының мақсаты- келесі көрсеткіштердің өзіндік қалпына келуі:

* тері жабындылары мен шырышты қабаттарының қызғылт түсі

* шартты рефлекстері мен бұлшықет тонусы

* шартсыз рефлекстері мен фотореакциялары

+ тыныс алу мен жүрек соғысы

* дефекациясы мен зәр шыгаруы

 

1088. Жаңа туылған баланың реанимациясы келесі қағида бойынша жүргізіледі:

* бағалау - іс-әрекет- шешім қабылдау

* шешім қабылдау-бағалау-іс-әрекет

+ бағалау- шешім қабылдау- іс-әрекет

* шешім қабылдау - іс-әрекет -бағалау

* іс-әрекет –шешім қабылдау – бағалау

 

1089. Жаңа туылған бала реанимациясының нәтижелілігінің көрсеткіші қалпына келтіру болып табылады:

* тері жабындылары мен шырышты қабатының қызғылт түсін

* шартты рефлекстер мен бұлшықет тонусын

* шартсыз рефлекстер мен фотореакциясын

+ тыныс алуын және қан айналымын

* физиологиялық актілерін

 

1090. Жаңа туылған бала реанимациясының әр қадамы созылады:

* 3 секундқа

+ 30 секундқа

* 3 минутқа

* 30 минутқа

* 3 сағатқа

 

1091. Жаңа туылған бала реанимациясының алгоритмі келесі қадамдар санын кұрайды:

* 1

* 2

* 3

*+ 4

* 5

 

1092. Жаңа туылған бала реанимациясының алгоритміндегі қадамдар реттілігі келесі түрде белгіленеді:

* 1, 2, 3, 4

* A, Б, В, Г

* + A, B, C, D

* I, II, III, IY

* бірінші, екінші, үшінші, төртінші

 

1093. Адреналин, физиологиялық ерітінді, натрий бикарбонаты, налоксон-негізгі дәрі-дәрмектер тізімі қолданылады:

* эклампсияны емдеуде

* преэклампсияны емдеуде

+ жаңа туған нәрестелердің реанимациясында

* босанғаннан кейінгі қарқынды терапияда

* жаңа туған нәрестелердің қарқынды терапиясында

 

 

1094. Жоғары нәресте өліміне және терең мүгедектікке келтіретін ауыр неврологиялық бұзылыстар, өмір сүру белгілерінсіз (тынысы және жүрек соғысы жоқ) туылған балаларды реанимациялау ұзақтығының келесі уақыттан ұзақ болуы әкеледі (минут):


* 1

+ 10

* 20

* 30

* 40

 

1095. Жаңа туылған баланың өмір сүру белгілерінің болмауында, келесі уақыт аралығында (минут) адекватты және үздіксіз реанимацияны жүргізгеннен кейін, реанимациялық шараларды тоқтату аяқталады:

* 1

+ 10

* 20

* 30

* 40

 

1096. Жаңа туылған бала реанимациясының бастапқы қадамдарының (А блогының) негізгі мақсаты - бұл қамтамасыз ету:

* метаболикалық бұзылыстарды түзетуді

+ тыныс алу жолдарының өткізгіштігін, тактильді ынталандыруды

*оң қысыммен өкпені жасанды желдетуді

* әсерлі өкпені жасанды желдету мен тікелей емес жүрек массажын жасауды

* гемодинамикалық және метаболикалық бұзылыстарды дәрі-дәрмекпен түзетуді

 

1097. Жаңа туылған бала реанимациясының «В» блогының негізгі мақсаты – бұл қамтамасыз ету:

* метаболикалық бұзылыстарды түзетуді

* тыныс алу жолдарының өткізгіштігін, тактильді ынталандыруды

+ оң қысыммен өкпені жасанды желдетуді

* әсерлі өкпені жасанды желдету мен тікелей емес жүрек массажын жасауды

* гемодинамикалық және метаболикалық бұзылыстарды дәрі-дәрмекпен түзетуді

 

1098. Жаңа туылған бала реанимациясының «С» блогының негізгі мақсаты – бұл қамтамасыз ету:

* метаболикалық бұзылыстарды түзетуді

* тыныс алу жолдарының өткізгіштігін, тактильді ынталандыруды

* оң қысыммен өкпені жасанды желдетуді

+ әсерлі өкпені жасанды желдету мен тікелей емес жүрек массажын жасауды

* гемодинамикалық және метаболикалық бұзылыстарды дәрі-дәрмекпен түзетуді

 

1099. Жаңа туылған бала реанимациясының «D» блогының негізгі мақсаты – бұл қамтамасыз ету:

* метаболикалық бұзылыстарды түзетуді

* тыныс алу жолдарының өткізгіштігін, тактильді ынталандыруды

* оң қысыммен өкпені жасанды желдетуді

* әсерлі өкпені жасанды желдету мен тікелей емес жүрек массажын жасауды

+ гемодинамикалық және метаболикалық бұзылыстарды дәрі-дәрмекпен түзетуді

 

1100. 1:10000 ертінсіндегі 0,01% адреналин ертіндісі (көк тамырға, эндотрахеальді), физиологиялық ертінді (10мл/к* және натрий бикорбанаты (4,2%-4мл/кг кіндік көктамырына) - бұл жаңа туылған баланы реанимациясының келесі блогында қолданылатын гемодинамиқалық және метоболиқалық бұзылыстарды түзетуге арналған негізгі дәрі-дәрмектік заттар:

*B

* + Д

* кез келген

 

1101. Кеңірдекке интубация жасау жаңа туылған бала реанимациясының келесі кезеңінде жүргізіледі:

* А

* B

* С

* Д

* +кез келген

 

1102. Жаңа туылған балада ренаимацияға қажеттілік келесі белгілердің жеткіліксіздігімен анықталады:

+ бұлшық ет тонусынның және тынысының

* тері қабатының қызғылт түсінің

* физиологиялық актілердің

* шартты рефлекстердің

* қатты жылауының

 

1103. Өте төмен салмақпен шала туылған балада, кеңірдектен меконийді аспирациялау немесе өкпе желдендіруі мен тура емес жүрек массажын үйлестіру, маскамен немесе қапшықпен ұзақ желдетуде нәтиженін болмауы, диафрагмалдық жарыққа күдік-бұл келесіге көрсеткіш:

+ кеңірдек интубациясына

* ларингоскопияға

* фарингоскапияға

* бронхоскопияға

* риноскопияға

 

1104. Шала туылған нәрестені реанимациялау кезінде өкпені жасанды желдетуде (тыныс алу/тыныс шығару қатынасы) келесі параметрлерді таңдау керек:

* 1:1

* +1:2

* 1:3

* 1:4

* 1:5

 

1105. Жаңа туылған балаға реанимацияны жүргізу кезінде дәрілік заттарды енгізеді:

* тері асты қабатына

* тіл жүгеніне

* жүрекішіне

* бұлшық ет қабатына

* + кіндік көктамырына

 

1106. Жаңа туылған бала реанимациясынада жүрек кызметін ынталандыру ушін колданылады:

* нифедипин

* эуфиллин

* налорфин

+ адреналин

* преднизолон

 

1107. Жаңа туылған бала жүрегіне тура емес массаж жасау кезінде, кеуденін келесі аймағына қысым жасалынады:

* «семсер» тәрізді өсіндіге

*төстің жоғарғы үштен бір бөлігіне

*төстің ортаңғы үштен бір бөлігіне

+төстің төменгі үштен бір бөлігіне

* «семсер» тәрізді өсіндіден төмен

 

1108. Жатыр-плацентарлық және ұрық-плацентарлық қан айналымының жағдайын анықтауға көмектесетін зертеу әдісі:

* амниоцентез

+ доплерометрия

* кардиотохография

* ултрадыбыстық фетометрия

* ултрадыбыстық плацентография

 

1109. Нәрестенің созылмалы гипоксиясының клиникалық көрінісі:

* макросомия

* көпнәрестелік

* иммундықсыз шемен

+ нәресте өсуінің кідіруі

* нәрестенін гемолитикалық ауруы

 

1110. Ультрадыбыстық фетометрия нәтижесі бойынша, нәресте өсуінің кідіруінің келесі түрлері кездеседі

* жедел, жеделдеу, созылмалы

* шынайы, жалған, күмәнді

* физиологиялық, патологиялық

* компенсацияланған, декомпенсацияланған

+ симметриялық, асимметриялық, аралас

 

1111. Жаңа туылған бала асфексиясының патогенезінде жетекші болып табылады, дамуы:

+гипоксияның

* гиперкапнияның

* гипогликемияның

* гипергликемияның

* гипопротеинемияның

 

1112. Жаңа туылған бала реанимациясы үшін 0,01% адреналин ертіндісі (көк тамырға, эндотрахеальді) келесі қатынаста қолданылады:

* 1:10

* 1: 100

* 1: 1000

+ 1: 10000

* 1: 100000

 

1113. Туылу кезінеде балада асфиксияның бар немесе жоқ екенін бағалайтын шкала:

*+Апгар

*Доунс

*Фролов

*Сильверман

*Дементьева

 

1114. Антропометриялық көрсеткіштер немесе нәрестенің болжам салмағы белгілі гестациялық жасқа жетпейтін, нәрестенін патологиялық жағдайы аталады:

*+ құрсақшілік дамуының кідіруі

*неонаталдық женіл асфиксия

*созылмалы гипоксия

*құрсақшілік гипотрофия

*неонаталдық ауыр асфиксия

 

1115. Нәрестенің құрсақішілік дамуының кідіруі, пайда болу уақыты бойынша жіктеледі:

*+ кеш, ерте

*асимметриялық, симметриялық

*біріншілік, екіншілік

*жедел, созылмалы

* компенсацияланған, декомпенсацияланған

 

1116. Нәрестенің құрсақішілік дамуының кідіруі, даму түрі бойынша жіктеледі:

* кеш, ерте

*+асимметриялық, симметриялық

*біріншілік, екіншілік

*жедел, созылмалы

* компенсацияланған, декомпенсацияланған

Гинекологиялық аурулардың пропедевтикасы

 

1117. Жатыр денесі келесі қабаттардан тұрады:

* эндосальпинкс, миосальпинкс, перисальпинкс

* эндоцервикс, миоцервикс, перицервикс

*+эндометрий, миометрий, периметрий

* шырышты, шырышасты, бұлшықетті

* эндометрий, серозды, шырышты

 

1118. Жатырдың сыртқы қабаты аталады:

* параметрий

* миометрий

* эндометрий

* +периметрий

* базальдымембрана

 

1119. Суретте периметрий көрсетілген сан:

*1

*2

*+3

*4

*5

 

1120. Жатырдың бұлшықет қабаты аталады:

* Эндометрий

* Параметрий

* Периметрий

* +Миометрий

* Базальды мембрана

 

1121. Суретте миометрий көрсетілген сан:

*1

*+2

*3

*4

*5

 

1122. Жатырдың ішкі қабаты аталады:

* Параметрий

* Миометрий

* Периметрий

* +Эндометрий

* Базальды мембрана

 

1123. Суретте эндометрий көрсетілген сан:

*+1

*2

*3

*4

*5

 

1124. Жатыр маңы тіндері аталады:

* Миометрий

* Эндометрий

* Периметрий

* +Параметрий

* Базальды мембрана

 

 

1125. Жатыр түтікшесі келесі бөлімдерден тұрады:

* Жақын, орташа, алыс

* Алдынғы, артқы,жоғарғы, төмен

* Медиальді, орталық, латеральді

* Орталық, периферикалық, бүйірлік

* +Интерстициальді, истмикалық, ампулярлы

 

1126. Суретте жатыр түтікшесінің интерстициальді бөлімі көрсетілген әріп:

* +А

* B

* C

* D

* Е

 

1127. Суретте жатыр түтікшесінің истимикалық бөлімі көрсетілген әріп:

 

* А

* +B

* C

* D

* Е

 

1128. Суретте жатыр түтікшесінің ампулярлы бөлімі көрсетілген әріп:

 

* А

* B

* +C

* D

* Е

 

1129. Суретте жатыр түтікшесінің фимбриальді бөлімі көрсетілген әріп:

* А

* B

* C

* +D

* Е

 

1130. Қынап келесі эпителиймен жабылған:

* Бірқабатты жалпақ

* Атипиялық күрделі

* +Көпқабатты жалпақ

* Цилиндрлі, кубті

* Цилиндрлі, кірпікшелі

 

1131. Қалыпты жағдайда жатыр мойнының қынаптық бөлігі келесі эпителиймен жабылған:

* Бірқабатты жалпақ

* Атипиялық күрделі

* +Көпқабатты жалпақ

* Цилиндрлі, кубті

* Цилиндрлі, кірпікшелі

 

1132. Қалыпты жағдайда жатыр мойнының цервикальді өзегі келесі эпителиймен жабылған:

* Атипиялық

* +Цилиндрлік

* Атипиялық қарапайым

* Бірқабатты жалпақ

* Көпқабатты жалпақ

 

1133. Қалыпты жағдайда жатырдың ішкі беті келесі эпителиймен жабылған:

* +Цилиндрлі

* Атипиялық қарапайым

* Бірқабатты жалпақ

* Атипиялық күрделі

* Көпқабатты жалпақ

 

1134. Жатыр түтігі келесі қабаттардан тұрады:

* Эндометрий, серозды, шырышты

* +Шырышты, бұлшықетті, серозды

* Эндометрий, миометрий, периметрий

* Шырышты, шырышасты, бұлшықетті

* Эндоцервикс, эктоцервикс, перицервикс

 

1135. Жатыр түтікшелерінің шырышты қабаты келесі эпителиймен қапталған:

* Бірқабатты жалпақ

* Көпқабатты жалпақ

* Кубті цилиндрлі

* Атипиалық цилиндрлі

* +Кірпікшелі цилиндрлі

 

1136. Оң жақ аналық безі артериясы, тармағы болып табылады:

* ішкі мықын артериясының

* сыртқы мықын артериясының

* жалпы мықын артериясының

* жатыр артериясының

* + қолқаның

 

1137. Сирек жағдайда оң жақ аналық безінің артериясы басталады:

* Ішкі мықын артериясынан

* Сыртқы мықын артериясынан

* Жалпы мықын артериясынан

* Қолқаның құрсақ қуысы бөлігінен

* +Бүйрек артериясынан

 

1138. Сол жақ аналық безінің артериясы басталады:

* Ішкі мықын артериясынан

* Сыртқы мықын артериясынан

* Жалпы мықын артериясынан

* +Қолқаның құрсақ қуысы бөлігінен

* Бүйрек артериясынан

 

1139. Жатыр артериясы келесі артериядан басталады:

* Аналық безі артериясынан

* Қолқаның құрсақтық бөлігінен

* Жалпы мықын артериясынан

* Сыртқы мықын артериясынан

* + Ішкі мықын артериясынан

 

1140. Қынаптық артерия келесі артериядан басталады:

*+Жатыр артериясынан

* Аналық безі артериясынан

* Қолқаның құрсақтық бөлігінен

* Жалпы мықын артериясынан

* Ішкі мықын артериясынан

 

1141. Жатырдың жұмыр байламы жатырды иеді:

* Артқа қарай

* Солға қарай

* Төмен қарай

* Оңға қарай

* +Алдыға қарай

 

1142. Берілген суретте 5 санымен көрсетілген байлам:

* lig.teres

* +lig.latumuteri

* lig.sacrouterinum

* lig.ovarii proprium

* lig.infundibulopelvicum

 

1143. Аналық без бен жатыр түтікшесінің арасындағы жалпақ байламның бөлігі аталады:

* Жұмыр байлам

* +Мезосальпинкс

* Кардинальді байлам

* Оймыш-жамбас байламы

* Аналық бездің өзіндік байламы

 

1144. Кіші жамбас мүшелерінің келесі байламы жатырдың алға қарай иілуін қамтамасыз етеді:

* Аналық безінің өзіндік

* Сегізкөз-жатырлық

* Оймыш-жамбас

* Кардинальды

* +Жұмыр

 

1145. Берілген суретте 4 санымен көрсетілген байлам:

* +lig.teres

* lig.latum

* lig.sacrouterinum

* lig.ovarii proprium

* lig.infundibulopelvicum

 

1146. Кіші жамбас мүшелерінің келесі байламы жатырдың артқа қарай иілуін қамтамасыз етеді:

* Аналық безінің өзіндік

* +Сегізкөз-жатырлық

* Оймыш-жамбас

* Кардинальды

* Жұмыр

 

1147. Берілген суретте 2 санымен көрсетілген байлам:

* lig.teres

* lig.latum

* lig.ovarii proprium

* +lig.sacrouterinum

* lig.infundibulopelvicum

 

1148. Кіші жамбас мүшелерінің келесі байламдары жатырды орта қалыпта ұстап тұруды қамтамасыз етеді:

* +Оймыш-жамбас, аналық бездің өзіндік

* Аналық бездің өзіндік, жұмыр

* Сегізкөз-жатырлық, жұмыр

* Жұмыр, оймыш-жамбас

* Кардинальды, жұмыр

 

1149. Берілген суретте 1 санымен көрсетілген байлам:

* lig.teres

* lig.latum

* lig.sacrouterinum

* +lig.ovarii proprium

* lig.infundibulopelvicum

 

1150. Кіші жамбастың келесі ағзалары висцеральді ішпердемен қапталмайды:

* Жатырдың алдыңғы беті

* Жатырдың артқы беті

* Жатыр түтікшелері

* Қуық

* +Аналық бездер

 

1151. Репродуктивті жүйесінің реттелу деңгейінің саны:

* 1

* 2

* 3

* 4

* +5

 

1152. Менструалдық циклдың реттелуінде келесі жүйе негізгі рөл атқарады:

* Гипофизарлық

* Гипоталамикалық

* Гипоталамо-гипофизарлық

*+ Гипоталамо-гипофизарлық-аналық бездік

* Гипоталамо-гипофизарлық-жатырлық-аналық бездік

 

1153. Гонадотропты гормондарға рилизинг-фактор өндіретін ағза:

* гипофиз

* аналық без

* + гипоталамус

* бүйрек үсті безі

* ми қыртысы

 

1154. Гонадотропты гормондарды өндіретін ағза:

* + гипофиз

* аналық безі

* гипоталамус

* бүйрек үсті безі

* ми қыртысы

 

1155. Физиологиялық менструалдық циклға тән белгі:

* + екі фазалы

* бір фазалы

* ауру сезімі

* ауру сезімнің болмауы

* қан кету көлемі

 

1156. Менструалдық циклдің фолликулярлы кезеңінде аналық безде келесі гормонның өндірісі басымырақ болады:

* + эстрадиол

* тестостерон

* прогестерон

* лютеиндеуші

* фолликулостимулдеуші

 

1157. Менструалдық циклдың 1-ші фазасында аналық безден басым бөлінетін гормон:

* Кортизол

* + Эстрадиол

* Тестостерон

* Прогестерон

* Андростендинон

 

1158. Эндометрийде пролиферативті өзгерістерді келесі гормон шақырады:

* Эстрон

* Эстриол

* +Эстрадиол

* Тестостерон

* Прогестерон

 

1159. Овуляция қосарланған гормондардың әсерінен жүреді:

* + ЛГ, ФСГ

* ФСГ, ТТГ

* ЛГ, АКТГ

* ЛГ, пролактиннің

* ФСГ, пролактиннің

 

1160. Физиологиялық менструалдық циклдің (28-күндік) келесі күндерінде овуляция болады:

* 3-5

* 6-8

* 9-11

* + 12-14

* 15-17

 

1161. Аналық без сары денесінің өсіп-жетілуі, келесі гонодотропты гормонның басымырақ әсерінен жүреді:

* пролактиннің

* тиреотроптының

* + лютеиндеушінің

* адрено-кортикотроптың

* фолликулостимулдеушінің

 

1162. Менструалдық циклдің лютеинді кезеңінде аналық безде келесі гормонның өндірісі басымырақ болады:

* эстрадиол

* тестостерон

* + прогестерон

* лютеиндеуші

* фолликулостимулдеуші

 

1163. Аналық бездің сары денесінде өндірілетін гормон:

* эстрадиол

* тестостерон

* + прогестерон

* лютеиндеуші

* фолликулостимулдеуші

 

1164. Жатырлық циклдің секреция фазасы келесі гормонның тікелей әсерінен жүреді:

* кортизолдың

*эстрадиолдың

* пролактиннің

* + прогестеронның

* тестостеронның

 

1165. Аналық бездік циклдың фолликулярлық фазасына жатырлық циклдың келесі фазасы сәйкес келеді:

* Секреция

* Регенерация

* Десквамация

* + Пролиферация

* Децидуализация

 

1166. Аналық бездік циклдың лютеинді фазасына жатырлық циклдың келесі фазасы сәйкес келеді:

* + Секреция

* Регенерация

* Десквамация

* Пролиферация

* Децидуализация

 

1167. Қалыпты жағдайда менструалдық қанның орташа көлемі тең болады (мл):

* 10-25

* +30-50

* 70-90

* 110-130

* 140-160

 

1168. 21 күнге созылатын физиологиялық менструалды цикл аталады:

* Нормопонирлеуші

* Антепонирлеуші

* Постпонирлеуші

* Гиперпонирлеуші

* +Гипопонирлеуші

 

1169. 28 күнге созылатын физиологиялық менструалды цикл аталады:

* Антепонирлеуші

* Постпонирлеуші

* Гипопонирлеуші

* Гиперпонирлеуші

* +Нормопонирлеуші

 

1170. 35 күнге созылатын физиологиялық менструалды цикл аталады:

* Антепонирлеуші

* Постпонирлеуші

* Гипопонирлеуші

* +Гиперпонирлеуші

* Нормопонирлеуші

 

1171. Телархе кезіне тән жас:

* 8-9

* + 10-11

* 12-13

*14-15

* 16-17

 

1172. Пубархе кезіне тән жас:

* 8-9

* + 10-11

* 12-13

* 14-15

* 16-17

 

1173. Менархе кезіне тән жас:

* 8-9

* 10-11

* + 12-13

* 14-15

* 16-17

1174. Дене салмағының индексін (ДСИ) есептейтін формула:

* ДСИ = дене салмағы (*/бойы (м)

* ДСИ = дене салмағы (*/бойы (см2)

* ДСИ = дене салмағы (к*/бойы (см2)

* + ДСИ = дене салмағы (к*/бойы (м2)

* ДСИ = дене салмағы (м*/бойы (мм)

 

1175. Репродуктивті жастағы әйелдердің дене салмағының индексі қалыпты жағдайда тең болады:

* 10-17 кг/м2

* +18-25 кг/м2

* 26-35 кг/м2

* 36-45 кг/м2

* 46-55 кг/м2

 

1176. Базальды температураны өлшеу функциональды диагностика тесттерінің бірі болып табылады, ол анықталады:

* кеште ұйықтар алдында

* тәуліктің кез келген мерзімінде

* таңертең таңғы астан кейін

* + таңертең, төсектен тұрмай

* түсте, жатқан қалпында

1177. Жүктіліктің 21 аптасында жүкті әйел толық емес кеш түсікпен жатқызылады:

* Перинатальды орталыққа

* Қалалық перзентханаға

* +Көпсалалы аурухананың жедел гинекология бөлімшесіне

* Әйелдер кеңесінің күндізгі стационарына

* Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығына

 

Гинекологиядағы жедел іш

 

1178. Жатырдан тыс жүктіліктің жиі орналасатын жері:

* аналық безінде

* жатыр мойнында

* + жатыр түтіктерінде

* құрсақ қуысында

* жатырдың рудиментарлы мүйізінде

 

1179. Түтіктік жүктіліктің ең жиі үзілетін жүктілік мерзімі (апта):

* 3-4

* 5-6

* + 7-8

* 9-10

* 11-12

 

1180. Жатырдан тыс жүктілікке эндометрийдің келесі морфологиялық өзгерісі тән:

* Безді-кистозды гиперплазия

* +Децидуальды трансформация

* Хорион бүрлері

* Пролиферация

* Атрофия

 

1181. Макропрепараттың гистологиялық зерттеуінде келесі ұйғарым негізінде жатырдан тыс жүктілік диагнозы қойылады:

* Атрофия

* Пролиферация

* +Хорион бүрлері

* Децидуалды трасформация

* Безді-кистозды гиперплазия

 

1182. Науқас 29 жаста, біріншілік бедеулік кезінде етеккірінің 4 аптаға кідіруі байқалады. Қынаптық тексеруде: жатыр мойнының сыртқы ернеуі жабық, жатыры қалыптыдан үлкен, жұмсақ, жатырдың оң жағында жұмсақ түзіліс пальпацияланады, сезімтал, күмбездері бос, ауырмайды, бөлінділер шырышты. Бұл клиника келесі диагнозға сәйкес келеді:

* Сальпингоофорит

* Ерте өздігінен түсік

* +Дамып келе жатқан жатырдан тыс жүктілік

* Репродуктивті кезеңдегі дисфункционалды жатырдан қан кетуге

* Түтіктің жыртылуы түрін үзілген жатырдан тыс жүктілік

 

1183. Диагностикалық лапароскопияда іш қуысында 150,0 мл қан анықталды, жатыр қалыптыдан аздап ұлғайған, сол жақ түтік цианозды, ампулярлы бөлігі 2,0×2,5×1,5 см-ге қалыңдаған, бүтіндігі бұзылмаған, ампулярлы бөлігінен қан кетіп жатыр. Оң жақ жатыр түтігі мен аналық безі өзгермеген. Эндоскопиялық көрініс келесі патологияға сәйкес:

* Сол жақ түтіктік жүктілік, жыртылу түрінде жүктіліктің үзілуі

*+Сол жақ түтікті жүктілік, түсік түрінде жүктіліктің үзілуі

* Үдемелі сол жақ түтікті жүктілік

* Үдемелі аналық бездік жүктілік

* Үзілген ішқуыстық жүктілік

 

1184. Науқас 25 жаста, диагностикалық лапароскопияда сол жақтағы жатыр түтіктері цианозды, ампулярлы бөлігі 2,0×2,5×1,5 см, қалыңдаған, бүтіндігі бұзылмаған, ампулярлы бөлігінен қан кетіп жатыр. Жүргізілетін іс-әрекет:

* +Ампулярлы бөліктен ұрық жұмыртқасын бөлу және алып тастау

* Іш қуысын дренаждау

* Сол жақты аднексэктомия

* Сол жақты тубэктомия

* Сол жақты туботомия

 

1185. Үдемелі түтіктік жүктіліктің диагностикасында ең ақпаратты әдіс болып табылады:

* + лапароскопия

* гистероскопия

* зәрдегі адами хориондық гонадотропинді анықтау

* эндометрийдің аспирациялық биопсиясы

* артқы күмбез арқылы құрсақ қуысына пункция жасау

 

1186. Үдемелі түтіктік жүктілік кезіндегі емдеу тактикасы:

* гормондық

* физиоем

* + хирургиялық

* консервативті

* қосарланған

 

1187. Үдемелі түтіктік жүктілік кезіндегі хирургиялық емнің көлемі:

* овариэктомия

* аднексэктомия

* + сальпинготомия

* сальпингоэктомия

* жатыр экстирпациясы

 

1188. Науқас 29 жаста, тік ішекке берілетін іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезімі, 2 апта етеккірінің кідіруі фонында жыныс жолдарынан жағынды түрінде қаны бөліндінің бөлінуі мазалайды. Қынаптық зерттеуде: жатыр көлемі қалыптыдан үлкейген, оң жағында консистенциясы «қамыр тәрізді», ауру сезімді, артқы күмбез томпайған, ауру сезімді. Бұл клиникалық көрініс келесі диагнозға сәйкес келеді:

* Аналық без киста аяқшаларының бұралуы

* + Жатырдан тыс жүктілік

* Аналық без кистасының жыртылуы

* Аналық без апоплексиясы

* Жедел аднексит

 

1189. Іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді, тік ішекке берілетін ауру сеземі, менструацияның кідіруі, ішкі қан кетудің белгілері, жыныс жолдарынан бөлінетін аздаған қанды бөлінділер – бұл белгілер келесі патологияға тән:

* Аналық без киста аяқшаларының бұралуы

* + Жатырдан тыс жүктілік

* Аналық без кистасының жыртылуы

* Аналық без апоплексиясы

* Жедел аднексит

 

1190. Құрсақішілік қан кету нәтижесінде дамыған гинекологиядағы «жедел іш» клиникасына ең жиі пайда болатын патология:

* Аналық без апоплексиясы

* Жедел аппендицит

* + Жатырдан тыс жүктілік

* Аналық без ісігінің аяқшаларының бұралуы

*Тубоовариальды түзілістің перфорациясы

 

1191. Тубэктомия операциясы кезінде келесі анатомиялық түзіліс кесіледі:

* Оймыш-жамбас және жұмыр байлам

* +Түтіктің жатырлық бөлігі, мезосальпинкс

* Сегізкөз-жатырлық байлам, мезосальпинкс

* Аналық бездің өзіндік байламы, мезосальпинкс

* Жатырдың жұмыр байламы, аналық бездің өзіндік байламы

 

1192. Жатырдан тыс жүктілікті диагностикалаудың қосымша әдісі:

* Гистероскопия, кольпоскопия, цистоскопия

* Кольпоскопия, жағындыны цитологиялық зерттеу

* Метросальпингография, пельвиография, жатырдың сцинтиграфиясы

* + Жатырдың артқы күмбезі арқылы құрсақ қуысының пункциясы, ультрадыбысты зерттеу

* Цервикалды өзектен бөлінген секретті бактериологиялық және бактериоскопиялық зерттеу

 

1193. Жатырлық жүктіліктің ерте мезгілін дәлелдейтін жатырдан алынған қырындыны гистологиялық зерттеу нәтижесі:

* Эндометрий пролиферациясы

* Эндометрийдің безді гиперплазиясы

* Хорион бүрлерінсіз децидуальді тін

* +Хорион бүрлері бар децидуальді тін

* Эндометрийдегі қабыну мен некроз белгілері

 

1194. Жатырдан тыс жүктіліктің мүмкін болуын көрсететін жатырдан алынған қырындыны гистологиялық зерттеу нәтижесі:

* Эндометрий пролиферациясы

* Эндометрийдің секреторлы трансформациясы

* +Хорион бүрлерінсіз децидуальді тін

* Хорион бүрлері бар децидуальді тін

* Эндометрийдегі қабыну мен некроз белгілері

 

1195. Науқас 29 жаста, етеккірі кідіруі фонында жыныс жолдарынан қанды бөлінді бөлінген, жүктілік сынамасы оң, қынаптық зерттеуде сыртқы ернеуі сәл ашық, жатыр көлемі 8 апталық жүктілікке дейін үлкейген, жұмсақ, қосалқылар анықталмайды. Клиникалық көрініс келесі патологияға сәйкес келеді:

* Түтіктік түсік ретінде үзілген жатырдан тыс жүктілік

* Жатыр қосалқыларының қабынуы үрдісінің өршуі

* +Жатырлық жүктілік, жүктіліктің үзілу қаупі

* Үдемелі түтіктік жүктілік

* Аналық без апоплексиясы

 

1196. Науқас 23 жаста, әйелдер кеңесінде үдемелі түтіктік жүктілік анықталған. Жүргізілетін іс-әрекет:

* Кіші жамбас ағзаларын динамикада ультрадыбыстық зерттеу

* Әйелдер кеңесінің дәрігерінің бақылауы

* +Госпитализация,оперативті ем

* Күндізгі стационарда бақылау

* Госпитализация, бақылау

 

1197. Репродуктивті жастағы науқасқа гинекологиялық перитонитте келесі хирургиялық емнің көлемі қолайлы:

* Құрсақ қуысын санациялау және дренаждау

* Жатырдың түтіктерімен бірге қынапүстілік ампутациясы

* Жатырдың қосалқылармен бірге қынапүстілік ампутациясы

* + Жатырдың түтіктермен бірге экстирпациясы, құрсақ қуысын дренаждау

* Жатырдың қосалқыларынсыз экстирпациясы, құрсақ қуысын дренаждау

 

1198. Жатырдан тыс жүктілікті диагностикалаудың қосымша әдісі:

* Кульдоскопия

* Гистероскопия

*+ Лапароскопия

* Пневмопельвиография

* Гистеросальпингография

 

1199. Науқас 25 жаста, диагностикалық лапароскопияда құрсақ қуысында көлемі 150,0 қоңыр түсті қан анықталды, сол жақ түтік көгерген, истмикалық бөлігі 2,0×2,5×1,5 см қалындаған, бүтіндігі бұзылмаған, ампулярлы бөліктен қан кетіп жатыр. Жүргізілетін іс-әрекет:

* Сол жақтық тубэктомия

* Сол жақтық аднексэктомия

* Құрсақ қуысын дренаждау

* +Сол жақтық туботомия, ұрық жұмыртқасын алып тастау

* Ампулярлы бөліктен ұрық жұмыртқасын шығару және алып тастау

 

1200. Әйелдер кеңесінен 23 жастағы науқас жатырдан тыс жүктілікке күмәнданып шұғыл гинекология бөлімшесіне түсті. Жүргізілетін іс-әрекет:

* Жатыр қуысын зондтау

* Жоспарлы лапаротомия, тубэктомия

* Реанимация бөлімшесінде динамикалық бақылау

* + Шұғыл түрде диагностикалық лапароскопия жасау

* Жатыр қуысын қыру, қырындыны гистологиялық зерттеу

 

1201. Жатыр мойны жүктілігіндегі типтік хирургиялық емнің көлемі:

* аднексэктомия

* жатыр ампутациясы

* жатыр дефундациясы

* + жатыр экстирпациясы

* жатыр мойнын қыру

 

1202. Аналық безі апоплексиясының клиникалық түріне байланысты жіктелуі:

* жеңіл, жеңілдеу, ауыр

* жедел, жеделдеу, созылмалы

* + анемиялық, ауру сезімді, аралас

* біріншілік, екіншілік, қайталамалы

* орталық, шеткілік, аралас

 

1203. Аналық без апоплексиясына тән белгілер:

* Етеккірдің кідіруі, лоқсу, құсу, жүктілікті анықтайтын тест оң

* Толғақ тәрізді ауру сезімі, етеккірдің кідіруі, ішкі қан кету белгілері

* Күрт ауру сезімі, іштің кебуі, лоқсу, құсу, етеккір кідіруінсіз гипертермия

* +Күрт ауру сезімі, етеккір циклының ортасында ішкі қан кету белгілері

* Күрт ауру сезімі, іштің кебуі, етеккір циклының бірінші фазасында улану белгілері

 

1204. Аналық безі апоплексиясының анемиялық түрін диагностикалаудағы ең ақпаратты әдіс болып табылады:

* кольпоскопия

* + лапароскопия

* гистероскопия

* кольпоцитология

* метросальпингография

 

1205. Аналық безі апоплексиясының анемиялық түрін емдеудің дәстүрлі әдісі:

* физиоем

* гормондық

* + хирургиялық

* консервативті

* спазмолитикалық

 

1206. Аналық безі апоплексиясының анемиялық түрінде хирургиялық емнің көлемі:

* дриллинг

* вапоризация

* овариэктомия

* сына тәрізді резекция

* + тігу немесе коагуляция

 

1207. Науқас 25 жаста менструалдық циклдың 15-ші күні жыныстық қатынастан кейін іштің төменгі бөлігіндегі тік ішекке берілетін ауру сезімі күрт пайда болған. Қынаптық зерттеуде: жатыры үлкеймеген, оң жақта қосалқылар аймағы ауру сезімді, артқы күмбез тегістелген, ауру сезімді. Бұл клиника келесі диагнозға сәйкес келеді:

* Аналық без киста аяқшаларының бұралуы

* Жатырдан тыс жүктілік

* Аналық без кистасының жыртылуы

* +Аналық без апоплексиясы

* Жедел аднексит

 

1208. Күрт аяқастынан, тік ішекке немесе аяққа берілетін, менструалдық циклдың ортасында пайда болатын, іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезімі, ішкі қан кету белгілерінің болуы немесе болмауы - бұл белгілер келесі патологияға тән:

* Аналық без киста аяқшаларының бұралуына

* Жатырдан тыс жүктілікке

* Аналық без кистасының жыртылуына

* +Аналық без апоплексиясына

* Жедел аднекситке

 

1209. Аналық бездің апоплексиясы кезіндегі операциялық ем көлемі:

* Тубэктомия

* Цистэктомия

* Овариоэктомия

* Аднексэктомия

* + Аналық безді тігу/коагуляция

 

1210. Макроскопиялық зерттеу кезінде анықталған аналық без ісігінің капсуласының ішкі бетінде емізікшелі өсінділер, келесі патология болуы мүмкін:

* Аналық без кистасы

* Аналық без фибромасы

* Дермоидты киста

* +Папиллярлы кистома

* Жай серозды кистома

 

1211. 28 жастағы науқасқа құрсақішілік қан кетуге байланысты лапароскопия жасалынған, оң жақ аналық без кистасының жарылуы анықталды. Хирургиялық емнің көлемі:

* Цистэктомия

* Аднексэктомия

* Овариоэктомия

* Аналық без дриллингі

* +Аналық без кистасының капсуласын алып тастау

 

1212. Науқас 27 жаста лапороскопиялық операция кезінде көлемі 5,0×5,5×6,0 см оң жақ аналық бездің кистасы анықталды. Операциялық ем көлемі:
* Аналық без киста сұйықтығын аспирациялау

* Жатырдың оң жақ қосалқыларын алып тастау

* Оң жақ аналық безін алып тастау

* Оң жақ аналық без резекциясы

* + Оң жақ цистэктомиясы

 

1213. Науқас 30 жаста, лапороскопиялық операция кезінде оң жақ аналық без кистасының жыртылуы анықталды. Операциялық ем көлемі:
* Аналық без киста сұйықтығын аспирациялау

* +Аналық бездің киста капсуласын алып тастау

* Жатырдың оң жақ қосалқыларын алып тастау

* Оң жақ аналық безін алып тастау

* Оң жақ цистэктомиясы

 

1214. Науқас 19 жаста, оң жақ аналық без кистасы көлемі 5,0×5,5×6,0 см анықталды, лапароскопия кезінде көрсетіледі:

* Овариолизис

* + Цистэктомия

* Аналық без резекциясы

* Оң жақ жатыр қосалқыларын алып тастау

* Аналық без кистасы құрамын аспирациялау

 

1215. 35 жастағы науқаста лапароскопия кезінде екі жақты пиосальпинкс анықталды. Операцияның көлемі:

* Екі жақты стоматопластикасы, іш қуысын дренаждау

* Жатырдың қынапүстілік ампутациясы түтікшелермен бірге

* Жатыр экстирпациясы қосалқылармен бірге

* +Екі жақты тубэктомия

* Екі жақтың қосалқыларын алып тастау

 

1216. Макроскопиялық зерттеуде: алынған аналық без ісігі ақ-сұр түсті, консистенциясы біртекті емес, көлемі 10,0×9,5×8,0 см, кесіп қарағанда капсуланың ішкі беті тегіс, ішінде – серозды сұйықтық. Макроскопиялық көрініс келесі диагнозға сәйкес келеді:

* Аналық бездің эндометриоидты кистасына

* +Жай серозды кистома

* Папиллярлы кистома

* Аналық без фибромасы

* Дермоидты киста

 

1217. Макроскопиялық зерттеуде: алынған аналық без ақ-сұр түсті, консистенциясы біртекті емес, бұдырлы, көлемі 5,0×6,0×7,0 см, кесіп қарағанда: капсуланың ішкі беті тегіс, ішінде – шаш, тістер, май тіні бар. Макроскопиялық көрініс келесі диагнозға сәйкес келеді:

* Аналық бездің эндометриоидты кистасына

* Папиллярлы кистома

* +Дермоидты киста

* Аналық без фибромасы

* Жай серозды кистома

 

1218. Науқас 34 жаста, етеккір кезінде және алдында күшейетін іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезімі мазалайды. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза. Қынаптық зерттеуде: жатыр мен оң жақ қосалқылары ерекшеліксіз, жатырдың сол жағы мен артында көлемі 4,5×5,0×5,5 см тығыз эластикалық, қозғалысы шектеулі, ауру сезімді түзіліс анықталды. Бұл көрініс келесі диагнозға сәйкес келеді:

* +Сол жақ аналық бездің эндометриоидты кистасына

* Сол жақ аналық бездің дермоидты кистасына

* Сол жақ жатырдан тыс жүктілікке

* Субмукозды жатыр миомасына

* Аденомиозға

 

1219. Науқас 22 жаста, профилактикалық қарау кезінде қынаптық зерттеуде: жатыры ұлғаймаған, сол жағында қозғалмалы, көлемі 5,0×6,0×7,0 см, біртекті емес консистенциялы, бұдыр беткейлі түзіліс анықталды. Ультрадыбыстық зерттеуде: оң жақ аналық безде 5,5×6,2×7,5 см, акустикалық көлеңкемен, гиперэхогенді қосылыстармен түзіліс бар. Бұл көрініс келесі диагнозға сәйкес келеді:

* Субсерозды жатыр миомасы

* Оң жақтық эктопиялық жүктілік

* +Оң жақ аналық бездің дермоидты кистасы

* Оң жақ аналық бездің фолликулярлы кистасы

* Оң жақ аналық бездің эндометриоидты кистасы

 

1220. Аналық бездің ісігіне жоспарлы түрде операция жасар алдында міндетті түрде жүргізілетін тексеру әдісіне жатады:

* Пельвиография

* Пневмоперитонеум

* Цервикогистерография

* Метросальпингография

*+Асқазан рентгенографиясы

 

1221. Науқас 25 жаста, біріншілік бедеулікпен, менструалдық циклдың бұзылысымен, семіздікпен, гирсутизммен, диагностикалық лапароскопия кезінде екі жақ аналық бездерінің үлкейгені, беттерінің тегістігі, жылтырлығы, қабығы тығыз екендігі анықталды. Клиникалық көрініс келесі диагнозға сәйкес келеді:

* Аналық без текомасына

* Гонадалар дисплазиясына

* +Аналық без поликистозына

* Аналық без эндометриоидтыкистасына

* Аналық без тестикулярлы феминизациясына

 

1222. Науқас 25 жаста, лапароскопиялық операция кезінде екі аналық безінің поликистозы анықталды. Жүргізілетін хирургиялық іс-әрекет:

* +Аналық без дриллингі

* Аналық безді алып тастау

* Аналық без пункциясы

* Аднексэктомия

* Цистэктомия

 

1223. Аналық без ісігінің анатомиялық аяқшасын құрайды:

* Аналық бездің өзіндік байламы, оймыш-жамбас байламы

* Оймыш-жамбас байламы, аналық бездің шажырқайы, жатыр түтікшесі

* Аналық бездің өзіндік байламы, аналық бездің шажырқайы, жатыр түтікшесі

*+ Аналық бездің өзіндік байламы, оймыш-жамбас байламы, аналық бездің шажырқайы

* Аналық бездің өзіндік байламы мен шажырқайы, оймыш-жамбас байламы, жатыр түтікшесі

 

1224. Аналық без ісігінің хирургиялық аяқшасы:

* Аналық бездің өзіндік байламы, оймыш-жамбас байламы

* Аналық бездің өзіндік байламы мен шажырқайы, жатыр түтігі

* Оймыш-жамбас байламы, аналық без шажырқайы, жатыр түтігі

* Аналық бездің өзіндік байламы мен шажырқайы, оймыш-жамбас байламы

* + Аналық бездің өзіндік байламы мен шажырқайы, оймыш-жамбас байламы, жатыр түтігі

 

1225. Аналық без ісігі аяқшасының бұралуы кезінде келесі түзіліс кесіледі:

* Мезосальпинкс

* Анатомиялық аяқшасы

* +Хирургиялық аяқшасы

* Аналық бездің өзіндік байламы

* Оймыш-жамбас байламы

 

1226. Науқас 37 жаста, менструалдық циклдың 8-ші күні аяқастынан іштегі ауру сезімі, іштің кебуі, дене қызуының 37,8˚С көтерілуі, тілдің құрғауы, Щеткина-Блюмберг белгісінің оң екендігі байқалды. Қынаптық зерттеуде: жатыр үлкеймеген, оң жағында ауру сезімді, қозғалысы шектеулі, көлемі 11,0×12,0×13,0 см тығыз эластикалық түзіліс анықталды. Клиникалық көрініс келесі патологияға тән:

* Жедел панкреатитке

* Аналық безінің апоплексиясына

* Жатырдан тыс жүктілікке

* +Аналық без ісігі аяқшасының бұралуына

* Тубоовариальді түзіліс перфорациясына

 

1227. 37 жастағы науқаста оң жақ аналық без ісігі аяқшасының бұралуы анықталды. Зақымдалған жаққа жасалатын операциялық емнің көлемі:

* Аналық безді алып тастау

*Аналық без резекциясы

* Кистаны сылып алып тастау

* + Жатыр қосалқыларын алып тастау

* Киста құрамының аспирациясы

 

1228. На







Date: 2015-12-12; view: 2388; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.498 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию