Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Поездарды қабылдау және жөнелту





4.9. Станция кезекшісі поезд келер алдында оны қабылдап алу үшін
маршрутты алдын ала даярлап, кіру сигналын ашады. Поезд станцияға ке-
ліп жеткеннен кейін бұздыған станция кезекшісіне тапсырылады, ол поездың
толық құрамда келіп жеткеніне көз жеткізіп және бұздығанның сол аралықтың
иелігіне жататынын тексеріп, поездар қозғалысының журналына бұздығанның
нөмірін жазады, бұздығанды бұздығандық аппаратқа салып, телефон арқылы
жөнелту станциясына поездың келгені жөнінде хабарлайды.

Бұздығандық аппараттар стрелкалық қосындардың панажайларында орнатылған станцияларда келіп жеткен поездың бұздығаны стрелкалық қосынның кезекшісіне тапсырылады, ол поездың толық құрамда келіп жеткеніне көз жеткізіп, және бұздығанның сол аралықтың иелігіне жата-тынын тексеріп, оны аппаратқа салады және станция кезекшісіне поездар қозғалысының журналына жазуы үшін оның нөмірін хабарлайды.

4.10. Поезд итермелеуші локомотивпен келіп жеткен жағдайда станция
кезекшісі бұздығанның бірінші бөлігін поездық локомотивтың машинисі-
нен және екінші бөлігін итермелеуші локомотивтың машинисінен алып,
екі бөлігін біріктіріп бұрауға, соңынан бұздығанды бұздығандық аппаратқа
салуға міндетті.

4.11. Станция кезекшісі поезды жөнелту үшін поезд жөнелтілетін
станцияның кезекшісінен телефон арқылы төмендегі нысандағы келісімін
сұрайды:

«Менің №... поезын жөнедтуіме бола ма?»

Станция кезекшісі, егер поезды қабылдауға кедергілер болмаса телефон арқылы төмендегі нысандағы келісімді сұрайды:

«№... поезын күтудемін».

және бұздығанды алуға рұқсат етеді.

Бұздығанды аппараттан шығарып алып, жөнелту станциясының кезек-шісі оның нөмірін поездар қозғалысының журналына жазып жөнелтілетін поездың машинисіне тапсыруға міндетті.

Бұздығандық аппараттар стрелкалық қосындарға шығарылған станция-ларда, стрелкалық қосын кезекшісі алынған бұздығанның номірін станция кезекшісіне хабарлайды.

Егер станция кезекшілері қарсы бағыттағы поезды келіп жеткен поездың бұздығанымен, бұздығанды аппараттан өткізусіз жөнелтуді келіс-се, поездар қозғалысының журналдарында (екі станцияның) осы поездың нөмірінің қарсы жағына төмендегі белгі жасалуы тиіс:

«№... поездың бұздығаны бойынша жөнелту келісілді, станция ке-зекшісі (ДСП)...»•

4.12. Поезды шығу бағдаршамы бар жолдан электрбұздығандық
жүйемен жабдықталған аралыққа жөнелту кезінде, бұздыған болған кездегі
осы бағдаршамның қызыл шамы сөніп, ақ-айлы шамы жанып тұрған кезде
өтуге рұқсат етіледі.

Егер де ақ-айлы шамын жағу мүмкін болмаса, поезд бұздыған бой-ынша жөнелтіледі. Бұл жағдайда станция кезекшісі машиниске (жеке өзі, стрелкалық қосын кезекшісі немесе сигнал беруші арқылы, радиобайла-ныс арқылы) ақ-айлы шамын жағу мүмкін еместігін және поезды жөнелту маршруты дайын болғандығы туралы хабарлауы тиіс.

Поезды шығу семафоры бар жолдан жөнелту кезінде бұздыған бір уақытта шығу семафорының тыйым салу көрсетуін өтуге құқық болып табылады.

4.13. Егер поезды жөнелту үшін бұздыған алынғаннан кейін поезд
небір себептермен жөнелтілмеген болса, станция кезекшісі бұздығанды
аппаратқа салып, ол жөнінде іргелес станцияның кезешісіне хабарлап, по-
ездар қозалысының журналында белгі қоюға міндетті:

«№... поезд тоқтатылды».

4.14. Поезды аралықтан жөнелту станциясына қайтуымен жөнелту ке-
зінде бұздыған локомотивтің машинисіне әрекеттегі тәртіп бойынша бері-
леді. Іргелес станцияның кезекшісі поездың аралыққа жөнелтілуі туралы
да, аралықтан қайтқаны туралы да хабардар етіледі.

4.15. Поезды бүкіл аралыққа жүретін итермелеуші локомотивпен
жөнелткен кезде жетекші локомотивтің машинисіне бұздығанның «Би-
лет» деген жазуы бар бөлігі тапсырылады, ал итермелеушінің машинисіне
бұздығанның «Бүздыған» деген жазуы бар екінші бөлігі тапсырылады.

Жөнелту станциясының кезекшісі жолды сұратқанда іргелес станцияның кезекшісіне ол жаққа итермелеуші локомотиві бар поезының бара жатқаны туралы хабарлайды.

Итермелеуші локомотив бүкіл аралық бойынша поезд құрамына тір-келген түрде жүрсе, бұздыған тек қана жетекші локомотивтың машинисіне тапсырылады.

4.16. Егер бұздығандық аппаратар бұрап алынатын бұздығандармен
жабдықталмаған болса, поезды бүкіл аралықпен жүретін құрамға бекітіл*
меген итермелеуші локомотивпен жөнелту қажеттігі туса, бұздығандық
жүйенің жұмысы мен поездардың қозғалысы телефондық байланыс арқылы
жүзеге асырылады.

4.17. Поездарды аралықтан жөнелту станциясына қайтатын итермелеуші
локомотивпен жөнелткен кезде жетекші локомотивтың машинисіне бұздыған,
ал итермелеуші локомотивтың машинисіне - бұздыған-кілт тапсырылады.

Бұздыған-кілттер сонымен қатар аралықтарда жанасатын кірме жолдарға вагондардың берілуін (алынуын) ұйымдастыру үшін, және жөнелтілген поездың соңынан артынша жөнелту станциясына қайтумен шаруашылық поездары қозғалған кезде «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгі-лейтін қауіпсіздік талаптарын орындаумен қолданылуы мүмкін.

4.18. Егер бұздығандық аппараттар бұздыған-кілттермен
жабдықталмаса поезды аралықтан жөнелту станциясына қайтатын итер-
мелеуші локомотивпен жөнелту қажеттігі туғанда, бұздығандық жүйенің
жұмысы тоқтатылып, поездардың қозғалысы телефондық байланыс бойын-
ша жүзеге асырылады.

Date: 2015-05-19; view: 2219; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию