Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лабораториялық жұмыс. Зольдерді алу және олардың кейбір қасиеттері





Зольдерді алу және олардың кейбір қасиеттері

Жұмыстың мақсаты:

1. Коллоидты ерітінділерді алу әдістерімен танысу.

2. Күміс иодиді, темір (lll) гидроксиді, алюмени гидроксиді, берлин лазуры, канифоль және күкірт алу.

3. Коллоидты ерітінділердегі Фарадей – Тиндаль эффектісін байқау және дисперсті фаза бөльшектерінің зарядын анықтау.

Жұмысқа керекті заттар: Темір (lll) хлоридінің 0,015 М, 25% және 50% ерітінділері; 0,015 М К4 Fe(CN)6 ерітіндісі; 0,01 және 0,5 М күміс нитратының ерітінділері, 2% қымыздық қышқылы және 0,01М хлорсутек қышқылы ерітінділері; күкірттің және канифольдің спирттегі 1% ерітінділері; 1% алюмини хлориді ерітіндісі; 0,05 М иодты калий ерітіндісі; Фарадей – Тиндаль эффектісін анықтауға арналған қондырғы; пробиркалар.

Жұмыстың барысы: Коллоидты ерітіндіні алмасу реакция әдісімен алу.

а) Күміс иодиді золін алу. Күміс иодидінің түзілу реакциясы:

 

AgNO3 + KI = AgI + KNO3

 

AgI суда іс жүзінде ерімейтін тұз. Ерітіндідегі күміс және иод иондарының концентрацияларының қатынасына байланысты AgI золінің оң немесе теріс зарядты бөлшектерін алуға болады. AgNO3 тұзын КI тұзынан артық алса, (концентрациялары бірдей болған жағдайда) AgI золінің бөлшектері оң зарядты болады, яғни золінің ядросы күміс иондарын адсорбциялайды; KI мөлшері артық болған жағдайда теріс зарядталған бөлшектер алынады. Зольдің зарядына иод иондары адсорбцияланады. Осы екі жағдайда түзілген коллоидты бөлшектердің мицеллаларының формалары:

 

1.CAgNO > CKI ; {mAgI, nAg+ , (n-x)NO3- }x+ +xNO3-

 

2. CAgNO < CKI; {mAgI, nI- , (n-x)K + }x- -xK+

 

1-тәжірибе. Көлемі 50 мл үш колбаға 15 мл 0,05 М КI ерітіндісін пипеткамен өлшеп құяда. Олардың біріншісіне шайқап отырып 10 мл, екіншісіне 12,5 мл, үшіншісіне 15 мл дәл өлшенген 0,05 М AgNO3 ерітіндісін қосады. Алынған коллоидты ерітіндідегі бөліктердің зарядын электрофоретикалық зондпен анықтайды.

2-тәжірибе. Көлемі 50 мл үш колбаға 15 мл 0,05 М AgNO3 ерітіндісін пипеткамен өлшеп құяды. Бірінші колбаға 10 мл, екіншісіне 1205 мл, үшіншісіне 15 мл 0,05 М KI ерітіндісін шайқай отырып құяды.

Қоспадағы коллоидты бөлшектердің зарядын анықтайды. Бөлшектердің «оң» және «теріс» зарядты болуын түсіндіру керек.

б) Берлин лазуры золін алу. Берлин лазурының (темірдің (III) гексацианоферраты) түзілу реакциясы:

 

4FeCl3 +3K4[Fe(CN)6] = Fe4[Fe(CN)6]3 + 12KCl

 

Темір (III) гексацианоферраты Fe4[Fe(CN)6]3 көк түсті нашар еритін комплексті қосылыс. Ерітіндідегі FeCl3 және K4Fe(CN)6 тұздарының концентрацияларын әр түрлі етіп реттей отырып, «оң» және «теріс» зарядты Fe4[Fe(CN)6]3 бөлшектерін алуға болады. FeCl3 тұздарының концентрациясы артық болғанда, «оң» зарядталған коллоидты бөлшектер түзіледі. Бұл жағдайда золдің ядросы темір иондарын адсорбциялайды. Керісінше K4Fe(CN)6 тұздарының концентрациясы артық болса, «теріс» зарядты бөлшектер түзіледі, яғни ядроға Fe(CN)64- иондары адсорбцияланады. Екі жағдайда түзілген мицеллалардың формулалары:

 

1.CFeCl3 > CK4 Fe(CN)6 {mFe4[Fe(CN)6]3, nFe3+, 3(n-x)Cl-}3x+ ∙3xFe(CN)64-

 

2. CFeCl3 < CK4 Fe(CN)6{nFe4[Fe(CN)6]3, nFe(CN)64- 4(n-x)Fe3x+}4x- ∙ 4xFe3+

 

3-тәжірибе. а) Көлемі 50 мл колбаға 15 мл 0,005 М FeCl3 ерітіндісін құйып, оған 10 мл 0,005 М FeCl3 ерітіндісін құйып, оған 10 мл 0,005 М K4Fe(CN)6 ерітіндісін қосады.

4 - тәжірибе. Колбаға 15 мл 0,005 М K4Fe9CN)6 ерітіндісіне 10 мл 0,005 М Fe Cl3 ерітіндісін қосады. Фильтр қағазында екі ерітіндідегі бөлшектердің зарядын анықтайды. Мицеллалардың формуласын жазады. Бөлшектердің «оң» және «теріс» зарядталуын түсіндіреді.

 







Date: 2015-05-08; view: 1131; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию