Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау
1. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге, сондай-ақ халықтың денсаулығын сақтау және мекендеу ортасын қорғау мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен гигиеналық нормативтердің сақталуын бақылауға бағытталады. 2. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілері жеке және заңды тұлғалар, жайлар, ғимараттар, өнеркәсіп орындары, өнім, жабдық, көлік құралдары, су, ауа, тамақ өнімдері және қызметі, пайдаланылуы, тұтынылуы, қолданылуы мен іске қосылуы адамның денсаулық жағдайы мен қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін өзге де объектілер болып табылады. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер мен өнімдер тізбесін уәкілетті орган айқындайды. 3. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады. 4. Осы Кодекске сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары: 1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері және оның орынбасарлары; 2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның басшылары мен мамандары; 3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органының тиісті аумақтардағы және көліктегі аумақтық бөлімшелерінің басшылары – тиісті аумақтардағы және көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер, олардың орынбасарлары және мамандар; 4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар бөлімшелерінің басшылары мен мамандары болып табылады. 5. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар бөлімшелерінің басшылары Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. 6. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының басшылары лауазымына Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары медициналық білімі бар азаматтары тағайындалады. 7. Уәкілетті органның лауазымды адамдарының мыналарға: 1) халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, өндіруге, қолдануға және өткізуге Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіппен тыйым салуға; 2) адам денсаулығына зиянды әсер ететін балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін қолдануға тыйым салуға немесе қолдануды тоқтата тұруға; 3) Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасын бұзу фактілерін қарау үшін жеке тұлғаларды, заңды тұлғалардың лаузымды адамдарын санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына шақыртуға; 4) халықтың декреттелген топтарына жататын, инфекциялық және паразиттік аурулардың көздері болып табылатын, сондай-ақ міндетті медициналық тексеріп-қараудан уақтылы өтпеген адамдарды жұмыстан уақытша шеттету туралы қаулылар шығаруға; 5) жекелеген объектілерде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіппен шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді белгілеуге; 6) инфекциялық және паразиттік аурулардың ықтимал таратушы көздері болып табылатын, сондай-ақ инфекциялық науқастармен араласып жүрген адамдарды зертханалық зерттеп-қарау нәтижелері алынғанға дейін жұмыстан шеттете отырып, медициналық зерттеп-қарауға жіберуге; 7) инфекциялық және паразиттік аурулардың көздері болып табылатын адамдарды айғақтар бойынша ауруханаға жатқызуға жіберуге; 8) халыққа міндетті түрде вакцина егуді, үй-жайларда және көлік құралдарында, аумақтарда, инфекциялық және паразиттік аурулар ошақтарында профилактикалық және ошақтық дезинфекция, дезинсекция мен дератизация жүргізуді талап етуге; 9) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің бұзылуы жойылғанға дейін жекелеген жұмыс түрлерін, жұмыс істеп тұрған, салынып жатқан немесе реконструкцияланып жатқан объектілерді пайдалануды Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес тоқтата тұруға; 10) адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті деп танылған жағдайда шикізаттың, өнімнің, химиялық заттардың, технологиялық жабдықтардың, тетіктердің, процестердің, құрал-саймандардың жаңа түрлерін өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салуға; 11) халықтың декреттелген тобына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және гигиеналық нормативтерді білуі тұрғысынан уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестаттау жүргізуге; 12) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін сараптама объектісінің қоршаған орта мен халық денсаулығына әсерін бағалауды зерделеуге қажетті материалдарды сұратуға, сондай-ақ осы өнімнің құнын өтеместен, сараптама жүргізуге жеткілікті және оған қажетті көлемнен аспайтын мөлшерде өнімнің сынамасын алуға және үлгілерін іріктеуді жүргізуге; 13) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасына сәйкес келтіру туралы талап қоюға; 14) Қазақстан Республикасының аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы радиациялық бақылауды жүзеге асыруға; 15) санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгілеуге және олардың көлемдерін өзгертуге; 16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен санитариялық паспорт беруге; 17) дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдарының және тағамға биологиялық активті қоспалардың енгізілуі мен практикада қолданылуын бақылауға; 18) жеке және заңды тұлғалар заңды талаптарды немесе санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары берген нұсқамаларды, қаулыларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгінуге; 19) санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы медициналық қызметке, сондай-ақ санитариялық-гигиеналық және зертханалық зерттеулерге берілген лицензияның қолданылуын Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес тоқтата тұруға; 20) уәкілетті орган белгілейтін жағдайларды қоспағанда, йодталмаған тұзды өткізуге тыйым салуға құқығы бар. 8. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына қарай, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көрсетілген актілерден бөлек, мынадай актілер шығарады: 1) санитариялық-эпидемиологиялық зерттеп-қарау актісі – мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам объектінің Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша беретін құжат; 2) Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқама; 3) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының басшыларына тәртіптік жаза қолдану туралы қаулысы; 4) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің: санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу; жеке тұлғаларды жұмыстан уақытша шеттету; халықтың пайдалануы мен қолдануына, кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімді әкелуге, өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу; адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті деп танылған жағдайда шикізаттың, өнімнің, химиялық заттардың, технологиялық жабдықтардың, тетіктердің, процестердің, құрал-саймандардың жаңа түрлерін өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу; 11-тарау. Медициналық көмек
38-бап. Медициналық көмектің түрлері Медициналық көмектің негізгі түрлері: 1) дәрігерге дейінгі медициналық көмек; 2) білікті медициналық көмек; 3) мамандандырылған медициналық көмек; 4) жоғары мамандандырылған медициналық көмек; 5) медициналық-әлеуметтік көмек болып табылады.
Date: 2015-05-08; view: 835; Нарушение авторских прав |