Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Фирма теориясы. 3 page





 

Өндіріс шығындары – бұл фирманың өндіріс факторларын тартумен және оларды пайдаланумен байланысты әртүрлі жұмсалымдардың ақшалай көрінісі.

Фирманың шығындарына деген бухгалтерлік және экономикалық көзқарастар қалыптасқан. Фирма қызметіндегі капитал айналымы өткен уақытпен бағалануы мүмкін. Мұндай жағдайда шығындарды анықтаудың бухгалтерлік бағыты орын алады. Бухгалтерлік шығындар фирма қызметінің нәтижесін шығарумен, айқын қалыптасқан шығындарды анықтаумен байланысты болып табылады. Сонымен қатар, капитал айналымы фирманың болашағы тұрғысынан да қарастырылуы мүмкін. Бұл кезде экономикалық шығындар пайда болады. Экономикалық шығындар фирма қызметінде қолданылатын өндіріс факторларын алдағы уақытта балама жолдармен қаншалықты тиімді пайдалануға болатындығын көрсетеді.

Бухгалтерлік шығындарға амортизация, материалдық шығындар, еңбекақыға кеткен шығындар, әлеуметтік сақтандыру шығындары жатады және олар фирманың есеп берулерінде көрсетіліп айқын шығындар сипатына ие болады. Ал экономикалық шығындардың бухгалтерлік шығындардан басты айырмашылығы болып фирманың қарамағындағы құралдардың әртүрлі нұсқаларда қолданылуы табылады. Экономикалық шығындарға қатысты қарайтын болсақ, фирмада әрқашанда таңдау болады, яғни қолда бар қаржысын өндіріске салып қосымша пайда көре алады немесе сол қаржысын банкке салып одан пайыз түрінде де пайда таба алады. Бірақ бұл жерде капиталдың бірдей жұмсалуының нәтижелері әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтанда экономикалық есептеулер жүйесінде баламалы шығындар орын алады. Баламалы шығындар, немесе таңдау шығындары – бұл ресурстарды пайдаланудың ең жақсы мүмкіндіктерін жіберіп алумен байланысты шығындар. Мысал ретінде түсіндіретін болсақ, фирма ресурстарды сырттан еркін түрде сатып алуы мүмкін («айқын» ақшалай шығындар), ал ресурстардың басқа бір бөлігі фирманың меншігі ретінде өз ішінен шығуы мүмкін («айқын емес» шығындар). Сонда баламалы шығындар «айқын» (ақшалай) және «айқын емес» шығындардың сомасына тең болады.

Фирма өнідіріс көлемі мен ұсынысты анықтау үшін ең алдымен осы баламалы шығындарға назар аударады, себебі, оларды алдағы уақытта нарықта тауарлар ұсынысын шектейтін фактор ретінде қарастырады. Әрбір фирма баламалы шығындарын әрдайым төменде-туге тырысады, өйткені олардың өсуі пайдасын төмендетуге алып келеді.

Сонымен қатар, экономикалық шығындардың құрамына қалыпты пайда да кіреді. Қалыпты пайда кәсіпкерлік қабілет факторынан түсетін және іскерлік белсенділікті жүзеге асырудан келетін ең минималды қамтамасыз етілген таза табыстың түрін білдіреді. Олай болса, бухгалтерлік шығындар экономикалық шығындардан айқын емес шығындар мен қалыпты пайда шамасына кіші болып келеді.

Өндіріс шығындарын анықтаудағы экономикалық көзқарас шығындардың құрамын белгілеуге және шығын элементтерінің шығарылым көлемін арттыруға әртүрлі қатысатындығын анықтауға мүмкіндік береді.

Қысқа мерзімді өндіріс үдерісінде өндіріс шығындары үшке бөлінеді:

1. Тұрақты шығындар - өнім көлеміне әсер етпейтін тәуелсіз шығындар. Бұл шығындар өнім өндірудің алдында және өнім өндірісі тоқтағанда орын алады. Тұрақты шығындардың құрамына ғимараттарды, құрылыстарды және құрал-жабдықтарды пайдалану шығындары, әкімшіліктік-басқарушылық шығындар, арендалық төлемдер, несиелік төлемдер жатады.

2. Өзгермелі шығындар - өнім көлемінің өзгеруіне байланысты өзгеріп отыратын тәуелді шығындар. Фирма өнім өндірмегенде немесе оны тоқтатқанда мұндай шығындар орын алмайды. Өзгермелі шығындарға шикізаттарға, отын-материалдарға және жалдамалы жұмысшыларға еңбекақы төлеуге кеткен шығындар жатқызылады.

3. Жалпы шығындар - өндірістің тұрақты және өзгермелі шығындарының қосындысы. Фирма үшін бұл шығындар өнімнің белгілі бір көлемін өндірудің ең минималды ақшалай шығындары болып табылады. Өндірілетін өнімнің саны артқан сайын жиынтық жалпы шығындар өседі.

Аталған шығындардың анықталуы мен графиктері төменде көрсетілген.

ТС = FC + VC,

FC = TC / Q,

VC = TC / Q.

Мұнда, ТС (total costs) – жалпы шығындар;

FC (fixed costs) – тұрақты шығындар;

VC (veriable costs) - өзгермелі шығындар;

Q (quant) - өнім көлемі.

 
 


(C) TC

Шығындар VC

көлемі

 

 

FC

       
   
 
 

 

 


Өнім көлемі (Q)

Сурет 8.1 Өндіріс шығындары

Суреттен көріп отырғанымыздай, тұрақты шығындар абсцисса осіне параллель болып келеді, себебі олар өнім көлеміне байланысты болмайды. Ал өзгермелі шығындардың ауытқымасы жалпы шығын-дардың сипатын қайталап отырады, өйткені бұлар өнім көлемі артқанда немесе төмендегенде әртүрлі бағытта өзгеріп отырады.

Фирманың өндіріс шығындары сапында орташа шығындар мен шекті шығындардың да орын алуы аса маңызды болып табылады. Фирма шешім қабылдау кезінде бұларды міндетті түрде ескереді.

Орташа шығындар – бұл өнім бір бірлігін өндіруге жұмсалған жалпы шығындар. Орташа шығындар жалпы шығындардың өнім көлеміне қатынасы ретінде анықталады:

АС (average costs) = ТС / Q.

Орташа шығындар үшке бөлінеді:

1. Орташа тұрақты шығындар - өнімнің бір бірлігін өндіруге жұмсалған жалпы тұрақты шығындар және ол жалпы тұрақты шығындарды өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады:

АFС = FС / Q.

2. Орташа өзгермелі шығындар - өнімнің бір бірлігін өндіруге жұмсалған жалпы өзгермелі шығындар және ол жалпы өзгермелі шығындарды өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады:

АVС = VС / Q.

3. Орташа жалпы шығындар – орташа тұрақты және орташа өзгермелі шығындардың қосындысы:

ATC = AFC + ATC.

Шекті шығындар – бұл өнімнің келесі бір бірлігін өндірумен байланысты өндіріске тартылған қосымша шығындар. Бұл шығындар жалпы және өзгермелі шығындардың өзгерісін туындатады және осы шығындар өзгерісінің өнім көлемінің өзгерісіне қатынасы ретінде анықталады:

МС (marginal costs) = ∆TC / ∆Q, немесе МС = ∆VC / ∆Q.

Шекті шығындардың өнім өндіру көлеміне тікелей қатысы болғандықтан, олар тұрақты шығындарға әсер етпейді. Сол себепті, қосымша тұрақты шығындар әрқашанда нөлге тең болады: МFC = 0.

Төмендегі кестеде шекті шығындарды есептеудің жолы көрсетілген. Мысалы:

 

Өндірілген тауарлардың саны, дана Жалпы шығындар, долл. Орташа шығындар, долл.
  4 200  
  4 257  
  4 312  
  4 365  

 

Шекті шығындар
4 257 – 4 200 = тауардың 43-ші данасына 57 доллар жұмсалды 4 312 – 4 257 = тауардың 44-ші данасына 55 доллар жұмсалды 4 365 – 4 312 = тауардың 45-ші данасына 53 доллар жұмсалды

 

8.3 Фирманың табыстары және оның түрлері

 

Табыс – бұл фирманың өнімнің белгілі бір көлемін сатудан түскен жалпы түсімі. Жалпы түсім нарықтағы тауардың бағасына және өткізілетін өнімнің көлеміне тәуелді болып табылады. Алайда, фирманың табыстарын пайдамен шатастыруға болмайды.

Фирма табыстарының негізгі үш түрі болады:

1. Жалпы табыс – тауардың бағасы мен өнім көлемінің көбейтіндісі.

TR = P×Q.

Мұнда, TR (total revenue) – жалпы табыс;

Р (price) – тауардың бағасы;

Q (quant) - өнім көлемі.

2. Орташа табыс - өнімнің бір бірлігін сатудан түскен түсім және ол жалпы табыстың өнім көлеміне қатынасы ретінде анықталады:

AR = TR / Q.

Мұнда, AR (average revenue) – орташа табыс.

3. Шекті табыс - өнімнің келесі бір бірлігін сатудан түскен қосымша түсім және ол жалпы табыс өзгерісінің өнім көлемінің өзгерісіне қатынасы ретінде анықталады:

MR = ∆ TR / ∆Q.

Мұнда, МR (marginal revenue) – шекті табыс.

Жетілген бәсеке жағдайында фирманың жалпы табысы өнім көлемі өскен сайын арта береді. Ал орташа табыс пен шекті табыс бір-біріне тең болады және олар жетілген бәсеке жағдайында өндірілген өнімге деген сұраныспен анықталады. Жетілген бәсекеде біртекті өнім шығаратын фирма нарықтағы қалыптасқан бағаға әсер ете алмағандықтан оның орташа табысы мен шекті табысы тауардың бағасына тең болады.

Жетілмеген бәсеке жағдайында монополист, олигополист және монополистік бәсекелес фирмалар нарықтағы қалыптасқан бағаға әсер ете алғандықтан өнімнің бағасын шекті табыстан жоғары етіп тағайындайды және сол арқылы үстеме пайда алу мүмкіндігіне ие болады.

8.4 Пайда туралы теориялық көзқарастар.

Фирманың пайдасын барынша арттыру мәселесі

Пайда ұғымы фирманың нарық жағдайындағы экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін және оның қаржылық тәуелсіздігіне кепілдік беретін өте күрделі категория ретінде сипатталады. Пайда не өндіру керек, қалай өндіру керек және қанша көлемде өндіру керек деген экономиканың негізгі мәселелерін шешуге көмектеседі. Сондықтанда, өндірілген немесе сатылған тауарлар мен қызметтердің көлемі қанша және олардың бағасы қандай болғанда пайда мейлінше көп болады сұрақ фирмаларды ынталандырады.

Экономикалық теорияның негізгі мектептері пайда туралы теориялық көзқарастарын әртүрлі жеткізді.

Меркантилизм бағыты пайданың қайнар көзін айналыс саласымен мен сыртқы сауда-саттықпен байланыстырады.

Физиократтардың айтуы бойынша, пайда тек ауыл шаруашылығы саласында жасалады. Мұнда табиғат күштерінің әсерінен тұтыну құндары өндіріс шығындарынан әрдайым артып отырады делінеді.

Классиктер А. Смит пен Д. Рикардо қосымша құн материалдық өндіріс салаларында жасалады деп тұжырымдады. Мұнда капиталист пайданы жалдамалы жұмыскер еңбегінің өнімінен алып отырады.

Марксизм теориясы пайданы барлық бастапқы капитал тудырған қосымша құнның өзгерген формасы деп санайды, ал қосымша құнның қайнар көзі болып жалдамалы жұмыскерлердің еңбегі табылады.

Пайданың экономикалық категория ретіндегі мәнін толық түсіну үшін оның атқаратын қызметтеріне де тоқталып өтуіміз қажет. Пайда негізгі екі қызметті атқарады:

1. Бөліп-тарату қызметі – орындауға арналған бағдарламалар мен стратегияларды қаржыландыру мақсатында ақшалай қаражат қорларын құру, капиталдың оңтайлы құрылымын жасау және банкротқа ұшырау қаупін мейлінше төмендету.

2. Ынталандыру қызметі - өндіріс шығындарын барынша төмендету, жаңалықтар мен инновацияларды енгізу, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін өндірісте пайдалану.

Сонымен, пайда дегеніміз – бұл тауардың нарықтық сату бағасы мен оны өндіруге жұмсалған шығындардың айырмасы.

Пайданың құру, бөлу, өзара әрекет ету және пайдалану факторлары бар:

1. Құру факторлары: 1) өнімдерді, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатудан түскен түсім; 2) материалдық және материалдық емес қорларды сатудан түскен түсім; 3) негізгі құралдарды сатудан түскен түсім; 4) басқа әрекеттерге қатысудан келген табыстар; 5) құнды қағаздардан келген табыстар; 6) айыппұлдар мен өсімпұлдар.

2. Бөлу факторлары: 1) пайданың бюджетке және бюджеттен тыс қорларға бағытталуы; 2) пайданың кәсіпорында қалуы; 3) пайданың қарыздарды өтеу және пайыздарды төлеу үшін банкке бағытталуы; 4) пайданы бөлудің басқа да факторлары.

3. Өзара әрекет ету факторлары: 1) бағалар, тарифтер, алымдар; 2) салықтар және салық мөлшерлемеллері; 3) несиелік пайыз мөлшерлемелері; 4) айналым құралдарының айналымы; 5) өнімнің өзіндік құны; 6) еңбек өнімділігі; 7) қор қайтарымдылығы; 8) қормен қарулану.

4. Пайдалану факторлары: 1) жинақтау және қорлану (өндірісті және ғылымды дамыту); 2) әлеуметтік мұқтаждықтар; 3) күрделі қаржы салымдары; 4) тұтыну (дивиденд, материалдық көмек, т.б.); 5) басқа да шығындарды өтеу.

Пайданың негізгі төрт түрі бар:

1. Бухгалтерлік пайда – айқын шығындарды төлегеннен кейінгі фирманың қарамағында қалған пайданың бір бөлігі. Бухгалтерлік пайданы анықтау үшін сатудан түскен жалпы түсімнен бухгалтерлік (айқын немесе сыртқы) шығындарды алып тастаймыз.

2. Экономикалық пайда – сатудан түскен жалпы түсім мен фирманың барлық шығындары (айқын және айқын емес) арасындағы айырмашылықты білдіретін таза пайда шамасы.

3. Қалыпты пайда – сатудан түскен жалпы түсім мен фирманың жалпы шығындарының теңесуін білдіретін нөлдік пайда.

4. Шекті пайда - өнімнің келесі бір бірлігін сатудан түскен қосымша түсім мен шекті шығындар арасындағы айырмашылықты білдіретін фирманың қосымша таза пайдасы.

Фирманың пайдасын мейлінше арттырудың негізгі екі ережесі бар:

Бірінші ереже: фирма жалпы табыс пен жалпы шығындарды салыстырады. Егер сатудан түскен түсім мен жалпы шығындар арасындағы айырмашылық көп болса, онда фирманың пайдасы мейлінше артады.

Екінші ереже: фирма шекті табыс пен шекті шығындарды салыстырады. Бұл жерде үш жағдай қалыптасады:

- егер фирманың шекті шығындары шекті табыстан артып кетсе, онда ол өнім өндіруді қықартады;

- егер фирманың шекті шығындары шекті табыстан кіші болса, онда ол өнім өндіруді арттырады;

- егер фирманың шекті шығындары шекті табысқа тең болса, онда ол өнім өндірудің оңтайлы көлемін анықтап жалпы пайдасын максималды деңгейге жеткізеді:

MR = MC.

Бұл теңдік фирманың пайдасын мейлінше арттырудың маңызды шарты болып табылады.

Әдебиеттер тізімі

1. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров. Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. – Астана: 2002. - 464 б.

2. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағындықов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Б.И. Комягин. /Жалпы редакциясын басқарған Ө.Қ. Шеденов – Ақтөбе, «А-Полиграфия», 2004 – 455 бет.

3. Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, т.б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, «Санат», 1998. – 479 бет.

4. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория: оқу-әдістемелік кешен. – Астана: 2006., 248 б.

5. Нарматов С.Р., Нарматова А.С. Экономикалық теория. Лекциялар курсы. (Оқу құралы). – Алматы: «Эверо», 2009. – 516 бет.

6. Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 – 832 с.

7. Сажина М.А., Чибриков Г.Г. Экономическая теория: Учебник для вузов. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Норма, 2005. – 672.

8. Крымова В. Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы. Алматы: Аркаим, 2009. – 196 б.

9. Женсхан Д.Ж. Экономикалық теория. Экономикалық емес мамандықтарға арналған қысқаша курс. Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ., 2008. – 147 б.

10. Шеденов Ө.Қ. Экономикалық ілімдер тарихы: оқулық. - Ақтөбе: А - Полиграфия, 2006. – 316 б.

11. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты», 2012 ж. 28 қаңтар.

12. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз», 2011 ж. 28 қаңтар.

13. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері», 2010 ж. 30 қаңтар.

14. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға». 2009 ж. 7 наурыз.

15. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан - 2030: «Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы», Алматы – 1998 ж.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Шығындардың әртүрлі жіктелу өлшемдеріне байланысты түрлері қандай?

2. Өндіріс шығындары қысқа және ұзақ мерзімдерде қалай қарастырылады?

3. Трансакциондық шығындар дегеніміз не?

4. Өндіріс шығындарын барынша азайтудың жолдары қандай?

5. Табыстардың түрлері қандай?

6. Табыс пен пайданың арасында қандай айырмашылық бар?

7. Пайда туралы қандай теориялар бар?

8. Пайданың негізгі түрлері қандай?

9. Пайданы мейлінше арттырудың жолдары қандай?

10. Бәсекенің әртүрлі нысандарында пайданың деңгейі қандай болады?

Студенттің өзіндік жұмыстары

1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).

2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

3. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):

1) Өнімділік және еңбек өнімділігі.

2) Рентабельділік және оның түрлері.

 

4. Есептер:

1. Кәсіпкер тұрмыстық техниканы жөндеу бойынша шағын фирманың иесі болып табылады. Ол өзіне бір көмекшіні жалдап оған жылына 120 мың теңге төлейді, ғимаратты жалдағаны үшін жылына 5 мың теңге төлейді, ал шикізатты сатып алу оған жылына 50 мың теңгеден келеді. Кәсіпкер басқа бір іспен айналысудан жылына 5 мың теңге көре алатын өзінің меншікті 50 мың теңге қаржысын өндірістік құрал-жабдыққа салды. Оның бәсекелесі жылына 150 мың теңге жалақысы бар жөндеу бойынша шебер болуға жұмыс орнын ұсынды. Өзінің кәсіпкерлік қабілеттілігін ол жылына 10 мың теңге деп бағалайды. Көрсетілген қызметтердің жиынтық жылдық табысы 500 мың теңгені құрайды. Фирманың бухгалтерлік және экономикалық пайдасын анықтаңыздар?

2. Егер өндірілген өнім көлемі 100 дана, тұрақты шығындар 1000 теңге және өзгермелі шығындар 700 теңге болса, онда орташа жалпы шығындар, орташа тұрақты шығындар, орташа өзгермелі шығындар және өндірістің жалпы шығындары қаншаға тең болады?

3. Айталық, еңбек сүт өндірісінде қолданылатын жалғыз ғана өзгермелі фактор болып табылады. 1 тонна сүт өндіру үшін еңбектің 6 cағаты қажет. Еңбектің 1 сағаттық төлемақысы 100 теңгеге тең. 1 тонна сүттің орташа тұрақты шығындары 500 теңгеге тең. Сүт өндірісінің орташа өзгермелі шығындарын және орташа жалпы шығындарын анықтаңыздар?

4. Мәліметтерді пайдаланып кестенің бос орындарын толтырыңыздар:

Өнім көлемі (Q) Баға (P) Орташа шығындар (AC) Өнім бірлігіне келетін пайда Жиынтық пайда, теңге
    - -  
         
         
         
         
         
         

5. Мәліметтерді пайдаланып кестенің бос орындарын толтырыңыздар:

Өнім көлемі (Q) Баға (P) Жалпы табыс (TR) Жалпы шығындар (TC) Пайда Шекті шығындар (MC) Шекті пайда
          - -
             
             

 

5. Тест тапсырмалары:

1. Мыналардың қайсысы тұрақты шығындарға жатады?

А) Арендалық төлемдер, амортизациялық қор. В) Материалдар, отын.

С) Энергия шығындары. D) Көлік шығындары, шикізат. Е) Жолақы төлемдері.

2. Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс берілген:

А) Бухгалтерлік шығындарға айқын емес шығындар жатады.

В) Өзгермелі шығындар нөлдік өндіріс көлемі кезінде пайда болады.

С) Экономикалық шығындар бухгалтерлік шығындардан үнемі кіші болып келеді.

D) Орташа табыс жалпы табыстың өнім көлеміне қатынасы ретінде анықталады.

Е) Тұрақты шығындар әрқашанда өндіріс көлеміне тәуелді болып келеді.

3. Егер орташа жалпы шығындар 50, ал өнім көлемі 2 тең болса, онда жалпы шығындар нешеге тең болады?

А) 100. В) 25. С) 50. D) 0,1. Е) 2.

4. Шекті табыс қандай формуламен есептеледі?

А) Q / TR.

В) TR / Q.

С) ΔQ / ΔTR.

D) ΔTR / ΔQ.

Е) Q *TR.

5. Өнім көлемі 4-тен 5-ке өскенде, жалпы шығындар 27 теңгеден 33 теңгеге өседі, яғни шекті шығындар қаншаға тең болады:

Date: 2015-05-09; view: 1532; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию