Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?







Ымы және жалпы сипаттамасы



Экология заңдарын бұзу — белгіленген экологиялық тәртіпті бұзатын және табиғи ортаға зиян келтіретін заңға қайшы келетін кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік.

Экологиялық тәртіп — адамның өз өмірі мен денсаулығы үшін айналадағы табиғи ортаның қолайлы болуына құқығын қамтамасыз етудің, қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделері үшін айналадағы табиғи ортаны қорғаудың, адам қызметінің осы ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеудің, табиғи тепе-теңдікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың ережелері мен негізгі түпкі бастамаларының (принциптерінің) жүйесі.

Табиғи ортаға зиян келтіру — табиғат объектілеріне, оның адам өмірі мен денсаулығына қолайлы болуына немесе табиғатты пайдалануда заңсыз залалды әрекеттер жасаудың экологиялық және экономикалық салдарынан туындайды.

Экологиялық салдарға табиғи ортанын таза болмауы, бұзылуы, адам қызметіне және денсаулығына табиғи ортаның қолайлы болмауы жатады.

Экономикалық салдарға табиғи қорлардың сарқылуы, бұзылуы, табиғаттан алынатын табыстардың азаюы немесе болмауы, табиғатты қалпына келтіру шығындары жатады.

Экология заңдарының (жер, жер қойнауы, су, орман, атмосфералық ауаны және жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау және басқа табиғатты қорғау зандарының) тиісті бабтарында құқықтық жауаптылык түрлері көрсетілген.

Жер кодексінің XXXV тарауы — "Жер заңдарын бұзғандық үшін жауаптылық", "Жер қойнауы және минералдық шикізатты ұқсату туралы" кодексінің XV бөлімі — "Жер қойнауы және минералды шикізатты ұқсату туралы заңдарының бұзылғаны үшін жауаптылық", Су кодексінің XXVI тарауы — "Су зандарын бұзғаны үшін жауаптылық", Орман кодексінің 75-бабы — "Орман заңдарын бұзғандық үшін жауаптылық' дсп аталады.

Осындай тараулар мен баптар "Атмосфералық ауаны қорғау туралы", "Жануарлар дүниесін қорғау, оның өсімін арттыру және пайдалану туралы" заңдарда да бар.

Экологиялык заңдарда құқықтық жауаптылықтыц қылмыстық, әкімшілік, материалдық (азаматтык.) тәртіптік түрлері көрсетілген. Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы заңның 69-бабында тәртіптік және материалдық жауаптылықтың, 70-бабында әкімшілік жауаптылықтың, 71-бабында қылмыстық жауаптылықтың әрекет немесе әрекетсіздіктің нәтижесінде туындайтын түрлері көрсетілген[18,б.35].

Экологиялық тәртіпті бұзудың төрт белгісі бар: тәріпті бұзушының кінәсы, заңға қарсы бағыт, занды удудан келген зиянның себепті байланысы, табиғи ортаға, адамның денсаулығына (өміріне) келген зиян немесе ондай залалдың сөзсіз болу қаупі. Тәртіп бұзушының кінәсы: қасақана немесе абайсызда болуы мүмкін. Заңға қарсы бағыт табиғи ортаны қорғау немесе тиімді пайдалану туралы заңды қасақана бұзады. Мұндай заңды бұзушылықты 3 топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа — табиғи ресурстарды занда көрсетілген реттерде алуға-сатуға, сыйға тартуға, кепілдік беруге, өз бетімен айырбастауға және осы сияқты жерге, жер қойнауына, суға, орманға, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне мемлекет меншігі құқығын тікелей иемесе жасырын түрде бұзатын әрекеттер жатады.

Екінші топқа — жер, оның қойнауы, су, орман, барлық сан алуан түрлері бойынша алғанда жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, дағдылы және сирек кездесетін ландшафтар, табиғи қорықтар, табиғи заказниктер, ұлттық табиғи парктер, табиғат ескерткіштері, жердің климаты мен озонды қабаты, сондай-ақ атмосфералық ауа және табиғи экологиялық жүйелер мен биосфера-пың компоненттері (сыңарлары) ретінде өзге де табиғи объектілерін қорғау, пайдалану құқығына қарсы жою, ластау және өзге де ұтымсыз әрі салдыр-салақ пайдалану әрекет немесе әрекетсіздіктер жатады.

Үшінші топқа — адамдардың денсаулығы мен өміріне, сондай-ақ мүлкіне табиғи жағдайлар мен шаруашылық және өзге де қызметтің зиянды ықпал ететін заң бұзушылықтарының түрлері жатады.

Табиғатты пайдалану және қорғау туралы заңдарын аталған үш топқа бөлгенде айналадағы табиғи ортаны корғауға тиісті объектілер ескеріліп отыр. Егер мемлекеттік мүддесін басшылыққа алсақ, онда табиғат қорғау зандарын бұзғаны үшін жауаптылықтың түрлерін мемлекеттің қоғамдық мүдделеріне, экологиялық және экономикалық мүдделеріне қарсы бағытталған түрлеріне бөлуге болады.

Экологиялық жауаптылықтың тиісті санкциясы болуы керек. Ол болмаса заңда экологаялық жауаптылық экологиялық құқықтық талаптардың бұзатын әрекеттер мен әрекетсіздіктердің түрлерін көрсетумен шектеліп, ол үшін жауаптылық кылмыстық, әкімшілік, тәртіптік, мүліктік және басқа заңдармен реттеледі деп көрсетілсе нақтылыққа сай келер еді.

Экологиялық қылмыс — Қазақстан Республикасында айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы заңдармен белгіленген экологиялық құқық тәртібіне қол сұғатын және адамдардың денсаулығына немесе айналадағы табиғи ортаға зиян келтіретін, не зиян келтіруге нақты қатер төндіретін, қылмыстық заңда көзделген қоғамдық қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), сондай-ақ экологиялық залал келтіретін, қылмыстык занда көзделген езге де қоғамдық қауіпті іс-әрекет.

Бұл тұжырымның негізгі шарты — экологиялық құқықтық тәртіпті бұзған әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстық занда қаралуы керек. Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы занда (73-бап) қылмыстық жауаптылықтың (экологиялық қылмыстар) 23 түрі көрсетілген. Олардың ішінде:

— айналадағы табиғи ортаның шамадан тыс ластануы;

— радиоактивті және химиялық заттармен жұмыс істеген кезде экологиялық талаптардың бұзылуы;

— су кәсіпшіліктерімен (заңсыз айналысу;

— заңсыз аң аулау;

— өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің объектілерін өз бетінше пайдалану;

— жануарларға қатыгездік жасау;

— жерді, суды өз бетінше басып алу;

— жер қойнауын өз бетінше қазу;

— ауылшаруашылық және өзге де алқаптарды қорғау талаптарының бұзылуы;

— орман алқаптарының қасақана жойылып, оларға зақым келтірілуі;

— ағаштардың заңсыз кесілуі;

— орман алқаптарын өртеу жолымен қасақана жою немесе оларға едэуір зақым келтіру және басқа қылмыстық әрекеттер бар. Бірақ аталған табиғаттық і белгіленген қылмыстың 23 түрі де қылмыс кодексінде көрсетілген деуге болмайды. Сондықтан табиғат қорғау заңдарында қылмыстың түрлері Қазақстан Республикасы Қылмыс кодексінде көрсетілген қылмыстың ірімсіі шектеледі.

Экологиялық әкімшілік жауаптылық — экология құқығына қарсы қасақана немесе абайсыз жасалған әкімшілік- жауаптылық көзделген кінәлы әрекет немесе әрекетсіздік[19,б.26].

Табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшін экологиялық әкімшілік жауаптылықтың негізгі екі шарты бар.

Біріншісі, ондай заңдарды бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде керсетілген болуы керек.

Екіншісі, ондай әкімшілік құқық бұзушылық экологиялық, қылмыс белгілеріне жатпауы керек. Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы заңның 71-бабында қаралған 13 түрлі әкімшілік жауаптылықты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде орын алған деуге болмайды.

Жер, су, орман, жер қойнауы кодекстерінде және басқа экологиялық заңдарда және Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде экологиялық әкімшілік жауаптылықтың "Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы" заңында (оның 71-бабында) көрсетілмеген түрлері де бар.

Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің "мемлекеттік меншікке қиянат жасайтын экімшілік құқық бұзушылық" туралы 7-тарауында жерге, жер қойнауына, суға, орманға, жануарлар дүниесіне мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жасырын түрде бұзғаны үшін акімшілік жауаптылық қарастырылған. Бұл туралы жогарыда аталған "Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы" занда экологиялық жауаптылық қаралмаған.

Осыларды ескере отырып, табиғат қорғау заңдарында қаралған талаптардың бұзылуына кінәлы лауазымды адамдар мен азаматтардың экологиялық тәртіп бұзушылықтары экологиялық қылмыс белгілеріне жатпаса, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көрсетілген әрекеттер мен әрекетсіздіктер үшін жауап беретінін назарда ұстау керек.

Экологиялық әкімшілік жауаптылық туралы істерді Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен Экология және биоресурстар министрлігінің органдары мен лауазымды адамдары және соған арнайы уәкілдік алған өзге де органдар қарайды.

Экологиялық тәртіптік жауаптылық — экологиялық құқыққа қарсы қасақана немесе абайсызда жасалатын тәртіптік жауаптылық көзделген кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік.

Тәртіптік жауаптылық туралы арнайы қабылданған заң жоқ. Бірақ тәртіптік жауаптылық колхоз мүшелері үшін Колхоздың үлгі Жарғысында, жұмысшылар мен қызметшілер үшін Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарында, кодексінде және ішкі тәртіп ережелерінде, сондай-ақ басқа нормативтік актілерде қаралған. Экологиялық тәртіптік жауаптылық кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың табиғат қорғау заңдары талаптарының бұзылуына кінәлі лауазымды адамдары мен өзге де қызметкерлердің, міндеті мен қызметтерін және айналадағы "табиғи ортаны қорғау мен табиғи ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі жоспары мен шараларды орындамау салдары-нан пайда болады.

Экологиялық материалдық жауаптылық — экологиялық құқыққа қарсы қасақана немесе абайсыз жасалатын кінәлі әрекет пен әреккетсіздіктің салдарынан табиғат объектілерінің меншік иесіне (мемлекетке), иемденушілері мсн пайдаланущыларына келтірген зиянды өтеу. Бірақ экологиялық зандарда табиғатты пайдаланушылар мен иемденушілерге тиетін материалдық зиян заңда көрсетілген себепті жағдайларда да болуы мүмкін. Мысалы, Жер кодексінің 164-бабына сәйкес қайтарып алынған немесе уақытша алынған ретте иемденушілер мен жер пайдаланушыларға мірілген зиянды өтеу қарастырылған. Жердің меншік иесі -мемлекеттің жерді мемлекеттік немесе қоғамдық қажеттіктер үшін алуы заңға қайшы келмейді. Мұндай жағдайларда жер заңы бұзылмайды, бұдан келген зиян мемлекет белгілеген тәртіппен толық қалпына келтіріледі және Жер кодексінің 47-бабында қаралған иеленушілерге берілген кепілдіктер толық жүзеге асырылады.

Ауыл шаруашылығының қажеттіктеріне арналмаған ауыл шаруашылық алқаптарын алу барысында жер иеленушілердің, жер пайдаланушылардың, жалгерлердің шығындарын және ауыл шаруашылық өндірісінің залалдарын өтеу тәртібі туралы Ереже мұндай шығындардың өтеуге жататын түрлерін белгілеп, өтеу тәртіптерін де қараған. Ауыл шаруашылығына келген зияндарды нілеу тәртіптері мен оларды пайдалану ережелері ие ауыл шаруашылығына арналмаған ауыл шаруашылық алқаптарының орнына жаңа жерлерді игеру құнының нормативтері де қосымша берілген. Ауыл шаруашылығына келген зияды ауыл шаруашылығынан жер алған бұрынғы немесе кейінгі жер иелеиуімілерге немесе пайдаланушыларға келген шығын (зиян) деуге болмайды. Ол — тек ауыл шаруашылығы өндірісінің жоғалтқан өнімдерінің орнын толтыру құнының мөлшері. Материалдық жауаптылықтың тәртіптік жауаптылықтан айырмашылығы бар. Тәртіптік жауаптылықта жоғарыда айтқанымыздай, тек еңбек міндеттері мен қызметін орындауға байланысты себептерімен табиғат заңдарының талаптары бұзылып, азаматтардың тәртіптік жауаптылығы туындайды. Экологиялық магериалдық жауаптылық осы жағдайларда және еңбек етуге немесе қызмет атқаруға байланыссыз да пайда болуы мүмкін. Мысалы, өз бетімен орманнан рұқсатсыз ағаш кесіп алудан келген материалдық зиян адамның еңбек етуіне немесе қызметіне байланысты емес. Сонымен бірге табиғат ресурстарына келген зиян азаматтардың да, кәсіпорындар мен ұйымдардың және мекемелердің де кінәсынан пайда болуы мүмкін. Соған орай экологиялық салалық зандарда табиғатқа зиян келтіретін субъектілердің арасында заңды ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер де бар. Мысалы, Қазақстан Республикасының "Жануарлар дүниесін қорғау, оның өсімін молайту және пайдалану туралы" заңының 62-бабында мынадай ережелер бар.

Кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары, оның аумағында тұратын немесе мекендейтін басқа да адамдар жануарлар дүниесін қорғау, оның өсімін молайту және пайдалану туралы заңдардың бұзылуынан келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының зандарымен белгіленетін мөлшерде және тәртіпке сай өтеуге міндетті.

Кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың зиянды өтеуіне байланысты шығынға ұшырауына кінәлі лауазымды адамдар мен басқа да қызметкерлер белгіленген тәртіпте материалдық жауаптылықты мойындарына алады. Бұл ережелерден кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, Қазақстан Республикасының азаматтары, шет елдің азаматтары және басқа да азаматтар экологиялық материалдық жауаптылықтың субъектісі бола алады деген қорытынды жасауға болады. Сондықтан айналадағы табиғи ортаны ластау, табиғи ресурстарды бүлдіру, жою, зақымдау, ұтымды пайдаланбау және табиғат қорғау заңдарын бұзу арқылы айналадағы табиғи ортаға, азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, заңды ұйымдарға және шаруашылықтарға зиян шектірген кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар мен азаматтар (соның ішінде шетелдік азаматтар мен заңды ұйымдар) келтірілген зиянды өтеуге міндетті. Келтірілген зиянды өтеу тәртібі заңға сәйкес зиян келтірушінің өз еркімен, не соттың немесе төрелік соттың шешімімен нұқсан көлемін есептеудің бекітілген мөлшері мен әдістемесі бойынша, ал ондайлар болмаған жағдайда — айналадағы табиғи ортаның бұзылған жай-күйін келтірілген залалды ескере отырып, қалпына келтіруге жұмсалатын нақты шығындар бойынша белгіленеді.

Экологиялық материалдық зиян табиғи ресурстар мен экологиялық жағдайларға байланысты адамның денсаулығына, сондай-ақ оның мүлкіне де залалын тигізуі мүмкін, айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы заң қауіптілігі жоғары көзден (ядролық сынақтан), сонымен бірге ортаның адам денсаулығына келтірілген зиянын өтеу түрлерін қарастырады [20,б.45].

Айналадағы табиғи орта үшін қауіптілігі жоғары қызметпен айналысатын кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар мен азаматтар, егер зиянның алапат күш немесе зардап шеккен адамның арам ниеті салдарынан туынмағанын дәлелдей алмаса, азаматтардың денсаулығымен мүлкіне, заңды ұйымдарға, шаруашылықтарға айналадағы табиғи ортаға келтірілген зиянын өтеуге міндетті.

Айналадағы табиғи ортаның кәсіпорындар, мекеме-ұйымдар немесе азаматтар қызметі туғызған қолайсыз ықпалының азаматтар денсаулығына келтірген зияны зардап шегушінің еңбек қабілетінен айрылу «есін, оның емдеуге, денсаулығын қалпына ируге, науқасты күтуге жұмсаған шығындарын, өзге де шығындарын, сондай-ақ тағайындалған зейнетақы немесе жәрдемақыларды ескере отырып, Қазақстан Ресспубликасының Азаматтық заңдарына сәйкес толық көлемінде өтеуге тиіс.

Азаматтардың денсаулығына табиғаттың алапат дүлей күші келтірген зиянды өтеу Қазақстан Республикасының арнайы заңына сәйкес немесе Министрлер Кабинеті қаулысының негізінде жүргізіледі.

Табиғи ресурстарға келтірілген зиян Министрлер Кабинеті бекіткен қаулылар бойынша белгіленген таксалар мөлшерінде ендіріледі. Мысалы, орман заңдарын бұзғаны және Қазақ КСР-ының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинағаны немесе зақымданғаны үшін материалдық жауапкершілік туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қиулысы 1993 жылғы 23 ақпанда қабылданды.

Орман шаруашылығына және өсімдіктер дүниесіне келгірілген зиянның мөлшерін есептеуге арналған құқықтық қорғалатын орман объектілерінің, сирек ұшырасатын және жойылып бара жатқан бағалы генетикалық қорды, сондай-ақ дәрілік өсімдіктерді сақтау, оларды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында 7 түрлі таксасы және Қазақ КСР-ның Қызыл кітабына енгізілген, өсімдіктерді зақымданғаны және жойғаны үшін құнын өндіріп алудың көтеріңкі мөлшері белгіленген Тізбесі бар.

Экологиялық заңдарды бүзып, табиғат ресурстарына, адамдардың өмірі мен мүлкіне келтірілген материалдық зиянды өтеу кінәлы адамдардың қылмыстық, экімшілік, тәртіптік жауапқа тартылуы немесе тартылмауына бай-ланысты болмайды.

Экология заңдарын немесе жер, жер қойнауы, су, орман және басқа табиғат объектілерін қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылықтар осы заңдарды басшылыққа алып қолдануға арналмаған. Сондықтан экология зандарында көрсетілген заң бұзушылықтар тәртіптік, қылмыстық, экімшілік, мүліктік жауапкершіліктерді белгілейтін заңдар үшін негіз болып қала береді.

Қазақстан Республикасында айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы және басқа салалық экологиялық зандардың тиісті талаптарын бұзғаны үшін құқықтық жауаптылық туралы баптарында қаралмаған экологиялық жауаптылықтар да бар. Ондай жауаптылықтардың түрлеріне жер, су, жер қойнауы және басқа табиғи ресурстар туралы заңдарды бұзғаны үшін экологиялық жауаптылықтар жатады. 1. Жер заңын бұзғаны үшін экологиялық жауаптылық Жер заңдарын бұзғаны үшін экологиялық жауапты-лық (қылмыстық, әкімшілік, азаматтық, материалдық, тәртіптік жауаптылықтардан басқа) — жер заңдарының талаптарын, ережелерін қасақана немесе абайсыздықтан жасалатын кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік.

Жер кодексінің 24-бабында жер заңын бұзушылықтың мынадай түрлері қаралған:

—жер учаскесін ұтымды пайдаланбау салдарынан ауыл шаруашылық алаптарының өнімділік деңгейі нормативтегіден кадастрлық баға бойынша қатарынан үш жыл бойы төмендеп кетуі;

— жер учаскесін топырак құнарлылығының кемуіне, оның химиялық және радиоактивтік жағынан ластануына, экологиялық жағдайдың нашарлауына әкеліп соқтыратын әдістерімен пайдалануы;

— егістік зиянды және карантинді арамшөптермен ластанса;

—суармалы жерді батпақтануға, қайталап сортаңдануға және ирригация эрозиясы ошағының пайда болуына әкеліп соқтыратын әдістермен пайдалану;

— төлем мерзімі біткен күннен бастап үш ай бойы жер салығы немесе жалға алу ақы төлемеу;

— ауыл шаруашылық өндірісіне (шаруа шаруашылығын қоспағанда) берілген жер учаскесін бір жыл бойы және ауыл шаруашылығына жатпайтын өндіріске берілген жерді екі жыл бойы пайдаланбау;

— шаруа шаруашылығына берілген жерді алғашқы үш жылдан кейін қатарынан екі жыл бойы пайдаланбау.

Аталған жер заңдарын бұзғаны үшін жер иемденушілер мен жер пайдаланушылардың барлық жер учаскесін немесе оның бір бөлігін пайдалану күқығы жергілікті атқарушы органдардың немесе әкімнің шешімі бойынша жойылады.

Жергілікті атқару органдарының немесе экімнің жерді иелену құқығы мен жерді пайдалану құқығын жою туралы шешіміне сотқа шағым беруге болады.

Жер кодексінде жер пайдалану ережелерін үнемі бұзғаны үшін жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардан олар дұрыс пайдаланбай отырған жер учаскелерін қайтарып алу қарастырылған. Бұл ретте жерді қайтарып алу жер учаскесін берген органның немесе әкімнің, не соттың шешімі бойынша жүргізіледі (Жер кодексінің 196-бабы).

2. Жер қойнауын пайдалану және оны қорғау заңын бұзганы үшін экологиялық жауаптылық

Жер қойнауы және минералдық шикізатты ұқсату туралы кодекстің 21-бабына сәйкес:

Кен пайдаланушылар, кен белігі актісінің немесе шартының ережелері бұзылған, жер қойнауын пайдаланудың және оны қорғаудың ережелері бұзылған реттерде, жер қойнауы пайдалануға берілген күннен бастап екі жыл бойы пайдаланылмаса, кен пайдалану құқығы тоқтатылады.

Жер қойнауына және айналадағы табиғи ортаға нұқсан келтірген ретте азаматтар өздеріне тиесілі жер учаскелерінің шегінде кең тарағаң пайдалы қазбалар өндіру мен жер астының тұщы суын алу құқығынан айырылады.

Жер қойнауын пайдалану құқығын жою тәртібі Жер қойнауын және минералдық шикізатты ұқсату туралы қодексінің 22-бабында қаралған.

3. Су заңдарын бұзғаны үшін басқа жауаптылық

Суды пайдалану және қорғау шарттары бұзылған, суды көзделген мақсатқа пайдаланбаған реттерде су пайдаланушылардың суды пайдалану құқығы толық немесе ішінара жойылады (Су кодексінің 22-бабы).

Су пайдалану құқығын жою тәртібі аталған кодексінің 44-бабымен реттеледі.

4. Орман заңдарын бұзғаны үшін басқа жауаптылық

Орманды пайдаланғаңда оны игілікке асырудың белгіленген тәртібі мен ережелері бұзылса, олардың жалпы жай-күйі мен ұлғайта өсірілуіне теріс әсер ететін, олардың экологиялық тынысын ңашарлататын, сондай-ақ топырақ эрозиясына және басқа орны толмас олқылықтарға экеліп соқтыратын эдістері қолданылса, рұқсат құжаттарындағы кезделген міндеттері орындалмаса, орманды пайдаланғаны үшін белгіленген ақы мерзімінде төленбесе пайдаланушылардың аталған орман қорын пайдалану құқығы жойылады.

Орман қорын пайдалану құқығын жоюды лицензияның, ағаш кесу билетінің, ордерінің, орман билетінің күшін жою арқылы осы рұқсат құжаттарын берген органдар жүзеге асырады.

Орманды пайдаланушы, орман қорын пайдалану құқығын жою туралы шешімімен келіспеген жағдайда, ол сотқа шағым бере алады.

5. Жануарлар дүниесін қорғау, оның өсімін молайту және пайдалану заңдарын бұзғаны үшін экологиялық жауаптылық

Жануарлар дүниесін өзге мақсатқа пайдаланғанда немесе белгіленген ережелерді, нормаларды және өзге де талаптарды ұдайы өрескел бұзған кезде жануарлар дүниесін пайдалану құқығы жойылады.

Жоғарыда аталған экологиялық жауаптылықтар қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік және азаматтық материалдық жауаптылықтармен қатар қолданылуы мүмкін, бірақ олардың қолданылуына кедергі жасай алмайды. [21,б.42].

 

 

Оршаған ортаны қорғау туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауапкершіліктің түрлері және заңды бұзумен келтірілген нұқсанды өтеу

Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің IX бөліміндегі 46 тарауында «Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік және экологиялық дауларды шешу» деп аталады. Шын мәнінде экологиялық жауапкершілікке Қазақстан Республикасының табиғатын және оның құрамдас бөлігі болып табылатын табиғи ресурстар туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершіліктер жатады.

Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін заңдық жауапкершіліктің бастамасы экологиялық заңдардың талабын бұзушылық болып саналады. [22,б.75].

Экологиылық заңдарын бұзу-белгіленген экологиялық тәртіпті бұзатын және табиғи ортаға және оның ресурстарына зиян келтіретін заңға қайшы келетін кінәлі субъектінің әрекет немесе әрекетсіздігі.

Экологиялық тәртіп –адамның өз өмірі мен денсаулығы үшін табиғи ортаның қолайлы болуына құқығын қамтамасыз етудің, қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың адам қызметінің осы ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеудің, табиғи тепе-теңдіктің сақтау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың ережелері мен негізгі түпкі бағдарламаларының жүйесі.

Табиғи ортаға және оның ресурстарына зиян келтіру дегеніміз экологиялық тәртіпті бұзу салдарынан табиғатқа, табиғи ресурстарға, адамның денсаулығы мен өміріне келген немесе келуі мүмкін болатын экологиялық қауіптің салдары.

Экологиялық тәртіпті бұзу мен табиғи ортаға және табиғат ресурстарын және адам денсаулығы мен өміріне зиян келтіру тығыз байланысты. Себебі экологиялық тәртіп бұзылғана жағдайда, оның табиғатқа, табиғи ресурстарға, адам денсаулығы мен өміріне кері әсері болады. Оның бірінші түрі: табиғи техногендік және төтенше табиғи оқиғалардан экологиялық жағдайдың нашарлануы мүмкін. Бір адамның және қоғамныңэкологиялық қызметінде олардың алдын-ала зиян әсерлерін болдырмау, жеңілдету шараларын қолдану міндеті қойылған жағдайларда және антропогендік әсерлердің пайда болуы заңдық жауапкершілік туғызады. Соған орай алдын алу шараларын қолданбаған кінәлі адамдардың жауапкершілікке тартылуы заңның талабынан туындайды.

Екінші түрі: табиғатқа, табиғи ресурстарға экологиялық мониторингі жүргізу талаптары, табиғи ресурстарды пайдалану кезінде талаптарды, жобалауға қойылатын экологиялық және өзге де талаптар мен норативтердің орындалмауы салдарынан экологиялық тәртіп бұзылып, табиғатқа, табиғи ресурстарға, адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.

Сондықтан табиғатқа және табиғи ресурстарға келетін теріс әсерлердің салдарына табиғи қорлардың сарқылуы, бұзылуы, табиғаттан алынатын табыстардың азаюы немесе болмай қалуы табиғатты қалпына келтіру шығындары, атмосфералық ауаның табиғи ортаның адам өмірі мен денсаулығына қолайлы болмай зиян келуі жатады.

Экологиялық заңдардың міндеттеріне осы аталған зиянның топтастырылуын көрсету яғни заң бұзушылықтардың жүйесін белгілеу жатады.

Қоршаған ортаны қорғау туралы және салалық экологиялық заңдарда экологиялық тәртіптерді бұзғаны үшін жауапкершілікке жататын заң бұзушылықтар аталмайды. Ол әсіресе кейінгі 90 жылдарда қабылданған заңдарға әдетке айналған.

Әрбір жеке құқық саласында заң бұзушылық болуы мүмкін болса, ол әр бір заңдық жауапкершілікті сол заңның өзі атап беруі осы заңның міндеті болуы қажет. Мұның экологиялық қатынастар саласында жеке заңдылықты сақтау үшін өте қажетті мәні бар. Осыны еске алып, Қазақстан Республикасының Орман кодексі орман заңдарын бұзғандық үшін жауаптылықтың (75-бап), су кодексі су заңдарын бұзғаны үшін жауаптылықтың (120-бап) пайда болу негіздерін көрсетіп берді. Заңның мұндай нормалары жоғарыда аталғанындай экологиялық тәртіпті, экологиялық қатынастарда заңдылықты сақтауға және осы салада заңды жауапкершіліктің құқық негіздерінің жариялығын және ол туралы ақппараттың болуына саяды. Осы талаптарға ҚР 2007 жылы 9 қаңтарда қабылдаған Экологиялық кодексі сай келеді. Оның 45-67 баптарында экологиялық сараптама саласындағы Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңдарын бұзушылықтың түрлерін атап көрсеткен. Олардың жалпы саны 12 және экологиялық заңды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында басқа да заң бұзушылықтар қаралуы мүмкін деп ескертілген. Бірақ өкінішке орай “Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы” заң күші бар Жарлықта, осы Жарлықтың тәртіптерін бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің пайда болуы туралы сөзде, бапта жоқ. Жаңа қабылдаған 2003 ж. 20 маусымдағы “Жер туралы” заңда жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік 122-бапта аталғанымен не үшін осы заңның қандай тәртіптері мен талаптары бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің түрлері және оның пайда болу негіздері аталмай қалған [23,б.61].

Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы заң нормаларының бір-бірімен тығыз байланыста болатынын ескерсек экологиялық заң бұзушылық пен экологиялық заңдық жауапкершіліктің де бір-бірімен тығыз байланыста болатынын байқауға болады. Өйткені экологиялық жауапкершіліктің арқауы – экологиялық заң бұзушылық болып табылады.

Экологиялық заңды бұзу екіге бөлінеді. Біріншісі – тәртіпсіздік, екінші - қылмыс. Тәртіпсіздік-жеңіл тәртіп бұзушылыққа жатса, қылмыс ауыр тәртіп бұзушылыққа жатады-оны қылмыс деп атайды.

Жеңіл тәртіп бұзушылық үшін еңбек заңында-тәртіптік жаза қолданатын, материалдық шығынға тәртіп бұзушылық үшінматериалдық немесе азаматтық құқық нормалары қолданылатын, экологиялық құқық нормаларын жеңіл бұзылатын түрлеріне әкімшілік құқық нормалары қолданылатын тәртіп бұзушылық экологиялық немесе азаматтық құқық нормаларын бұзушылық тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықпен қатар пайда болуы мүмкін.

Экологиялық немесе экологиялық салалық жауапкершілік осы заңдардың нормаларынан пайда болатын және осы заң салалары нормаларында қаралған ерекше жазалау шаралары қаралған жағдайда қолданылады.

Экологиялық құқық бұзушылық төрт түрлі құрамнан тұрады. Біріншісі – объект, екіншісі – субъект, үшіншісі – объективтік тарап, төртіншісі – субъективтік тарап.

Экологиялық заң бұзушылықтың объектісі – экологиялық нормалармен реттелген және реттелетін қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі қоғамдық қатынастар. Бұл объекті екіге бөлінеді. Жалпы экологиялық объектіге – табиғат немесе қоршаған ортаны қорғау туралы қатынастар. Салалық экологиялық объектілерге жер, су, орман, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, атмосфералық ауа, жер қойнауы, пайдалы қазбалар, ерекше қорғалатын табиғи объектілер, континентальдық шелф туралы пайда болатын және экологиялық заңдармен реттелген және реттелетін қатынастар жатады. Олардың ішінде құқықтық реттелуге қарай табиғи ресурстарға мемлекеттік және жеке меншік құқығы, табиғатты пайдаланушылардың құқығын қорғау, климат пен озон қабатын қорғау жөніндегі қатынастар өз алдына экологиялық заң бұзушылықтың объектісі бола алады.

ҚР Экологиялық кодексінің 1-бабында қоршаған ортаны қорғау объектілеріне жер, оның қойнауы, су, атмосфералық ауа, орман мен өсімдіктер, жануарлар дүниесі, табиғи экологиялық жүйелер, климат және жердің озонды қабаты, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектілері аталған. Бұл тұжырымның бір жақты екенін оқулықтың бастапқы жағынан атағанбыз. Себебі экологиялық құқықтық қатынастар табиғатты және оның ажырамас бір бөлігі табиғи ресурстарды қорғау жөнінде ғана емес оны пайдалану және табиғи ресурстардың өсімін, өнімін молайту және қорғау, және пайдалану, экологиялық апат және ахуал жөнінде де құқықтық қатынастар пайда болады. Экологиялық заңдарда реттелген және реттелетін осы қатынастар ішінде заң бұзушылық қатынастар олардың құрамдас бөлігі болып саналады.

Экологиялық заң бұзушылықтың субъектісін екіге бөліп қарау дұрыс болады. Себебі тұлғалар табиғатты және табиғи ресурстарды пайдаланушы тұлғалар мен табиғи ресурстарды заң жүзінде пайдаланушыларға жатпайтын тұлғаларға бөлінеді.

Табиғат пен табиғи ресурстарды пайдаланушыларға экологиялық заңның 12-бабында қаралған тұлғалар және осы заңның 13-бабында аталған табиғатты жалпы пайдаланушылар жатады. Табиғатты пайдаланбайтындарға басқа тұлғалар жатады [24,б.5].

Аталған 12-бапта көрсетілген субъектілердің ішінде ұлттық және шетелдік табиғат пайдаланушылар, шет мемлекеттер, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар бар. Экологиялық құқық бұзушылардың субъективтік мәртебесі заң бұзушылықтың, жауапкершіліктің түрлеріне және олардың жасына байланысты болады. Заң бұзушы субъектілердің жауапкершілік жасы еңбек, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық заңдардың нормаларымен белгіленеді. Мысалы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 72-бабына сәйкес құқық бұзушылық жасаған кезде он алты жасқа толған, бірақ он сегіз жасқа толмаған адамдар кәмелетке толмағандар да танылады. Оларға әкімшілік жаза тағайындалуы мүмкін не оларға тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.

Сонымен бірге осы Кодекстің 73, 74-баптарында кәмелетке толғандарға әкімшілік жазалар қолданудың ерекшеліктері көрсетілген. ҚР-сы Қылмыстық кодексінің 15-бабына сәйкес қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылады. Ал қылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған адамдар осы Кодекстің 2 бөлігінде көрсетілген қылмыстар үшін қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін. ҚР Қылмыстық кодексінің 11 тарауында көрсетілген экологиялық қылмыстардың ішінде кәмелетке толмаған азаматтардың жауапкершілігі қаралмаған.

ҚР Еңбек Кодексінің 25-бабында еңбек шартын, оның ішінде кәмелетке толмағандармен еңбек шарттарын жасаудың, 160-бабында шарт жасаушылардың материалдық жауапкершілікті қолдану туралы ережелері бар.

Экологиялық заң бұзушылықтың объективтік тарапы өзінің үш құрылымы (элементтері) мен ерекшеліктері:

Бірінші: құқық бұзушының қимылының заңға қайшылығы;

екінші: экологиялық зиян келтірген немесе зиян келтіру қаупі бар немесе экология құқығы субъектілерінің басқа да заңды құқықтары мен мүдделерін бұзушылық;

үшінші: құқыққа қарсы іс-әрекет және экологиялық зиян келтіру немесе ондай зиянның келуіне нақты қауіптің немесе экологияя құқығы объектілерінің басқа да заңды құқықтары мен мүдделерінің бұзылуы арасында байланысты болуы.

Экологиялық заң бұзушылықтың субъективтік тарапы заң бұзушының кінәсімен сипатталады. Ол әрекет, әрекетсіздік қасақана және абайсыздық нысандарында болуы мүмкін.

Сонымен экологиялық заңдық жауапкершіліктің түрлеріне тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық, материалдық (азаматтық) және экологиялық салалық ерекше жауапкершіліктері жатады. Олардың сипаттамасы, мазмұны төменде қаралады.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде және басқа экологиялық заңдарында материалдық жауапкершілік туралы нормалар жоқ. Бұл заңда мүліктік, азаматтық құқық және табиғатқа және адамдардың денсаулығына келтірілген зиян жөнінде нормалар бар.

2007 жылғы 9 қаңтарда қабылданған ҚР Экологиялық кодексінің 320 бабында экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Ал осы заңның 322 бабында экологиялық заңнаманы бұзудан келтірілген зиянды өтеу тәртібі көрсетілген.

Материалдық жауапкершілік ҚР еңбек заңының нормаларына сәйкес еңбек шарты талаптарының материалдық жауапкершілігі белгіленген (14 тарауы). Оның өзінде де ЕТЗ 164 бапта жеке еңбек шартындағы басқа тарапқа зиян келтірген тарап оны заңға және өзге де заң актілеріне сәйкес сот шешімі негізінде не ерікті түрде өтейді деп көрсеткен. Еңбек шартында оған қатысушы тараптардың материалдық жауапкершілігі нақтыланады.

Егер қызметкер өзінің еңбек (қызметін) міндеттерін атқаруына байланысты жұмыс берушінің кінәсінен жарақат алса немесе қабілетін толық немесе ішінара жоғалтса, жұмыс беруші қызметкерлерге сақтандыру өтемі төленбейтін кезде оған келтірілген зиянды ҚР нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен, жағдайларда өтеуге міндетті.

Еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына және ұйымның мүлкіне келтірілген зиян үшін берушінің жауапкершілігі сақтандырылуға тиіс.

Жұмыс беруші мен жұмыскер (қызметкер) арасында толық материалдық жауапкершілігі мынадай жағдайларда пайда болады:

1) қызметкерге берілген мүлік пен басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін өзіне толық материалдық жауапкершілік алу туралы жазбаша шарт жасаса;

2) заңдарға сәйкес қызметкерлерге еңбек міндеттерін орындау кезінде жұмыс берушіге келтірген зиян үшін толық жауапкершілік жүктелсе;

3) қызметкер мүлік пен басқа да құндылықтарды бір жолғы сенім хат пен немесе басқа да бір жолғы құжаттар бойынша есеп беруге алған болса;

4) қызметкер зиянды алкогольдіқ, нашақорлық немесе уытқұмарлық мас болу жағдайында келтірілген зиян үшін;

5) зиян материалдардың, жартылай фабрикаттардың, бұйымдардың (өнімдердің), оның ішінде оларды дайындау кезінде, сондай-ақ жұмыс беруші қызметкерлерге пайдалануға берген құрал саймандардың, өлшеу аспаптарының, арнаулы киімдермен басқа да заттардың, жеткіліксіздігінен, қасақана жойылуынан немесе қасақана бүлдіруінен келтірілсе;

6) зиян коммерциялық құпияны жариялау салдарынан келсе;

7) зиян қызметкердің қылмыстық тәртіппен қудаланатын әрекеттердің белгісі бар іс-әрекеттерінен келтірілген жағдайларда алудың кінәсінен жұмыс берушіге келтірілген зиянға толық мөлшерінде материалдық жағынан жауапты болады (ЕТЗ-ның 165-бабы).

Жоғарыда аталған ҚР Еңбек туралы заңындағы нормалар қызметкердің (жұмысшының) еңбек шарты еңбек өткен орнында оның бағыныштылығына және мүлік нысанасына байланыссыз қолданылады. Ол жұмыс орнының табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау және пайдалануға қатысы бар барлық іс-әрекеттерге, қызметке, жұмысқа қолдануы мүмкін.

Мысалы «Мемлекеттік орман қорының учаскесiнде қылқан және ceксеуіл екпе ағаштарын басты пайдаланудың кесуiне тыйым салу және оларды сақтау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 23 сәуiрдегi №460 қаулысында мүліктік жауапкершілікті белгілеу жөнінде нормалар бар.

Мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің қызмет бабындағы теріс әрекеттері үшін Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына, соның ішінде Еңбек заңдарын сәйкес жауапты болуы мүмкін [25,б.7].

Экологиялық заңдарды бұзғаны салдарынан табиғатқа, табиғи ресурстарға, табиғи ресурстың меншік иесіне, табиғат пайдаланушыға, адамдардың мүлкіне, денсаулығына, өміріне зиян келуі мүмкін. Оның қатарында алынбаған табыс пен моральдық зиян да бар. Осы зияндардың құқықтық жағынан жүйелеп қарағанда заңда қорғалатын құқық субъектілері мен объектілерінің мынадай түрлеріне зиян келеді:

1) табиғатқа;

2) табиғи ресурстардың меншік иесіне;

3) табиғатты және табиғи ресурсты пайдаланушыға;

4) меншік иелерінің мүлкіне;

5) адамдардың днсаулығына;

6) субъектілердің алынбаған мүліктік табысына;

7) адамның моральдық құқығына;

8) ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының өндірісіне.

Заңдарда зиянды “шығын”, “залал” деп те атайды. Мысалы, Экологиялық заңда қоршаған ортаға, азаматтардың денсаулығына, ұйымдардың, азаматтар мен мемлекеттің мүлкіне зиян келтіру, азаматтардың денсаулығын қалпына келтіру және басқа шығындарын өтеу қаралған

“Жер туралы” заңда меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірілген залалды өтеу деп аталған (119-бап). Залалды өтеуді өндіріп алудың нысанын сома деп белгілеген (86-бап). Сома зиянның, залалдың мөлшерін анықтау үшін қолданылатын ақшаның түрі, яғни зиянның (залалдың) ақшалай өлшемі. Ақша (валюта) Азаматтық Кодекстің 127-бабына сәйкес өлшем бірлігіне жатады. Оның құны Қазақстан Республикасында теңгемен есептеледі. Осы Кодекстің 115-бабына сәйкес ақша мүліктік игілік және құқық объектісіне жатады.

Сондықтан да экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауапкершіліктің мүліктік нысаны материалдық жауапкершілік болып аталуы тиіс.

«Мемлекеттік орман қорының учаскесiнде қылқан және ceксеуіл екпе ағаштарын басты пайдаланудың кесуiне тыйым салу және оларды сақтау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 23 сәуiрдегi №460 қаулысында ҚР Қызыл Кітабына енгізілген өсімдіктерді заңсыз жойғаны немесе зақымдағаны үшін жауапкершілікті материалдық жауапкершілік деп атаған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты пленумының “Соттардың қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарын қолдану тәжірибесі туралы” қаулысында “Жалпы ереже бойынша кінә қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін мүліктік жауапкершілікке тартуға қажетті негіз болып табылады” – деп қорытындыға келуі заң талаптарынан туындайды.

Мұндай пікірдің дұрыстығын экология саласындағы ғылыми еңбектерде кездестіруге болады. Мысалы, Б.Әбдірайымов: “Экологиялық зиян деп қоршаған ортаның жай-күйі саласының нашарлауын немесе азаюын, сондай-ақ осымен байланысты заңмен қорғалатын материалдық және материалдық емес игіліктердің, оның ішінде адамның өмірі мен денсаулығының азаюын ұғынған жөн”- дейді. Бұл жерде біз материалдық жауапкершілік жөніндегі анықтаманың салдарынан пайда болатын зиянның (залалдарын) анықтамасының дұрыс немесе дұрыс еместігіне тоқталатын болсақ, онда экологиялық залал жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі пікірлер бар екенін айтуымыз керек. Біздің ойымызша экологиялық зиянның заңдық анықтамасын беру үшін зиянның қандай қорғалатын игіліктердің және құқықтардың объектілеріне келетінін біліп алу керек. Соған қарай экологиялық залалдың анықтамасын беруге болады. Біз жоғарыда экологиялық зиян (залал) келетін сегіз түрлі субъектілер, объектілерді атап өттік. Соған орай экологиялық заңдарды бұзу салдарынан келген зиян дегеніміз – ол тұлғалардың заңмен қорғалатын экологиялық құқықтарын бұзудың материалдық мөлшерін анықтайтын заңнын талабы. Осы тарап арқылы материалдық және басқа да заңдық жауапкершіліктер анықталады (тәртіптік, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық, моральдық және басқалар – арнаулы экологиялық). Аталған материалдық жауапкершілік субъектілердің тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық, моральдық және арнаулы экологиялық жауапкершіліктерге тартылуына немесе тартылмауына байланыссыз заң жүзінде жүзеге асырылуға жатады.

Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін материалдық жауапкершіліктің түрлері төмендегідей.

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі экологиялық заңдарды бұзу салдарынан келген зиянды төрт топқа бөліп қараған.

Бірінші топқа:

а) қоршаған ортаға келген зиян;

б) азаматтардың денсаулығына келген зиян;

в) ұйымдардың, азаматтар мен мемлекет мүлкіне келген зиян жатқызылған.

Екінші топқа:

а) қызметі қоршаған ортаны қорғауға күшті қауіп төндірумен байланысты заңды және тұлғалардың егер жойқын күштің немесе зардап шегушінің қасқойлығы салдарынан зиян келтіргені дәлелдей алмаса, өздері келтірілген зиянды өтеуі.

Үшінші топқа:

а) қоршаған ортаны бұзу салдарынан азаматтардың денсаулығына;

б) мүлкіне келтірілген зиян;

в) зардап шегушінің еңбек қабілетінен айырылу дәрежесін;

г) оның емдеуге және денсаулығын қалпына келтіруге жұмсалған шығындарды;

д) науқасты күту жөніндегі шығындарды, өзге де шығындар мен залалды ескере отырып толық өтеу қаралған.

Төртінші топқа:

а) қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзылуы салдарынан келтірілген моральдық зиянды өтеу жатады.

Аталған үшінші топқа жататын “´өзге де шығындар мен залалдардың” ішінде алынбай қалған пайданың болуы мүмкін (Жер туралы заңның 120-бабының 5 бөлігі).

Осы аталған заңдардың салдарынан жоғарыда аталған қоршаған ортаны қорғау туралы немесе экологиялық заңдарды бұзғаны үшін мүліктік жауапкершіліктің түрлері пайда болады [26,б.74].

Экологиялық зиянның түрлері әр түрлі. Ол қоршаған ортаның саны мен сапасына, оның объектілерінің ластануына, бұзылуына, жойылуына, олардың табиғи байланыстылығының үзілуіне әкеліп соғуына да байланысты болуы мүмкін. Экологиялық зиянды осындай түрлерге бөліп қараудың, олардың пайда болу себептерін, қауіпті дәрежесін анықтау үшін де өте қажетті, сонымен бірге олар заңның талабына жатады.

Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін материалдық жауапкершіліктің құқықтық негіздері төмендегідей.

Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін материалдық жауапкершіліктің құқықтық негіздеріне ҚР-ның “Экологиялық кодексінің , “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы”, “Жер туралы”, Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңдар мен Орман және Су кодекстері, Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Жарлық пен және осы аталған заңдар, кодекстер мен жарлықтардың талаптарына сай Қазақстан Республикасының Үкіметінің, орталық атқарушы және жергілікті мемлекеттік органдардың қабылдаған ережелері, тәртіптері және басқа нормативтік құқықтық актілері жатады. Олардың қатарына мыналар жатады:

1) қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік (ҚР Экологиялық кодекстің 46 тарауы, 319-322 баптары);

2) меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірілген залалды өтеу негіздері, залалды өтеу тәртібі, жер заңдарын бұзғандық үшін жауапкершілік (Жер туралы заңның 119, 120, 122 баптары);

3) жер қойнауын пайдаланушының контракт жасау шарттарын сақтауын бақылау (ЖҚ пайд. заңның 70 бабы);

4) Орман заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық, орман қорына кірмейтін ағаш-бұта өсімдіктерін құртқаны немесе зақымдағаны үшін жауаптылық (Орман кодексінің 75, 77 баптары); “Қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманының бұзылуы салдарынан келтірілген залалды өтеудің жекелеген мәселелері” туралы ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 12 қыркүйектегі 1186 қаулысы (Егемен Қазақстан 12 қыркүйек, 2001 ж.); жеке және заңды тұлғалардың ағаштар мен бұталарды заңсыз кесуінен және зақымдануынан орман шаруашылығына келтірілген залалды өтеудің мөлшері; жеке және заңды тұлғаларды өзге де құқық бұзушылықтары салдарынан орман шаруашылығына келтірілген залады өтеудің мөлшері; жеке және заңды тұлғалардың барлық санатары жерлерде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинау, дайындау, зақымдау немесе жою арқылы келтірілген залалды өтеуінің мөлшері; орман шаруаш








Date: 2016-06-09; view: 308; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.202 sec.)