Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ережелеріне қарсы қылмыстар





 

Қоршаған ортаның ластануына, улануына немесе зақымдануына, адамның денсаулығына зиян келтiруге, не жануарлар немесе өсiмдiктер дүниесiнiң жаппай құрып кетуiне әкеп соққан, сол сияқты төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекет - бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда адамдардың жаппай ауруына немесе кiсi өлiмiне әкеп соққан әрекет - үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ветеринарлық ережелердi бұзу iндеттерге немесе өзге де зардаптарға әкеп соқса - бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Балық ресурстарын және басқа да жануарларын немесе өсiмдiктерiн заңсыз алу, егер бұл әрекет:

а) елеулi зиян келтiре отырып;

б) жарылғыш және химиялық заттарды, электр тогын, не балық ресурстарын және басқа да су жануарлары мен өсiмдiктерiн жаппай жоюдың өзге де тәсiлдерiн қолдана отырып жасалса, - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.

Дәл сол әрекет:

 

а) бiрнеше рет;

б) балықтардың бекiре тұқымдас түрлерiне қатысты;

в) ұрық шашу орындарында немесе оларға бару жолдарында;

г) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып;

д) адамдар тобы алдын ала сөз байласып;

e) өздiгiнен жүретiн жүзгiш көлiк құралы пайдаланылып;

ж) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және төтенше экологиялық жағдай аумақтарында жасалса, - бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, iрi зиян келтiре отырып жасалған не ұйымдасқан топ жасаған әрекет, - сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп, екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Заңсыз аңшылық, егер бұл әрекет:

а) елеулi зиян келтiрiп;

б) механикалық көлiк құралын немесе әуе көлiгiн, жарылғыш заттарды, газдарды және құстар мен аңдарды жаппай қырып-жоюдың өзге әдiстерiн қолданып;

в) аулауға толық тыйым салынған құстар мен аңдарға қатысты;

г) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен төтенше экологиялық ахуал аймақтарында жасалса - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп, не онсыз төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.

Адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып әлденеше рет немесе адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ жасаған дәл сол әрекет -

бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп, не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, iрi зиян келтiрiп не ұйымдасқан топ жасаған әрекет - сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Осы тараудың баптарында қылмыс жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен жүз есе асып түсетiн және одан да көп залал мөлшерi елеулi залал деп танылады. Қылмыс жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен үш жүз есе асып түсетiн және одан да көп залал iрi көлемдегi залал деп танылады. [14,б.58].

Өндiрiстік процестердi жүзеге асыру мен көлiк құралдарын пайдалану, өсiмдiктердi қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды қолдану кезiнде, сондай-ақ аңшылық алаптары мен балық шаруашылығы тоғандарын пайдалану мен қорғау барысында жануарлар дүниесiн қорғау ережелерiнің бұзылуы салдарынан жануарлар дүниесiнiң жаппай жойылуы немесе қырылуы ірі шығынға соқтырса - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады. Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiмен заңсыз іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының Қызыл Кiтабына енгiзiлген жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн немесе олар мекендейтiн жерлердi заңсыз алу, сатып алу, сату, сол сияқты жою - үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп, дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылықтың тәртіптік, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық түрлері бар. Ол жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы занның 61-бабында көрсетілген.

Аталған және басқа жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және қорғау туралы зандардың ережелері мен талаптары көп. Бірақ солардың ішінде аталған зандардың мынадай тәртіптері мен ережелері бұзылса, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы зандарды бұзғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін. Олар:

— жануарлар дүниесін тиісті шартсыз, рұқсатсыз пайдаланып, аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығын, балық, басқа да су жануарларын аулау құқығын, аң аулайтын жер мен балық шаруашылығын дамытатын су қоймаларын бекітіп беру, пайдалану және қорғау тәртібін, аң, балық аулау ережелерін және жануарлар дүниесін пайдаланудың өзге де түрлерін бұзса;

— жануарлардың мекендеу ортасын, олардың көбею жағдайын, қоныс аудару жолдары мен шоғырланған жерін қорғау ережелерін бұзса;

— елді мекендерді, кэсіпорындарды және басқа объектілерді орналастыру, жобалау мен салу кезінде, өндірістік үрдістерді жүзеге асыру және көлік құралдарын пайдалану, өсімдік қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да препараттарды қолдану кезінде жануарларды қорғау ережелерін бұзса;

— халық денсаулығын сақтау, ауылшаруашылық және үй жануарларын аурудан сақтау, халык шаруашылығына зиян келтіруіне жол бермеу мақсатында жануарлардың бас санын реттеу тәртібін бұзса;

— сирек кездесетін және құрып кету қатері төнген жануарлардың қырылуына, есеп санының азаюына немесе мекендеу ортасының бұзылуына, жануарларды өз бстімен көшіруге, жерсінбеуіне, қайта жерсіндіруге және будандастыруға жануарларды Республикаға әкелуге және одан тысқары әкетуге, сондай-ақ жануарлардың жаппай қырылуына әкеліп соқтыруына кінәлі болса;

— зоологиялық жүйелі жинақтарды жасау, сақтау, есепке алу және пайдалану ережелерін бұзса;

— жануарлар дүниесінің қорғалуын, өсімінің молайтылуын және пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын адамдарға қасақана бағынбаса, сондай-ақ олардың өміріне қауіп төндіріп, ар-намысына тисе, жауап-кершілікке тартылады.

Жоғарыда аталған кінәлылар ойсыз әрекет немесе әрекетсіздік салдарынан жануарлар туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін деп көрсеттік. Аталған жануарлар дүниесі туралы заңдарды бұзушылар тәртіптік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық заңдарда көрсетілген ережені бұзса ғана жауапқа тартылатынын ескеру керек.

Зансыз ауланған жануарлар мен олардан өндірілген өнім Республика зандарында белгіленген тәртіп бойынша алынып қойылады. Егер оларды қайтарып алу мүмкін болмаса, онда зандармен белгіленген баға бойынша олардың қүны өндіріліп алынады.

 

Date: 2016-06-09; view: 1296; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию