Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дәріс сұрақтары. 1. Негізгі құралдардың жіктелуі және бағалануы
1. Негізгі құралдардың жіктелуі және бағалануы 2. Негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру 3. Негізгі құралдардың тозуы және оларға амортизациялық аударым мөлшерін есептеу 4. Негізгі құрал- жабдықтарды есептен шығару
1. Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу казаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады. Субъектідегі негізгі құралдар есебі ХҚЕС 16-шы «Негізгі құралдар» стандартына сәйкес ұйымдастырылады. Бұл стандарт меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығымен субъектіге қарайтын негізгі құралдар есебінің әдістемесін айқындайды. Негізгі құраддар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметгік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді. Осы негізгі құралдарға: жер; үйлер; ғимараттар; көп жылдық екпе ағаштары; машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық); машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары; кұрал-сайман; өңцірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар жатады. Кәсіпорыңда негізгі құралдардың есебі №16 ҚЕХС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі қүралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды. Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құрадцар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді. Негізгі өндіріс қуралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар т.б.) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар). Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші - қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе акшалай түріндегі өнімді көрсетеді. Өндірістік емес негізгі қурал-жабдықтар — тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т.б.) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған. Тиістілігіне қарай негізгі қүралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді. Меншікті дегеніміз — субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдарды жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған /тоқтатылып қойған/ және қорда тұрған деп бөлінеді. Жұмыс істеп түрғанға пайдаланудағы құрал-жабдықтар жатады. Жұмыс істемей тұрғандар бұл тоқтатылып қоюына немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланылмайтын негізгі құрал-жабдықтар. Қорда сақтаулы негізгі құрал-жабдықтарға жұмыс істеп тұрғандарды жоспарлы түрде ауыстыру үшін құрылған қордағы объектілер жатады.
2. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі негізгі құралдардың келіп түсуінің, көсіпорын ішінде орын ауыстыруының және шығуынын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін; олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұғымды пайдаланылуын бақылайды; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есеп және калькуляция объектілері бойынша амортиация шығындарының есебін; негізгі қуралдардың қор қайтарымын анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдісгерінің тиімділігін; негізгі қуралдарды жөңдеу бойынша шьнывдардың сенімді есебін; негізгі қуралдарды түгелдеуді және қайта бағалауды мезгілінде және толық өткізуді және олардың нәтижесін есепте көрсетуді; негізгі қуралдарды сату және олардың басқаша шыгу нәтижелерін есепте нақты көрсетуді қамтамасыз етуге тиісті. Негізгі құралдарды өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді, қүрылғыларды салу; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу; ез күшімен құрал-саймандар дайындау; малдардың төлдерін негізгі табынға ауыстыру; көп жылдық жас өсімдіктерді негізгі құрал-жабдықтарға қосу; басқа субъектілер мен жеке тұлғалардан ақысыз /тегін/ алынған негізгі құралдардың келіп түсуі; объектілерді ұзақ мерзімге жалға алу /келісімді құнын толық төлегеннен кейін/; жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп түседі. Негізгі құрал-жабдықтардың түсуі мынадай құжаттармен рәсімделеді: Негізгі құрал-жабдықтарды қабылдау-тапсыру /орнын ауысшру/ актісі /ү. № НҚ-1/ негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайдан басқаларда, оларды пайдалануға беру үшін; негізгі құрал-жабдықтардың бір цехтан /бөлімнен, учаскеден/ екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан /қордан/ пайдалануға тапсыруды рәсімдеу үшін, сондай-ақ басқа субъектіге тапсыру кезінде /жарғылық капиталға қосқан үлестерді, сатуды, сыйларды/ негізгі құралдар құрамынан шығару үшін қолданылады. Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның, жабдықтардың және т.б. есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттамасы қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, субъект жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар бекітеді. Негізгі құралдардың кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех /бөлім/ қызметкері толтырады. Алушының және тапсырушының қолдары қойылған бірінші дана бухгалтерияға тапсырылады, екіншісі бөлімге - тапсырушы цехқа беріледі. Негізгі құралдарды ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт (тапсырушы және қабылдаушы субъектілер ушін) екі дана етіп жасалады. Негізгі құралдарды басқа субъектіге сату кезінде акт үш дана болып жасалады: бірінші екеуі өткізуші субъектіде қалады /онда бірінші дана негізгі құралдардың нақты бары, қозғалысы туралы есеп-беруге, екіншісі - есеп айырысу-төлем құжаттарына тіркеледі/, үшіншіі дана негізгі құралдарды қабылдаушы адамға беріледі. Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру /орнын ауыстыру/ актісі төменде келтірілген. Eгic алқабын қорғайтын өсімдіктерді қабылдау. "Eric алқабын қорғаушы екпе ағаштарды пайдалануға қабылдау туралы актімен" жүзеге асырады, бұл құжатты сондай-ақ қорғаушы орман өсімдіктерін егудің аяқталған жұмыстарын кіріске алу және оларды /жас мөлшері 5 жылдан кем болмайтын мерзімде/ пайдалануға беруді рәсімдеу үшін де қолданады. Малдардың төлдерін негізгі табынға ауыстыру ферма меңгерушісі толтыратын "Малдарды бір топтан екінші топқа ауыстыру" актісімен рәсімделеді. Егер негізгі табынға мүйізді ірі қара малын, шошқа мегежіндерін, биелерді, айғырларды ауыстыратын болса, актіге әр малдың мүліктік тізімдеу нөмірі, туылған уақыты, жынысы, класы, түсі және басқа белгілері көрсетіліп жазылады. Ешкінің, қойдың және басқа үсақ малдың төлдері жалпы саны, негізгі табынға ауыстырылған малдардың бәріне тән белгілері /тұқым, жынысы/ көрсетіліп жазылады. 3. Негізгі құралдардың тозуын есептеу үшін 2420 "Негізгі құралдардың тозуы" бөлімшесінің шоттары қолданылады. 2420 – пассивтік шот. Негізгі құрадцардың амортизациясын есептеудің әртүрлі әдістері бар. Шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес дербес тұрғыда, өздерінің есеп саясатында амортизацияны есептеудің тәсілі бойынша жасалынады, олар: - құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептен шығару; - құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды (немесе пара-пар) - қалдығын азайту жолымен есептен шығару; Таңдап алған амортизацияны есептеу әдісі субъектінің есептік саясатымен аныкталуы тиіс және ол бір есептік жылдан екінші бір есептік жылға өтуі мүмкін. Егер де амортизацияны есептеу әдісі өзгермейтін болса, онда оның себебін ашу керек. Ал бюджеттік мекемелер бойынша тозудың есептеу әдісін тандау құқығы өкілетті органдардың еншісінде болады. Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (түзу сызықты) есептеу әдісі, яғни объектінің кұны, оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуына, оның қызмет ету мерзімінің ұзактығына байланысты болып келеді. Бұл тәсілде амортизациялық соманы аудару үшін: - қызмет етудің пайдалы мерзімі. Бұл кезде пайдалануға берілген объектінің - Қазақстан Республикасының салық заңдылықтарының белгіленген Негізгі құралдардың амортизациясының бірқалыпты әдісі мына формула бойынша есептелінеді. (Бастапқы құн – жойылу құны) / пайдалану мерзімі = (100000 - 10000) / 5 = = 18000 теңге осыған сәйкес ай сайынғы амортизация сомасы 150 мың теңгеге тең болады (18000: 12). Төменде негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) бірқалыпты (түзу сызықты) әдіс Негізгі құралды пайдалану барысында бірқалыпты табыс алынатын болып топшыланса ғана, бірқалыпты әдіс пайдаланылады, яғни ол объектінің пайдалылығының біртіндеп азайғанын көрсетеді. Амортизацияны (тозуды) орындалған жүмыстардың көлеміне пропорционалды түрде есептеу әдісі (өндірістік тәсілі) негізгі құралдардың тозуы (амортизациясы) тек олардың пайдалану нәтижесі болып табылады және оны есептеу процесінде уақыт кесіндісі ешқандай роль атқармайды. Жоғарыда сөз болған автокелік белгілі бір операцияларды (жұмыстарды) орындады делік, ал оның жүретін жолы 900000 километрге есептелген. Онда әрбір километрге есептелінетін амортизациялык шығындар сомасы төмендегідей жолмен анықталады. (Бастапқы құн - жойылу құны) / Орыңдалатын жүмыстың болжамды мөлшері = (100 000 -10 000): 900000 км = 0,10 теңге Егер пайдаланудың бірінші жылында автокөлік 200 000 шақырым (км) жол жүрсе, екінші жылы — 300000 шақырым жол жүрсе, үшінші жылы — 100000 шақырым, төртінші жылы — 200000 шақырым және бесінші жылы — 100000 шақырым жол жүреді деп шамаланса - амортизация жарнасын есептеу төмендегідей жолмен есептелінеді. 1 жыл = 0,10 х 200000 = 20000 2 жыл = 0,10 х 300000 = 30000 3 жыл = 0,10 х 100000 = 10000 4 жыл = 0,10 х 200000 = 20000 5 жыл = 0,10 х 100000 = 10000 Жинакталған тозу сомасы жыл сайын орындалған жұмыстың көлеміне немесе пайдалануға тікелей байланысты өсіп отырады, ал қалдық құн жойылу құнына жеткенше орындалған жұмыстың бір өлшем бірлігіне тікелей пропорционалды түрде азайып отырады. Өндірістік әдіс бойынша амортизацияны есептеу тау-кен өнеркәсібінде ең қолайлы әдіс болып саналады. Аталған өндірісте амортизацияны есептеу тонна мөлшерлемесі бойынша жүргізіледі. Бұл әдіс негізгі құралдарды пайдалану мерзімі ішінде объектінің қайтарымы барынша дұрыс есептелінсе ғана пайдаланады. Қалдықты азайту әдісі. Бұл әдіс өндірістік мақсатта пайдаланылатын негізгі құралдардың көптеген түрлері бойынша пайдаланылады, бірақ ол оның алғашқы жылдарында ендірілетін өнімнің өзіндік құнын негізсіз күрт әсіреді, сондықтан оны іс жүзінде пайдаланудың өзі екіталай.
4. Негізгі құрал- жабдықтарды есептен шығару: негізгі құралдарды кәсіпорыннан немесе кәсіпорынның балансынан басқа кәсіпорынға, жеке тұлғаларға сатқанда, тегін берілгенде өндіріске жарамай қалған жағдайда және т.б. жағдайда шығыс етіледі.Сонымен қатар тозу сомасы толық аударылып біткеннен кейін де есептен шығарылады және кәсіпорын басқа кәсіпорынға ұзақ мерзімге жалға беріліп, артынан сатып алынған жағдайда есептен шығарылады және табиғи және моральдық (сапалық) тозуына байланысты жою қажет болғанда; құрылыс жүргізгенде; кәсіпорында, цехтарда немесе басқа объектілерді техникалық жағынан қайта жабдықтағанда; кеңейткенде;табиғи қиыншылықтар мен апаттардың нәтижесінде, пайдаланудың қалыпты жағдайлары өзгергенде; баланстан тегін бергенде; сыйлағанда;шаруашылықаралық және басқа кәсіпорындарға, қоғамдық ұйымдарға бергенде (сатқанда), өткізгенде және айырбастағанда жүзеге асады. Негізгі құралдарды басқа кәсіпорыннан, ұйымнан, жеке тұлғадан сатып алғанда балансқа сатып алу құны бойынша кіріс етеді.Сонымен қатар негізгі құралдарды кәсіпорынға кіріс еткенде бастапқы баланстық құны бойынша кіріс етіледі.Кәсіпорынға немесе ұйымға негізгі құралдарды ағымдық құны бойынша да балансқа кіріс етіледі немесе баланстан шығыс етіледі. Шаруашылық субъектілеріне негізгі құралдар сатып алу, сату, құрылтайшылардың үлес қосуы, басқа субъектілер мен ұйымдардың және адамдардың сыйға, яғни тегін беруі, тағы басқа жағдайлар арқылы келіп түседі.Бұрын салынған үйлер мен ғимараттарға, орнатылған жабдықтарға және олардың бастапқы құнын өсіретін қосымша салынған құрылыстар, орындалған жұмыстар қабылдау актісі бойынша негізгі құралдардың құрамына өзіндік құны бойынша кіріске алынады. Date: 2016-02-19; view: 1494; Нарушение авторских прав |