Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сұрақ. Топографиялық карталардың жіктеуі (классификациясы), арнауы





Біздің топографиялық карталарды әскерлерде пайдалану бойынша оларды үш топқа бөлуге болады: дәл өлшемді, жедел-тактикалық және жедел.

Дәл өлшемді карталар армияда жауынгерлік техникаларды пайдаланумен, жердің инженерлік құрал-жабдығын және басқа да қорғанысқа байланысты іс-шаралар жасауға дәл өлшем және есеп жасау үшін арналған.

1:25 000 (1см-ге 250м) жиырма бес мыңдық масштабты карта – ең толық, әрі дәл карта, бөлім мен бөлімше командирлерінің су тосқауылдарын бұзуда, қалаларда ұрыс әрекеттерін жүргізу, инженерлік ғимараттар салу кезінде жергілікті жердің шағын жекеленген аймақтарын мұқият зерттеп, бағалауға, артиллериялық атысты жүргізу жөніндегі шараларды ұйымдастыру мен жоспарлауда дәл өлшеу үшін арналған.

1:100 000 (1см-ге 1км) жүз мыңдық масштабты карта жергілікті жерді зерттеп, ұрысты жоспарлау, әскерлерді басқару және өзара іс-қимылды ұйымдастыру кезінде оның тактикалық қасиетін бағалау, жергілікті жер мен нысананы көрсетуге бағдарлануға, қарсылас обьектілерінің (нысаналарының) координаттарын анықтауға арналған, сонымен бірге әскери-инженерлік ғимараттарды жобалау мен жергілікті жерде инженерлік жабдықтауға байланысты шараларды орындауға арналады.

1:200 000 (1см-ге 2км) екі жүз мыңдық масштабты карта жергілікті жерді зерттеп, бағалауға арналған. Ол әскердің ұрыс әрекеттерін жоспарлау мен оны қамтамасыз ету шараларында, әскерді басқаруды жоспарлау кезінде қолданылады. Жол картасы ретінде жиі қолданылады, өйткені онда жол тораптары мен оның ұрыстық және басқа техникамен жүруге жарамдылығы көрнекі әрі жеткілікті дәрежеде толық бейнеленген.

1:500 000 (1см-ге 5км) бес жүз мыңдық масштабты карта операцияға дайындық пен оны жүргізу кезінде жергілікті жердің жалпы сипатын зертеу мен бағалауға арналған. Ол әскерлердің өзара әрекеттері мен басқаруды ұйымдастыруда, әскер қозғалысы мен нысананы көрсетуін бағдарлауда, сондай-ақ жалпы ұрыстық жағдайдың бағыттарын жазу үшін қолданылады.

1:1 000 000 (1см-ге 10км) миллиондық масштабты карта жергілікті жерді жалпы бағалауға және ірі географиялық аудандардың табиғи жағдайларын зерттеуге, ұрыс әрекеті театрын әскери-геогра фиялық бағалауға, әскерді бағалауға және басқа да міндеттерді шешуге арналған.

Карта масштабы кішірейтудің төменгі дәрежесінде аса ірі болады. Ол жергілікті жерді толықтай бейнелеуге мүмкіндік жасайды.

Карта шетінің оң (төменгі) жағында сандық және сызықтық масштабы, масштаб көлемі көрсетіледі.

Біздің барлық карталар бірыңғай талапта жасалады, ал оларда қолданылатын шартты белгілер жалпы одақтық стандарттар, барлық министерліктер мен мекемелерге міндетті болып табылады. Карталар үздіксіз ел қорғанысы мен халық шаруашылығы талабын дұрыс қамтамасыз ету мақсатында жетілдіріледі.

Date: 2016-02-19; view: 1047; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию