Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Бап. Денсаулық сақтау саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл
1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдар денсаулық сақтау саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға өз құзыреті шегінде көмек көрсетуге міндетті. 2. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдардың, халықаралық және басқа да ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан мәртебесі мен өкілеттігін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіруші орган құрылады. Жергілікті атқарушы органдар жанынан мәртебесі мен өкілеттігін жергілікті атқарушы органдар айқындайтын денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіруші органдар құрылады. 3. Апаттар медицинасы саласындағы мемлекеттік денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарын үйлестіруді және олардың өзара іс-қимылын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. 4. Орталық атқарушы органдар әзірлейтін, халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі мәселелерін тікелей немесе жанама түрде қозғайтын нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттар уәкілетті органмен міндетті түрде келісілуге жатады. 5. Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілер ведомстволық тиесілігіне қарамастан, органдар мен ұйымдардың орындауы үшін міндетті болып табылады. 6. Ведомстволық медициналық қызметтері бар мемлекеттік органдар ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының (бөлімшелерінің) қызметі және бекітіп берілген контингенттің денсаулық жағдайы жөніндегі ведомстволық статистикалық есептіліктің денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына табыс етілуін қамтамасыз етеді. 7. Мемлекеттік органдардың ведомстволық медициналық қызметтерінің басшыларын тағайындауды тиісті мемлекеттік органдардың басшылары уәкілетті органмен келісім бойынша жүзеге асырады. 8. Денсаулық сақтаудың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің, ақпараттық-коммуникациялық желілерінің басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарымен және ақпараттық жүйелерімен, ақпараттық-коммуникациялық желілерімен ақпарат алмасу мәселелері жөніндегі өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 9. Ведомстволық медициналық қызметтері бар мемлекеттік органдар ведомстволық медициналық ақпараттық жүйелердің техникалық параметрлерін, сондай-ақ электрондық ақпараттық ресурстардың мазмұнын уәкілетті органмен келісуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы лицензиялау, аккредиттеу және аттестаттау
Date: 2015-05-08; view: 763; Нарушение авторских прав |