Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бап. Эвтаназия 1 page





142-бап. Анатомиялық сый

 

6-бөлім. Халықтың санитариялық-эпиде­миологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет және қоғамдық денсаулықты сақтау

24-тарау. Халықтың санитариялық-эпидемио­логиялық салауаттылығы саласындағы қызмет

143-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпиде­миологиялық қызмет жүйесі

144-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпиде­миологиялық нормалау

145-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

146-бап. Тамақ өнімдерін және адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу

147-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг

148-бап. Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының, халықтың улануының алдын алу

149-бап. Қазақстан Республикасының аумақтарын санитариялық қорғау

150-бап. Инфекциялық аурулар эпидемия­сының пайда болу қаупі төнген жағдайда шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізудің шарттары

151-бап. Инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен улану оқиғаларын тіркеу және тексеру

152-бап. Дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар

 

25-тарау. Қоғамдық денсаулықты сақтау

153-бап. Аурулар профилактикасының мақсаты мен түрлері

154-бап. Салауатты өмір салтын қалыптастыру

155-бап. Медициналық тексеріп-қарау

156-бап. Профилактикалық егуді жүргізу

157-бап. Инфекциялық емес аурулардың, оның ішінде кәсіптік аурулардың және жарақаттанудың профилактикасы



158-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділіктің профилактикасы

159-бап. Темекі шегушіліктің, алкоголизмнің профилактикасы және оны шектеу

160-бап. Темір тапшылығы жай-күйінің профилактикасы

161-бап. Йод тапшылығы ауруларының профилактикасы

 

7-бөлім. Донорлық және транспланттау

26-тарау. Қан мен оның компоненттерінің донорлығы

162-бап. Донорлық, қан, оның компоненттерін және препараттарын дайындау

163-бап. Донорлық, қанды, оның компо­ненттері мен препараттарын дайындау саласын­дағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары мен өзге де ұйымдар

164-бап. Донорлық қанның, оның компо­ненттері мен препараттарының қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету

165-бап. Донор, оның құқықтары мен міндеттері

166-бап. Донорды медициналық зерттеп-қарау

167-бап. Донорға берілетін кепілдіктер

168-бап. Жұмыс берушілер мен ұйымдар басшыларының донорлықты дамытуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау жөніндегі міндеттері

27-тарау. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау

169-бап. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау және оларды алу шарттары

170-бап. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау тәртібі

171-бап. Донор мен реципиенттің құқықтары

 

28-тарау. Адамның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін), қан мен оның компоненттерін әкелу, әкету

172-бап. Адамның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) әкелу, әкету үшін негіздер

173-бап. Қан мен оның компоненттерін әкелу, әкету үшін негіздер

174-бап. Адамның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін), қан мен оның компоненттерін әкелудің, әкетудің тәртібі

 

8-бөлім. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми қызмет

29-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі

175-бап. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі

176-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік емтихандары

177-бап. Қазақстан Республикасы дәрігерінің анты

 

30-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет



178-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметтің субъектілері

179-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметті үйлестіру

180-бап. Медициналық-биологиялық экспе­рименттер, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулер жүргізу, диаг­ностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерін қолдану

181-бап. Этика мәселелері жөніндегі ко­миссиялар

 

9-бөлім. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі, оларды әлеуметтік қорғау

31-тарау. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері, еңбек қатынастары, Ар-намыс кодексі

182-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері

183-бап. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары

184-бап. Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі

 

10-бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер

32-тарау. Қазақстан Республикасының ден­саулық сақтау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық және осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі

185-бап. Қазақстан Республикасының ден­саулық сақтау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

186-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі

 

Жалпы бөлім

 

1-Бөлім. Жалпы ережелер

 

1-тарау. Негізгі ережелер

 

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) адамның мекендеу ортасы (бұдан әрі – мекендеу ортасы) – адамның тыныс-тіршілігі жағдайын айқындайтын табиғи, антропогендік және әлеуметтік факторлардың, ортаның (табиғи және жасанды) жиынтығы;

2) АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы;

3) анонимдік тексеріп-қарау – адамды жеке басын сәйкестендірмей ерікті түрде медициналық тексеріп-қарау;

4) апаттар медицинасы – табиғи және тех­ногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың меди­циналық-санитариялық салдарларының алдын алуға және оларды жоюға бағытталған медицина және денсаулық сақтау саласы, ол халықтың ауру­ларының алдын алуды және оларды емдеуді, са­нитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды, төтенше жағдайларды жоюға қа­тысушылардың денсаулығын сақтауды және қал­пына келтіруді, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметтерінің қызметкерлеріне медициналық көмекті қамтиды;

5) әлеуетті қауіпті химиялық және биоло­гиялық заттар – белгілі бір жағдайларда және белгілі бір шоғырлануы кезінде адамның немесе болашақ ұрпақтың денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін, қолданылуы мен пайдаланылуы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және гигиеналық нормативтермен регламентте­летін заттар;

6) әскери медицина – ғылыми білімдердің жүйесін (ғылыми-практикалық пәндер кешені) және әскери-медициналық қызметтің әскерлерді бейбіт уақытта және соғыс уақытында жан-жақты медициналық қамтамасыз етуді өзіне мақсат тұтатын практикалық қызметінің жүйесін білдіретін медицина және денсаулық сақтау саласы;

7) әскери-медициналық көмек – әскери қызметшілерге және әскери қаруды қолдану салдарынан зардап шеккен адамдарға әскери-медицина қызметінің мамандары көрсететін медициналық көмек;

8) әскери-медициналық қызмет – Қазақстан Республикасының заңдарында осы органдардың қызметін медициналық қамтамасыз етуге арналған әскери немесе арнаулы қызметтің болуы көзделген әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер­дің жиынтығы;

9) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер:

орталық атқарушы органдар мен өзге де ор­талық мемлекеттік органдардың әскери-ме­дициналық (медициналық) мекемелер (ұйымдар) қызметін ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері;

әскери-медициналық (медициналық) меке­мелер (ұйымдар) және орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың тиісті контингентке әскери-медициналық және медициналық көмек көрсетілуін қамтамасыз ететін өзге де бөлімшелері;

10) әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету – материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі іс-шаралар кешені, сондай-ақ жеке құрамның жауынгерлік қабілеттілігі мен еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіру мақсатында әскерлерде, бөлімшелерде және ведомстволық ұйымдарда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;

11) бала – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;

12) бас миының біржола семуі – бас миының бүкіл қатпарының семуімен қатар жүретін, бас миы жасушаларының интегралдық функцияларын толық жоғалтуы;

13) бейінді маман – жоғары медициналық білімді, белгілі бір мамандық бойынша серти­фикаты бар медицина қызметкері;

14) биологиялық активті заттар – жануарлар мен адам организмінің патологиялық өзгерген функцияларын қалыпқа түсіретін, дәрілік заттар алудың ықтимал көздері болып табылатын, әртүрлі жолмен алынатын заттар;

15) биологиялық активті қоспалар – тұрақты тұтынған кезде денсаулықтың жай-күйін жақсартуға арналған және адамның тамақтану рационын табиғи немесе табиғимен бірдей биологиялық активті заттармен байыту мақсатында олардың компоненттерін қамтитын өнімдерге қоспалар;

16) бірегей дәрілік зат – жаңа активті заттарды білдіретін немесе қамтитын дәрілік зат;

17) генетикалық түрлендірілген объектілер – гендік инженерия әдістері пайдаланылып алынған, өсімдіктен және (немесе) жануардан алынатын шикізат пен өнімдер, оның ішінде генетикалық түрлендірілген көздер, организмдер;

18) дәрілік заттар – аурулардың профилак­тикасына, диагностикаcына және оларды емдеуге, сондай-ақ организмнің жай-күйі мен функ­­цияларын өзгертуге арналған фармакологиялық активті заттарды білдіретін немесе оларды қам­титын заттар: дәрілік субстанция, табиғаттан ал­ы­натын дәрілік шикізат, дәрілік ангро- және балк-өнім­дер, дәрілік препараттар, медициналық им­мундық-биологиялық препараттар, парафармацев­тикалар;

19) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде сатып алуды ұйымдастыруды, оның нәтижелері бойынша өнім берушілермен өнім беру шарттарын жасасуды, сондай-ақ дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тапсырысшыларға жеткізіп беру жөніндегі қызметтерді қамтамасыз етуді, ұсынуды жүзеге асыратын заңды тұлға;

20) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізу – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын, сатып алумен (әкелуден басқа), сақтаумен, бөлумен, түпкі тұтынушыға өткізумен (әкетуден басқа), жойып жіберумен байланысты фармацевтикалық қызмет;

21) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізу – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын, көлемін шектемей сатып алумен, сақтаумен, әкелумен, әкетумен, өткізумен (халыққа дәрілік заттарды өткізуді қоспағанда), жойып жіберумен байланысты фармацевтикалық қызмет;

22) дәрілік заттардың, медициналық мақсат­тағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы – қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әзірлеушіден және (немесе) өндірушіден тұтынушының қолдануына дейін жеткізу процесінде жүзеге асырылатын қызмет;

23) дәрілік заттардың, медициналық мақсат­тағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілер –денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен үлгілік ережелерге сәйкес жұмыс істейтін дәріхана, алғашқы медициналық-санитариялық, консуль­тациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті, шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті, дәріхана қоймасы, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы уақытша сақтау қоймасы, оптика дүкені, медициналық тех­ника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың дүкені, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қоймасы, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру жөніндегі ұйымдар;

24) дәрілік заттардың, медициналық мақсат­тағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілер – фарма­цевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;

25) Дәрілік заттардың, медициналық мақсат­тағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімі – Қазақстан Республикасында тіркелген және медициналық қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы есепке алу құжаты;

26) дәрілік заттың балк-өнімі – техно­логиялық процестің соңғы қаптамалаудан басқа барлық сатысынан өткен, мөлшерленген дәрілік зат;

27) дәрілік заттың жарамдылық мерзімі – уақыты біткеннен кейін дәрілік затты қолдануға болмайтын күні;

28) дәрілік заттың қаптамасы – дәрілік заттарды бүлінуден және ысырап болудан қорғау жолымен олардың айналысы процесін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қоршаған ортаны ластанудан сақтайтын құрал немесе құралдар кешені;

29) дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасы – дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұй­ым­дар мен медициналық техниканың белгіленуі бойынша әсер ету қабілетіне ықпал ететін қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы;

30) дәрілік заттың халықаралық патент­телмеген атауы – дәрілік заттың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған атауы;

31) дәрілік препарат – белгілі бір дәрілік нысандағы дәрілік зат;

32) дәрілік препараттарды дайындау – дәріханаларда дәрілік нысандарды дайындаумен, сондай-ақ дәрілік субстанцияларды сатып алумен, дайындалған дәрілік препараттарды сақтаумен, сапасын бақылаумен, ресімдеумен және өткізумен байланысты фармацевтикалық қызмет;

33) дәрілік формуляр – денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекіткен және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен келісілген, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін дәрілік заттардың жеткілікті мөлшері болуға міндетті денсаулық сақтау ұйымының бейіні ескеріле отырып түзілген дәрілік заттардың тізбесі;

34) дәстүрлі медицина – аурулардың алдын алу мен оларды емдеудің қоғамда жинақталған әдістері мен құралдарына негізделген, меди­циналық практиканың көпғасырлық дәстүрлерімен орныққан медицина саласы және медицина қызметкерлерінің қызметі;

35) денсаулық – аурулар мен дене кеміс­тіктерінің болмауы ғана емес, тұтастай тәни, ру­хани (психикалық) және әлеуметтік салауаттылық жағдайы;

36) денсаулық сақтау – аурулардың алдын алуға және оларды емдеуге, қоғамдық гигиена мен санитарияны қолдауға, әрбір адамның тәни және психикалық саулығын сақтап, нығайтуға, оның ұзақ жыл белсенді өмір сүруін қолдауға, денсаулығынан айырылған жағдайда оған медициналық көмек ұсынуға бағытталған саяси, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, мәдени, медициналық сипаттағы шаралар жүйесі;

37) денсаулық сақтау жүйесі – қызметі аза­маттардың денсаулық сақтау құқықтарын қам­тамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау субъектілерінің жиынтығы;

38) денсаулық сақтау саласындағы меди­циналық сараптама (бұдан әрі – денсаулық сақтау саласындағы сараптама) – денсаулық сақтау қызметінің әртүрлі аяларындағы құралдардың, әдістердің, технологиялардың, көрсетілетін қызметтердің деңгейі мен сапасын анықтауға бағытталған ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық іс-шаралардың жиынтығы;

39) денсаулық сақтау саласындағы стандарт (бұдан әрі – стандарт) – медициналық, фар­мацевтикалық қызмет, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы қағи­даларды, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін нормативтік құқықтық акт;

40) денсаулық сақтау саласындағы стандарттау (бұдан әрі – стандарттау) – стандарттарды, талаптарды, нормаларды, нұсқаулықтарды, қағидаларды әзірлеу, енгізу және олардың сақталуын қамтамасыз ету арқылы процестердің, медициналық технологиялар мен көрсетілетін қызметтердің сипаттамаларын ретке келтірудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған қызмет;

41) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 42) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

42) Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құ­рылған, денсаулық сақтау саласындағы, оның ішінде ядролық медицина саласындағы қызметтi жүзеге асы­ратын акционерлiк қоғам;

43) денсаулық сақтау ұйымы – денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 43-1) тармақшамен толықтырылды

43-1) детоксикация – адам организмінен алкогольді шығаруға бағытталған медициналық іс-шаралар кешені;

44) диагностика – аурудың болу немесе болмау фактісін белгілеуге бағытталған меди­циналық қызметтер көрсету кешені;

45) диагностикалық реагенттер – пациентке диагноз қою немесе оның физиологиялық жай-күйін бағалау мақсатында адам организмінен алынған сынамаларды зерттеуге арналған және олардың параметрлері туралы мәліметтер беруге қызмет ететін реагенттер, реагенттердің жиын­тықтары;

46) динамикалық байқау – халық денсаулығының жай-күйін жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқаудың нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;

47) донор – донорлық қан, оның компо­ненттері, өзге де донорлық материал (оның ішінде шәует, жыныс жасушалары, аналық жасуша) алу жүргізілетін, сондай-ақ реципиентке транспланттау үшін тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу жүргізілетін адам, адамның мәйіті, жануар;

48) емдеу – ауыруды жоюға, оның бетін қайтаруға және (немесе) барысын жеңілдетуге, сон­дай-ақ оның асқынуының алдын алуға ба­ғытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;

49) ерікті емделу – науқастың немесе оның заңды өкілінің келісімімен жүзеге асырылатын емдеу;

50) жалған дәрілік зат – құрамы, қасиеттері және басқа да сипаттамалары бойынша өнді­рушінің бірегей немесе қайта өндірілген дәрілік затына (генерикке) сәйкес келмейтін, құқыққа қайшы және әдейі түрде қолдан жасалған этикеткамен жабдықталған дәрілік зат;

51) жеке медициналық кітапша – жұмысқа жіберілу туралы белгі қойылып, міндетті медициналық тексеріп-қараулардың нәтижелері енгізілетін, халықтың декреттелген тобының өкіліне берілетін жеке құжат;

52) жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) – адамның иммун жүйесінің АИТВ-дан қатты зақымдануынан болған патологиялық белгілер байқалатын АИТВ-инфекциясының соңғы сатысы;

53) инвазиялық әдістер – адам организмнің ішкі ортасына ену жолымен жүзеге асырылатын диагностикалау мен емдеу әдістері;

54) инновациялық медициналық техноло­гиялар – медицина (биомедицина) саласына, фармацияға және денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыруға енгізілуі экономикалық тұрғыдан тиімді және (немесе) әлеуметтік мәні бар болып табылатын ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің әдістері мен құралдарының жиынтығы;

55) инфекциялық және паразиттік аурулар – мекендеу ортасы биологиялық факторларының адамға әсер етуі және аурудың науқас адамнан, жануардан сау адамға берілу мүмкіндігі әсерінен болатын және таралатын адам аурулары;

56) йод тапшылығы аурулары – организмге йодтың жеткіліксіз түсуіне және онда жеткіліксіз қорытылуына байланысты қалқанша без функциясының бұзылуынан болатын организмнің патологиялық процесі;

57) кәсіптік ауру – қызметкердің өз еңбек (қызмет) міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру;






Date: 2015-05-08; view: 238; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2019 year. (0.016 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию