Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып. Табыстар мен шыҒындарды тану жӘне ҚаржылыҚ нӘтижелер есебі





Дәрістің мақсаты - табыстар мен шығындарды тану және қаржылық нәтижелер есебін оқыту.

Негізгі ұғымдар - табыстар, шығындар, әкімшілік шығымдар, сатумен байланысты шығындар, тауарды қайтару, баға шегерімдірі, сатылған тауардың жіне қызмет көрсетудің өзіндік құны.

Дәріс сұрақтары:

1. Табыстар түсінігі және танылуы.

2. Шығындардың есебі.

1. ҚЕХС (IAS) 18 «Түсім» Сатудан алынған табыс стандарт мынадай операциялар және жағдайлардан пайда болатын түсімді есептеуде қолданылуы керек:

(а) тауарларды сатудан;

(b) қызметтерді көрсетулерден; және

(с) пайыз, лицензияланған төлемдер және дивидендтер әкелетін компания активтерін басқа жақтарымен пайдаланудан.

Түсім алынған немесе алынуға тиіс қарама-қарсы ұсыну әділ құны бойынша бағалануы тиіс. Операциядан пайда болатын түсім сомасы, әдетте, компания және сатып алушы немесе акцияны пайдаланушы арасындағы шартпен анықталады. Ол компаниямен ұсынылатын қандай да бір сауда жеңілдігінің сомасы немесе санға жеңілдіктерді ескере отырып, алынған немесе алынуға тиіс қарама-қарсы ұсыну әділ құн бойынша бағаланады.

Компаниялар мынадай ақпаратты ашып көрсетуі керек:

(а) түсімді тану үшін қабылданған есеп саясатын, соның ішінде, қызметтерді көрсетумен байланысты операциялардың аяқталу сатысын анықтау үшін пайдаланылатын әдістерді;

(b) кезең ішінде танылған түсімнің әрбір маңызды санаты сомасын, соның ішінде, мыналардан:

- тауарларды сатудан;

- қызмет көрсетуден;

- пайыздардан;

- лицензиялық төлемдерден;

- дивидендтерден келетін түсімдерді; және

- түсімнің әрбір маңызды санатына қосылған тауарларды немесе қызметтерді айырбастаудан келетін түсім сомасын.

Табыстар –бұл активтердің келуі мен өсуі жолымен немесе субъектінің қызметі нәтижесінде иіндеттемелердің азаю жолымен экономикалық ресурстардың көбеюі. Шығындар – бұл активтердің азаюы не басқа да қызметтерді жүзеге асыруда, тауарларды өндіру не жеткізу салдарынан қарыздардың пайда болуы, яғни міндеттемелердің көбеюі. Басқаша айтқанда, шығындар – бұл табыс табу мақсатында таурларды өндіруге не қызметтер көрсетуге кеткен шығындар.

Пайда- бұл кәсіпорынға қатысты негізгі және негізгі емес қызмет нәтижесінде капиталдың өсуі, бұған акционерлік капиталға жарна жатпайды.

Зияндар- бұл кәсіпорынға қатысты жағдайлардан капиталдың азаюы.

Тану – кәсіпорынның қаржылық есебінде баптарды енгізу процесі. Тану есептің жиынтық көрсеткіштеріне сомаларды бейнелеуден тұрады. Танудың төрт критерийі: анықтау, бағалау, мерзімділік, сенімділік.

Табыс- кәсіпорынның өзінің сатып алушыларына қандай да бір уақыт кезеңі ағымында берген қызметтері немесе өнімдерінің жиынтығын ақшалай бейнелеу.

Табыстар есепті кезеңдегі активтердің көбеюін (ақша қаражаттарының, басқа да мүліктердің келіп түсуін, кіріске алынуын) және міндететмелердің азаюы (өтелінуі) негізінде капиталдың көбеюін, яғни экономикалық пайда табуды айтады. Мұндай табыстарға: дайын өнімдер мен тауарларды сатудан алынатын табыстар; қызмет көрсетуден алынатын табыстар; дивидендтер, роялти және процент түрінде алынатын және т.б. табыстар жатады.

Алынған табыстар шаруашылық субъектісі қызметінің түріне және бағытына байланысты негізгі қызметтен және негізгі емес қызметтен алынған табыстар болып бөлінеді. Негізгі қызметтен алынған табыстар мен негізгі емес қызметтен алынған табыстардың қосындысы оның жиынтық табысын құрайды.

Қызметтерді көрсетуден табыстарды танудың төрт әдісі бар:

- нақты орындау;

- пропорциональді орындау;

- аяқталған орындау;

- инкассация.

Шаруашыық субъектісінің негізгі емес қызметтен алынатын табыстары- деп кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі өндірісі шығарған тауарларды сатудан, көрсеткен қызметтерден, сондай-ақ орындалған жұмыстардың барысында тапқан табыстары саналады. Субъектінің негізгі қызметтен алынатын табыстарының есебі 6010 «Дайын өнімді (жұмысты, қызметті) сатудан түскен табыс» шотында жүргізіледі. Бұл шотта негізгі қызметтерден алынған табыстары туралы ақпараттарды жинақтап, қорытынды жасайды. Бұл шот пассивті шот, сондықтан кәсіпорынның қызметтері барысында алатын табыстарына 1210 «Стаып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық қарызы», 1220 «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық қарызы»,1280 «Басқа да дебиторлық қарыздар», 1030 «Есеп айырысу шотындағы ақшалар», 1010 «Кассадағы ақша қаражаттары» бөлімшелерінің тиісті шоттары дебеттеліп, 6010 шот кредиттеледі.

 

2. Сатылған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын есепке алуға 7010 «Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны» шотында жүргізіледі. Бұл шот бойынша өнім өндіретін, жұмыстар істейтін және қызметтер көрсететін материалдық өндіріс салаларында қолданылады және босатылған өнімдердің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құнын есепке алуға арналған. 7010 шоттың дебетінде сатылған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құны есепке алынады да, есепті кезеңнің аяғында осы шоттың кредитінен 5610 шоттың дебетіне жазылады.

7010 «Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны» шоты бойынша талдау есебі сатылатын бұйымдардың, жұмыстардың және қызметтердің түрлері бойынша ұйымдастырылады. Талдау есебі үшін машинограммалар не ведомостар пайдаланылады, оларда бір айдағы және жыл басынан бергі өнімнің, жұмыстың және қызметтердің саны мен өзіндік құны көрсетілуі тиіс.

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатуға байланысты жұмсалған шығындарды есепке алуға 7110 шот арналған. Бұл шотта сату бойынша жұмсалған кәсіпорын қоймасындағы өнім ыдыстарына және өнімдерді орауға жұмсалған шығындар көрсетіледі. Егер өнімдерді ыдысқа салу өнім қоймаға тапсырылғанға дейін өндіріс технологиясына сәйкес жүзеге асырылса, ыдыстардың құнын өнімнің өндірістік өзіндік құнына енгізеді, өнімді жөнелтетін станцияға дейін тасымалдау, оны көлік құралдарына рату бойынша жұмсалатын шығындар; комиссиялық алымдар немесе шарт бойынша өткізуші ұйымдарға өнімді өткізгені үшін төленетін шығындар; өнімді өткезген жерлерде қойманың ұсталуы;сатушылардың және басқа қызметкерлердің еңбек ақысы мен аударымдар; жарнамаға және өткізуге арналған шығындар; өткізушіге және делдалдық ұйымдарға төленетін комиссиялық алымдар; өнімдерді өткізумен байланысты басқа да шығындар.

Сатылған тауарлардың қайтарылуы, сату және баға шегерімдері туралы ақпаратты жинақтау үшін 6000 бөлімшенің шоттары арналған: 6020 «Сатылған тауарлардың қайтарылуы», 6030 «Баға шегерімдері».

6020 шотта тауарларды сатып алушылардың қайтаруы туралы ақпараттарды жинауға арналған. 6030 шотта сату шегерімдерінің есебі жүргізіледі. Нарықтық қатынастар дамыған елдердегі есеп айырысулардың қалыптасқан тәжірибесінде сату шегерімдерінің келесідей түрлерін жатқызуға болады:

-нақты төлем үшін шегерім шотты нақты ақшалай сатып алатын сатып алушыларға жасалады.

-сконто шегерімдері бағалық шегерулер шартта немесе жабдықтаушы шотында көрсетілетінмерзімнен бұрын төлеген сатып алушыларға жасалады.

-дилерлік шегерімдер тауарларды ұйымдастыратын агенттерге және делдалдарға жасалады.

-жабық шегерулер тұйықталған экономикалық бірлестіктерде айналыста болатын, өнімнің сатылған көлемінен шығатын тауарларды сатқанда жасалады. Қызмет барысындағы шегерулер өндіруші тауарларды сату, тасымалдау, сақтау, күзету, есепке алу қызметтеріне жасайды.

Сатып алушыларға жасалған сату шегерімдерінің барлық түрі шартта және басқа да құжаттарда айтылып, есеп айырысу-төлем құжаттарында көрсетілуі керек. 6030 шот бойынша жыл басынан жасалған айналымдар жинақталған тізімдемеде немесе машинограммаларда шегерімнің түрлеріне қарай талдау жүргізіледі. Жыл аяғында бұл шот жабылады, онда қалдық қалмауы керек.

6030 шот баға шегерімдерінің есебін жүргізуге арналған. Жеңілдіктер тауар бағасының жалпы немесе ұйғарымды бағасына қарағанда төмендетілуі болып табылады. Жеңілдіктер процент түрінде немесе белгілі бір сомада болады.

Шегерімдердің іс жүзінде келесідей түрлері қолданылады:

- алынатын тауарлардың санына байланысты баға жеңілдігі тауарды 1 жылға ұйғарымды көлеміне қарағанда көбірек сатып алушылар үшін жасалады;

- уақытпен байланысты жасалатын жеңілдіктер негізінен маусымдық сипаты көпшілік сұранысы бар өнім сауда саласында қолданылатын баға жеңілдіктері;

- сандық жеңілдік тапсырыстың көлеміне және саласына байланысты баға жеңілдігі;

- арнайы жеңілдік белгілі бір жабдықтаушымен көптен бері байланысы бар және басқа ерекше қатынастағы сатып алушыларға жасалатын баға жеңілдігі.

6030 шот бойынша сатып алушыларға жасалған жеңілдіктерінің түрлеріне қарай талдау жасалады. Талдау есебі үшін тізімдеме немесе машинограмма жүргізіледі, онда жыл басынан жасалған жеңілдіктердің түрлеріне дебеттік айналымдары бойынша жинақталады. Жыл аяғында 6030 шот жабылады.

 

Date: 2016-02-19; view: 1267; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию