Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Теория: Аударма. Аударманың мақсаты мен міндеттері





Билет 1

Аударма — әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге кешіріліп қайта жасалуы, басқа тілдегі түпнұсқа негізінде жазылған көркем туынды.

Аударма дегеніміз – кейбір аспектілері әртүрлі ғылымдардың зерттеу пәндері бола алатын күрделі, көп қырлы құбылысы.Аударма жүргізу шеңберінде психологиялық, әдебиеттік, этнографиялық және аударма әрекетінің басқа да жақтары,сонымен бірге аударма қызметінің тарихы зерттелінеді.Қазіргі заманға аударма жүргізуде негізгі орынды аударманы лингвистикалық теориялық бөлігін лингвистикалық аударма теориясы құрайды. «Аударма теориясы» термині «Лингвистикалық аударма мағынасында колданылады».

Аударма теориясы жалпы аударма теориясы,жеке аударма теориясы,және арнайы аударма теориясы болып бөлінеді.Жалпы аударма теориясы аударманың жалпы лингвистикалық заңдылықтарын зерттейтін бөлім.Жеке аударма теориясы нақты екі тілдің арнайы ерекшеліктерін зерттейтін бөлім.Арнайы аударма теориясы аударма процесі кезінде әртүрлі типтегі және жанрдағы текстердің ерекшеліктерін ашады.Жалпы аударма теориясы теориялық негізде түсіндіріледі және жеке.арнайы аудармалар теориясының негізгі түсініктерін анықтайды.

Аударманың мақсаты — тұпнұсқаның аударма тілге сай келмейтін грамматикалық формаларын жеткізу. Бұл жерде басты шарттың бірі сол, түпнұсқадағы грамматикалық формалардың өзгешелігі белгілі бір стильдік қызмет атқару керек.Аударма – тіл қызметінің бір түрі ретінде бір тілде айтылған ойларды басқа тілдің құралдарымен соған сәйкестікте altнемесе толық құндылықта беру процесі. «Аударма» сөзінің астарында белгілі бір тілдегі сөйлеу тілін – ауызша немесе жазбаша мәтінді, сөзді басқа тілде қайталап жеткізу жатқаны белгілі. Сонымен бірге, аударма – сөйлеу қызметінің бір түрі болғандықтан, оның мақсаты сөз сөйлеу құрылымын қайта құру болып табылады, нәтижесінде мазмұнның өзгеріссіз жоспары сақталумен бірге, ойды жеткізу жоспары да өзгереді, бір тіл екіншісімен ауыстырылады.

Аударма теориясы өз алдына мынадай негізгі міндеттерді қояды:

-Аударманың жалпа лингвистикалық негізін ашып суреттеу.Яғни аударма процессінің негізінде тілдік жүйелердің қандай ерекшеліктері мен заңдылықтары жатқанын көрсету,аударма процесінің мүмкіндігінің шегін анықтау;

-Аударманы лингвистикалық зерттеудің объектісі ретінде анықтау,оның басқа тілдік арақатынастарды айырмашылығын көрсету;

-Аудармашылық қызметінің түрлерін топтастырудың негізін жасау;

-Оригинальдық мәтіндердің және аударманың қарым – қатынастық тең құндылығы ретінде эквивалеттіліктің мәнін ашу;

-Әртүрлі тілдерді біріктіру үшін жеке және арнайы аударма теориясын құрудың ерекшеліктерін және жалпы принциптерін жасау,

-Аударма процесін оригинальдық мәтінді аударма мәтініне ауыстырудағы аудармашының әрекеті ретінде ғылыми сипаттаудың жалпы принциптерін жасау;

-Аударма процесінде прагматикалық және қоғамдық лингвистикалық факторлардың әсерін ашу;

-«Аударма нормасы» ұғымын анықтау және аударма сапасын бағалау принциптерін жасау;

Аударма лингвистикасы теориялық бөлімдерден басқа бірнеше іс жүзінде қолданылатын аспектілеріатап айтқанды аудармаға үйрету методикасымен байланысты әртүрлі анықтамалар мен сөздіктерді,құрап,қолданумен аударманы редакциялаудың методикасы мен бағалау,сонымен бірге аудармашы қызметінің табысты болуын қамтамасыз етуді шешетін әртүрлі практикалық сұрақтармен байланысты аспектілерден тұрады.

Лингвистикалық аударма теориясы ең бірінші кезекте аударма процесіне қатысатын тілдер қызметінің ережелерімен құрлысының ерекшеліктері негізінде жатқан аударма процесінің объективті заңдылықтарын анықтап,сипаттаумен айналысатын сипаттамалы теориялық пән болып табылады.Лингвистикалық аударманы зерттеудің маңызды тәсілі болып,аударманың салғастырмалы талдауы қызмет етеді,яғни аударма мәтінінің формасы мен мазмұнын оригиналдық формасы мен мазмұнын салғастырып талдау.Аударма процесі кезінде әртүрлі тілдегі екі мәтіннің арасында белгілі бір қатынас орнайды.Осындай текстерді салғастыра отырып,аударманың ішкі механизмін ашуға,эквивалеттілік бірліктерді анықтауға,оригиналдағы бірліктерді аударма мәтініндегі эквиваленттермен ауыстыру кезінде болатын мазмұны мен формалардың өзгеруін анықтауға болады.

Салғастырмалы талдау жасау аударма кезінде әр тілдің өзіне ғана тән ерекшеліктерге байланысты кездесетін кейбір қиыншылықтарды қалай жеңуге болатындығын,оригиналдық қандай элементтері,аудармаға берілмей қалатындығын анықтауға мүмкіндік береді.

Date: 2015-06-05; view: 5964; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию