Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?







Экологиялық зиянды өтеу тәсілдері 2 page



Шумен ластау – көлік, өнеркәсіптік құрылыстар, тұрмыстық құралдар жұмысының нәтижесінде және т.б. себептерден табиғи шу деңгейінен асу және шу сипаттамаларының (дыбыс мерзімділігінің, күшінің қалыптан тыс өзгеруі.)

Электромагниттік ластау қоршаған ортаның электромагниттік қасиеттерінің (электр, радио, ТД жүйелерінен және т.б.) өзгеруі нәтижесінде туындайды. Электромагниттік ластау кең ауқымды және жергілікті құбылыстарды туғыза отырып, электрондық жүйелер жұмысының бұзылуына және нәзік клеткалық және молекулярлық биологиялық құрылымдардың өзгеруіне әкеліп соқтырады. Электромагниттік өзгерістерден қорғалудың негізгі тәсілі – ластау көзінен қауіпсіз ара қашықтық белгілеу қажет. Электромагниттік толқындар көбіне ғимараттар қабырғалары мен төбелерінің материалдары арқылы сіңіріліп, шағылысады [32,б.51].

Радиоактивтік ластау - қоршаған ортадағы элементтер мен заттардың табиғи радиоактивтік ахуал мен деңгейден асып кетуімен байланысты (бұл ретте радиоактивтік ластау физикалық және химиялық ластау ретінде бірдей қарастырылуы мүмкін). Ядролық реакторлардың жұмысы, сондай-ақ изотоптарды өндіру және қолдану барысында пайда болатын қолданылмайтын радиоактивтік заттар – радиоактивтік қалдықтар болып табылады. Радиоактивтік қалдықтарға сондай-ақ радионуклидтер құрамы белгіленген нормадан асып, өз қорын игерген және әрі қарай қолдануға келмейтін материалдар, бұйымдар, құрал-жабдықтар немесе зақымданған радионуклид көздері жатады. Физикалық жай-күйі бойынша радиоактивтік қалдықтар шаң-газ тектес, сұйық және қатты, ал белсенділігі бойынша баяу, орташа және жоғары белсенділерге бөлінеді. Шаң-газ тастандылары радиоактивтік аэрозольдардан тазалау шаң ұстағыштардың барлық түрлерін қолану арқылы жүзеге асырылады. Баяу және орта белсенді суларды радионуклидтерден тазалау үшін әртүрлі тәсілдер қолданылады (буындыру, ион алмасу, сорбиялық тәсілдер және т.б.). Радиоактивтік қалдықтар арнайы полигондарда мұқият көмілуге тиіс.

Химиялық ластау - қалыпты қоршаған ортада жоқ немесе оның табиғи құрамын қалпынан арттырып өзгертетін үлы заттардың оған енуі нәтижесінде қоршаған ортаның табиғи химиялық қасиеттерінің өзгеруі.

Құрамында қоршаған ортаға енген кезде оған тікелей немесе жанама түрде, қолма-қол немесе келешекте қоршаған ортаға зиян келтіре алатын заттарды немесе қоспалары бар органикалық немесе органикалық емес химиялық зат, қоспа немесе өнім улы зат болып табылады.

Мысалы, мұнай өңдеу барысында жанар май жағылған кезде қоршаған ортаға құрамында физиологиялық тұрғыдан белсенді азот, сера, көміртегі бар газдар шығарылады, ал олар орталық жүйке жүйесіне әсер етеді, тұншықтыруға, қан қысымының түсуіне әкеп соғады. Сонымен бірге, су, топырақ және атмосфералық ауа күйіндегі химиялық өзгерістер ақыр соңында жануарлар мен өсімдіктердің өзгеруіне әкеледі.

Биологиялық ластау аз зерттелген ұғым. Сондықтан оның жалпы танылған түсінігі жоқ. Бұл жерде жануарлар санының (биомассаның) табиғи қалыптан артып, көбеюі, сондай-ақ табиғи ортаға бұрын болмаған жануарлардың пайда болуы туралы айтылуда. Биолигиялық ластау салдары адам үшін зиянды арам-шөптердің, жәндіктер мен жануарлар санының күрт өсуі арқылы білінеді. Жоғарыда айтылған биологиялық объектілердің кейбірінің жұқпалы ауруларға шалдықтыратыны қосымша қауіп төндіреді. Қоршаған ортаға зиянды биологиялық әсердің өзге де салалары пайда болуы мүмкін: кей жануарлар өрісінің көбеюі жемшөп қорының тозуына, ал ақыр соңында – жерлердің шөлге айналуына әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан да, “Жануарлар дүниесін қорғау, өсімдіктерді молайту және пайдалану туралы” ҚР Заңында жануарларды жаңа мекендеу орындарына көшіру, фауна үшін жануарлардың жаңа түрлерін жерсіндіру, жануарларды қайта жерсіндіру және будандастыру, Қазақстанға енгізу және одан тыс шығару тек ғылыми-зерттеу институттарының тиісті қорытындылары ескеріле отырып, рұқсат алу тәртібі бойынша жүргізіледі. Биотехнология мен тек инженериясының дамуы – агрессивті микроорганизмдердің қоршаған ортаға келіп түсу мүмкіндігі де жаңа экологиялық қауіп төндіруде.

Табиғи ресурстардың жекелеген түріне қатысты олардың ластануы ұғымы арнайы құқықтық-нормативтік актілерде жан-жақты берілген.

Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27 маусым 2007 жылғы «Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалдың экологиялық ережесін бекіту туралы» №535 қаулысы бойынша антропогендік қызмет нәтижесінде қалыптық деңгейден асатын және жердің қор экономикалық және санитарлық-гигиеналық құндылығын төмендететін, ауылшаруашылық өнімнің, қоршаған ортаның өзге объектілерінің сапасын, халықтың тұрмысын нашарлататын әртүрлі заттар мен организмдердің жерде жиналуын – жерді ластау деп ұғыну қажет.

Жерді ластаудың негізгі түрлеріне мыналар жатады:

- физикалық (радиоактивтік) ластау – жерлердің радионуклидтермен, оның ішінде пайдалы қазбаларды алу және өңдеу, ядролық жарылыс, ядролық қондырғыштардың жұмысы, иондық сәуле көздерін, радиоактивті заттарды сақтау және көму орындарын пайдалану, ядролық радиациялық апаттар, сондай-ақ радиоактивті заттармен байланысты өзге де қызмет нәтижесінде ластануы;

- химиялық ластау - өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, тұрмыстық және өзге де адам қызметінің ықпалымен топырақтың құнарлылығы мен сапасының төмендеуіне әкеп соқтыратын, топырақтың химиялық құрамының өзгеруі;

- биологиялық ластау – жерлердің бактериологиялық, гельминтологиялық, энтомологиялық және арамшөп-карантиндік ластануы;

- шаруашылық-тұрмыстық ластау – жерлердің өндірістік қалдықтарымен және ағынды сулармен ластануы.

Суды коммуналдық, өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, балықшаруашылық және басқа да мақсаттарда пайдалануы мүмкін болмаған жағдайда оны судың ластануы деп түсіну керек, ал нәтижесінде су объектісінің гидрологиялық күйін нашарлататын және суды пайдалануға кедергі жасайтын өндірістік және тұрмыстық қатты қалдықтарды суға тастау – суды қоқыстандыру болып табылады (ҚР Су кодексінің 100-бабы) [33,б.42].

Сонымен, шаруашылық қызмет барысында қоршаған орта міндетті түрде ластанады. Сонымен бірге, ҚР Жоғарғы сотының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы N16 қаулысының 9-тармағында кез келген ластанудың емес, қоршаған орта сапасының белгіленген нормативтерінен асатын ластанудың (нормативтен тыс ластау) заңды мәні болады деп түсіндіріледі.

Қоршаған ортаны нормативтен тыс ластау ұғымы «Қоршаған ортаны қорғау министрлігі» бекіткен «табиғат қорғау заңдарын бұза отырып қоршаған ортаға келтірілген залалдың мөлшерін анықтаудың уақытша тәртібінде» берілген. Осыған сәйкес мемелекеттік аспаптық бақылау, талдау мен есеп айыру әдістемесі барысында анықталған шығарындылар мен тастандылардың белгіленген лимидтерден артықтығынан және ластандырғыш заттарды орналастыру табиғи ортаның нормативтен тыс ластануына әкеп соқтырады.

Бүгінгі таңда қоршаған ортаға зиянды әсерлердің шектеулі өлшемдерін анықтау, сондай-ақ атмосфералық ауаны, сулар мен топырақты химиялық, физикалық және биологиялық сипаттамалар бойынша сапасын бағалау үшін экологиялық нормалау жүйесі, яғни қоршаған орта сапасының нормативтерін белгілеу жүйесі қолданылуда.

Қоғамның экономикалық және экологиялық мүдделері арасындағы шын мәнінде қажетті ымыра ретінде бұл нормативтер қоршаған ортаның сапалы күйін мүмкіндігінше ғылыми негізде қамтамасыз етуге арналған.

Экологиялық нормативтердің ерекшелігі – олар өз мәнісі бойынша техникалық нормалар бола тұра, өздері бекітілген кезден бастап күшіне енеді. Экологиялық нормативтер заң шығарушылық деңгейде («ҚР Экологиялық кодексінің» 35-42-баптары), сондай-ақ министрліктер мен ведомстволар деңгейінде бекітілетін заң актілерімен тиянақталады.

Сонымен бірге, оларды жасау мен бекітудің рәсімі заң бойынша бекітілмегендіктен, кейбір нормативтердің заңды күші жөнінде сұрақтар туындайды. мысалы, “Мұнай өнімдер” МАҚ-ның бұйрығымен бекітілген “Стационарлық, контейнерлік және жылжымалы жанармай станцияларын қолдану ережелерінің” 11.3. тармағында белгіленген жанармай станцияларының жұмыс аумағында зиянды заттардың шоғырлануы нормативтері.

Әсіресе нормаландыру принципін атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі қатынастарды реттеу кезінде қолданудың маңызы зор. Себебі ауаның ластануын бір ғана тәсілмен – нормативтерді қолдану арқылы анықтауға болады. Демек бұл ауаны қорғаудың жалғыз құралы.

Айта кететін жай, қазіргі қоршаған ортаның сапасын нормалау жүйесі мінсіз емес. Оның басты кемшіліктері – ластайтын заттар әрекеттестігінің қолданысын (кумулятивтік) ескермейді, адамдар жасаған және қолданып жатқан ластайтын заттарға (мысалы, ауаны жоғары молекулярлық биополимерлермен ластау) қатысты нормативтер жоқ.

Сонымен бірге, нормаландыру жүйесінің шартты болуына қарамастан, бүгінгі күні қоршаған ортаның ластану фактісі туралы айту үшін ол жалғыз мүмкіндік болып табылып отыр.

ҚР Экологиялық Заңының 22-бабында экологиялық нормалау қауіпсіздікке және халықтың денсаулығын қорғауға кепілдік беретін, қоршаған ортаның ластануына жол берілмеуін, табиғи ресурстардың молықтырылуы мен ұтымды пайдалануын қамтамасыз ететін қоршаған ортаға ықпал етудің ғылыми негізделген шекті жол берілетін нормаларын белгілеу мақсатын көздейді делінген.

Қоршаған орта сапасын нормалаудың негізгі түрлеріне мыналар жатады:

- қоршаған ортада зиянды заттардың жол беруге болатын шекті мөлшерде шоғырлану нормативтері;

- шудың, тербелістің, магнит өрістері мен өзге де зиянды физикалық әсерлердің жол беруге болатын шекті деңгейінің нормативтері;

- қоршаған ортаға ластайтын заттардың жол беруге болатын шекті мөлшерде шығарылуы және тасталу нормативтері;

- радиациялық әсердің жол беруге болатын шекті деңгейінің нормативтері;

- агрохимикаттарды ауылшаруашылығы мен орман шаруашылығында қолданудың жол беруге болатын шекті нормалары;

- қорғау, санитарлық-қорғаныш және өзге де қорғаныш аумақтарының нормативтері (ҚР Экологиялық Заңының 23-бабы).

Атмосфералық ауаны, суды, топырақ пен жер қойнауын ластауы ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттардың жол беруге болатын шекті мөлшерде шоғырлануының нормативтері Қазақстан Республикасы аумағының барлығына бірдей болып табылады.

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі бекіткен Қазақстан Республикасындағы жер бетіндегі суларды қорғау ережелерінде халықтың шаруашылық-ауыз су және мәдени-тұрмыстық қажеттіліктері үшін, сондай-ақ балық шаруашылығының қажеттіліктері үшін қолданылатын судың құрамы мен сапасына қойылатын жалпы талаптар көрсетілген. Осы талаптарды ескере отырып, заттардың салмағы, түсі, исі, дәмі, температурасы, рН (қышқылдыққа) реакциясы, минералдық құрамы, еріген оттегінің, ауру қоздырғыштарының болуы, улылығы сияқты көрсеткіштерді нормаландыру және бағалау жүргізіледі.

Топырақты химиялық заттардың, органикалық қоспалардың, пестицидтердің жол беруге болатын шекті мөлшерде шоғырлану деңгейі, топырақтағы ауыр металл мен күшәланың жалпы түрлерінің жол беруге болатын құрамы Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау министрлігі» бекіткен атмосфераны, жер және су ресурстарын мұнай өнімдерімен, жер қабаттарының суларымен ластау және рұқсат етілмеген мұнай қоймаларын орналастыру кезінде зиянды есептеудің уақытша әдістемесінде көрсетілген.

Қоршаған ортаға ластайтын заттардың жол беруге болатын шекті мөлшерде шығарылу және тасталу нормативтері, сол аумақтағы ластаудың барлық көздері мен көлемдерін ескере отырып, ластаудың әрбір көзі бойынша нақты көлемде белгіленеді (ҚР Экологиялық Заңының 27-бабы).

´Өндірістердің сұйық, газ тектес және қатты қалдықтарын жою арнайы табиғат пайдалану құқығының бір түрі болып табылады. Ластаудың стационарлық көздері үшін, объектінің өндірістік қуаты және өзге де факторлары ескеріле отырып жеке номативтер белгіленеді.

Қоршаған ортаға ластайтын заттарды шығарумен (тастаумен), сондай-ақ өндіріс қалдықтарын орналастырумен байланысты шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар табиғатты пайдалану үшін арнайы рұқсат алуы керек. Ондай рұқсатты, ҚР Қоршаған ортаны қорғау Министрінің арнайы бұйрығымен бекітілген «табиғатты пайдалануға арнайы рұқсат беру ережелерінде» көрсетілген тәртіп бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілетті мемлекеттік орган береді.

Қоршаған ортаны радиациялық ластаудың әлеуметтік және экологиялық салдарын ескерсек, радиациялық әсердің жол беруге болатын шекті деңгейін нормалауды тиімді етіп реттеудің маңызы зор.

Қоршаған орта мен тамақ өнімдеріндегі радиациялық әсердің жол беруге болатын шекті деңгейінің нормативтері адамның денсаулығы мен генетикалық қорына төнетін қауіпті болдырмау, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау мақсатында белгіленеді .

“Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы” ҚР заңының 7-бабында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік нормаландыру халықаралық стандарттарды ескере отырып, радиациялық қауіпсіздік нормаларын, санитарлық ережелер, тазалық нормативтерін, құрылыс нормалары мен ережелерін, еңбек қорғау ережелерін белгілеу, радиациялық қауіпсіздік жөніндегі әдістеме, нұсқаулық және өзге де құжаттар арқылы жүзеге асырылады деп көрсетілген.

Радиациялық әсердің шекті мөлшерлері жүйесі және оларды пайдалану принциптері Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 1996 жылғы 29 тамыздағы N14 қаулысымен бекітілген “Гигиеналық нормативтер ГН2.6.1.054-96” НРБ-96 Радиациялық қауіпсіздік нормаларымен жан-жақты реттеледі.

Радиациялық қауіпсіздік нормалары мына принциптерге негізделген:

- иондаушы сәулелендірудің барлық көздерінен азаматтардың сәуле алуының жеке мөлшерінің жол берілетін шегінен асырмау (нормалау принципі);

- иондаушы сәулелендіру көздері пайдалану жөніндегі қызметтің барлық түріне тыйым салу, бұл орайда алынған пайда адам мен қоғам үшін табиғи радиациялық ортаға қосымша сәуле алу келтіретін ықтимал зиян қатерінен аспайды (негіздеу принципі);

- иондаушы сәулелендірудің кез келген көзін пайдалану кезінде сәуле алудың жеке мөлшері мен сәуле алатын адамдар санының экономикалық және әлеуметтік факторларын ескере отырып, мүмкіндігінше төмен және қол жетерлік деңгейде ұстау (оңтайландыру принципі).

Ауыл және орман шаруашылығында агрохимикаттарды қолданудың жол беруге болатын шекті нормативтері – соңғы кезде жаңа нормативтердің бірі болып табылады. Бұрын минералды тыңайтқыштар мен улы химикаттар пайдаланған кезде олардың нормасы экономикалық қажеттіліктерге сәйкес белгіленіп, экологиялық факторлар ескерілмейтін.

ҚР Экологиялық Заңының 27-бабында ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында минералдық тыңайтқыштарды, өсімдік қорғау құралдарын, стимуляторларды және басқа да агрохимикаттарды, тамақ өнімдеріндегі топырақ пен судағы химиялық заттар қалдықтарының жол берілетін шекті норматитерінің сақталуын қамтамасыз ететін мөлшерде қолдануға жол берілетін шекті нормалар көзделген. [34,б.95].

Жоғарыда айтылғандай, табиғат байлықтары адамның әртүрлі материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырудың көзі болып табылады. Алайда, табиғи ортаға тұтынушы тұрғысынан ғана қарау, табиғи ресурстарды табиғи биологиялық қалпына келу процестерін ескермей, шектен тыс тұтыну – оның тозып, құлдырауына әкеп соқтырады.

Сонымен, қоршаған ортаға зиян оның сапасының нашарлауы салдарынан ғана емес, оның сандық сипатының төмендеуіне әкелетін заңсыз әрекеттер, атап айтқанда, табиғат жүйесін табиғи ресурстарды шектен тыс алу немесе табиғи ресурстарды өз бетімен заңсыз пайдалану салдарынан келтіреді.

Заң шығарушылар табиғат ресурстарының жекелеген түрлеріне олардың тозуы ұғымын береді. мысалы, белгілі бір аймақ шегінде жер беті су ағысының ең төмен щегінің азаюы немесе жер асты сулары қорларының қысқаруы сулардың сарқылуы болып табылады (ҚР Су кодексінің 105-бабы).

Табиғи ресурстарының тозуына жол бермеу мақсатында ҚР Экологиялық Заңының 15-бабында табиғат пайдалану лимиттері мен квоталарын белгілеу көзделген.

Табиғат пайдалану лимиттері мен квоталары экологиялық шектеулер жүйесі болып табылады. Олар табиғи ресурстарды шектен тыс пайдаланудың (алып қоюдың), қоршаған ортаға ластайтын заттардың шығарылуы мен тасталуын, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырудың табиғат пайдаланушыларға белгілі бір мерзімге белгіленген көлемі болып табылады.

Жер туралы және жер қойнауы туралы заңдарда жер және (оның тозуының алдын алу құралы ретінде) пайдалы қазбаларды пайдаланудың нормалары әлі де дамыған жоқ.

Табиғи ресурстарды өз бетімен пайдалану салдарынан мемлекетке келтірілетін зиян екі сипатта болады. Арнайы табиғатты пайдалануға қатысты енгізілген рұқсат алу тәртібі тиісті құқықтық қатынастарды реттеу, оның ішінде табиғи ресурстарды тұтыну мен олардың қалпына келуінің табиғи процесі арасындағытиімді арақатынасты белгілеу мақсатымен жасалған. Сондықтан, бұл тұрғыдан табиғи ресурстарды рұхсатсыз пайдалануды белгілі бір жағдайларда табиғи ресурстардың тозуына әкеп соқтыратын әрекеттер ретінде қарастыруға болады. Екінші жағынан, нақты бір құқық бұзушылыққа қатысты мемлекет мүддесіне экологиялық зиян емес, экологиялық заңдарда көзделген төлемдерді алмай қалу арқылы білінетін, мүліктік зиян келтірілгені туралы айтуға болады.

Табиғи ресурстарды бүлдіру және зақымдау ұғымдарының заң тұрғысынан түсінігі ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі бекіткен “Табиғатты қорғау заңын бұзушылық арқылы табиғи ортаға келтірілген зиянның мөлшерін анықтаудың уақытша тәртібінде” берілген.

Табиғи ресурстарды жою, олардың қалпына келтірілуі мүмкін емес, әлде арнайы жұмыстарды талап ететін (жердің өңделуін, орманның көшеттелуін, түбі тазартылатын және басқа да жұмыстар), оның ерекше шаруашылық, тауарлық, ландшафтты-дем алатын орнын және эко-жүйелік (су реттеу, топырақ қорғау, климат жасау және басқа) құндылығын толық жоғалту деп саналады.

Мысалы, механикалық әсердің кейбір түрлері (арық қазу, ауыр көліктердің жүруі және т.б.) топырақтың құнарлы қабатын бұзуға немесе толық бүлдіруге әкеліп соқтыруы мүмкін.

Табиғи ресурстардың зақымдануы деп саналатын, олармен ішінара, олардың ерекше құндылығы, оны қалыпқа келтіруге рұхсат етілген жұмыстарын тездеп жүргізуде жіберілетін, әлде табиғат ресурстардың өздігінен қалпына келу әрекеті.

Жер туралы заңнамада жерді зақымдаудың ерекше тәсілдері ретінде оларды тиімсіз пайдалану көрсетіледі. Тиімсіз пайдалану деп – жағымды нәтижелер алу мақсаттарын орындамай (топырақ құнарлылығының нашарлауына әкеліп соқтыратын ауыл шаруашылық өндірісінің тиімсіз технологияларын пайдалану т.с.с.), сондай-ақ жерді су және жел эрозиясынан, селден, сазданудан, қайта сорланудан, кебуден, тығыздалудан қорғау жөніндегі талаптарды орындамай шаруашылық жүргізуді түсіну қажет.

Экологиялық тепе-теңдік пен табиғи экологиялық жүйелердің бұзылуы-экологиялық зиянның ең ауыр түрі болып табылады.

Экологияда зат-энергетикалық әрекеттестіктер негізінде біріккен тірі организмдер мен олардың мекендейтін ортасы жиынтығын экологиялық жүйе деп түсінеді.

Экологтар мұны микроэко жүйеге (мысалы, шіріген ағаш), мезоэко жүйеге (орман, тоғай) және макроэко жүйеге бөлінеді. Биосфера - ғалымдық экологиялық жүйе болып табылады.

Экологиялық тепе-теңдік дегеніміз – осы жүйенің бүтіндігі мен ұзақ және тұрақты өмір сүруін қамтамасыз ететін құрамдарының белгілі бір сан және сапа қатынасымен сипатталатын экологиялық жүйенің жай-күйі.

Экологиялық тұрақтылық деп экологиялық жүйенің сыртқы және ішкі (оның ішінде антропогендік) факторлар әсеріне қарамастан, өз құрылымын және функционалдық ерекшеліктерін сақтауға қабілетін ұғыну керек.

Экологиялық тепе-теңдіктің және экологиялық жүйелердің бұзылуы қоршаған ортадағы жағымсыз өзгерістердің ең тұрақтысы, оны жою мүмкін емес не ол үшін көп жылдар қажет.

Міне, экологиялық зиянның негізгі түрлерінің жалпы сипаттамасы осындай. Оның ерекшеліктерінің экологиялық құқық бұзушылық әрекеттерді дәрежелеуге маңызы зор.

Қазақстан халқы денсаулығының нашарлауына, аурулар мен өлімнің артуына, орташа өмір ұзақтығының қысқаруына негіз болып отырған фактордың бірі – ластанған қоршаған ортаның жағымсыз әсері.

Медико-гигеналық зерттеулердің дәлелдері бойынша аурулардың 80 пайызына және халық арасындағы өлімнің 20 пайызына себеп болып отырған қоршаған ортаның экологиялық қолайсыздығы.

Бүгінгі таңда қоршаған ортаның ластануы – ең көкейкесті мәселе болып отыр.








Date: 2016-06-09; view: 396; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.101 sec.)