Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?







Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар



 

Экологиялық қылмыс дегеніміз - белгіленген экологиялық тәртіпті бұзатын және табиғи ортаға зиян келтіретін заңға қайшы кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік айтамыз.

Қоршаған ортаны қорғау мен пайдалану барысындағы барлық қылмыстардың құрамын объектісіне байланысты мынадай түрлерге бөлуге болады:

А) Табиғатты пайдалануға байланысты әрекет ететін ережелерді бұзу.

1. ҚР ҚК 277 бап. Шаруашылық және өзге де қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы.

2. ҚР ҚК 278бап. Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы.

3. ҚР ҚК 279 бап. Микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттерінен немесе улы заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіз ережелерінің бұзылуы.

4. ҚР ҚК 280бап. Ветеринарлық ережелерді және өсімдіктердің аурулары немесе зиян кестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелерінің бұзылуы.

Б) Негізгі табиғат компоненттердің бұзылуы:

1. ҚР ҚК 281 бап.Суларды ластау, бітеу және сарқу.

2. ҚР ҚК 282 бап. Атмосфераны ластау.

3. ҚР ҚК 283 бап. Теңіз аясын ластау.

4. ҚР ҚК 284 бап. ҚР-ның айрықша экологиялық аймағы туралы заңның бұзылуы.

5. ҚР ҚК 285 бап. Жерді бүлдіру.

6. ҚР ҚК 286 бап. Жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу.

В)Фаунаны қорғау аймағындағы қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін қылмыстар.

1. ҚР ҚК 291 бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу.

2. ҚР ҚК 292 бап Ормандарды жою немесе зақымдау.

3. ҚР ҚК 293 бап. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың режимінің бұзылуы.

Г) Флораны қорғау аймағындағы қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін қылмыстар.

1. ҚР ҚК 287 бап. "Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз аулау".

2. ҚР ҚК 288 бап. "Заңсыз аңшылық".

3. ҚР ҚК 289 бап. "Жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу".

4. ҚР ҚК 290 бап. "Жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс-әрекеттер".

ҚР-ның Қылмыстық Кодексі «Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар» тарауына жаңа құрам «Экоцит» (161 бап) енгізді.

 

Берілген баптың құрамында өсімдіктер немесе жануарлар дүниесін жаппай жою, атмосфераны, жер және су ресурстарын улау,сондай-ақ экологиялық апатты туғызған немесе туғызуы мүмкін өзге де іс-әрекеттерді жасау қарастырылған. Бұл қылмыстың санкциясы-10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру.

Экологиялық құқықтық бұзудың 4 белгісі бар:

1) тәртіп бұзудың кінәсі-бұл қасақана немесе абайсызда болуы мүмкін. Қасақана құқық бұзушылыққа көбінесе заңсыз аң аулау, балықтарды заңсыз ұстау, орманды заңсыз кесу және т.б жатады.

2) Заңға қарсы бағыт-табиғи ортаны қорғау немесе тиімді пайдалану туралы заңды қасақана бұзады.

3) Қоғамдық қауіптілік - бұл жеке адам мен заңды тұлғалардың айналадағы қоршаған табиғи ортаға келтірген зияннан көрінеді.

4) Жазаланатындығы- бұл заң бұзушыға заңдық жауаптылық шаралары қолданылатындығын білдіреді [3,б.42].

Экологиялық құқық бұзушылықтың объектісіне айналадағы табиғи ортаны қорғау және сақтаумен байланысты қоғамдық қатынастар жатады. Бұл қатынастар өзінің мазмұнына қарай табиғи ресурстарға меншік құқығын, табиғат пайдалану құқығы, айналадағы табиғи ортаны зиянды зардаптардан қорғау, экологиялық құқықты және адамдар мен азаматтардың заңды мүдделерін қорғау және т.б болып табылады.

Экологиялық құқық бұзушылықтың субъектісіне заңды, жеке тұлғалар, соның ішінде ҚР-сының аумағындағы құқық бұзған ел азаматтары және изаңды тұлғалары жатады.

Экологиялық құқық бұзушылықтың объективтік жағы 3 түрлі: элементпен мінезделеді.

1) Құқыққа қайшы мінез-құлық

2) Экологиялық зиян келтіру немесе нақты зиян келтіру қаупі.

3) Құқыққа қайшы мінез-құлық пен нақты зиян келтіру қаупі арасындағы себепті байланыс.

Экологиялық құқық бұзушылықтың субъективтік жағы заң бұзушының іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі нәтижесінде көрініс табатын өзінің құқыққа қайшы мінез-құлқыны.Заң кінәнің 2 түрін қарастырады: қасақана немесе абайсызда. Қасақана экологиялық құқық бұзушылыққа құқық бұзушының мінез-құлқының нәтижесінде қоғамға зиян тигізетінің біле тұрып және санал түрде қылмыс істеуі жатады. Абайсыздықтың 2 түрі бар, өзіне сенушілік және ұқыптылық.

Экологиялық құқық бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік дегеніміз- мемлекет және оның органнаң заңның және заңдық тәртіптің сақталуы үшін, құқық бұзушыға қолданылатын мәжбүрлеу шараларын реттейтін құқық нормаларының жиынтығын айтамыз.

 

Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлеріне:

1) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын мүліктік жауапкершілікке әкеп соғатын бұзушылық;

2) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар;

3) экологиялық қылмыстар жатады.

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

Экологиялық құқық бұзушылықтар жасаған тұлғалар өздері келтірген залалды Экологиялық Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес өтеуге міндетті.

Мыналардың:

1) табиғи ресурстарды жою мен бүлдірудің;

2) табиғи ресурстарды өз бетімен және ұтымсыз пайдаланудың;

3) қоршаған ортаны өз бетімен ластаудың, оның ішінде авариялық, келісілмеген жаппай шығарындылар мен төгінділердің, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырудың;

4) қоршаған ортаны нормативтен тыс ластаудың салдарынан қоршаған ортаға, азаматтардың денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүлкіне келтірілген залал өтелуге тиіс.

Экологиялық құқық бұзушылық жасаған тұлғалардың жеке тұлғалардың денсаулығына келтірілген зиянды, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүлкіне келтірілген залалды өтеуі ерікті түрде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот шешімі бойынша жүргізіледі. Зиян жәбірленушінің еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі, оның емделуіне және денсаулығын қалпына келтіруге жұмсалған шығындар, аурудың күтіміне байланысты шығындар, өзге де шығыстар мен жоғалтулар ескеріле отырып, толық көлемде өтелуге тиіс [4,б.31].

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу ерікті түрде немесе жүргізілу тәртібі Экологиялық Кодекске сәйкес айқындалатын залалды экономикалық бағалау негізінде сот шешімі бойынша жүргізіледі.

Қызметі қоршаған ортаға жоғары қауіптілікпен байланысты жеке және заңды тұлғалар, егер зиянның еңсерілмейтін күш немесе жәбірленушінің теріс пиғылы салдарынан туындағанын дәлелдей алмаса, жоғары қауіп көзі келтірген зиянды өтеуге міндетті.

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу нәтижесінде келтірілген моральдық зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс.

1. Қоршаған ортаға зиян келтірген тұлға келтірілген залалды ерікті түрде жоюға не өзгеше тәсілмен оның орнын толтыруға құқылы. Тұлғаның залалды жою не оның орнын толтыру туралы міндеттемесі кепілхатта жазылуға тиіс.

 

2. Зиянды өтеу қоршаған ортаға зиян келтірген тұлғаның өз қаражаты немесе сақтандыру төлемдері есебінен құндық нысанда жүзеге асырылуы мүмкін.

3. Зиянды өтеудің құндық нысандарына қоршаған ортаның зиян келтірілгенге дейінгі жай-күйін қалпына келтіруге, табиғи ресурстарды молықтыру жөніндегі іс-шараларды орындауға, талапкерге, алынбай қалған пайданы қоса алғанда, өзге шығындарды өтеуге арналған ақшалай қаражат жатады.

4. Тараптардың келісімімен сот шешімі бойынша зиян жауапкерге қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі міндеттерді жүктеу жолымен заттай нысанда өтелуі мүмкін.

5. Зиянды өтеудің заттай нысандарына қоршаған ортаның зиян келтірілгенге дейінгі жай-күйін қалпына келтіру, жойылған не бүлінген табиғи ресурстың орнына оған құны тең ресурс беру жөніндегі шаралар жатады. Зиянды заттай нысанда өтеу келтірілген зиянды өтеудің тәртібін, талаптарын, мерзімдері мен көлемін регламенттейтін шарт және (немесе) келісім жасасу жолымен жүргізіледі.

6. Зиянды өтеудің өндіріліп алынатын сомасы мемлекеттік бюджетке, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда жәбірленуші тұлғаға аударылады.

7. Зиянды өтеу қоршаған ортаға зиян келтірген тұлғаны әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды.

Экологиялық дауларды шешу тәртібі:

1. Экологиялық дауларды соттар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шешеді.

2. Экологиялық құқықтық қатынастар субъектілері арасындағы экологиялық даулар келіссөздер арқылы, оның ішінде сарапшыларды тарта отырып не тараптардың бұрын келісілген дауларды шешу рәсіміне сәйкес шешілуі мүмкін.

Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік табиғатты қорғау саласындағы аса кең таралған түрлері болып табылады. Әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдану үшін негіз әкімшілік қылық жасау болып таыбалды. Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодесіне сәйкес мынадай әкімшілік жазалар көзделген:

1) ескерту жасау;

2) әкімшілік айыппұл салу;

3) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған заттың өтемін төлеп алып қою;

4) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты тәлкілеу;

5) Белгілі бір азаматқа берілген арнаулы құқықтан айыру;

6) түзеу жұмыстары;

7) әкімшілік қамау.

2001 жылғы 30 қаңтарда қабылданған “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” ҚР-ң Кодексінің 31 бабына сәйкес Әкімшілік жауаптылықта болуға тиісті тұлғаларға:

1) Ақыл-есі дұрыс 16 жасқа толған жеке адам.

2) Заңды тұлғалар жатады.

Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” ҚР Кодексінің 19 тарауында “Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық” берілген. Мұнда барлығы 67 құқық бұзушылықтың құрамы берілген. Баптар табиғат объектілері бойынша бөлінген:

- атмосфералық ауаны қорғау (243-249 баптар);

- жерді қорғау мен пайдалану (250-258 баптар);

- жер қойнауын қорғау мен пайдалану (259-275 баптар);

- суды қорғау мен пайдалану (276-281 баптар);

- орманды қорғау мен пайдалану (282-294 баптар);

- жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану (301-306 баптар);

- құрылықтағы шельфті қорғау мен пайдалану (301-306 баптар);

- қоршаған табиғат ортасымен байланысты қызметке қойылатын жалпы экологиялық талаптар (240, 241, 245 баптар).

Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді сот органдары, ішкі істер органдары, мемлекеттік автомобиль инспекциясы, мемлекеттік өртке қарсы қызметі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің органдары мен осыған арнайы өкілеттігі бар өзге де органдар (аңшылық инспекциясы, балық аулауды қадағалау, жерге орналастыру қызметі және т.б.) қарайды.

Кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың өздерінің еңбек міндеттемелері мен қызметінен туындайтын табиғат қорғау заңын бұзуға, қызмет жағдайын, қоршаған табиғат ортасын және табиғи ресрустарды қорғау жөніндегі жоспарлар мен шараларды орындамауда кінәлі кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың лауазымды адамдары еңбек, өндірістік жңне технологиялық тңртіпті реттейтін Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңына, ережелеріне, жарғыларға, ішкі еңбек реті ережелеріне және басқа да нормативтік актілерге сәйкес тәртіпті жауапты болады. Тәртіптік жазаны кәсіпорынның немесе мекеменің әкімшілігі қолданады және бұйрықпен рәсімделеді [5,б.28].

Қызметкер тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыс беруші тәртіптік жазалардың мынадай түрлерін қолдануға:

1) ескерту жасауға;

2) сөгіс беруге;

3) қатаң сөгіс беруге;

4) жұмыс берушінің бастамашылығы бойынша жеке еңбек шартын бұзуға құқылы.

Егер қызметкердің заңсыз ңрекеттері нәтижесінде кәсіпорынға материалдық нұқсан келтірілетін болса, онда қызметкерге тәртіптік жауапкершіліктен басқа да материалдық жауапкершілік жүктеледі. Материалдық жауапкешіліктің мәні қызметкердің міндетіне оның кінәсінен кәсіпорынға келтірілген зиянды өтеуде болып табылады. Қызметкердің заңсыз әрекеттері нәтижесінде аса кеңінен таралған, қосымша жағдайлармен қоршаған ортаға өндіріс пен тұтыну қалдықтарының шығарындысын тастауы болады. Кәсіпорын табиғатқа келітірілген нұқсанды төлейді. Заңнамада қызметкердің толық материалдық жауапты болуы кезіндегі негіздер көзделген.

Табиғи ресурстарды пайдалану, кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi жобалау, орналастыру, салу және жаңғырту, пайдалануға беру және пайдалану, өнеркәсiп, энергетика, көлiк пен байланыс объектiлерiн, ауыл шаруашылық мақсатындағы және мелиорация объектiлерiн пайдалану, қалалар мен басқа да елдi мекендердi салу кезiнде, әскери және қорғаныс объектiлерiне, әскери және ғарыш қызметiне қойылатын талаптарды сол талаптардың сақталуы үшiн жауапты адамдардың бұзуы, егер бұл қоршаған ортаның едәуiр ластануына, адамның денсаулығына зиян келтiруге, жануарлар немесе өсiмдiктер дүниесiнiң жаппай құрып кетуiне және өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса - үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып не онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ықтимал экологиялық қауiптi химиялық, радиоактивтi және биологиялық заттарды өндiру, тасымалдау, сақтау, көму, пайдалану немесе өзге де жұмыс iстеу кезiнде экологиялық талаптардың бұзылуы, егер бұл әрекеттер адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға елеулi зиян келтiру қаупiн төндiрсе - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қоршаған ортаның ластануына, улануына немесе зақымдануына, адамның денсаулығына зиян келтiруге, не жануарлар немесе өсiмдiктер дүниесiнiң жаппай құрып кетуiне әкеп соққан, сол сияқты төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекеттер - бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсыздан адамдардың жаппай сырқаттануына немесе кiсi өлiмiне әкеп соққан әрекеттер - үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттердi немесе токсиндерді жинап қою, жою немесе көму кезiнде экологиялық талаптарды бұзу немесе оларды Қазақстан Республикасына ұқсату, сақтау немесе көму үшiн заңсыз әкелу, егер бұлар адам денсаулығына немесе қоршаған ортаға елеулi зиян келтiру қатерiн туғызса - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қылмыстың субъективтік жағын анықтау қиын, себебі кінәлінің психикасында өтетін процесстермен сипатталады және ол адамның сезім мүшелерімен қабылданбайды. Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын ашу үшін келесі заңи белгілер қажет, олар: кінә, ниет, мақсат және сезім. Азаматтық құқықта жасаған әрекетінде кінә болмаса да қоршаған ортаға келген зиян өтеледі, ал қылмыстық жауапкершілік тек қана қылмыскер әрекетінде кінә болған кезде ғана туындайды.

Қылмыстық құқықтық ғылым бойынша жасаған әрекеті үшін тұлға толық жауапкершілікке тартылуы керек, бірақ өз еркімен толық игере отырып, түсініп, шешім қабылдап жасаған болу керек.

Тұлғаны кінәлі деп тану- ол әрекетті қасақана немесе абайсызда жасады деп тану. Заң мен тәжірибе жүзінде ең жиі кездесетін кінәнің қасақана нысаны. Қылмыскердің іс- әрекеттеріндегі нақты ниет экологиялық қылмыстардың кейбір құрамдарында бар болуын мойындауға болады, атмосфераны қылмыстық ластау кезінде кінәні тура ниет нысанында екенін мойындау мүмкін емес. Әдетте, атмосфераның ластау кезінде қылмыскер өзінің іс әрекетінен зиянды салдардың басталу мүмкіндігін біледі, іс - әрекетінің қоғамға зиянды екенін сезеді, бірақ онда жануарлар дүниесіне, балық қорларына, тоғай немесе ауылшаруашылыққа зиян келтіру мақсаты болмайды. Ал егер осындай салдардың болуын тілесе, іс- әрекетті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 171 бабы бойынша (диверсия) саралау мүмкіндігі туралы айтуға болады. Себебі бұл баптың диспозициясында көзделген іс- әрекеттің нысанының бірі - “халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін объектілердің категориясын жоюға немесе зиян келтіруге бағытталған іс- әрекеттер, ал заң атмосфералық ауаны осы категорияға жатқызды. Бұл жағдайда саралаудың дұрыстығы туралы сұрақты шешу үшін қылмыс жасаудың мақсатын ескеру қажет, себебі диверсия жасау кезінде міндетті, саралаушы белгінің бірі тікелей бағытталған қасақаналық болып табылады. Әдетте, атмосфералық ауаны қылмыстық ластаудың мақсаты өндіріс қалдықтарынан, зиянды заттардан және т. б. құтылу қажеттігі болып табылады. Ауаны қылмыстық ластау жанама ниетпен жүзеге асырылуы мүмкін, яғни егер тұлға өз іс-әрекетінін (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптардың болуын тілемесе де, бұған саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады.

Атмосфералық ауаны ластаушы тұлғалардың қылмыстық қызметіндегі абайсыз кінәлі болу формасына тоқтасақ, бұл категорияның қылмыстары қылмыскер салдардың болмайтынына үміттенгенімен немесе бұл салдардың болатынын білуі керек болғанымен, білмегендігінен жасалады [6,б.23].

Абайсыздан жасалған әрекет Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында арнайы көзделген жағдайда ғана қылмыс деп танылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 19 бабының 4 тармағы жағдайында көрсетілген, бұл Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 282 бабы бойынша қылмыстық жаупкершілікке әкелетін көптеген әрекеттерді декриминализациялайды. Барлық сұрақтарға жауап беру үшін Қылмыстық заңның 282 бабының диспозициясына кінәнің абайсыз нысанына байланысты нұсқау кіргізу керек. Соттық тәжірибе дәлелдейтіндей, экологиялық қылмыстар өте жиі қызметтік ережелерді бұзу нәтижесінде жасалады, ал табиғи объектілерге зиян келтіру, әдетте, жиынтықтар түрінде сараланады.

Кінәнің абайсыз нысаны туралы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 282 бабының 3 бөлімінде (адам өлімі болса ) айтылған, бірақ бұл жағдайда Қылмыстық заңның 22 бабы бойынша, тұлға ниетімен қамтылмаған жасалынған қылмыстық істің салдарына абайсыздық жасау туралы айтылады. “Жалпы осындай қылмыс қасақана жасалынды деп мойындалады” (ҚР-ң ҚК-ң 22 бабы).

Кейбір ғалымдар қылмыстың субъективтік жағын, олардың ойы бойынша, ниет пен мақсатты қамтитын кінәмен теңестіреді. Бірақ бұл оймен келісу қиын, себебі кінәні талдау кінәлінің қылмысты неге және не үшін жасаған деген сұрақтарға жауап бермейді. Қылмыстық іс жүргізудің процессуалдық заңнама дәлелдеу пәнін құрайтын жағдайлар ішіндегі ниеттерді дәлелдеуді талап етеді. Қылмысты жасаудағы кінә сипатынан басқа Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының ”Сот үкімі туралы” қаулысында қылмыс ниеттері мен мақсаттарын нақты анықтауды талап етті.

Тергеу және соттық қызметте кінә нысаны мен түрін анықтаумен қатар, міндетті болып қылмысты жасау ниетін анықтау табылады. Алайда, табиғатты қорғау жөніндегі құқық қорғау қызметінің теориясы мен тәжірибесін зерттеу қылмыс жасаудың осы түрінің, оның ниетінің, заңдық және криминологиялық мәні теориясының өңделуі жеткіліксіз екенін айғақтайды. Табиғат объектілеріне қылмыстық қол сұғушылық түрлі ниетпенен іске асырылуы мүмкін. олардың кеңінен тарағандары: іс мүддесін жалған түсіну, экологиялық көрсеткіштерді жоғарылатуға тырысу, қоғам мүддесін елемеу, экономикалық мүдденің экологиялық мүддеден басым болуы.

Қазіргі заңнама ауаны қылмыстық ластаудың ниеттерін көрсетпейді. Одан басқа, Қылмыстық заңның 54 бабында көрсетілген бір де бір жағдай (жазаны ауырлататын мән – жайлар) жауапкершілікті ауырлататын ниет есебінде қарастырылмау керек. Кейбір ниеттерді (мысалы: дүниеқорлық немесе бұзақылық) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 282 бабының диспозициясына немесе жазаны ауырлататын мән-жайлардың тізіміне енгізу қажет.

Қылмыстың мақсаты болып тұлға қылмыс жасаған уақытта қол жеткізуге тырысу нәтижесі табылады. Ауаны ластау қылмыс жасалуының мақсаты заңда белгіленбеген, сондықтан ол қылмыстың саралануына ықпал етпейді. Теоретикалық болжау жасағанда, ол жағдайды ауырлату ретінде жазаны тағайындауға ықпал етуі мүмкін. Қылмыстық заңның 54 бабы 1 бөлімі “е” тармақшасында қылмысты басқа бір қылмысты жасыру мақсатында жасау немесе оның жасалуын жеңілдету мақсатында жасау қарастырылады.

Қылмыстың субъективтік жағынан эмоция ерекше орын алады, эмоция арқылы қылмыс жасауға байланысты тұлғаның уайымдап, мазасыздануы анықталады. Олар ниетпен тығыз байланысты және ауаны ластау үшін ғана қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән - жайлар және Қылмыстық заңның 53 бабында қарастырылғандай жеңілдетеін мән-жайлар ретінде енгізілуі мүмкін. Сот кез келген ниет пен мақсатты жазаны жеңілдету ретінде назарға алуы мүмкін, егер бұл құқыққа сай деп танылса.

Қылмыстың субъективтік жағының осыншама тапшы сипаттамасы кез келген қылмыстық әрекеттің қажетті белгісін анықтауға кері әсер етеді. Ең алдымен, тікелей қасақана немесе қылмыстық жеңілтектікпен салыстырудағы сипаттауда ғана белгілерін сипаттау кінәнің бір түрін ғана жанама мақсаттың белгілерін сипаттағанда теоретикалық және практикалық қызығушылықты білдіруі қосымша зерттеуді қажет ететін сұрақтарды қысқартады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 282 бабында бұл қылмысты жасау барысында эмоция, мақсаттарын, ниеттерін көрсететін диспозицияның жоқтығы оларды міндетті, сараланған белгілер қатарынан шығарады, олардың жазаны жеңілдету үшін маңыздылығы да зор емес, себебі сот тәжірибесін сараптай келе, қылмыстың осы түрін жасаған кінәлі тұлғаларға онсыз да айыппұл түріндегі жеңіл жазалар қолданылатынын көруге болады. Егер бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылса, шартты түрде айыптау институты қолданылады, сондықтан қылмыстық жазаны жеңілдету жағдайын қосымша іздестіру қажеттігі өзекті емес. 1996 жылы 29 сәуіріндегі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Пленумының “Сот үкімі туралы” № 1 қаулысы ниеттер мен қылмыс жасау мақсаттарын соттар мен тергеу органдарының міндетті анықтауы ҚазақстанРеспубликасының Қылмыстық кодексінің 161 бабында көзделген экоцидпен ауаны қылмыстық ластауды шектеу туралы шешім қабылдау кезінде белгілі бір роль атқарады, бұл қылмысты жасағанда қылмыскер Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігіне және қорғану қабілеттігіне нұқсан келтіру үшін экологиялық қылмыстарда диверсиялар жасауды көздейді. Сонымен, осы мәселені зерттеуді түсіндіретін маңызды мәселелердің бірі Қылмыстық заңның 282 бабында қарастырылғандай, қылмыстың субъективтік жағының спецификалық аймақтық белгісінің жоқтығы.

Қылмыс субъектісі болып қылмыстық құқық бойынша, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған және сол үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуға қабілетті тұлға саналады. Бұл қабілеттілік екі жағдайда бұзылады:

1. Егер тұлға белгілі бір жасқа жетпесе (Жалпы ереже бойынша 16 жас, бірақ ҚР- ң ҚК-ң 15 бабы 2 тармақта белгіленген тізім бойынша, кейбір қылмыстық әрекетті жасағаны үшін кінәлі тұлға 14 жасқа толғанда жазаға тартылуы мүмкін . Бір де бір экологиялық қылмыс бұл тізімге енген жоқ, сондықтан ауаны ластауға байланысты қылмыстық жауапкершілікке қылмыс жасаған уақытта 16 жасқа толған тұлға тартылуы мүмкін ).

2. Сот тұлғаны есі дұрыс емес деп таныса, ол үшін екі критерийдің бар болуы керек – медициналық (созылмалы психикалық немесе уақытша психикалық ауытқушылықты, кемақылдық пен басқа да психиканың ауру жағдайының бар болуын болжайды) және заңды (іс - жүзінде мінез - құлқын тану және өз әрекетінің қоғамдық қауіптілігін және оны басқаруға мүмкіндігінің жоқтығын болжайтын).

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 15 бабында көзделгендей, қылмыс субъектісі тек жеке тұлға болуы мүмкін. Алайда, теориялық жағынан, қылмыстық құқықта заңды тұлғаның жауапкершілік мәселесі дау-дамайлы болып табылады [7,б.51].

Экологиялық қылмыстар үшін қолданылатын қылмыстық-құқықтық санкциялар экологиялық зиянды өндіріс қызметінің барлық жұмысшыларына (тек қана нақты жеке тұлғаларға емес) экономикалық пайдасыз болуы керек. Одан басқа, лауазымды тұлғаларға айыппұл санкциялары бұзылған экологиялық балансты орнына келтіруге ықпал ете алмайды, себебі соммалар өте аз. Заңды тұлғаларға салынатын айыппұлдар осы функцияларды орындауы мүмкін болар еді. Көптеген жағдайларда 100- ден 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады, бұл табиғатқа келтірілген зиянның орнын толтыру туралы айтуға мүмкіндік бермейді. Егер әкімшілік және азаматтық құқықта заңды тұлғалардың жауапкершілігі дәйекті болса, оны неге қылмыстық құқыққа қолданбасқа? Экологиялық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық процесте заңдылық деңгейі әкімшілік және азаматтыққа қарағанда жоғары. Мұндай жағдайда экологиялық қылмыстан жәбірленушінің құқығының басқа сот формасына қарағанда көбірек сенімді қорғалады.

Сонымен қатар, қылмыс мәселесі жөніндегі Еуропалық комитет, Еуропалық кеңес еуропалық мемлекеттердің заң шығарушыларына заңды тұлғаларды экологиялық қылмыс үшін қылмыстық жауапкершіліктің субъектісі деп тануды ұсынғанын ескеру қажет. Бұл ұсыныс бірнеше елдердің заңдарында іске асырылған (мысалы, Ұлыбритания , Франция және басқалар). Нью-Йорк штатының (АҚШ) қылмыстық кодексінде экологиялық қылмыс үшін корпорациялардың (басқа да заңды тұлғалардың) қылмыстық жауапкершілігін қарастырады.

Заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі бұрын да тәжірибеден өткенін еске сала кету қажет мысалы, фашистік қылмыскерлерді айыптау бойынша Нюрнберг процесі кезінде Халықаралық Трибунал тек жеке тұлғаларды ғана емес, бүкіл партияларды, тіпті, елді қылмыскер деп жариялады. Егер табиғатты түзеу бойынша қылмыстық тәжірибе қылмыстық процесс шеңберінде мекеменің кінәсін қойса, экологиялық мағынада өздерінің қылмыстық жобаларын өңдейтін жобалау институттары сияқты мекеме жойылса немесе тыйым салынса, мұндай жағдайда табиғатты қорғау сөз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асырылуда деп айтуға болады .

Заңды тұлғаларды экологиялық қылмыстың субъектісі ретінде анықтаудың пайдалылығы жөнінде айтуға мүмкіндік беретін тағы бір жағдай бар. Кейбір жағдайлар қандай да бір тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту мүмкін болмайтын да жағдай кездеседі. Су және ауаға ортақ 6 - баллдық классфикация бойынша мазуттық тасталуынан болған ластану 5 классқа жатқызылды. Ол өз кезегінде шекаралас аймақтардың тұрғындарында тері және онкологиялық аурулардың пайда болу қаупін туғызуы мүмкін. Кінәланып отырған лауазымды тұлғалар мазуттық өткізгішпен жұмысты ұйымдастырудағы өз қызметін, міндеттерін тиісінше орындауына кедергі келтіре алатын субъективтік және объективтік факторларды - тергеулерді орнатқан жоқ.

Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңның бұзылу нәтижесінде келтірілген залалдың орнын толтыру мәселелері тәжірибеде қарастырылмаған, сондықтанда ауаны ластайтын құқықбұзушылырдың залалдың орнын толтыруға байланысты қылмыстық ізге түсу жағдайлары өте аз кездеседі. Шығыс Қазақстан облысында ауданаралық табиғат қорғау прокуратурасымен “УКСЦК” АҚ атмосфералық ауаны ластау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау прецеденті тіркелген. Бұл іс айыпталушыларға әкімшілік айыппұл тағайындаумен аяқталды. Бірақ осы саладағы арнайы құқық шараларының болуы, құқық бұзушылықтың алдын алуға және экологиялық құқық бұзушылықтармен жұмыс істеу үшін сот мүмкіндіктерін жеңілдетуге әрекет ететіні айдан анық.

Заңды тұлғаның қылмыс субъектісі ретінде танылу мәселесі заң шығарушы деңгейде 1991 жылдан бері қарастырылып келе жатыр . Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің жобасын алдын – ала қарастырылған кезде бұл мәселе жағымды шешілген еді, бірақ жобаны талқылап, дауыс берген кезде осы ереже өтпей қалды, сөйтіп Қылмыстық заң бұл қатынаста ескі позицияда қалды. Соған қарамастан, бұл берілген мәселенің түбегейлі шешілгендігін білдірмейді, себебі мақсатқа сәйкес келуден басқа мәселені шешудің қажеттілігі Қазақстанның Еуропа Кеңесіне енуімен байланысты осы Халықаралық ұйым нұсқаған ережелермен келісілген шешім қабылдауға міндетті екендігінен туындап отыр.

Қылмыс субъектісін сипаттауды аяқтай келе, ” арнайы субъектіге” тоқтала кету жөн, ол қылмыстық құқық теориясында міндетті белгілерден басқа ( жас, есі дұрыстық) тағы қандай да бір қосымша белгілерге ие адам болып танылады. Олар оның әлеуметтік, қызметтік, мамандық жағдайын, әскери қызметке деген қатынасын, жынысын, жасын сипаттай алады. Бұл белгілер тек қана қылмыстық – құқықтық нормада нақты анықталған жағдайда ғана саралауға әсер тигізуі мүмкін. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 282 бабы атмосфералық ауаны қылмыстық түрде ластаған адамға тән қосымша қандай да бір белгілер туралы айтуға рұқсат бермейді. Сондықтан да, егер берілген қылмыс арнайы субъектімен жасалған жағдайда (мәселен лауазымды адаммен жасалса) онда екі немесе одан көп қылмыстың жиынтығы жөнінде сөз болу керек. Лауазымды қызметкерлер арасында ауаны қылмыстық түрде ластаудың субъектілері болып, кәсіпорын басшылары, олардың орынбасарлары, бас инженерлер, бас технологтар және басқа да бас мамандар, цех, смена басшылары, технологиялық процестің дұрыс жүргізілуі үшін, қоршаған ортаны қорғау туралы заңды сақтау үшін яғни атмосфералық ауаға қалдық тастауды реттеуге сәйкес нормативтер үшін жауап беретін және тазартушы құрылғылардың дұрыс жұмыс істеуі, өндіріс қалдықтарын тазарту үшін тікелей жауап беретін шеберлер және басқа да адамдар. Сонымен қатар тазартушы құрылғылары жоқ немесе пайдасыз тазартушы құрылғылары бар объектті, агрегатты, цехты, кәсіпорынды эксплуатацияға қабылдаған адамдар. Бұл жерде қоршаған ортаға залал келтіруде жанама ойдың болғаны дәлелденуі керек, берілген жағдайда көбінесе қылмыстық жауапкершілік болмайды, себебі абайсыз кінә нысаны болады.

Оған қоса, берілген қылмыс субъектілері болып тікелей потенциалдық ластаушылар мен жұмыс істейтін адамдар болып табылады. Мәселен, мұнай мен газды тасымалдау жасайтын станцияларда жұмыс істейтін адамдар, транспорттық құрал жүргізушілері, авиаторлар және басқа адамдар [8,б.41].

 

 








Date: 2016-06-09; view: 405; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.23 sec.)