Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






жоғары санатты






Білімнің қоғам мен адам дамуында айқындаушы рөлі басым. Өз баласына жақсы тәрбие беру кез келген адамның міндеті, мейлі ол сан алуан мамандық иесі болсын қоғамда парасатты, адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу әрбір адамның міндеті болуы тиіс. Бүгінгі өркениетке бет бұрған кезде қоғамда қабілетті, қазіргі заманға бейімді, білімді, білікті ой қызметімен айналысатын шығармашыл тұлға тәрбиелеу – ең өзекті мәселе болып отыр.

Ұлт болу үшін, елімізді сақтау, жерімізге ие болып қалу, тілімізді, дінімізді, мәдениетімізді сақтап қалу ата-бабамыздың алдындағы борышымыз. Еліміздің тарихи тұлғаларарын насихаттап, болашақ ұрпаққа жеткізу әрбір адаманың азаматтық парызы, тарихи тұлғаларды тануға, олардың артында қалдырған еңбектерін оқи отырып насихаттауға сүйіспеншіліктері мен мақтаныш сезімдерін арттыруға жастарымызды ұлттық намысқа, қайталанбас ерлікке тәрбиелеу жолында батырларымызды, би шешендерімізді, ғұлама ғалымдарымыздың жас ұрпаққа үлгі етіп, туған жеріміздің қадір-қасиетін ұғындыру баршамыздың қасиетті борышымыз.

Жеке тұлғаның ақыл ойын, танымдық үрдістерін жетілдіру, әлеуметтендіру мен жан-жақты тәрбиелеу мақсатында мектебіміздің аты берілген ақын жазушы Саттар Ерубаев шығармаларын жаратылыстану тұрғысында талдай отырып, оқушыларға шығармаларын түгел оқи отырып Саттар арманының болашақты болжауының қиял-жемісін қазіргі таңда шындықпен жанасатындығын сараптау.

«Баланың ынтасын ояту үшін оқылатын нәрседе бір жаңалық болу керек» - деп Ж.Аймауытов айтқандай шығармашылық процескке баланы баули отырып сатылы түрде жеңілден күрделіге қарай тапсырмалар беріп отыру керек. Осы мақсатта Саттар Ерубаев шығармаларын жаратылыстану ғылымы тұрғысында талдау негізінде жасалынған сабағымды назарларыңызға ұсынамын.

 

Сабақтың тақырыбы: Cаттар шығармаларындағы азаматтық парыз бен жарық диффракциясының ілімдері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Cаттар шығармаларындағы азаматтық парыз бен жарық диффракциясының ілімдерін оқып үйрете отырып, олардың физикалық дүниетанымын кеңейту, азаматтық тұлғасын қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың дарындылығын денсаулық сақтау дағдылармен ұштастыра алатын ұрпақ тәрбиелеу дағдысын қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз ойларын тиянақты жеткізе білуге өз бетінше іздену жұмыстарын жандандыру арқылы шығармашылыққа баулу, заманауи көзқарасын дамыту

Тәрбиелік: Топпен жұмыс жасау барысында ұйымшылдыққа, бірлесе еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ, өзін-өзі тану және физика пәнідері

Сабақтың көрнекілігі: бейне проектр, таныстырылым, деңгейлік кеспе қағаздары, плакат, маркерлер

Сабақтың әдісі: Жаңа технология элементтері, Қараевтың деңгейлеп –жүйелеп оқыту технологиясы, интербелсенді әдістемелер

Қолданылған әдебиеттер: Т.Кәкішев «Ерубаев», «Жалын» баспасы, Алматы -1979ж, С.Тұяқбаев, Ш.Насохова, Б.Кронгарт «Физика» 11 сынып оқулық, «Мектеп» баспасы, Алматы -2009, Г.Я.Мякишев, Б.Б.Буховцев «Физика», Б.М.Дүсенбаев, Г.З.Байжасарова, А.А.Медетбекова «Физик және астрономия», Ж.Б.Қажығалиев, Р.О.Ізғұттынова, Е.Сағымбаев Өзін-өзі тану оқулығы 11 сынып

 

қ/с Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
  Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім тарапынан талап қою,ұстанымдылық, жинақылық, жүйелілік және оқушыларды ықыласпен ұйымдастыру. Көрсетілген демонстрация бойынша сұраққа жауап беруде белсенділік танытады.
  Топқа бөлу Оқушыларды топқа бөлу. -Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін ортақ мәселе қою. -Оқушы жауабын қорытындылау. «Бағдаршам» әдісі арқылы түс таңдайды.
  Үй тапсырмасын тексеру а) миға шабуыл   ә)Фронтальды сұрақтар   1941, 1991, 1961, 2010, 2015, 1945, 2015ж.2қырқүйек, 1991 2-қазан, 1998 - 29-қаңтар, 1914ж 10-қазан, 1940 6-шілде. 1894 15-қазан,1894,1894 15-қараша. Бұл жылдыр нені білдіреді?     1. Саттардың айтулы ақын ғана емес жаратылыстану ғылымының заңдылықтарын терең меңгергенін шығармаларын оқи отырып “Келесі соғыс туралы” шығармасындағы 222-251 аралығына тоқталғанбыз. Саттар фантас жазушы. Біз Саттар шығармаларын өз сабағымызда үнемі қолданып отырамыз.Сіздер өткен сабақтан Саттардың ұшқыр қиял-болжамының бүгінгі таңда шындыққа жанасқандығына көз жеткізгенсіздер. Саттар шығармасынан үзінді келтіріп көрейік: -Өзің ойлашы,-дейтін еді ол,-қазіргі өміріміздің қаншалықты жақсы екенін өткен өмірімізбен салыстырып білеміз. Енді балалар осы жерде біз Саттардың өзінің досы туралы жасаған портретінен қандай физикалық терминдермен кездесіп отырмыз.   2. Саттар шығармасынан азаматтылыққа, парызға қандай мысал келтіре аласыңдар?   3. Нағыз азамат деген атқа ие болу үшін адам бойында қандай қасиет болу керек?   4. Саттар Ерубаевтың қай шығармасында Ньютонның ашқан еңбектері талқыланады?   5. Саттар Ерубаевтың шығармасында химия, биологиямен, информатикамен, тарихпен байланысқан жерлерін мысалдар арқылы келтір.   Оқушылар өз пікірлерін айтады. Саттар Ерубаев шығармаларымен байланыстыра отырып, өз ойларын жеткізеді. Саттарды жаратылыстану саласы бойынша зерттейді. «Азамат» Өмірге тура қарап бойлағанды, Қайыса халық қамын ойлағанды, Ардақтап, азамат деп айтқан абзал Әрқашан адамдығын жоймағанды. Әмісе сөзі түзік, ойы адалды, Ұнатпас дәсірсітіп бояғанды, Қаһарға «тіл кеспек жоқ» деп қасқайып, Қасиетін дар алдында жоймағанды   Саттар шығармасында кездесетін физикалық терминдер: қозғалыс, құбылыс, өзгеріс, кемпірқосақ, спектр, спектрдің жіктелуі.   Азамат деп адамның кәмелеттік жасқа жетіп, төлқұжатқа ие болған кезін айтамыз. Азаматтық парыз тақырыбы “Төрт қыз” әңгімесінен анық байқалады. Азаматтықтың алғы шарттары мұрат биіктігі,адалдық пен әділдікке құштарлық. «Келесі соғыс туралы» шығармасы 222 бет. Күн сәулесі нұрлы-ақ қой. Бірақ Иссак Ньюттонның байқауы бойынша бұл ақ түс сансыз түрлі түстердің қосылған түрі. Бұл сансыз түстер қосылып, спектр түстер деп аталатын 7 түс береді.     1. Химия элементтерінің атомдық салмағын алайық. Азоттың атомдық салмағы 14,008, неонның салмағы – 20,173, радийдікі – 225,97. Бұл салмақтардың айырмасын білу үшін бір-бірімен салыстыруымыз керек қой. «Келесі соғыс туралы» шығармасы 230 бет. Белгілі екі түрлі өсімдікті, яки жәндікті шағылыстырсаң тұңғыш гибрид екеуінің біреуіне-ақ ұқсап туады, екіншісінің белгілері де көрінбейді. «Келесі соғыс туралы» шығармасы 231 бет. Камбала деген балық былай өмір сүреді. Бұл балық жас уақытынд суда жүзіп жүреді де, белгілі бір жасқа келгенде судың төбіне шөгіп, сол жамбасымен қимылдамай жатып алады да, қозғалмай осылай өмір сүреді. 233 бет Шарайна арқылы барлық болып жатқан оқиғаларды көріп отырғысы келген. Ол қазіргі таңда скайф. Тарихи жағдай. Жапониямен болған соғыс. КСРО-ның Германия мен болған соғыста жеңіске жетуі.
  Жаңа сабақты түсіндіру Әр топқа тақырыпты бөліп беру. Сағат тілімен айналдыра отырып бір топ мүшелері екінші топқа түсіндіру. Оқушының жауабын тыңдау. 1) Парыз – азаматтың арқауы. 2) Жарықтың интерференциясы 3) Жарықтың дифракциясы. Берілген тапсырманы орындауда белсенділік танытып, тақырыпты талқылайды. Постер арқылы қорғайды. Топ мүшелері кезектесе отырып берілген тақыыптар аясында бір-бірімен пікір алмасады. Көрінетін жарық дегеніміз – ұзындығы 780 нм-ден (қызыл жарық) 400 нм (күлгін жарық) аралығында болатын электромагниттік толқындар. Күнделікті тұрмыста жарық бір уақытта көптеген жарық көздерінен таралады. Күңгірт және ашық жолақтардың кезектесіп орналасуын интерференция құбылысы дейміз. Интерференция құбылысын 1965 жылы Ньютон ашқан. Бұл жайында Саттар шығармаларында да айтылады. Интерференцияның көмегімен шағылған сәулелердің шамасын көбейтуге және азайтуға болады. Интерференция құбылысын оптикалық приболардың жарықтылығын реттеу мақсатында да қолданылады. Жарық дифракциясы деп жарықтың түзу сызық бойымен таралудан ауытқуын немесе жарықтың тосқауылды орағытып өтуін айтады. Мәселен ай тұтылған кезде күннен шығатын жарық жеді орағытып кетеді. Айдың түсі қоңыр, қызғылт болып көрінеді.
  Сабақты қорытындылау. 1. «Ел үмітін ер ақтар Ер атағын ел сақтар» – дей отырып, парыз туралы пайымдаулардан физикалық ұғымдар мен шамаларды атап көрсету.   2. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша 1. Жан рухы, жүректің жүрегі –парыз. 2. Арман мен даңқ асқары –парыз. 3. Адал берілгендік тамыры – парыз 4. Ер жүректің рухы – парыз 5. Қаһармандық жүрегі –парыз. 6. Ұлттың іргетеасы – парыз 7. Намыз күзетшісі - парыз Оқушылар парыз туралы дәйек сөздерді айтып, содан физикалық ұғымдар мен шамаларды атап көрсетеді. 1) Парыздан күшті күш жоқ 2) Парыздан қатал сот жоқ. Физикада жарық жылдамдығы тұрақты. С=3*108 м/с. 3) Парыздан қорқынышты жаза жоқ. Инфрақызыл және ултракүлгін сәулелерінің көп мөлшерде адам организмде болуы қауіпті. 4) Парыздан жарқын жарық жоқ. Мектебіміздің аты Саттар Ерубай жарық жұлдыз. 5) Парыз – намыс күзетшісі.
  Сабақты бекіту Біздің жігіттердің музыкасы қойылады. Жаңа сабақты «Менің азаматтық айқындамам» атты жоба жасаумен бекіту       «Менің азаматтық айқындамам» атты жобасын жасайды.  
  Бағалау 1.Топқа баға беру. 2.Жеке оқушыларды бағалау.   Әр топ бірін-бірі бағалайды.
  Үй тапсырмасы §4.3, §4.4 физика 11 сабақ өзін-өзі тану Күнделікке жазып алу
  Рефлексия 1. Мен бүгін не үйрендім? 2. Не ұнады? 3. Қандай ұсынысың бар Оқушылар өз ойларын білдіреді.

 

Date: 2016-02-19; view: 597; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию