Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Spirifer





Қабыршағы екі жақты шығыңқы, радиалды қабырғалары бар. Ішкі қабыршағының өсуінің басталуы кішігірім және өте қатты иілген. Оның төменгі жағында үшбұрышты тесікшесі болады. Осы өкілдің атауы латын сөздерінен «спиро» - спираль, «фиро» - әкелемін. (Силур – пермь).

 

 

Зертханалық жұмыс № 5

Қазбалы флораны оқып білу және анықтау.

Зертханалық жұмыс № 6

Тау қазбаларының немесе қималардың ашылымдарының суреттемелері бойынша, геологиялық денелердің салыстармалы жасын анықтау.

Мақсаты: 1. Теориялық білімдерді тәжірибе жүзінде бекіту;

2.геологиялық денелердің салыстармалы жасын анықтауды үйрену.

 

Жұмыс барысы:

1. Төменде көрсетілген әдістемелік нұсқамамен танысып, оны талдау;

2. Нұсқамада берілген ережені ескере отыра өздік жұмыс ретінде төрт мысал келтіру;

3. Келтірілген мысалдар дұрыс болған жағдайда, оларды А4 форматына Т-132 шрифтің қолданып рәсімдеу.

Қимада көрсетілген жағдайдың түсініктемесі: D1 әктастары гранит интрузиясымен (А) қиылып өтеді. Кейін қалыптасқан құрылымның беткі жағы тегістеліп, басқа шөгінді жыныстар қалыптасады D2. Аталғандарды уақыт өте келе келесі интрузивті дене қияды (Б). D2 жыныстары үстінен параллельді үйлесімсіздікпен С1 құмтастары жатыр. Енді осылардың барлығын габбро интрузиві (В) қияды. Кейін үйлесімсіздікпен Р1 сазтастары орналасқан.

Осыдан шығатын тұжырым: көрсетілген қимада ең көне интрузивті дене – граниттер (А). Олар D1 мен D2 аралығында қалыптасқан. Келесі Б интрузиві, себебі ол граниттер мен D2 жыныстарын қиып өткен. Ол D2 мен С1 аралығында қалыптасқан, салыстырмалы жасы – D3. Ең жас интрузив ретінде габбро денесі қарастырылады, себебі ол қарастырылған екі интрузивті қиып өткен. Оның салыстырмалы жасын С2 деп санауға болады.

Аталғандардың барлығын ескере отыра, интрузивті денелердің салыстырмалы жасы соңғы қиылған денеден қарағанда жас болады.

 

 

Зертханалық жұмыс № 7

Геологиялық қималарды талдау. Палеогеографиялық қисықты құру.

Мақсаты: 1. Теориялық білімдерді тәжірибе жүзінде бекіту;

2.таскелбеттік талдау негіздерін қолдануды үйрену.

 

Жұмыс барысы:

1. Қөрсетілген мысалды қарап талдау.

2. Берілген мәліметтер бойынша стратиграфиялық баған құрып, оны талдау.

3. Талдау негізінде берілген нүкте бойынша палеогеографиялық және палеотектоникалық қисық сызықтар құру.

 

1 нүкте

1 қабат D3fr1 Әктастар, құмтастар, және саздар қабатшаларымен; маржандар мен иықаяқтылардың қазба қалдықтары.  
2 қабат D3fr2 Тас тұз, мергель  
3 қабат D3fm1 Әктастар, құмтастар, доломиттер; спириферлердің қазба қалдықтары.  
4 қабат C1t2 Құмтастар, саздар, аргиллит; құрлықтық өсімдіктер қалдықтарымен.  
5 қабат C1v1 Гипс және ангидрит, құмтастар.  
6 қабат C1v2 Біртұтас әктастар, доломиттер, моллюскалар, продуктус, спирифер.  
7 қабат C1s1 Қалыңдығы төмен тас көмір қабаттары мен аргиллиттер; өсімдіктердің қалыңдықтары.  
8 қабат C1s2 Аргиллиттер, құмтастар пириттелген.  

Берілген нүктелер бойынша стратиграфиялық баған құрып, оны талдау қажет. Орындалған бағандар бойынша палеогеографиялық және палеотектоникалық қисық сызықтар құру.

2 нүкте

 

1 қабат S Әктастар, құмтастар, және саздар қабатшаларымен; маржандар мен иықаяқтылардың қазба қалдықтары.  
2 қабат D3fr2 Тас тұз, мергель  
3 қабат D3fm1 Әктастар, құмтастар, доломиттер; спириферлердің қазба қалдықтары.  
4 қабат C1t2 Құмтастар, саздар, аргиллит; құрлықтық өсімдіктер қалдықтарымен.  
5 қабат C1v1 Гипс және ангидрит, құмтастар.  
6 қабат C1v2 Фосфорлы құмтастар, алевролиттер, аргиллиттер.  
7 қабат C1s1 Қалыңдығы төмен тас көмір қабаттары мен аргиллиттер; өсімдіктердің қалыңдықтары.  
8 қабат C1s2 Аргиллиттер, құмтастар пириттелген.  
9 қабат C2b Сазды әктастар, доломиттер, мергельдер, құмтастар; продуктус қалдықтары.  
10 қабат C2m Мшанкалы әктастар, аргиллит, алевролит, ұсақтүйіршікті құмтастар.  

 

3 нүкте

 

1 қабат D3fr1 Құмтастар, саздар, аргиллит; құрлықтық өсімдіктер қалдықтарымен.  
2 қабат D3fr2 Әктастар, мергельдер, құмтастар, доломиттер; спириферлердің қазба қалдықтары.  
3 қабат D3fm2 Шайылған екі қабаттың беткі жағындағы жұмыртастар, құмтастар, женттастар.  
4 қабат C1t1 Балықтар, маржандардың қалдықтары бар әктастар мен саздар.  
5 қабат C1t2 Сазды әктастар, аргилиттер, құмтастар: иықаяқтылар, моллюскалар.  
6 қабат C1v1 Тас, тұз, саз, гипс және ангидрит қабатшаларымен.  
7 қабат C1v2 Саз, аргиллит, құмтастар.  
8 қабат C1s1 Аргиллиттер мен құмтастар бұжырлану белгілерімен, иықаяқтылар, мшанкалар.  
9 қабат C2b2 Қалыңдығы төмен тас көмір қабаттары мен аргиллиттер; өсімдіктердің қалыңдықтары.  
10 қабат C2m Сазды әктастар, доломиттер, мергельдер, құмтастар; продуктус қалдықтары.  

 

 

Зертханалық жұмыс № 8

Әлемнің географиялық және геологиялық карталарын оқып білудің негізінде материктерді тектоникалық аудандаудың схемалық картасын құру.

Әлемнің тектоникалық сызбасын құру.

 

Мақсаты: 1. Теориялық білімдерді тәжірибе жүзінде бекіту;

2.Әлемнің тектоникалық сызбасымен танысып, оны меңгеру.

 

Жұмыс барысы:

А. Географиялық және геологиялық карталарды қарастыру;

Ә. Төменде берілген шартты белгілер бойынша кескін картада тектоникалық сызба орындау.

 

  1. Көне платформалар (сары түспен).
  2. Протерозойлық қатпарлы облыстар (алқызыл).
  3. Жас платформаларға айналған қатпарлы белдемдердің аудандары (оранж).
  4. Кайнозойлық және қазіргі геосинклинді облыстар (ашық жасыл).
  5. Котловиналар – терең шұнқырлар(көгілдір).
  6. Терең сулы құрылымдар (көк).
  7. Мұхиттар түбінің терең бөліктерінің шекарасы.
  8. Мұхиттық белестер (океанические валы)
  9. Мұхит орталық жоталар (МОЖ) (қызыл).
  10. Басты үзілмелі бұзылымдар (қою қызыл).
  11. Андезитті сызық.

Ұсынылған жұмыс сызуға арналған А3 форматында орындалады. Жұмыста Т-132 шрифті қолданылуы тиіс.

Орындалған жұмыс міндетті түрде қорғалады. Қорғау ауызша ірі негізгі карта бойынша жүргізіледі. Ол үшін әрбір студент жүмыста бар құрылымдардың орналасуын жаттауы тиіс.

Зертханалық жұмыс№ 9

Қазақстанды тектоникалық аудандаудың схемалық картасын құру.

Мақсаты: Тектоникалық құрылымдағы әрбір элементті көрсету.

 

Жұмыс барысы: кескін картада шартты белгілер және түстер арқылы негізгі тектоникалық элементтерді көрсету.

 

Платформа (сары). Каледонидтер (күлгін). Герцинидтер (қоңыр). Тақталар (жасыл).

1-4 шекаралар:

1) көне платформа және қатпарлы облыс арасында.

2) қатпарлы жүйе мен орталық массивтер арасында.

3) Жас платформалар мен тақталар арасында.

4) Төмен қатпарлы тектоникалық

5) Карельдік қатпарлы жүйе (қызыл).

 

А Шығыс Еуропалық платформа. Б Қазақстандық қатпарлы облыс. В Алтай – Саяндық қатпарлы облысы. Г Орал – Оңтүстік Тянь – Шань қатпарлы облысы. Д Обь – зайсандық қатпарлы облысы. Е Копетдаг – Кавказдық қатпарлы облысы. Ж Батыс Сібірлік тақта. З Тұран тақтасы. И Скифтік тақта.

 

Б – Каледондық қатпарлы жүйелер және орталық массивтер.

III Торғайлық (Орал Қазақстандық). IV Шу (Мойынқұмдық). IVa Теңіздік. V Ақбастаулық. Va Баянауылдық. VI Ыстықкөлдік. VII Сарыжастық. VIII Шыңғыс – Тарбағатай. IX Иерементау. X Ұлытау Орта Тянь – Шань. XI Солтүстік Тянь Шань. XII Торғайлық.

Герциндік қатпарлы жүйе және орталық массивтер.

ХІІІ Балхаштық. XIV Жоңғар Балхаштық қатпарлы жүйе.

 

В – Каледонидтер.

ХV Алтай таулық. ХVІ Батыс Саяндық. ХVІІ Салайырлік.

 

Герциниттер.

ХVІІІ Кенді алтайлық.

Г – Герциниттер.

ХІХ Мұғалжар. ХХ Солтүстік үстірт. ХХІ Орта Каспий. ХХІІ Қарақұмдық. ХХІІІ Оралдық. ХХІV Маңғышлақтық. ХХV Оңтүстік Тянь – Шаньдік.

 

Д – Герциниттер.

ХХVІ Зайсан қатпарлы жүйесі.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Кузьменко Е.Е. тарихи геология және КСРО геологиясы. М, Недра 1980ж.

2. А.А. Абдуллин. Қазақстан геологиясы. Қаз. КСР ғылымы. Алматы., 1981ж.

3. Гаврилов В.П. "Жалпы тарихи геология және КСРО геологиясы". М., Недра 1989ж.

4. И.А Гречишникова, Е.С. Левицкий. Тарихи геология бойынша тәжірибелік жұмыстар. М. Недра, 1970ж.

5. Михайлова И.А., Бондаренко О.Б. Палеонтология. М.В. Ломоносов ММУ. 2006ж.

 

Date: 2015-06-05; view: 1483; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию