Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Оқу жылы. Интерндердiң қорытынды бақылауына арналған медициналық симуляцияның сценарийі





Интерндердiң қорытынды бақылауына арналған медициналық симуляцияның сценарийі

оқу жылы

Клиникалық жағдай: «Жедел холецистит диагностикасы»

Ситуациялық есеп: Сіз – хирургияның қабылдау бөлімінің дәрігерісіз. Сізге жедел жәрдем бригадасымен 56 жасар Н. науқас әйел жеткізілді.

Ø Науқастың анамнезін жинаңыз және жалпы қарап тексеріңіз;

Ø Лабораторлық көрсеткіштердің интерпретациясын жасаңыз;

Ø Диагноз қойыңыз;

Ø Емдеу тактикасын анықтаңыз;

Соңғы қорытынды (outcomes):

Ø Жедел холециститі бар науқасты сұрастыру және физикалық зерттеу;

Ø Аурудың клиникалық диагностикасы;

Ø ЖҚА, ЖЗӘ, биохимиялық қан анализін интерпретациялау;

Ø Құрсақ қуысы УДЗ нәтижесін интерпретациялау;

Ø Ажырату диагностикасын жүргізу;

Ø Емдеу тактикасын анықтау;

 

Бағалау парағы (check-list)

«Жедел холецистит диагностикасы»

Қадамдарды бағалау критерийлері Баға (балл)
Дұрыс орындады Ескертумен орындады Орындаған жоқ
  Шағымын, анамнезін толық жинады. Сұрақтарды дұрыс қойды 2,0 1,0  
  Жалпы қарап тексеру: жағдайының ауырлығын бағалады, тері жамылғыларының түсін, құрғақ немесе ылғалды екенін анықтады 1,0 0,5  
  АҚ өлшеді, пульс пен ТЖ санады 1,0 0,5  
  Физикалық зерттеу жүргізді: перкуссия – бауыр тұйықтығы сақталған 1,0 0,5  
  Іштің аускультациясы – ішек перистальтикасы естіледі 1,0 0,5  
  Іш пальпациясы – қатты ауру сезімді, он жақ қабырға асты аймағында бұлшықеттер қатайған, Ортнер, Мерфи сиптомдары оң. 1,0 0,5  
  Болжама диагноз қойды: Жедел холецистит 2,0 1,0  
  Болжама диагнозды негіздеді 1,0 0,5  
  Ректальді зерттеу жүргізді 2,0 1,0  
  Зерттеу жоспарын тағайындады: ЖҚА, ЖЗӘ, биохимиялық қан анализі, құрсақ қуысының УДЗ 1,0 0,5  
  Лабораторлы көрсеткіштерді интерпретациялады 1,0 0,5  
  Құрсақ қуысының УДЗ нәтижесін интерпретациялады 2,0 1,0  
  Жедел панкреатитпен, аппендицитпен, асқазан ойық жарасының тесілуімен ажырату диагностикасын жүргізді – критерийлерді атады. 1,0 0,5  
  Клиникалық диагноз қойды және негіздеді: Жедел холецистит 1,0 0,5  
  Әрі қарай жүргізу тактикасын дұрыс анықтады және негіздеді – консервативті терапия, белсенді бақылау 1,0 0,5  
  Науқаспен оңтайлы қарым-қатынас жасай алды, уайымын баса алды. Жағдайды, әрі қарай жүргізу тактикасын, жоспарланған отаны түсіндірді түсіндірді. 1,0 0,5  
Нәтижесі (балл)      

Стандартталған актерға (науқас) арналған сценарий мәтіні және оның ролінің сипаттамасы:

 

Әйел 56 жаста, бойы 162 см, салмағы 85 кг. Шағымдары: эпигатрий және оң қабырға астында жауырынына берілетін интенсивті ауру сезімі, әлсіздік, жүрек айну, құсу. Науқас арқасында жатыр.

Сұрақтың мәні Актер үшін сұрақтың қойылуы Жауабы
Ауру сезімінің басталу сипатын, интенсивтілігін, орнын анықтау Ауру сезімі кенет басталды ма, әлде біртіндеп пайда болды ма? Ауру сезімі тұрақты ма? Ауру сезімі қайда беріледі? Ауру сезімі біртіндеп пайда болды, асқазан тұсында және оң қабырға астында басталды, біртіндеп күшейді, оң жауырынға және иыққа беріледі
Ауру сезімінің ұзақтығы Іштегі ауру сезімі қашаннан бері мазалайды? 12 сағаттай болды
Ауру сезімі немен шақырылған Ауру сезімінің пайда болуын немен байланыстырасыз? Ауру сезімі майлы қуырылған тамақ қабылдағаннан кейін пайда болды
Құсудың сипаты мен неше рет болғанын анықтау Құсу қашан пайда болды, не құстыңыз, неше рет болды?   Құсу ауру сезімі басталғаннан кейін 1 рет болды, жеген тамақты құстым.
    Ауру анамнезі Аурудың қалай басталғанын толығырақ айтып беріңізші Кешке майлы қуырылған тамақ қабылдағаннан кейін эпигатрий және оң қабырға астында ауру сезімі пайда болды, біраз уақыттан кейін жеген тамағыммен бір рет құстым. Ауру сезімі біртіндеп күшейді, оң жауырынға және иыққа беріле бастады.
  Дәрі іштіңіз ба?   Осыған дейін осындай ұстамалар болған ба? Иә, 2 таблетка но-шпа іштім, бірақ көмектескен жоқ Жоқ, болған жоқ. Осындай бірінші рет
Өмір анамнезі Немен ауырасыз? Тіркеуде тұрасыз ба? Жағымсыз әдеттеріңіз бар ма? Иә, Артериальді гипертензиямен тіркеуде тұрғаныма 5 жыл болды Жоқ
Аллергоанамнезін анықтау Аллергияңыз бар ма? Анальгинге бар

 

Анамнезінде: Артериальді гипертензиямен ауырғанына 5 жыл болды. Жағымсыз әдеттері жоқ. Ауруын майлы тағаммен байланыстырады. Осыған дейін ұстамалар болмаған.

Объективті: Тері жамылғылары бозғылт. Есі анық, сұрақтарға дұрыс жауап береді. АҚ 110\70 мм.с.б, ЖСЖ – 90 рет/мин, ТЖ – 18 рет/мин. Іштің көлемі теріасты шел май қабатынан ұлғайған, тыныс алуға қатысады, құрсақ қабырғасының жоғарғы оң бөлігінің тыныс алуда аздап қалуы байқалады. Пальпация кезінде оң қабырға астында, әсіресе өт қабы аймағында қатты ауру сезімді, оң қабырға астында алдыңғы құрсақ қабырғасының бұлшықеттері қатайған, қабырға доғаларын соққылап тексергенде оң жақтан ауру сезімі байқалады, пальпация кезінде оң қабырға астын басып тұрып терең тыныс алдырғанда науқас ауру сезімінің күшеюінен тынысын ұстап қалады, перкуссия кезінде бауыр тұйықтығы сақталған. Аускультация кезінде: ішек перистальтикасы естіледі.

Per rectum: Тік ішектің артқы қабырғасы салбырамаған, қарағанда ауру сезімсіз. Қолғаптағы нәжіс түсі қалыпты.

 

Зерттеу нәтижелері:

1. ЖҚА: Нв-142 г/л, эритроциттер – 3,9*1012/л, Нт - 38%, лейк – 10,1х109/л, ЭТЖ – 29 мм/сағ.

2. ЖЗӘ: түсі сарғыш, мөлдір, меншікті салмағы – 1,022, белок-теріс, зәр диастазасы – 32 Б.

3. Қанның биохимиялық анализі: билирубин- 39 ммоль/л, АЛаТ - 35 ммоль/л, АСаТ – 42 ммоль/л, глюкоза - 3,7ммоль/л.

4. Құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ – өт қабы қабырғасы 7 ммге дейін қалыңдаған, өт қабы созылған, қабырғалық майда конкременттер бар, қапшық айналасында сұйықтық бар.

 

 

 

Date: 2015-05-19; view: 893; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию