Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Электрондық пошта. Internet mail





Электрондық пошта жұмысы кәдімгі тұрмыстағы поштаға ұқсас болғандықтан, оның жұмыс істеу принциптерін меңгеру тұтынушылар үшін аса көп қиындықтар туғыза қоймайды. Оның негізгі айырмашылығы – физикалық заттар (хат, бандероль, посылкалар) емес, ақпараттық мәліметтер, бейнелер жөнелтіледі. Бұл – байланысқа бірқатар шектеулер қоя отырып, электрондық алмасудың кәдімгіге қарағанда бірқатар айырмашылықтары бар екендігін білдіреді. Осы себепті де электрондық поштаны планетаның бүкіл аймағында бар пошталық қызметтің баламасы (альтернативі) деп қарастыруға болмайды. Бек байланыстың бір түрін басқасымен толықтыру деп айтуға болады.

Электрондық пошта географиялық адрестеуді қолданбайды. Электрондық поштаның адресі төмендегідей түрде болады:

Тұтынушы_ аты@домен_аты, мысалы [email protected] «@»-символы – тұтынушы аты мен домен атын айырып тұратын белгі. Орыс тілінде мұны көбінесе (собачка) деп атайды, ал ағылшында «at» дейді, біздің мысалымызда «mail.ru» тұтынушы аты.

Электрондық пошта қызметі өзімізге таныс «клиент-сервер» принципі бойынша жұмыс істейді. Тұтынушы компьютерінде оның электрондық пошталық жәшігі тіркелген пошталық сервермен үнемі байланыс жасап отыратын клиенттің пошталық программасы (Outlook Express) орнатылған. Байланыс сеансы кезінде тұтынушыларға жөнелтуге дайындалған корреспонденцияларды жөнелту және тұтынушы жөнелтуге дайындалған корреспонденцияларды қабылдау әрекеті орындалады. Бұдан кейін байланыс сеансы аяқталып компьютерлер бір-бірінен ажыратылады. Тұтынушы хаттарды құру және келген поштамен атқаратын жүмысты сол клиенттік программа көмегімен Интернетке қосылмай-ақ атқара алады.

Хабарламаның ары қарай қозғалу маршруты көптеген факторларға - адресаттың географиялық орнына, байланыс каналдарының дұрыстығына, пошталық серверлерге, олардың жүктемелік дәрежелеріне, т.б. байланысты болады. Егер сіздін қандай да бір хатыңыз адресатқа бірден жеткізіле алмаса, мысалы, оның пошталык жәшігі орналасқан сервер сол мезетте жұмыс істемей тұрса, онда сол хат жөнелтілетін мәліметтердің кезегінде тұратын болады. Әрбір 10-15 минут сайын әрекет қайталанып отырады. Егер бірнеше сагаттан кейін әрекет нәтижесіз болса, сізге хабарламаның көшірмесі жазылған бірінші (алдын ала) ескертпе мәлімет келеді. Бүл ескертпе мәлімет ақпараттық сипатта болады, сізден ешқандай әрекет талап етілмейді. Сіздің хабарламанызды жөнелту әрекеті бірнеше күнге дейін қайталанады. Егер ол әрекет бұрынғыдай нәтижесіз болса, сізге хабарламаның көшірмесі жазылтан екінші (ақыркы) ескертпе мәлімет келеді. Пошталық қызмет кез келген жағдайда сіздін хатыңыз із-түссіз жоғалып кетпейтіндей етіп жасалған.

Дербес комьютерлерге арналған пошталық программалар поштаны қабылдау және жөнелту үшін әр түрлі хаттамаларды қолданады. Поштаны жөнелту кезінде программа жөнелтілетін (шыгыс) пошта серверімен немесе SМТР-серверімен 5МТР хаттамасы бойынша бірге жұмыс істейді. Поштаны қабылдау кезінде программа қабылданатын (кіріс) пошта серверімен н емесе РОР3-серверімен РОРЗ хаттамасы бойынша бірге жұмыс істейді. Бұл әртүрлі компьютерлерде, сондай-ак бір компыотерде болуы да мүмкін. Бұл серверлердің аттарын озіңіздің провайдеріңізден алу керек. Кейбір кезде поштаны қабылдау үшін пошталық серверден таңдамалы түрде кейбір хаттарды сіздің компьютеріңізге көшіру мүмкіндігін беретін кейінірек шыққан ІМАР хаттамасы қолданылады. Бұл хаттаманы қолдану үшін ол сіздің провайдеріңізбен қоса сіздің пошталык программаңыздан колдау табуы қажет.

Date: 2016-02-19; view: 668; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию