Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Хирургиялық инфекция





Іріңді қабынулар адам ағзасының кез - келген мүшелерінде дамуы мүмкін. Олардың этиологиясы әртүрлі іріңдіктерді тудыратын микроорганизмдер. Барлық хирургиялық аурулардың 1/3-і және операциядан кейінгі көптеген асқынулар хирургиялық инфекцияға байланысты.

Патологиялық хирургиялық инфекция хирургиялық іріңді ауруларды (фурункул, карбункул, абсцесс, флегмона, т.б.), іш қуысы мүшелерінің жедел хирургиялық іріңді деструктивті процестерін (аппендицит, холецистит, панкреатит, т.б.), операциядан кейінгі және ашық, жабық жарақаттардың іріңді асқынуларын қамтиды. Операциялардан кейінгі іріңді асқынулар науқастардың өміріне үлкен қауіп төндіреді. Операциядан кейін қайтыс болған науқастардың жартысынан көбінде өлім іріңді инфекцияның дамуына байланысты.

Хирургиялық инфекцияның басталуы, ағымы, болжамы бірнеше факторларға байланысты:

1. Макроорганизмнің иммундық жүйесінің қабілетіне;

2. Микроорганизмнің мөлшері, вируленттілігі, дәрілерге төзімді штамдары жыл сайын өсуіне.

3. Инфекция енген ошақтың анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктеріне;

4. Жалпы қан айналымы бұзылыстарында қабыну ошағына микроорганизмдерге қарсы тұратын, оларды жоюға арналған арнайы клеткалық, гуморалды иммунды заттар дер кезінде және толық көлемде жеткізілмеуіне.

5. Науқастың аллергиялық статусына.

Ақырғы жылдары ластанған экологияның салдарынан, ауруларды емдеуде және олардың алдын алу мақсатында күнделікті қолданылатын дәрі-дәрмектердің аллергиялық әсерінен адамдардың иммундық реактивтілігі әлсіреген, осы себептерден хирургиялық инфекция және операциядан кейінгі іріңді асқынулар жиі орын алуда.

Іріңді қабыну туындау үшін, микроорганизмдер түскен ошақта олардың өсіп-өнуіне қажетті қоректі заттардың (өліеттер, гематома) және де жергілікті, жалпы қан айналымының бұзылыстары міндетті түрде болуы керек. Іріңді хирургиялық инфекцияның орын алуы аурулардың жасына да байланысты. Жас адамдарда, көбінесе 17-35 жас аралығында флегмона, абсцесс, іріңді лимфаденит, мастит, остеомиелит жиі кездеседі; 36-55 жастағы науқастарда зәр шығару жүйесінің аурулары - пиелит, цистит, пиелонефрит, сонымен қоса парапроктит, перитонит, 65 жастан асқан адамдарда карбункул, некроздық флегмона, инъекциядан кейінгі абсцесс, гангрена орын алса, жаңа туған нәрестелерде – нәрестелер флегмонасы, стафилококты өкпе деструкциясы, плеврит, жедел гематогенді остеомиелит, перитонит дамиды. Хирургиялық инфекцияны емдеуден гөрі, оның алдын алуы әлдеқайда тиімді. Әр адам жеке басының гигиенасын сақтаса, көптеген аурулардан, оқыс жарақаттардан сақтанып жүрсе, дәрігерлік көмекке дер кезінде жүгінсе, хирургиялық іріңді инфекциялардың асқынулары сирек кездесуі мүмкін. Хирургиялық іріңді инфекцияға шалдыққан науқастардың иммунитеті әлсіз болғандықтан, олардың иммундық статусын зерттеп, тиісті иммунотерапия және иммунопрофилактика шараларына мұқият көңіл аударған жөн. Иммундық жүйенің физиологиясы мен патофизологиясын зерттейтін медицина саласы – клиникалық иммунология жақсы өркендеп дамуда.







Date: 2015-12-12; view: 1655; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию