Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ОҚУ- Өндірістік практиканы өтуде жоспарланған нәтижелер





Түсініктеме хат

Осы оқу бағдарламасы 0302000 «Медбикелік іс»мамандығы «Жалпы практика медбикесі» 0302033 біліктілігі бойынша ҚР-ның 2010 жылғы типтік оқу бағдарламасы негізінде өнделіп жасалынды.

Жұмысқа қатысуда медбикебірінші кезеңдердемед.қызметкерлердің жұмысын бақылайды, соңынан белгілі медбикелік манипуляцияларды өз бетімен жасауға болады. Практика өту кезінде медбике теориялық және практикалық білімдерін кеңейтеді, медициналық деонтология мен этика бойынша білімдерін нығайтады, дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге үйренеді.

Оқу-өндірістік практиканың мақсаты: дәрігерге дейінгі көмекті, ауруханаға жатқызу алдындағы көмекті, стационарларда науқастарға нәтижелі көмегін көрсетуде. Практика орта буын медқызметкерлердің клиникалық пәндерде алынған білімдердің жалғасы болып, оларды нығайтады.

Оқу-өндірістік практиканың міндеттері:

· Балалар ауруханасының жұмыс принциптерімен, мед.құжаттармен танысу

· шұғыл және өмірге қауіпті жағдайларда диагностикалық әдістерге үйрену

· мейірбикелік диагноз қоюда логикалық ойлану қабілетін, білім алу қажеттілігін дамыту

· патологиялық шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге уйрену

· этика және деонтология негіздерін нығайту

· инъекциялар жасаған кездегі практикалықдағдыларды нығайту

Жұмыс жоспарына байланысты 0302000 «Медбикелік іс» мамандығының 0302033 «Жалпы тәжірибелі мейірбике» квалификациясы бойынша оқу - өндірістік практика қыста (желтоксан-қантар айларында) 10 күн бойы өткізіледі, сағат көлемі – 60 сағат.

Өткізілетін мекен: ЕПҰ базалары.

ОҚУ- Өндірістік практиканы өтуде жоспарланған нәтижелер.

Код Оқытудың стандарт пен білім беру бағдарламасында жоспарланған нәтижелер
  Негізгі құзіреттіліктер:
БҚ-1 Жұмыс орнын ұйымдастыру;
БҚ-2 Қауіпсіздіктер техниканы сақтау;
БҚ-3 Медициналық қызметкер мен пациенттің арасындағы қарым қатынасын құру туралы білімнің негізгі модельдерін білу;
БҚ-4 Науқастарды күту негіздерін білу;
БҚ-5 Аурулардың алдын алуға, денсаулықты нығайтуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған гигиеналық іс-шараларды білу;
БҚ-6 Медициналық ұйымдардың құрылымдық бөлімшелеріндегі меди-цина қызметкерлері мен науқастардың инфекциялық қауіпсіздігін және инфекциялық бақылау жүйесін білу.
БҚ-7 Бірінші медициналық көмектің алгоритмдерің, медициналық манипуляцияларды және күтім әдістерін білу
  Кәсіптік:
КҚ 1 Жаңа экономикалық жағдайдағы медициналық ұйымдар жұмысының ұйымдастырылуын білу;
КҚ 2 Қазіргі кезеңдегі ақпараттық технологиялар негізін (компьютерді, автоматтандырылған оқыту және басқару жүйелерін т.б.) білу.
КҚ 3 Клиникалық белгілерді анықтауды, мейірбикелік дагноз қоюды, әр жастағы науқастар тобына дәлелді көмек көрсете білу;
КҚ 4 Ересек тұрғындар мен балаларға білікті медициналық көмек көрсету.
КҚ 5 Шұғыл медициналық көмек көрсету;
КҚ 6 Төтенше жағдайларда тұрғындарды, науқастарды, зардап шеккендерді және апаттық медицина, азаматтық қорғаныстың медициналық қызметі қызметкерлерін қорғау шараларын ұйымдастыру;
КҚ 7 Паллиативті мейірбикелік негідерін, танатология негідерін,
КҚ 8 Салауатты өмір салтын насихаттауды, өмірді физикалық жетілдіру дағдыларын білу, денсаулық деңгейін бағалауды білу, денсаулықты жақсарту бағдарламасын жасауды, зиянды әдеттермен күресу және алдын алу шараларын ұйымдастыра білу;
КҚ 9 Медициналық көмек көрсету сапасының халықаралық стандарттары саласынан құзыретті болу.
  Арнайы:
АҚ 1 Маманның негізгі мақсаттарын, қызметтерін, кәсіби қызметінің жағдайлары мен тәртібін айқындайтын нормативтік құжаттарды білу;
АҚ 2 Халақаралық денсаулық сақтау Ұйымының Бала жастағы науқастарды интеграциялы түрде бақылау бағдарламасын іске асыра білу, балалардың профилактикалық екпе картатасын құруды және емшектегі баланың тамақтануы мен күтімі бойынша кеңес беруді білу
АҚ 3 Ұйымдағы нәтижелі коммуникация әдістерін, дауларды, күйзелістерді, инновацияцияларды реттеуге қажет психология мәселелерін білу;
АҚ 4 Науқасты лабораториялық, функционалдық, аспапты зерттеу әдістеріне дайындай білу;
АҚ 5 Әр жүйелердің қызметі бұзылған жағдайда мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру және іске асыру;
АҚ 6 Емдеу мекемесінде дәрігер белгілеген алдын-алу, емдеу және диагностикалық шараларды орындау, құрал-жабдықтарды дайындау және күрделі манипуляцияларды жасауда дәрігерге көмек көрсету;
АҚ 7 Ана мен бала денсаулығын сақтауды, жүкті әйел мен нәрестені зерттеу әдістерінілу, жүкті әйелдер мен гинекологиялық ауруларды зерттеу әдістерін білу, отбасын жоспарлау қағидалары мен мақсаттарын, өмектің негіздерін, танатология негіздерін, контрацепция (жүктіліктен сақтану) әдістерін білу;
АҚ 8 Өзінің кәсіби құзыретіне сәйкес реанимациялық, реабилитациялық, емдеу- сауықтыру, санитарлық- гигиеналық, санитарлық- ағартушылық іс-шараларды іске асыру.

Date: 2016-02-19; view: 948; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию