Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Акушерия жӘне гинекологияда кҮттірмейтін жаҒдайлар

1. Лапароскопия кезінде сол жақты түтікті жүктіліктің ампулярлық бөлігінде түтіктік аборт ретінде үзілгені байқалды. Кеткен қанның мөлшері 400,0. Операциялық шаралардың көлемі:

a. аналық безге диатермокоагуляция жүргізу

b. овариэктомия

c. аднексэктомия

d. тубэктомия

e. жатырдың қосалқыларымен ампутация жүргізу

 

2. Әйелдің етеккірі 3 аптаға кідірген, жүктілікке сынама оң болды. Шағымдары жоқ. Гинекологиялық тексеру мәліметтері: жатыр көлемі сәл үлкейген, жұмсақ, оң жақ қосалқыларының орналасатын жерінде жұмсақтау, сезімтал түзіліс байқалады. Қынап күмбездері бос. Сіздің диагнозыңыз:

a. үдемелі оң жақ түтіктік жүктілік

b. оң жақ аналық бездің апоплексиясы

c. созылмалы сальпингоофорита өршуі

d. оң жақ түтіктік жүктіліктің үзілуі

e. ерте мерзіміндегі жатырлық жүктілік

 

3. 25 жастағы әйелге үдемелі түтіктік жүктілік диагнозы қойылды. Анамнезінде ө бұрын жүктілік болмаған. Оперативті емнің ең тиімдісін айтыңыз:

a. аднексэктомия

b. овариэктомия

c. лапаротомия, тубэктомия

d. лапароскопия, сальпинготомия

e. жатыр экстирпациясы

 

4. Наиболее частая локализация внематочной беременности:

a. маточные трубы

b. яичники

c. шейка матки

d. рудиментарный рог матки

e. брюшная полость

 

5. Жатырдан тыс жүктіліктің ең жиі кездесетін себебі:

a. аналық бездің ісігі

b. эндометриоз

c. жатыр ішілік контрацепция

d. инфантилизм

e. созылмалы сальпингит

 

6. Түтіктік жүктілікке күмәнданып дәрігер диагностикалық жатыр қуысын қыру жүргізді. Түтіктік жүктілік болған жағдайда гистологиялық зерттеудің мәліметі қандай болады: Пациентке с подозрением на трубную беременность с диагностической целью произведено выскабливание полости матки. Какой из результатов гистологического исследования соскоба подтверждает диагноз трубной беременности:

a. хорион шашақшаларсыз децидуалді тін

b. эндомтерий гиперплазиясы

c. эндометридің атрофиясы

d. эндометридің атипиялық гиперплазиясы

e. децидуалді тін, хорион шашақшалары

 

7. Пациентке жатырлық немесе жатырдан тыс жүктілікті анықтау үшін диагностикалық жатырды қыру жүргізілді. Жүктілік жатырлық болған жағдайда гистологиялық зерттеудің мәліметі қандай болады:

a. хорион шашақшаларсыз децидуалді тін

b. эндомтерий гиперплазиясы

c. эндометридің атрофиясы

d. эндометридің атипиялық гиперплазиясы

e. децидуалді тін, хорион шашақшалары

8. Эктопиялық жүктілікті нақты анықтайтын тексеру әдісі:

a. кульдоцентез

b. эндометрий биопсиясы

c. + лапароскопия

d. хориогонадалық гонадотропинді бірнеше рет тексеру

e. кіші жамбас УДЗ-і

 

9. 29 жастағы әйелдің шағымдары: тік ішекке таралатын ауру сезім, етеккірінің 2 аптаға кідіруі, жыныс жолдарынан қанды бөлінділер байқалуы. Қынаптық зерттеу мәліметтері: жатыр көлемі үлкендеу, жұмсақ, оң қосалқы орынында жұмсақтау түзіліс пальпацияланады. Артқы күмбез тайыздалған, ауыру сезімді. Сіздің диагнозыңыз:

a. аналық без апоплексиясы

b. аналық без кистасының аяқшасының бұралуы

c. жатырдан тыс жүктілік

d. аналық без кистасының жарылуы

e. жедел аднексит

 

10. Жатыдан тыс жүктіліктің клиникалық белгілері:

a. толғақ тәрізді іштің төменгі аймағындағы ауыру сезім, етеккірдің кідіруі, құрсақ ішілік қан кету белгілері

b. етеккірдің кідіруі, жатыр көлемінің өсуі

c. құрсақ ішілік қан кету белгілері, етеккір кідірмейді

d. етеккір циклінің ортасында болатын құрсақ ішілік қан кету белгілері

e. көлемі үлкейген, консистенциясы жұмсақ жатыр

 

11. Тубэктомия операциясы кезінде қысқыш түтіктің жатыр бөлігіне және қай жерге салынады:

a. мезосальпинкске

b. сегізкөз-жатырлық байламына

c. аналық бездің өзіндік байламына

d. жатырдың шымыр байламына

e. оймыш-жамбас байламына

 

12. Құрсақ ішілік қанкету себебінен болған «Жедел іш» қандай ауруға тән:

a. жатырдан тыс жүктілік

b. аналық без аяқшасының бұралуы

c. миома түйінінің қанайналымының бұзылуы

d. жедел аппендицит

e. жедел сальпингит

13. Қабыну процесіне байланысты «Жедел іш» қандай ауруға тән:

a. жатырдан тыс жүктілік

b. аналық без аяқшасының бұралуы

c. миома түйінінің қанайналымының бұзылуы

d. аналық без апоплексиясы

e. тубоовариалді түзілістің тесілуі

 

14. Жатырдан тыс жүктілікті анықтау үшін қандай қосымша тексеру жүргізу керек:

a. метросальпингография, пельвиография, жатыр сцинтиграфиясы

b. артқы күмбездің пункциясы, ультрадыбысты тексеру, лапароскопия

c. цервикал канал шырышын бактериологиялық зерттеу

d. гистероскопия, кольпоскопия, цистоскопия

e. кольпоскопия, жағындыны цитологиялық зерттеу

 

15. Жатырдан тыс жүктілікті анықтайтын жатыр құысы қырындысының гистологиялық зерттеу мәліметтері:

a. эндометридің безді гиперплазиясы

b. эндометрий пролиферациясы

c. хорионы жоқ децидуалді тін

d. хорионы бар децидуалді тін

e. эндометридің қабынуы және некрозы

 

16. Жатыр жүктілікті анықтайтын жатыр құысы қырындысының гистологиялық зерттеу мәліметтері:

a. эндометридің безді гиперплазиясы

b. эндометрий пролиферациясы

c. хорионы жоқ децидуалді тін

d. хорионы бар децидуалді тін

e. эндометридің қабынуы және некрозы

 

17. «Аборт тәрізді үзілген жатырдан тыс жүктілік» диагнозын анықтау үшін көрсетілген тізімнен керекті тексеруді көрсетіңіз:

a. артық күмбездің пункциясы

b. жатыр қуысын диагностикалық қыру

c. жатыр қуысын зондпен тексеру

d. гистероскопия

e. метросальпингография

 

18. Етеккірі кідірген әйелдің қынаптық тексеру мәліметтері: сыртқы ернеуі сәл ашылған, жатыр көлемі 8 апталық жүктілікке сай, қосалқылары пальпацияланбайды, қанды бөлінділер байқалады. Болжам диагнозы:

a. түтіктік аборт

b. үзілген жатырлық жүктілік

c. аналық без апоплексиясы

d. жатыр қосалқылары қабынуының өршуі

e. үдемелі түтіктік жүктілік

 

19. 23 жастағы науқаста үдемелі түтіктік анықталды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Дәрігердің тактикасы:

a. жедел операция жүргізу

b. жоспармен операция жүргізу

c. консервативті ем жүргізуге болады

d. әйелдер консультациясының дәрігері бақылау қажет

e. емдеу әдісін әйелдің жағдайына қарай жүргізу керек

 

20. Жатырдан тыс жүктілікті анықтау үшін қандай тексеру әдістерін қолдану керек:

a. УДЗ, лапароскопия

b. кульдоскопия

c. гистеросальпингография

d. гистероскопия

e. пневмопельвиография

 

21. Артқы күбез пункциясын жүргізгенде жатырдан тыс жүктілікке тән белгі болып саналады:

a. ал-қызыл қан, ұйыған қан аралас

b. ұйымайтын қошқыл қан

c. серозды-геморрагиялық экссудат

d. серозды экссудат

e. іріңді экссудат

22. Жатырдан тыс жүктілік түтік жыртылуы әдісімен үзілген кездегі ауыру сезімін сипаттаңыз:

a. қайталайтын ұстама ауыру сезімі

b. тұрақты немесе мезгіл-мезгіл болатын бел және іштің төменгі бөлігіндегі ауыру сезім

c. іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауыру сезімі

d. іштің төменгі бөлігіндегі айқын пайда болған қатты ауыру сезімі, тік ішек және оң жақ иыққа таралады

e. өте қатты емес бара-бара күшее түсетін іштің төменгі бөлігіндегі ауыру сезімі

23. Жатырдан тыс жүктілік түтіктік аборт әдісімен үзілген кездегі ауыру сезімін сипаттаңыз:

a. қайталайтын ұстама ауыру сезімі

b. тұрақты немесе мезгіл-мезгіл болатын бел және іштің төменгі бөлігіндегі ауыру сезім

c. іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауыру сезімі

d. іштің төменгі бөлігіндегі айқын пайда болған қатты ауыру сезімі, тік ішек және оң жақ иыққа таралады

e. өте қатты емес бара-бара күшее түсетін іштің төменгі бөлігіндегі ауыру сезімі

 

24. Жатырдан тыс жүктілік кезінде эндометриде болатын ерекше өзгеріс:

a. атрофия

b. пролиферация

c. безді-кистозды гиперплазия

d. децидуалді трансформация

e. эндометридің полипі

25. 29 жастағы науқастың стационарға түскендегі шағымдары: толғақ тәрізді, тік ішекке таралған ауыру сезімі, жыныс жолдарынан байқалған қанды бөлінділер. Жалпы жағдайы қанағанаттарлық. Айнамен тексергенде: қынап және жатыр мойынының шырышты қабаты көкшіл түсті, аз мөлшерде қанды бөлінділер. PV: жатыры сәл үлкейген, жұмсақтау, қозғалмалы. Оң жақ қосалқы маңында шекаралары анық емес, жұмсақтау түзіліс пальпацияланады. Артқы күмбезі түсіп тұр, ауыру сезімді. Болжамалы диагноз:

a. жедел метроэндометрит

b. созылмалы жатыр қосалқылар қабынуының өршуі

c. жатырдан тыс жүктілік

d. ұрық жұмыртқасының қалдығы

e. жедел оң жақтылық параметрит

 

26. Науқас шағымдары: іштің төменгі жағында кенет пайда болған ауру сезімі. Ауру сезімі белге, шапқа және тік ішекке беріледі. Тік ішекке басу сезімі бар. Объектвті қарағанда: науқас бозарған. АҚ 80/50 мм. сын. бағ. Пульс – 100 рет/мин. Құрсақ қабырғасы кернелмеген, бірақ сол жақтан іш перде тітіркену синптомы бар. Алдын ала диагнозды қою үшін анамнезде қандай мәліметтерді анықтау қажет:

a. Қашан соңғы рет тамақ ішкенін

b. Соңғы етекір қашан болғанын

c. 12 елі ішек немесе асқазан жарасымен ауырған болса

d. Калькулезді холециститпен ауырған болса

e. Бүйрек – тас ауруымен ауырған болса

27. Жедел жәрдем дәрігері науқасты қарағанда ішкі қан ағуды байқаған. Қараған кезде АҚ 80/50 мм.сын.бағ. Пульс 110 рет/мин, ритімді. Альговер индексі– 1,3.

a. Бұзылған жатырдан тыс жүктілік. Геморрагиялық шоктың I сатысы.

b. Бұзылған жатырдан тыс жүктілік. Геморрагиялық шоктың II сатысы.

c. Бұзылған жатырдан тыс жүктілік. Геморрагиялық шоктың III сатысы.

d. Бұзылған жатырдан тыс жүктілік.

e. Бұзылған жатырлық жүктілік Геморрагиялық шоктың I сатысы.

28. Тізімде келтірілген аурулардың ішінен қандай ауруды түіктің жыртылу түрі бойынша болған жатырдан тыс жүктілікті ажырату керек:

a. Жедел холецистит

b. Жедел аппендицит

c. 12 елі ішек жарасының тесілуі

d. Жатыр қосалқыларының жедел қабынуы

e. Аналық без кистасының аяқшасында айналуы

29. Тізімде келтірілген аурулардың ішінен қандай ауруды түіктік аборт түрі бойынша болған жатырдан тыс жүктілікті ажырату керек:

a. Жедел холецистит

b. Жедел аппендицит

c. 12 елі ішек жарасының тесілуі

d. Жатыр қосалқыларының жедел қабынуы

e. Аналық без кистасының аяқшасында айналуы

30. Жатырдан тыс жүктілік кезінде жедел жәрдем дәрігері қай этапта геморрагиялық шокты емдеудә бастау керек:

a. Госпитализацияға дейінгі этапта (яғни жедел жәрдем машинасына жеткенге дейін)

b. Жедел жәрдем машинасында

c. Стационар қабылдау бөлімінде

d. Интенсивті терапия палатасында

e. Оперциялық үстелде

31. Бұзылған жатырдан тыс жүктілігі бар науқасты қандай жағадайда стационарға жеткізу керек:

a. Ішіне жатқызып

b. Жартылай отырған жағдайда

c. Аяғын түсіріп, жатқан жағдайында

d. Отырған жағдайда

e. Басын түсіріп, жатқан жағдайында

32. Геморрагиялық шоктың инфузионды-трансфузионды терапияның ең негізгі шарасы:

a. Донор қанын енгізу

b. Қан алмастырғыш сұйықтарды енгізу

c. Натрий хлор изотониялық ерітіндіні енгізу

d. Этамзилат немесе дицинонды енгізу

e. Ацидозбен күресу үшін натрий бикарбонатын енгізу

33. Төменде келтірілген аурулардың ішінен қандай аурулар жатырдан тыс жүктілікке жиі алып келеді?

a. Жатыр даму ақаулары, жыныс ағзаларының дұрыс емес қалпы

b. жатыр қосалқыларының қабыну аурулары, аборттар

c. Жатыр ісіктері

d. Гениталды эндометриоз

e. Аналық без ісіктері

34. Гинекологиялық бөлімшеге ішкі қан кету белгілері бар науқас жеткізілді. Қараған кезде АҚ 80/50 мм.сын.бағ. Пульс 110 рет/мин, ритмді. Hb-60г/л. Гинеколог дәрігердің тактикасы:

a. бақылау

b. артқы күмбез пункциясы

c. +желед лапаротомия

d. Гемодинамика қалпына келгенше инфузионды-трансфузионды терапия

e. УДЗ

35. Қабылдау бөлімшесінде жедел жәрдем бригадасымен келген жатырдан тыс жүктілікке қауіптенген науқаста қандай зерттеуді міндетті түрде жүргізеді:

a. Кіші жамбас қуысы ағзаларының УДЗ

b. Жүктілікке тест

c. Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы

d. Кіші жамбас және құрсақ қуысы ағзаларының шолу рентгенографиясы

e. Қынап артқы күмбезінің пункциясы

36. Жатырдан тыс жүктілік кезінде түтік жыртылуы болғанда ауру сезімнің сипаты қандай:

a. Іш асытында қайталанатын ұстамалы ауру сезімі

b. Белде және іш астында ұстамалы немесе тұрақты ауру сезімі

c. Іш астында толғақ тәрізді ауру сезімі

d. оң жақ иыққа және тік ішекке берілетін қатты ауру сезім ұсатамалары

e. Іш астында толғақ тәрізді қатты ауру сезімі

37. Түтікті аборт түрімен үзілген жатырдан тыс жүктілік кезінде болатын ауру сезімнің сипаты қандай:

a. іш астында болатын қайталанатын ұстама тәрізді ауру сезімі

b. Белде және іш астында болатын кезеңді түрде немесе тұрақты болатын ауру сезімдері

c. Іш астында толғақ тәрізді ауру сезімі

d. оң жақ иыққа және тік ішекке берілетін қатты ауру сезім ұсатамалары

e. Іш астында толғақ тәрізді қатты ауру сезімі

38. Науқас 23 жаста. Үдемелі түтіктік жүктілік анықталған. Дәрігер тактикасы:

a. Әйелдер консультациясы жағдайында бақылау

b. Гинекологиялық бөлімше жағдайында бақылау

c. Госпитализация, лапаротомия, тубэктомия

d. Госпитализация, лапароскопия, түтіктік кесар тілігі

e. Лапаротомия, тубэктомия

 

39. Ішкі қан кету белгілерімен жедел жәрдем бригадасымен гинекологиялық бөлімшеге науқас К. жеткізілді. Қарау кезінде: жалпы жағдайы ауыр, тері жамылғылары және көрінетін шырышты қабаттары бозғылт АҚ 75/45 мм.сын.бағ., пульс 120 рет/мин, ритмді. Hb-70г/л. Стационар дәрігерінің тактикасы.

a. Бақылау

b. Артқы күмбез пункциясы

c. жедел лапаротомия

d. УДЗ

e. Хирургиялық бөлімшеге ауыстыру

 

40. 30 жастағы әйел стационарға келесі шағымдарымен түсті: іштің төменгі бөлігіндегі айқын ауыру сезімі, лоқсу, құсу. Обьективтң: бозарған, АҚҚ 90/60 с.б.б. Пульс 90\мин. Іщін пальпациялағанда қатты ауыру сезімді, Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Айнамен тексеру мәліметтері: жатыр мойыны таза. PV: жатыр көлемі қалыпты, оң жақ қосалқы маңайында көлемі 10*10 см, ауыру сезімді, қозғалмайтын түзіліс байқалады. Сіздің диагнозыңыз:

a. аппендицит

b. тубоовариалді түзіліс

c. жатырдан тыс жүктілік

d. аналық без аяқшасының бұралуы

e. субсерозды түйіндінің бұралуы

 

41. 18 жастағы әйелдің шағымдары: етеккір 20 кідіргеннен кейін ішінің төменгі аймағындағы ауыру сезімі пайда болды. Әйел жедел жәрдем көрсететін бригадасын шақырды. Дәрігер келгенше бір рет құсты және жыныс жолдарынан қанды бөлінділер байқалды. Болжам диагнозы:

a. үзілген жатырдан тыс жүктілік

b. киста аяқшасының бұралуы

c. жедел аппендицит

d. асқазан жарасының тесілуі

e. жедел сальпингит

42. 18 жастағы әйелдің шағымдары: етеккір 20 кідіргеннен кейін ішінің төменгі аймағындағы ауыру сезімі пайда болды. Әйел жедел жәрдем көрсететін бригадасын шақырды. Дәрігер келгенше бір рет құсты және жыныс жолдарынан қанды бөлінділер байқалды. Жедел жәрдем көрсететін бригадасының дәрігерінің тактикасы:

a. перзентанаға жеткізу

b. гинекологқа жолдау

c. көпсалалы аурухананың гинекологиялық бөлімшесіне жеткізу

d. көпсалалы аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жеткізу

e. 30 минут әйелді үйінде бақылау

 

43. Түтіктің жыртылу түрінде үзілген жатырдан тыс жүктіліктің жиі кезедсетін асқынуы:

a. геморрагиялық шок

b. травматикалық шок

c. ТІШҚҰ-синдромы

d. ішектің түйілуі

e. жатырдан қанкету

 

44. Жатырдан тыс жүктіліктің операциядан кейінгі жиі кездесетін асқынуы:

a. операциядан кейінгі жабыспалар

b. кіші жамбас мүшелерінің қабыну процесі

c. пельвеоперитонит

d. жатыр түтіктерінің обструкциясы

e. жатырдан қанкету

 

45. УДЗ мәліметтері анық емес болған жағдайда үдемелі және жатырлық жүктілікті ажырату үшін қандай тексеру жүргізу керек:

a. хориогоникалық гонадотропин деңгейін бірнеше рет анықтау

b. УДЗ бірнеше рет жүргізу

c. артқы күмбез пункциясы

d. бақылау

e. гистеросальпингография

46. Әйелдер консультациясында қойылған диагнозы: Үдемелі жатырдан тыс жүктілік? Дәрігер қосымша зерттеу жүргізуді жоспарлады. Бірақ түнде үйінде әйел ішінің төменгі аймағында ауыру сезімі пайда болып, ол жедел жәрдем көрсететін бригадасын шақырды. Дәрігердің тактикасы:

a. симптоматкалық ем тағайындау

b. біраз мезгіл науқасты үйінде бақылау

c. көпсалалсы аурухананың гинекологиялық бөлімшесіне жеткізу

d. перзентханаға жеткізу

e. әйелді тыныштандырып амбулаторлық зертееуді жалғастыру керектігін түсіндіру

47. Стационарға жатқызар алдынғы кезарада жатырдан тыс жүктілікті қандай аурумен анықтау керек:

a. өзіндік түсікке қауіптілік

b. несеп тас ауруымен

c. өт тас ауруымен

d. жедел панкреатит ұстамасы

e. ішектің түйілуі

48. Дәрігер науқасты үйінде тексергенде жатырдан тыс жүктілікті қандай аурумен анқытау керек:

a. жедел панкреатит

b. аналық бездің сары денесінің жыртылуы немесе киста аяқшасының бұралуы

c. бауыр циррозы

d. жедел гастрит (тамақпен улану)

e. вирустық инфекциясының абдоминалдық түрі

 

49. Ішінің төменгі аймағында ауыру сезімі пайда болып әйел жедел жәрдем көрсету бригадасын шақырды. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық, бірақ қорыққан себебі: күндіз әйелдер консультациясында Үдемелі жатырдан тыс жүктілік? деген диагноз қойылып, хориогоникалық гонадотропин (ХГ) деңгейін анықтауға дәрігер жолдама берді. Зерттеудің нәтижесі қолында ХГ – 1300 (қалыпынан төмен). Жедел жәрдем көрсететін дәрігердің тактикасы:

a. наркотикалық емес анальгетиктер

b. үйінде біраз бақылау

c. көпсалалық аурухананың гинекологиялық бөлімшесіне жеткізу

d. перзентханаға жеткізу

e. науқасты тыныштандырып, ертеңіге гинекологқа баруын түсіндіру

50. Стационарда жатырдан тыс жүктілікті анықтау үшін артқы күмбез пункциясы жүргізілді. Шприцпен 10,0 мл ұйымаған қошқыл қызыл қан алынды.. Диагнозды нақтылау үшін тағы қандай зерттеу жүргізілу керек: Какое еще исследование необходимо, чтобы подтвердить диагноз:

a. жалпы қан анализі

b. қандағы хориогоникалық гонадотропин деңгейін тексеру

c. зәрді жүктілік сынамасымен тексеру

d. гистероскопия

e. жатыр қуысын диагностикалық қыру

 

51. Қағанақ суы мерзімінен бұрын кетсе қандай асқынуы болады:

a. Жатырдан қанкету

b. Нәрестенің көлденен жатуы

c. Кіндік бауының түсуі

d. Нәрестенің түншығуы

e. босанудың III кезңіндегі қан кету

52. Жүктіліктің 28-29 апталығында әйел жолда босанып қалды. Әйелдің экстрагениталдық патологиясы жоқ, Алматының тұрғыны. Босанушыны қай перзентханаға жеткізу керек.

a. Ең жақын орналасқан перзентханаға

b. Перинаталдық орталыққа (III деңгей)

c. АГжәнеП ҰО (III деңгей)

d. Осы ауданның перзентханасына (II деңгей)

e. Ең жақын орналасқан көпсалалы ауруханаға

53. Босануды қабылдауға арналған жиынтықта дексаметазон бар. Ол не үшін арналған:

a. гипотоникалық қан кету кешенді еміне

b. шокқа қарсы шаралардың кешенінде

c. Нәрестенің дистресс-синдромын алыдн алу үшін

d. Прэклампсия кезінде тырысуларын алдын алу үшін

e. Шұғыл токолиз үшін

54. Босануды қабылдауға арналған жиынтықта нифедепин. Ол не үшін арналған:

a. геморрагиялық шок кешенді емінде

b. Тез әсер ететін гипотензивті препарат

c. Эклампсия кезінде тырысуға қарсы

d. Нәрестенің дистресс-синдромын алыдн алу үшін

e. Босанушы әйелді тасымалдау кезінде қанкетуді алдын алу үшін

55. Босанудың бірінші кезеңіндегі әйелге жедел жәрдем шағырғанда қандай жағдайда окситоцин қолданады:

a. босанудың бірінші кезеңінде толғақты жою үшін

b. босанудың екінші кезеңін тездету үшін

c. босанудың үшінші кезеңінде қанкетуді алдын алу үшін

d. Последтің сылыну белгісі байқалмаған жағдайда

e. Жатыр мойынында сылынған послед қысылып қалса

56. Жедел жәрдем бригадасының дәрігері перзентханадан тыс босанушыға келді. Дәрігер келіп болғанша әйел босанып қалды. Бала жолдасы сылынып туылды. Жаңа туған нәрестенің жағдайын бағалай отырып дәрігер қандай шаралар жүрігзу керек:

a. Гипотермияны болдырмау

b. Кіндік бауын демдеу

c. Нәрестені құрғақ жөргекке орану

d. Бленнореяны алдын алу

e. Нәрестенің бойы және салмағын өлшеу

57. Әйел үйде босанды. Кеткен қан мөлшері физиологиялық болу үшін қандай болу керек:

a. 250,0 мл дейін

b. 350,0 мл дейін

c. 400,0 мл дейін

d. 450,0 мл дейін

e. 500,0 мл дейін

 

58. Әйел суда жатып босанған жағдайда қандай асқыну болуы мүмкін:

a. Қағанақ суымен эмболия

b. Босану күшінің әлсіреуі

c. Инфицирлену

d. Жатырдан қанкету

e. Босану кезіндегі жарақаттар

59. Босанушы әйелді тасымалдау кезінде нәрестенің кіндік бауы түсті. Кіндік баудың пульсациясы бар. Дәрігердің тактикасы

a. бір қолымен кіндік бауын изотоникалық сүйықтықпен суланған стерилді жөргекке орап ұстап тұрып, екінші қолымен нәрестенің басын кіші жамбасқа тірелмейтіндей ұстап тұру керек.

b. әйелдің жатқызып, аяқ жағын көтеріңкі ұстап тасымалдау керек

c. әйелдің қырынан жатқызып, бас жағын көтеріңкі ұстап тасымалдау керек

d. кіндік бауын изотоникалық сүйықтықпен суланған стерилді жөргекке орап, әйелді қырынан жатқызып тасымалдау керек

e. түсіп кеткен кіндік бауын қынапқа салып, алақанмен түсірмей ұстау керек

 

60. Босанушы әйелдің диагнозы: Жүктіліктің 34-35 аптасы. Егіз. Босанудың I кезеңі. Қай мекемеге тасымалдау керек:

a. ең жақын перзентханаға

b. Перинаталдық орталығына (III деңгей)

c. АГжәнеП ҰО(III деңгей)

d. қалалық ауданның перзентханасына (II деңгей)

e. ең жақын көпсалалы аураханаға

61. Босанушы А., жүктіліктің 39 апталығында ішінің төменгі аймағында ауыру сезімі басталып, жыныс жолдарынан шырышты-қанды бөлінділер байқалды. нәрестенің қимылы азайды. Осы өзгерістерді қалай талқылауға болады:

a. толғақ жаршысы

b. қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын бөлінуі

c. босанудың басталуы

d. қағанақ суының мерзімінен бұрын кетуі

e. плацентаның жатуы

62. Нәрестенің қалай орналасуы босану кезінде қауіпті жағдайға әкеледі:

a. толық емес аяқпен жатуы

b. толық аяқпен жатуы

c. толық жамбаспен жатуы

d. толық емес жамбаспен жатуы

e. басы бүгіліп жатуы

63. Босанудың бірінші кезеңіндегі қан кетудің ең жиі кездесетін себебі:

a. жатыр мойынының жыртылуы

b. плацентаның толық емес жатуы

c. плацентаның толық жатуы

d. қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын бөлінуі

e. тромбоцитопения

64. Жаңа туған нәрестелердің көпшілігі қашан тыныс алып, айқайлай бастайды:

a. 20 секунд

b. 25 секунд

c. 30 секунд

d. 35 секунд

e. 40 секунд

65. Салмағы 3800,0 грамм нәресте туғаннан кейін босанудың ІІІ кезеңін акушерка белсенді әдісімен жүргізуде. Босанушының жалпы жағдайы қанағаттанарлық, 86 минутына, АҚҚ 120/60 мм с.б.б. Бала жолдасының сылыну белгілері жоқ, қанкету белгілеріде жоқ. Болжам диагнозы:

a. послед жатырда қысылып қалды

b. бұл қалыпты жағдай

c. плацентаның жартылай тығыз жабысуы

d. плацентаның толық сіресіп өсуі

e. плацентаның жартылай сіресіп өсуі

66. Босану кезінде жатырдың айналып шығуының себебі:

a. босанудың ІІІ кезеңін дұрыс жүргізбеу

b. утеротониктердің мөлшерін көбейтіп жіберу

c. қанкету кезінде жатырды қатты басу

d. көпнәрестелік жүктілік себебінен жатырдың қатты керіліп кетуі

e. қарқынды босану

67. Ауыр дәрежедегі гипоксияның клиникалық белгісі:

a. нәрестенің жүрек соғуы минутына 100-110

b. аритмия

c. нәрестенің жүрек соғуының тұйықталуы

d. нәрестенің жүрек соғуы минутына 150-160

e. нәрестенің жүрек соғуы минутына 120-140

68. Жедел гипоксияның себебі:

a. мерзімінен асқан жүктілік

b. қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын бөлінуі

c. ана жүрегінің ақаулары

d. көпнәрестелік жүктілік

e. босану жұмысының ауытқұлары

69. Босанғаннан кейінгі ерте мерзімінде қанкетуді тоқтату үшін ең бірінші қандай шаралар жүргізу керек:

a. жатыр қуысын қолмен тексеру

b. бақылау

c. параметриге клемм (қысқыш) салу

d. жатырға сыртқы массаж жасап утеротониктер енгізу

e. аортаны қысу

70. Шетінеген нәресте жатыр ішінде көп тұрып қалған жағдайда болады:

a. гипотониялық қанкету

b. жатырдың жыртылуы

c. плацентаның тығыз жабысуы

d. қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын бөлінуі

e. коагулопатиялық қанкету

71. Босанудың бірінші кезеңі деп қашан айтамыз:

a. алдыңғы қағанақ қуығының дамуы

b. ретті толғақ, жатыр мойынының ашылуы, қысқаруы

c. қағанақ суының кетуі

d. жатыр мойынының толық ашылуы

e. күшену пайда болуы

72. Босанудың І кезеңі қандай фазаларға бөлінеді:

a. латентті

b. ретті

c. жылдамдаған

d. жатыр мойынының ашылуы

e. қарқынды

73. Акушерлік құралы босанудың қай мерзімінен бастап қолданылады:

a. 2 кезңінен

b. кұшенуден

c. нәресте басының көрінуінен

d. нәресте басының шығуынан

e. басының шалқаюынан

74. Босанудың бірінші кезеңінің қанағаттанарлығының белгісі:

a. толғақтың сипаты

b. жатыр мойыны ашылуының жылдамдылығы

c. нәрестенің босану жолымен жылжу барысы

d. күшенудің сипаты

e. қағанақ суының кетуі

75. Босанудың екінші кезеңінің қанағаттанарлығының белгісі:

a. толғақтың сипаты

b. жатыр мойыны ашылуының жылдамдылығы

c. нәрестенің босану жолымен жылжу барысы

d. күшенудің сипаты

e. қағанақ суының кетуі

76. Нәресте жамбаспен келген жағдайда босану кезінде қандай асқыну жиі кездеседі:

a. босанудың I кезеңінде қанкету

b. босанудың IІ кезеңінде қанкету

c. нәрестенің қолдарының қайырылуы

d. шапшақ және қарқынды

e. плацента бөлінуінің аутқулары

77. Преэклампсия кезінде босануды жансыздыратын заманауи әдіс:

a. тамыр ішілік

b. акупунктура

c. интубациялық наpкоз

d. пеpидуpалдық анестезия

e. пудендалдық анестезия

78. Преэклампсия кезіндегі босану жүргізуңнің ерекшелігі:

a. токолитик тағайындау

b. диуретик тағайындау

c. ерте және қанағаттанарлық жансыздандыру

d. дегидратациялық терапия жүргізу

e. босану кезінде 2000-2500 мл сүйықтықтарды құю

79. Қалыпты орналасқан плацента мерзімінен бұрын қандай жағдайда бөлінеді:

a. преэклампсия

b. эндометридегі қабыну процестер

c. инфекционды- аллергиялық васкулит

d. ана және нәресте арасындағы иммунологиялық сәйкессіздің

e. көпнәрестелік жүктілік

80. Плацента жатуының клиникалық белгісі:

a. нәрестенің гипоксиясы

b. қайталанатын жыныс жолдарынан қанкету

c. босану күшінің әлсіздігі

d. ерте токсикоз

e. нәрестенің дұрыс орналаспауы

81. Босанудың 1-ші кезеңінің қандай фазасы бар:

a. ретті

b. жылдам

c. ашылу

d. белсенді

e. қарқын

82. Жүкті әйел түнде жедел жәрдем бригадасын шағырды. Шағымы: тоқталмайтын құсу. Әйелдің айтуы бойынша бір аптадан бері күніне 4 рет құсты. Кейіннен құсуы жиілеп кетті. Етеккірінің тоқтағанына 2 ай болды, гинекологқа қаралған жоқ. Объективті: жалпы жағдайы орташа. Аздап тежелген.Тері қабаты боз түсті, құрғақ. Науқас азыған. АҚҚ 100\60мм с.б.б., пульсы минутына 90. Жүректің тондары анық, ретті. Іші жұмсақ, ауыру сезімі байқалмайды, құрсақтың тітіркену симтомы теріс. Зәрі өте аз мөлшерде және сирек шығады. Жедел жәрдем бригадасы дәрігерінің болжам диагнозы: Жүкіліктің 6-7 аптасы....:

a. Жеңіл дәрежелі жүктінің құсуы

b. Орташа дәрежелі жүктінң құсуы

c. Ауыр дәрежелі жүктілінің құсуы

d. Тамақтан улану

e. Жүктіліктің бірінші жартысының токсикозы

83. Әйел түнде жедел жәрдем бригадасын шақырды. Шағымы: тоқтамайтын құсу. Әйелдің айтуы бойынша бір аптадан бері күніне 4 рет құсты. Кейіннен құсуы жиілеп кетті. Етеккірінің тоқтағанына 2 ай болды, гинекологқа қаралған жоқ. Объективті: жалпы жағдайы орташа. Аздап тежелген.Тері қабаты боз түсті, құрғақ. Науқас азыған. АҚҚ 100\60мм с.б.б., пульсы минутына 90. Жүректің тондары анық, ретті. Іші жұмсақ, ауыру сезімі байқалмайды, құрсақтың тітіркену симтомы теріс. Зәрі өте аз мөлшерде және сирек шығады. Дәрігердің тактикасы:

a. симптоматикалық ем

b. инфузионды терапияны бастап стационарға жеткізу

c. гинекологиялық стационарға жекізу

d. перзентханаға жеткізу

e. әйелді тыныштандырып әйелдер консультациясына баруға нұсқау беру

84. Әйел жүктіліктің 10-11аптасы, жүктінің құсуы диагнозымен әйелдер консультациясының тіркеуінде. Күндізгі стационарда ем алып жүр. Түнде жедел жәрдем бригадасын ішінің төменгі аймағындағы ауыру сезіміне шағымданып шакырды. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 110\70 мм с.б.б. пульсі 72 минутына, қанағаттанарлық. Іші жұмсақ, ауыру сезімсіз. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Жыныс жолдарынан бөлінділер байқалмайды. Дәрігердің тактикасы:

a. роддомға жеткізу

b. көпсалалсы аурухананың гинекологиялық бөлімшесіне жеткізу

c. ем керек еместігін түсіндіру

d. учаскелік гинекологқа жолдау

e. көпсалалсы аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жеткізу

85. Әйелдің жүктілігі 25-26 апталық. Шағымдары: басының ауыруы, дене қызуының көтерілуі, тұмау, жөтел. Объективті: жалпы жағдайы қанағанаттанарлыққа жақын. дене қызуы 37,80С. Өкпенің тынысы қарқылдау, екі жағынынң төменгі бөліктерінде – төмендеген. Іші жұмсақ, ауыру сезімсіз. Жатыр тырспаған. Дәрігердің тактикасы:

a. перзентханаға жеткізу

b. учаскелік терапевтке жолдау

c. учаскелік гинекологқа жолдау

d. көпсалалы аурухананың терапия бөлімшесіне жеткізу

e. көпсалалы аурухананың гинекология бөлімшесіне жеткізу

 

86. 23-24 апталық жүкті әйелдің шағымдары: ішінің төменгі бөлігіндегі ауыру сезімі, жыныс жолдарынан қанды бөлінділердің байқалуы. Әйел Алматы тұрғыны. Осы пациентті қай мекемеге жеткізесіз:

a. III деңгейлік (перинаталдық орталығы)

b. III деңгейлік (АГжәнеП ҰО)

c. II деңгейлік (қалалық перзентхана)

d. көпсалалы аурухананың гинекология бөлімшесіне

e. әйел қалаған медициналық мекемеге

 

87. 29-30 апталық жүкті әйелдің шағымдары: ішінің төменгі бөлігіндегі ауыру сезімі, жыныс жолдарынан қанды бөлінділердің байқалуы. Әйел Алматы тұрғыны. Осы пациентті қай мекемеге жеткізесіз:

a. III деңгейлік (перинаталдық орталығы)

b. III деңгейлік (АГжәнеП ҰО)

c. II деңгейлік (қалалық перзентхана)

d. көпсалалы аурухананың гинекология бөлімшесіне

e. әйел қалаған медициналық мекемеге

88. 29-30 апталық жүкті әйелдің шағымдары: ішінің төменгі бөлігіндегі ауыру сезімі, жыныс жолдарынан қанды бөлінділердің байқалуы. Әйел Алматы тұрғыны. Болжам диагнозы: Жүктіліктің 29-30 аптасы. …

a. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуы

b. Плацентаның жатуы

c. Арнайы емес кольпит

d. Мезгінен бұрын босану

e. Қағанақ суының босанудан бұрын кетуі

89. 34-35 апталық жүкті әйел басының ауруына шағымданады.Қан қысымы 150\90 мм с.б. Аяқтарында пастоздық.Анамнезінен:Қан қысымы бұрын жоғарламаған. Диагноз:34-35 апталық жүктілік. …

a. Жүктілік ісінуі

b. Жеңіл дәрежелі преэклампсия

c. Ауыр преэклампсия

d. Жүктілікпен шақырылған преэклампсия

e. Созылмалы гипертензия.

90. 34-35 апталық жүкті әйел басының ауруына шағымданады.Қан қысымы 150\90 мм с.б. Аяқтарында пастоздық.Анамнезінен:Қан қысымы бұрын жоғарламаған.Жедел жәрдем дәрігерінің әрекеті:

a. Магнезияның стартты дозасын жүргізу, перзентханаға

b. Магнезияның қолдаушы дозасын жүргізу,перзентханаға

c. Көк тамырға бар гипотензивті препараттарды енгізу, перзентханаға жеткізу

d. Нифедипинді тіл астына беру, перзентханаға жеткізу

e. Допегитті ішке беру, перзентханаға жеткізу

91. 36-37 апталық жүкті әйел түнде жедел жәрдем бригадасын шақырды. Шағымданады: Ішінің ауру сезіміне, бас айналу, әлсіздік,бір реттік құсу болған. Дәрігер сұрастыру нәтижесінде ауру сезімінің таңертең пайда болғанын анықтады. Әйел толғақ басталды деп ойлады, және толғақтың ретті болуын күткен. Объективті:әйел түссіз. ҚҚ 90\55 мм с.б, пульс 100 рет минутына. Шоктық индекс – 1,1.жүрек тоны тұйықталған. Іші жұмсақ, жатыр қозған,ауру сезімді. Жыныс жолдарынан бөліністер жоқ. Болжама диагноз: 36-37 апталық жүктілік ….

a. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуы

b. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуы. Геморрагиялық шок І дәрежелі

 

c. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуы

Геморрагиялық шок ІІ дәрежелі

d. D. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуы

Геморрагиялық шок ІІІ дәрежелі

E. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуы. ТҚҰ-синдром

 

92. 36-37 апталық жүкті әйел кешкісін жедел жәрдем бригадасын шақырды.Шағымданды: ішінің ауруы, бас айналуына, әлсіздік, бір ретік құсу болған.Дәрігер сұрау нәтижесінде ауру сезімінің таңертең пайда болғанын анықтады. Әйел толғақ басталды деп ойлады, және толғақтың ретті болуын күткен Әйел түссіз.ҚҚ 90\55 с.б., пульс 100 рет минутына. Шоктық индекс – 1,1..жүрек тоны тұйықталған. Іші жұмсақ, жатыр қозған,ауру сезімді. Жыныс жолдарынан бөліністер жоқ. Сіздің тактикаңыз:

a. Бірден шокқа қарсы терапия жүргізу

b. тамырішілік физиологиялық ерітіндіні тамшылату, аудандық перзентханаға жеткізу

c. аудандық перзентханаға жеткізу

d. Әйелді перинаталды орталыққа жеткізу

e. Тамырішілік физиологиялық ерітінді енгізу, әйелді жақын жердегі емдеу мекемесіне жеткізу

93. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуын төмендегі қай патологиялық жағдайлармен дифференциалды диагностика жүргізілмейді:

a. Плацентаның жатуы

b. Кіндіктен қан кету (vasa previa)

c. Урогениталды жолдың төменгі бөлігінен қан кету

d. Жүйелік коагулопатия

e. Геморроидалды түйіндерден қан кету

94. Жедел жәрдем дәрігері босанушы әйелді босанудың І периодында қарағанда сим «құм сағат» симптомын анықтады. Бұл жағдайда қандай патологияны ойлауға болады:.

a. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуы

b. Плацентаның жатуы

c. Жатырдың жыртылу қаупі

d. Жатырдың жыртылуы

e. Қарқынды босану

95. Науқас екі оперативті босанумен акушерлік анамнезі асқынған. Жедел жәрдем келгенде босанушы әйелде ретті толғақ болып жатты. Әйелдіңғ айтуы бойынша толғақ кенеттен және ауру сезімді, күшті болған.Босанушы әйелді перзентханаға апара жатқанда қатты айқайлап есін жоғалтты. Диагноз:

a. Жатыр жыртылу қаупі

b. Жатырдың жыртылуының басталуы

c. Жатырдың жыртылуы

d. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуы

e. Босанудың басталуы

96. Науқасты жедел жәрдем машинасымен тасымалдау кезінде жетілген тірі нәрестемен босану болды. Нәресте туылғаннан кейінгі дәрігердің әрекеті:

a. Кіндік кесу

b. нәрестені анасының кеудесіне қою, жылы жапқышпен жабу

c. Бұлшықетке окситоцин енгізу

d. Науқастың қан қысымын өлшеу

e. Науқастың жалпы жағдайын бақылау

97. Жаңа туылған нәрестенің дене қызуы қанша болуы керек:

a. 36,0-37,00С

b. 36,2-37,20С

c. 36,4-37,20С

d. 36,5-37,50С

e. 37,0-37,50С

98. Босану бөлмесінің температурасы қанша болуы керек:

a. 200С төмен емес

b. 250С төмен емес

270С төмен емес

c. 260С төмен емес

d. 290С төмен емес

99. Жаңа туылған нәрестелерде қандай температура қауіп сигналы болып табылады:

a. 35,9 0С

b. 36,0 0С

c. 36,30С

d. 36,40С

e. 36,50С

100. Нәрестенің қандай дене қызуында ауыр гипотермия жайында айтады:

a. 360С

b. 350С

c. 340С

d. 330С

e. 320С

101. Гинекологиялық бөлімшеге қандай жағдайда шұғыл госпитализация көрсетілмеген:

a. аналық без ісігінің аяқшасының бұралуы

b. шырышасты миоматозды түйіннің туылыу

c. эндометридің атипиялық гиперплазиясы

d. жатыр қосалқыларының жедел іріңді қабынуы

e. түтіктік типі бойынша үзілген жатырдан тыс жүктілік

102. Аналық без аяқшасының хирургиялық құрамына кірмейді:

a. оймыш-жамбас байламы

b. аналық безінің меншікті байламы

c. мезосальпинкс

d. жатыр түтігі

e. жұмыр байлам

103. Аналық без ісігінің аяқшасының бұралуы кезінде байқалады:

a. физикалық күштемеден кейін пайда болатын іштің төменгі бөлігіндегі қатты ауырсыну

b. іш қату

c. эпигастридегі ауру сезімі

d. дене температурасының жоғарылауы

e. дизуриялық бұзылыстар

104. Аналық без ісігінің аяқшасының бұралуының клиникалық көрінісі байланысты:

a. бұралуының жылдамдығына

b. қанша градусқа бұралуына

c. науқастың жасы

d. орналасуына

e. кистаның пайда болу уақытына

105. Аналық без аяқшасының хирургиялық құрамына кіреді:

a. анатомиялық аяқша, жатыр түтігі

b. ішек

c. жатырдың жұмыр байламдары

d. шарбы майы

e. жатыр мойыны

106. Аналық без ісігінің аяқшасының құрамына кіреді:

a. оймыш-жамбас байламы, аналық безінің меншікті байламы

b. жатыр мойны

c. жұмыр байлам

d. жатырдың жалпақ байламының бөлігі

e. шарбы майы

107. Аналық без ісігінің аяқшасының белгілері:

a. етеккірдің кідіруі

b. шок

c. интенсивті ауырсынулар, Щеткин-Блюмберг симптомының оң болуы, лейкоцитарлық формуласының солға ығысуы

d. жиі зәр шығару

e. іш қату

108. Аналық без ісігінің аяқшасының бұралуы кезінде дәрігердің тактикасы:

a. бұралған жерден жоғары қысқыш салып, түзілісті кесу

b. бұралған жерден төмен қысқыш салып, түзілісті кесу

c. айналған аяқшаны қалпына келтіру, аналық без түзілісін бөліп алу,оны алып тастау

d. жатырдың қосалқылармен ампутациясы

e. аналық безінің резекциясы

 

109. Науқас К., 37 жаста келесі диагнозбен келіп түсті: Аналық без кистасының аяқшасының бұралуы.Науқасты қандай стационарға жіберу керек:

a. көпсалалы аурухананың гинекологиялық бөлімшесіне

b. балалар ауруханасының хирургиялық бөлімшесіне

c. көпсалалы аурухананың хирургиялық бөлімшесіне

d. перинаталді орталық

e. акушерия, гинекология және перинатология институты

110. Аналық без кистасының клиникасына тән:

a. симптомсыз ағым

b. ауырсыну синдром

c. етеккір циклының бұзылысы

d. дизуриялық құбылыстар

e. бастың ауруы

111. Аналық без кистасының клиникасына тән:

a. симптомсыз ағым

b. ауырсыну синдром

c. етеккір циклының бұзылысы

d. дизуриялық құбылыстар

e. бастың ауруы

112. Науқас 25ж. іштің төменгі жағындағы қатты ауру сезіміне, лоқсуға, құсуға, іштің қатуына шағымданады.Ауырсынулар кенеттен пайда болды.Анамнезден: 2 ай бұрын профосмотр кезінде оң жақты аналық безінің кистасы анықталды. Қарау кезінде тері жабындылары бозғылт, суық тер, дене температурасы 380С деін көтерілген. АД 110\70 мм сн бағ, пульс 94 рет минутына. Тілі құрғақ,іші кепкен. Щеткина-Блюмберг симптомы оң. Қынаптық тесеру-жатыр ұлғаймаған, пальпацияға сезімтал. Жатырдың оң жағынан 5*5 см.қозғалысы шектелген, ауырсынатын түзіліс пальпацияланады. Диагноз қойыңыз:

a. миоматозды түйіннің некрозы

b. оң жақты тубоовариальды түзіліс

c. оң жақты аналық безінің бұралуы

d. бүйрек шаншуы

e. ішектің түйілуі

113. Гинекология бөлімшесіне 19 жастағы науқас оң жақ іштің қатты ауруына,жүрек айнуына,құсуына,газ және нәжісінің кедергісіне шағымдарымен жеткізілдіауру аяқ астынан пайда болды.Анамнезінен: 2 ай бұрын профосмотр кезінде оң жақ аналық безінің кистасы анықталған. Қарау кезінде: терісі боз, суық тер, дене қызуы 380С. АД 110\70 мм рт ст, пульс 94 минутына.Тілі құрғақ. Іші кепкен,Щеткина-Блюмберга симптомы оң. Қынаптық тесеру-жатыр ұлғаймаған, пальпацияға сезімтал. Жатырдың оң жағынан 5*5 см.қозғалысы шектелген, ауырсынатын түзіліс пальпацияланады. Диагнозды дәлелдеу үшін қосымша зерттеу әдісін белгілеңіз:

a. құрсқ қуысы ағзаларының УДЗ-сі

b. гистеросальпингография

c. құрсқ қуысы ағзаларының кеңейтілген рентген суреті

d. қынаптың артқы күмбезінің пункциясы

e. жүктілікке арналған тест

 

114. 16 жастағы науқас 3 сағат бойы іштің төменгі жағындағы қарқынды ауыру сезіміне,көбінесе оң жақтан,лоқсуға шағымданады. Ауырсыну аэробикадан кейін пайда болды. Етеккір функциясы бұзылмаған, жыныстық қатынаста болмаған. Объективті: Дене температурасы 37.5 С. Тілі құрғақ, пульс 92 рет минутына, АД 100/60 мм.сн.бағ.Айқын ауырсынудың нәтижесінде іштің терең пальпациясы мүмкін емес. Щеткина-Блюмберга симптомоң. Болжамалы диагноз:

a. аналық безінің апоплексиясы, ауырсыну формасы

b. аналық безінің апоплексиясы, геморрагиялық форма

c. оң жақты жатырдан тыс жүктілік

d. d. аналық без кистасының аяқшасының айналуы

e. пиосальпинкс

 

115. 34 жастағы науқасты гинекогиялық бөлімшеге жедел жәредем машинасы іш астында жедел ауру сезіммен және бір рет болған құсумен алып келді. Анамнезден: Аналық без кистасы бойынша гинекологта қаралып жүр. Алдын ала қойылатын диагноз:

a. субсерозды миоматозды түйіннің бұралуы

b. тубоовариалды түзіліс

c. киста капсуласының жыртылуы

d. аналық без кистомасы «аяқшасының» бұралуы

e. жатырдан тыс жүктілік

 

116. Жедел жәрдем дәрігері жүктілік мерзімі 22-23 апта келесі көріністі байқады: толық денсаулық фонында ішінде жедел ауру сезімі пайда болды, бір рет құсу болды. Пальпация кезінде жатырдан оң жаққа ісіктәрізді, ауру сезімді, аз қозғалмалы, дөңгелек түзіліс байқалды. Алдын ала қойылатын диагноз:

a. жүктіліктің 22-23 аптасы. Жедел холецистит.

b. жүктіліктің 22-23 аптасы. Жедел аппендицит.

c. жүктіліктің 22-23 аптасы. Асқазанның перфорацияланған жарасы.

d. жүктіліктің 22-23 аптасы. Аналық без кистасы аяқшасның бұралуы.

e. жүктіліктің 22-23 аптасы. Жатыр миомасы. Түйін некрозы?

117. Жедел жәрдем дәрігері 23-24 апталық жүкті әйелді қарап болған соң мынадай диагноз қойды;жүктілік 23-24 апта,оң жақ аналық без кистасының аяқшасының айналуы,әйелді қандай стационарға жеткізу қажет:

a. көпсалалы аурухананың гинекология бөлімшесіне

b. босану үйіне

c. көпсалалы аурухананың хирургия бөлімшесіне

d. Перинаталдық орталыққа

e. Акушерия, Гинекология және Перинатология Орталығына

118. Жедел жәрдем дәрігері 35-36 апталық жүкті әйелді қарап болған соң мынадай диагноз қойды;жүктілік 35-36 апта сол жақ аналық без кистасының аяқшасының айналуы,әйелді қандай стационарға жеткізу қажет:

a. көпсалалы аурухананың гинекология бөлімшесіне

b. босану үйіне

c. көпсалалы аурухананың хирургия бөлімшесіне

d. Перинаталдық орталыққа

e. Акушерия, Гинекология және Перинатология Орталығына

119. Киста аяқшасының айналуын қандай аурумен дифференциалды диагностика жасамайды:

a. өзгермеген жатыр түтігінің айналуымен

b. фиброматозды түйін аяқшасының айналуымен

c. үлкен шарбы май бөлігінің айналуымен

d. гидросальпинкс айналуымен

e. Ішектің түйілуімен

120. Жедел жәрдем дәрігері 13 жастағы қызға мынадай диагноз қойды: аналық без кистасының аяқшасының айналуы. Науқас қандай ауруханаға жеткізілуі тиіс:

a. көпсалалы аурухананың гинекология бөлімшесіне

b. балалар ауруханасының хирургия бөлімшесіне

c. көпсалалы аурухананың хирургия бөлімшесіне

d. перинаталды орталыққа

e. Акушерия, Гинекология и Перинатология Орталығына

 

121. Гинекология бөлімшесіне 19 жастағы науқас оң жақ іштің қатты ауруы


<== предыдущая | следующая ==>
 | комплексных проектов

Date: 2016-02-19; view: 1026; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию