Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?







Экологиялық зиянды өтеу тәсілдері 3 page



“Халық денсаулығы” мемлекеттік бағдарламасында мынандай ақпарат бар:

- тек негізгі өндіріс көздері Қазақстанның ауа бассейініне жыл сайын 6 млн. тонн ластайтын заттар тастауда;

- шаруашылық қызметінің нәтижесінде барлық өзендер мен су объектілерінің гидрохимиялық, гидробиологиялық, санитарлық тәртібі қатты өзгерген;

- топырақтағы металдың шоғырлануы жол беруге болатын деңгейден 10 есе асқан техногендік аймақтар құрылуда;

- радиоактивтік қалдықтар оларды көму үшін жағдайдың жоқтығынан жиналуда, сәуле шығарушы көздерді ұрлау, жоғалту және бағыты бойынша пайдаланбау салдарынан радиациялық апаттардың саны өсуде;

- қоршаған орта объектілері күйінің нашарлауы тамақ өнімдері сапасының нашарлауына әкеп соқтырады, халықтыі дені тиімсіз және жеткіліксіз тамақтануда;

- ауыз судың микробиологиялық және химиялық ластануы өсуде, су арқылы келетін жұқпалы аурулардың деңгейі жоғары [35,б.78].

Денсаулыққа келтірілген экогендік зиянды өтеу – заң тұрғысынан алып қарағанда күрделі мәселе. Заңгерлердің көбі мұның себебеін сондай зиянның туындау және пайда болу еоекшелігінде деп тануда. Туындау көзі бойынша ол экологиялық, ал пайда болу сипаттамасы бойынша – антропологиялық (адамға қатысты) болып табылады. Сондықтан оны өтеу азаматтық заңдардың денсаулыққа келтірілген зияны туралы ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Медициналық тұрғыдан алғанда денсаулық дегеніміз – толық физикалық, психикалық және әлеуметтік қолайлы жағдайдың объективті күйі және оны субъективті сезіну. Қоршаған орта сапасының нашарлауы адам организімінің бейімделу мүмкіндіктерін төмендетіп, оның салдарынан денсаулық бұзыла бастайды.

Ластанған қоршаған опртаның жағымсыз әсері бар аурулардың ағымын жеделдетуге және оның пайда болуына тікелей себеп бола алады.

Мысалы, кез келген қолдан жасалған дыбыстардың нәтижесінде адамның тез шаршап қалуына, ақыл-ой белсенділігінің бәсеңдеуіне еңбек өнімділігінің төмендеуіне, дене және жүйке ауруларына әкеп соқтыратын күш арқылы ластау деп қарастыруға болады. Шу деңгейі 110 дБ-дан жоғары болған жағдайда ол “шудан мас болуға”, одан сол есту қабілетін жоғалтуға әкеп соғуы мүмкін. Шуға бейімделу мүмкін емес.

Мұнай өңдеу және жанармай жағу барысында пайда болатын газдар құрамында азот оксидтері (жартылай оксидтер, оксидтер, азот ангидридтері, диоксид, тетраоксид және азоттық ангидридтер) болады. Барлық азот оксидтері физиологиялық тұрғыдан өте белсенді. Азоттың жартылай оксидтері оттегімен араласқан кезде әлсіз есірткінің дәрежесіне жетеді, ал одан жоғары деңгейде шоғырланған кезде қабындырып тұншықтыруға әкеп соғады. Азот оксиді орталық жүйке жүйесіне әсер етеді, көп мөлшерде оксигемоглабинді метогемоглабинге айналдырады. Азот диоксидтері мен тетраоксидтері өкпені кей жағдайларда оларды ісіндіріп, қан қысымын төмендетуі мүмкін. Атмосферадағы азот оксидтері бұған қоса созылмалы аурулардың асқынуына ықпал етеді.

Қоршаған ортаның ауыр металдармен, фтормен және бензапиреннің қоспаларымен ластануы дем алу органдары, бауыр қуық ауруларына жол ашады.

Құрамында бром, бор, магний жоғары хлорид-натрий суларын ұзақ пайдалану жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларына негіз болады.

Қоршаған ортаны улы заттармен ластау нәтижесінде адам денсаулығы үшін қысқа мерзімді және ұзақ мерзімде де салдар пайда болуы мүмкін.

Ластанған қоршаған орта адамға тікелей не биологиялық буын арқылы әсер етеді:

1-кесте

 

 

 
 

 


Сонымен, ластанған қоршаған ортаның жағымсыз әсері адамның денсаулығына зиян келтіретін экогендік зиянның тікелей көзі болып табылады.

Сонымен бірге, қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік фактордың бірігіп әсер ету нәтижесінде жүзеге асады.

Табиғи ластау деп табиғи жаратылысы бар ластайтын заттардың, мысалы, ғарыш бөлшектерінің, жанартау күлінің, өсімдіктер шаңының, теңіз тұздарының, орман өрті түтінінің қоршаған ортаға келіп түсуін түсіну қажет.

Антропогендік ластау адамның шаруашылық қызметінің әсерімен, соның ішінде табиғи ластаудың құрамы мен қарқынына тікелей немесе жанама әсер арқылы мысалы гидроқұрылыс нәтижесінде қалыптасады.

Егер табиғи ластау белгілі себептермен құқықтық реттеуге жатпайтын болса, антропогендік ластау ғалымдардың берік назарында болып отыр.

Теориялық тұрғыдан ластау көзі мен зиян келтіру көзі ұғымын ажырата білу керек.

Мысалы, ластайтын заттарды шығаратын шаруашылық объект антропогендік ластаудың көзі болып табылады.

Өндірістік объектілерге апат салдарынан ластайтын заттардың қоршаған ортаға шығарылуына әкеп соқтыратын табиғаттың зілзала күштері де антропогендік зиян көздері болып табылады.

Сонымен, денсаулыққа келтірілген зиянның қалыптасуы барысын былайша сызуға болады:

 

2-кесте

       
 
 
   

 

 

Ластанған қоршаған орта

 

 


Осы сызбада анық көрсетілгендей, жанама түрде тиетін зиянның механизмі экологиялық құқық бұзушылық арқылы, денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу туралы істерді қараған кезде оларды дәлелдеуді қиындатады (бұл туралы осы еңбектің үшінші тарауында айтылады).

Сонымен бірге, ластанған қоршаған ортаның жағымсыз әсерінің өзге де қоғамдық маңызы бар. Айталық, оны демографиялық салаға қатысы: халық өсімінің бәсеңдеуі, адамның өмір жасының қысқаруы, тумысынан кемтар адамдардың көбеюі. Сондықтан денсаулыққа келтірілген экогендік зиянды екі аспект тұрғысынан қарауға болады: біріншіден, ол адамға келтірілген (жеке) зиян, екіншіден, қоғамға келтірілген (қоғамдық) зиян. Жеке жәбірленуші келтірген зиян оның материалдық және материалдық емес шығындарының жиынтығымен анықталады. Ал халық арасындағы аурулардан қоғамға келтірілетін зиян ұлттық табыстың төмендеуі, денсаулық сақтау органдарының жәбірленушілерді емдеуге жұмсайтын қосымша шығындары, санитарлық эпидемиологиялық қызметтердің гигиеналық және алдын алу шараларын жүргізуге шығындары арқылы байқалады.

Денсаулыққа келтірілген экогендік зиянның тағы бір пайда болу нысаны – моральдық зиян, атап айтқанда экологиялық қолайсыз аумақтан мәжбүрлеп көшумен, кәсібін ауыстыру, бала туу мүмкіндігінен айырылу немесе ауру бала табу қаупімен байланысты тән азабы. Сонымен қатар, табиғат адамның экономикалық талаптарын ғана емес, эстетикалық (рухани) қажеттіліктерін қанағаттандыратын болғандықтан, қалалардағы ағаштарды жою да моральдық зиян факторы болып қарастырылуы мүмкін.

Қорыта отырып айтарымыз: денсаулыққа зиян келтіру - қоршаған ортаның сапалық жағдайындағы жағымсыз өзгерістер нәтижесінде экологиялық құқықтық нормалармен тыйым салынған әрекеттер жасалған кезде ғана орын алуы мүмкін.

Сондықтан экологиялық құқық ғалымдары экологиялық зиянның жалпы ұғымын – алғашқы және қайталама зиян деп екіге бөледі .

Бұл орайда адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян ластанған қоршаған ортаның жағымсыз әсері нәтижесінде пайда болатындықтан, ол тудырушы сипатқа ие болады.

Сөздің кең мағынасында алғанда құқықты қорғау деп құқықтың бұзылуына жол берілмейтіндей жағдай жасайтын қоғамдық қатынастар тәртібін мемлекеттің қолдауын айтамыз.

Қатысушылардың қарауындағы субъективті азаматтық құқықтар тек қана нақты жүзеге асырылуға тиіс емес, сонымен бірге олар субъективтік құқықтың бұзылуымен пайда болған барлық жоғалтуларды өтеп, қалпына келтіруді, бұзылған құқықтарды түзетуге мүмкіндік береді. Бұл тұрғыдан проф. В.П.Грибановтың мынадай пікірі көңілге қонады: “құқық қорғау сипатының мүмкіндігі оның құқық өкілеттігі ретінде субъективтік материалдық талаптар мазмұнының өзімен белгіленеді” [36,б.83].

Демек кез келген субъективті азаматтық құқық қорғауға жатады, сонымен бірге осы құқықтың жүзеге асырушысы заңда қаралған құралдардың көмегімен оны қорғауға тиісті құқықты еншілейді.

Қорғаудың юрисдикциялық түрі субъективті құқықтар бұзылғанда немесе дауға түскенде өкілетті мемлекеттік органдардың оны қорғауға араласуы болып табылады. Құқығы немесе заңдық мүддесі бұзылған тұста мемлекеттік немесе басқа да құзіретті органдарға (сот, аралық сот, жоғары инстанция және т.б.) шағынады, әлгі аталған органдар өз кезегінде бұзылған құқықты қалпына келтіру және бұзықшылықты жою үшін өкілеттігіне сай қажетті шараларды қолданады.

Қорғаудың юрисдикциялық нысаны бұзылған құқықтарды қорғаудың жалпы және арнайы тәртібін белгілейді. Жалпы тәртіпке сәйкес заңмен қорғалатын азаматтық құқықтардың мүддесін қорғау сот (төрелік немесе аралық сот) арқылы жүзеге асады.

Кейбір заңдарда аралас, яғни меншік құқығы мен басқа да заттық құқық қорғаудың әкімшілік сот тәртібін қолданады. Мұндай жағдайда мүліктің меншік иесі мен иеленушісі сотқа шағынбас бұрын мемлекеттік басқару органына шағымданады.

Қорғаудың юрисдикциялық емес нысаны заттың меншік иесі мен оны иеленушісінің мемлекеттік және басқа құзіретті органға бармай-ақ өз бетімен қорғауын білдіреді. Азаматтық кодекстің тұжырымдарында аталған әрекеттер “азаматтық құқықтардың өзін өзі қорғауы” ұғымымен байланысты (АК-тің 9-бабы) және меншік құқығы мен басқа заттық құқықтарды қорғаудың бір әдісі ретінде қаралады.

Жоғарыда айтылған құқықтық қорғаудың кең мағынасын меншік құқығын қорғаудың (және басқа да заттық құқықтың) арнайы құрал жүйесінен айыра білуі керек. Мұндай арнайы қорғану құқық бұзушылықтың сипатына байланысты келеді. Меншіктің абсолютті құқығы немесе басқа да заттық құқығы (мысалы, мүлікті алып қою) ретінде тікелей құқық бұзушылық кезінде заттық-құқықтық сипаты бар құралдары оны қорғауға кіріседі. Құқық бұзушы мен өкілетті тұлға арасында міндеттемелік қатынас болған ретте (мысалы, жалға алушы шартта көрсетілген мерзімде затты меншік иесіне қайтаруға тиіс болса) міндеттемелік құқықтың қорғау құралдары қолданылады. Міндеттемелік-құқық құралы талап қоюға тән нәрсе, ол бірден меншік құқығынан көріне бермейді, азаматтық құқықтың басқа институтттарына негізделеді, яғни міндеттемелік талап қою меншік құқығын тікелей емес, соңында, яғни ақыр аяғында қорғайды. Ал меншік құқығын қорғаудың заттық-құқықтық құралы меншік құқығын қорғауға тікелей бағытталуымен сипатталады және қандай да бір нақты міндеттемемен байланыста болмайды. ҚР-ның заңдары жәбірленушінің құқық бұзушыға қарсы талап қою түрін таңдау мүмкіндігін (айталық, шарттық немесе заттық-құқықтық) бермейді, бұл орайда шетелдердегі “талап қою бәсекесі” деп аталатын жағдайларды қолдамайды.

Меншік құқығын қорғаудың алғашқы екі әдісі меншік иесіне затты сол қалпында иемдену, пайдалану және оған билік жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. Талап ету – затты иесіне қайтару немесе пайдалануға тигізіп отырған кедергіні жою туралы сотқа қойылған талап заттық-құқықтық талап деп аталады. Аталған әдістердің соңғы екеуі міндеттемелік құқығына жатады – мұндай жағдайда меншік иесіне заттың ақшалай ақысы төленеді, ал тиісті талаптар міндеттемелік талаптар деп аталады.

Қорғау құқығы проблемасыбұл тек материалдық құқықтың ғана проблемасы емес, ол сонымен бірге азаматтық іс жүргізу құқығының да проблемасы болып табылады. Сонымен бірге азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымында қорғау құқығы, әдетте, талап қою құқығы туралы мәселеге келіп тіреледі. Бұл орайда талап қоюға құқық туралы мәселені шешуде айтарлық алшақтық туындайды.

Авторлардың бір тобы талап қоюға берілетін құқық ұғымынан келіп талап қою “құқықты сотпен қарау құралы ғана болып табылады” деген пікірге тоғысады.

Мұндай көзқарастар континенталды құқықтың талап қою теориясы үшін де сипаты жағынан сай келеді. Франция ғалымы Леон Жюлио де ла Морандьер осыған байланысты былай дейді: “талап арыз тұлғаның нақты құқықтық жағдайын немесе жаңа заңдық жағдайды құруы үшін сотқа сот әділдігін жүзеге асыруға жәрдемдесетін, ерікті, заңдық әрекет болып табылады, … талап қою дегеніміз оны беру құқығын еншілейтін иеленушінің өзіне тиесілі сотқа жүгіну құқығынан басқа ештеңе де емес”. Лео Розенберг (ФРГ) болса, “талап қою – сот шешімі арқылы құқықты қорғау үшін сотқа жүгіну” деп анықтама береді.

Осы анықтамалардың қай-қайсысы да талап қоюды белгілі бір тұлғаның тиісті мүддесіне қатысты сот шешімімен болатынын айқындап берген Рим құқығының анықтамасымен сәйкес келеді.

Автордың енді бір тобы талап қоюға құқықты материалдық мағынада және талап қоюға құқықты іс жүргізу мағынасында бөліп қарау керектігін ұсынады. Бұл орайда талап қою құқығына қатысты проблемаларды зерттеген авторлардың талап қоюды материалдық-құқықтық және іс жүргізу (процессуалдық) нысандарын бірлікте қарауы көңілге қонады. Сондықтан да В.П.Грибанов құқықты қорғау проблемасы тек талап қою қорғау нысанымен шектелмейтіндігін және талап қоюдан басқа да қорғау түрлерінің бар екендігін көлденең тартады.

Заң бойынша қорғау объектісі тек қана субъективтік азаматтық құқықтар ғана емес, сонымен бірге ол заңдармен қорғалатын мүдделерді де қамтиды. Қорғалатын мүдделер субъективтік құқыққа байланысы жоқ дербес түрде бола алады. Мысалы, оған адамның ар-намысы мен абыройы жатады. Қорғауға жататын мүдде құқық бұзушылық нәтижесінде субъективтік құқықтың өзі тоқтатылған жағдай да болуы мүмкін. Мысалы, зат жойылып кеткен кезде оған меншік құқығын қорғау мүмкін болмай қалады. Мұндай жағдайда бұрынғы меншік иесінің заңмен қорғалатын мүддесін қорғау және мүліктік жағдайын қалпына келтіру мәселесі қойылуы мүмкін. Демек, заңмен қорғалатын мүдде қорғаудың дербес объектісі ретінде жиі кездесетінін байқаймыз.

“Залалдар” ұғымын “зиян” және “нұқсан” категориясынан айыра білу керек.

Заң әдебиетінде залалды келген нұқсанның ақшалай бағалануы деген анықтама да кездеседі, әңгіме бұл арада заңсыз әрекет пен бір тұлғаның екіншісінің мүлкіне келтірілген нұқсаны жөнінде болып отыр.

Зиян ұғымы әркез ақшалай нысанда бола бермеуі мүмкін, сондықтан да бұл ұғым залалға қарағанда әлдеқайда кең ұғым. Бұл орайда О.С.Иоффе дұрыс айтады, яғни оның пікірінше зиян ұғымына қатысты залал дербес ұғым, зиян заттық және әлеуметтік мағынада қолданылады дейді.

Залал дегеніміз құқығы бұзылған тұлғаның жасаған немесе жасауға тиісті шығыстары, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-ақ сол адамның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бірақ алынбай қалған табыстары (айрылып қалған пайда) болып табылады.

Залалды толық өтеу принципін қолдану жәбірленуші жақтың, сонымен қатар меншік иесі мен титулды иеленушінің құқығын қалпына келтірумен өлшенеді.

Кеңес Одағы кезінде бұл қағида сөз жүзінде айтылып тұрса да, толық көлемде қолданылған жоқ, өйткені, бұл жоспарлы көрсеткіштермен, нормативті пайдамен байланысты болды [37,б.53].

Жаңа заң бойынша залалды өтеудің мәні меншік иесінің немесе иеленушінің мүлкін қалпына келтірумен бағаланады, мұның өзі оның бұзылған құқығын қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Залалды қалпына келтіру кезінде меншік иесінің тиісті мүлкінен артық ештеңе алуына жол берілмейді. Мұндай проблема залалдар мөлшерін айқындауының нақты реттеу мен әдістерін қолдана отырып шешіледі. ´кінішке орай қазіргі қолданылып жүрген азаматтық заңдарда залалды бүге-шүгесіне дейін есептеу жасалмаған. Ондай кемшіліктер сот тәжірибесі арқылы түзетілуі қажет.

Бірақ та аталған нормалар мен қаралған құқықтық құралдар заттық-құқықтық категорияға толық түрде қатысты бола алмайды. Сонымен қатар, егер Қазақстан Республикасының заң актілерін қабылдау нәтижесінде әлдекімнің меншік құқығы тоқтатылса, меншік иесінің мүддесін қорғау залалды өтеу жолымен, яғни міндеттемелік құқықтық талап қою көмегімен жүзеге асырылады.

Жалпы алғанда қазақстандық азаматтық құқықтың залал ұғымына көзқарасы (нақты нұқсан, айырылып қалған пайда), тәртібі мен оны өтеу мөлшері жағынан роман-герман жүйесіне тән келеді. Сонымен бірге “жалпы құқыққа” қатысты елеулі ерекшеліктері бар. Мәселен, залалдың маңызды ерекшелігі оның өтеу сипатын еншілеуі дер едік, өткені оған айыппұл залалдарын өндіріп алу жатпайды (мысалы, АҚШ-тың Бірыңғай сауда кодексінің 1-106 бабы былай дейді: “құқықтық қорғаудың құралын еркін қолдану”).

Меншік құқығының бұзылғаны үшін ақшалай өтем қолданылатын ағылшын-американдық құқықтан Еуропа континенталдық елдерінің құқығының айырмашылығы – меншік құқығын қорғаудың негізгі әдісі қорғаудың ерекшеленетін (заттық) әдісі болып табылады. Мұндай тұжырымды дәлелдей түсу үшін Швейцарияның Міндеттемелік заңының 97-бабын келтіруге болады, залалды өтеу туралы талап ету орындау затты бәз қалпында қайтару мүмкін болмаған жағдайда ғана орын алады.

Залалдарды өтеудің осы айтылғандарына сәйкес меншік құқығы мен басқа да заттық құқықтарды қорғауда маңызды аспект бой көтереді. Меншік құқығы мен басқа заттық құқықтарды қорғаудың проблемаларын салыстырмалы түрде зерттеу жүргізгенде автор мынандай қорытындыға келді, яғни меншік құқығын бұзуды жоюдың мүмкіндік көлемі, құқық бұзылғанша болған жағдайды қалпына келтіру, залалдарды өтеу қолданылатын қорғау құралдарына байланысты болады. Демек, Қазақстаннның цивилистік ғылымының аса маңызды міндеттерінің бірі заттық құқықтарды қорғаудың мейілінше оңтайлы шамасын таңдауды айқындау болып табылады. Бұл орайда өркениетті елдердің тәжірибесіне сүйенген жөн,сонда кейін ҚР-да меншікті бекіте түсуге нақты ықпал жасалмақ.

Дамыған елдерде экологиялық сақтандыру – экологиялық зиянды өтеудің ең тиімді тәсілі болып табылады. Оның басты мақсаты – төлем қабілеті жоқ борышкерге талап қойып отырған адамдарды қорғауды қамтамасыз ету.

Экологиялық қауіпсіздікті басқару жүйесінде қоршаған ортаны ластағаны және азаматтардың денсаулығы үшін жауапкершілікті сақтандыру әлеуметтік-экономикалық, өтем және привинтивтік міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған.

Экологиялық сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық міндеті оның қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық механизімінің ажырамас элементі, азаматтардың қоршаған қолайлы ортаға және денсаулығына келтірілген зиянды өтеудің кепілі болып табылатынында.

Экологиялық сақтандырудың привинтивтік міндеті мынадай факторлармен анықталады:

Біріншіден, сақтандырушы қауіпті объектінің қауіпсіздігі жағдайын тексеруге құқылы.

Екіншіден, сақтандырушы сақтандыру жағдайының туындауы сәл ықтимал болған жағдайда сақтандыру төлемдерінің ставкаларын төмендетіп немесе көтеріңкі қауіп пайда болған кезде көтеріп (заңда белгіленген мөлшерден асырмай), сақтандыру ставкаларымен әрекет жасай алады.








Date: 2016-06-09; view: 420; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.092 sec.)