Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Оқушылардың оқу машығының тексерілуіне жаңаша көзқарас





 

Бастауыш сыныптарында ана тілі пәні – балалардың негізгі құралы. Оқуға үйрету сауат ашу кезеңінен басталады.

Жеке оқушылардың дыбыс, буын сөз, сөйлемдерді саналы дұрыс, анық, дауыстап оқуы талап етіледі. Сондай-ақ мәтінді оқу кезінде сөз мәніне, мағынасына назар аудару, сөйлемдер арасындағы байланысты түсіну, сол арқылы мәтін мағынысын түсініп, айтып беруге үйрену, сөйтіп түсініктерін біртіндеп күрделену бағытында мәнерлеп оқуды жетілдіру мақсаты көзделеді.

Оқуға үйретуге қойылатын негізгі талап – дауыстап, мәнерлеп және іштен оқуды меңгерту.

Педагогика ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ағартушы ұзтаз Ж. Аймауытовтың ана тіл пәнінің алдына мақсаты оқушының оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру керектігін алға тартады.

Дәстүрлі түрмен мұғалімдермен тексерілетін оқушылардың оқу жылдамдылықтары оқушылардың бойында берілген мәтінді 1 минут ішінде неғұрлым көп оқып шығу деген ұғым қалыптасып қалған. Ал мұғалімнің сен «жақсы оқисың» немесе «жаман оқисың» деген сөзі оқу деңгейін білдіретін ұғыммен сай келеді.

Сөйтіп оқушылар жақсы оқу үшін өздерінің алдына мәтінді белгілі бір уақыттың ішінде тез суылдатып оқып шығу мақсатын қойып, мәтіннің не тіліне, не мазмұнына, не кейіпкерлер бейнесі мен шығарманың идеясына мән бермейді. Сөтіп оқылған шығарманың мазмұны ашылмай оқушыларда түсініксіздік тудырады.

Көркем шығармаларды ерекше дауыс ырғағына, екпініне қарай мәнерлеп оқып, негізгі кейіпкерлердің іс-әрекеттерін, көңіл-күйін дәл бейнелейтін сөздер мен сөз тізбектерін даралап оқу өкінішке орай жүзеге аспайды.

Оқу машығын қалыптастырудың мақсаты – баланың өзі оқыған сөйлемін, мәтінін толық түсінуі және сонда қолданылған сөздердің мағынасын меңгеруіне қол жеткізу. Мұны орындау үшін оқытушы баланың әрбір сөзі дұрыс анық оқуын үнемі қадағалап отыруы шарт. Әрбір сөзді дұрыс анық етіп оқыған бала сөзді түсінеді. Шапшаң оқудың алғы шарты орындалады. Осыдан шапшаң оқудың дұрыс оқумен, түсініп оқумен өте тығыз байланыстылығы көрініп тұрады. Оның үстіне сөзді дұрыс және тусініп оқу үшін мәтінді белгілі бір қарқынмен оқу қажет. Олай етпеген жағдайда мәтінді оқушы да, оны тыңдаушы да ештеңе түсінбейді.

Оқу жылдамдығын қалыптастыру бастауыш сыныптан басталады. Осы кезеңде баланың дұрыс оқуы, әрі жылдам, әрі мазмұнды түсіне оқи білу – үлкен еңбектің жемісі. Сондықтан жылдам оқу – оқушы үлгерімінің негізгі фокторы. Әдетте кімдер тез оқыса, сол көп оқиды, көп оқыса, көп біледі. Оқу жылдамдығы артқан сайын, есте сақтау қабіліті де, ақыл ой еңбегіне ынталығы да арта түседі.

Кітап оқудың бастысы қанша кітап оқығаныңда емес, керісінше, оқыған кітаптарыңның қаншасын түсінгеніңде.

Оқу жылдамдығы дегеніміз – белгілі бір уақыт ішінде оқылған мәтіннің көлемі. Мәтін көлемі – бет, сөз, буын түрінде анықталады.

Халықаралық салыстырмалы (PISA) зерттеуінің негізгі мақсаты да оқушалардың мәтінді қандай жылдымдықпен оқитыны және түсінетіндігін тексеру болып табылады.

Мектебіміздің бастауыш саныптарында оқу жылдамдықтарын тексеру кезіндегі оқып шыққан мәтін бөлігінің мазмұнын қабылдаулары төмен болғандықтан, мектебімізде оқышылардың оқу машықтарын жетілдіру және оқу дұрыстығын қалыптастыру үшін оқушылардың оқу машықтарын тексеру мен бақылауды жаңа үлгіде қарастыру қажет болды.

Сондықтан мұғалімдермен бірігіп әдістемелік бірлестік отырысында «Оқушылардың оқу машықтарын тексеру бойынша әдістемелік нұсқаулық» әзірленді.

Date: 2016-02-19; view: 815; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию