Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?







Сұғатын қылмыстар



 

Жер бетi немесе жер асты суларын, мұздықтарды, ауыз сумен жабдықтау көздерiн ластау, бiтеу, сарқу не олардың табиғи қасиеттерiн өзге де өзгерту, егер осы әрекеттер жануарлар немесе өсiмдiктер дүниесiне, балық қорына, орман немесе ауыл шаруашылығына елеулi зиян келтiруге әкеп соқса, - жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады. Адамның денсаулығына зиян келтiруге немесе жануарлар немесе өсiмдiктер дүниесiнiң жаппай құрып кетуiне, сол сияқты ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда не төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекеттер - бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан әрекеттер - бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады [9,б.27].

Атмосфераға ластайтын заттар шығару ережелерiн немесе қондырғыларды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi пайдалану ережелерiн бұзу, егер бұл әрекеттер ауаның табиғи қасиеттерiнiң ластануына немесе өзге де өзгеруiне әкеп соқса, - жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады. Адамның денсаулығына зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол әрекет - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан әрекеттер - бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Құрғақтағы көздерден не көлiк құралдарынан немесе теңiзде тұрғызылған жасанды құрылыстардан адамның денсаулығы мен теңiздiң жанды ресурстары үшiн зиянды не теңiз аясын заңды пайдалануға кедергi келтiретiн заттар мен материалдарды көму немесе тастау ережелерiн бұзу салдарынан теңiз аясын ластау - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.

Адамның денсаулығына, жануарлар немесе өсiмдiктер дүниесiне, балық қорына, қоршаған ортаға, демалыс аймақтарына не басқа да заңмен қорғалатын мүдделерге елеулi зиян келтiрген дәл сол әрекеттер - елуден жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан нақ сол әрекет - бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Су даулары суды беру, алу, пайдалану және қорғау кезінде осы су қатынастарының субъектілері арасында пайда болады. Бұл даулардың суга мемлекет меншігі құқығына қатысы жоқ. Суға меншік даулары болуы мүмкін емес. Су даулары соттарда шешіледі. Су қатынастарымен байланысты мүлік даулары да соттарда қаралады. Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекет-тер арасындағы "даулар халықаралық шарттарда көзделген тәртіп бойынша шешіледі.

Су заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық экологиялық жауаптылықтың бір саласына жатады. Оның жалпы түрлері Қазақстан Республикасының Су туралы кодексінің 120-бабында көрсетілген. Су туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылықтың басқа да түрлері су заңдарында көрсетілуі мүмкін.

Су зандарын бұзғаны үшін су заңдарында көрсетілген әрекеттер мен әрекетсіздіктерге кінәлы адамдардың жауаптылығы тәртіптік. әкімшілік, азаматтық, қылмыстық заңдарда керсетілсе ғана жүзеге асырылады. Бұл туралы Су кодексінің аталған 120-бабында ескерту жасаған, яғни аталған кінәлы адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады .

Су заңдарын бұзып, су қоймаларын өз бетімен иемденген кінәлі адамдар суды заңсыз пайдаланған уақыт ішінде келтірген зияндарын өтеуге міндетті. Иеленген су объектісі өз иелеріне қайтарылуы тиіс. Егер бұл объектілер өздігінен қайтарылмаса, қайтарып беру мәселесін сот шешеді.

Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңның 55-бабына сәйкес атмосфералық ауаны қорғау туралы дауларды Министрлер Кабинеті, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, сондай-ақ соған арнайы уәкілдігі бар мемлекеттік органдар зандарда белгіленген тәртіпте шешеді.

Кейінгі кезде айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы кабылданған барлық заңдарда мұндай дауларды соттарда шешу көзделген.

1991 жылғы 18 маусымда қабылданған "Қазақстан Рсспубликасында айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы" занда да (66-бап) айналадағы табиғи ортаны қорғау саласындағы дауларды Қазақстан Республикасында бслгіленген тәртіппен соттар және төрелік соттар қарайды деп көрсеткен.

Қазақстан Республикасы мен басқа елдер арасындағы атмосфералық ауаны қоргау саласьшда туындаған дау-ларды мүдделі елдердің өкілдерінен тең дәрежеде құрылған комиссия қарайды.

Атмосфералық ауаны қорғау туралы зандардың мынадай талаптарында:

— атмосфералық ауаға лас заттар шығарудың жол берілу шегінің нормативтерінен асып кеткені;

— атмосфералық ауаға зиянды физикалық ықпалдың жол берілу шегінің нормативінен асып кеткені;

— атмосфераға лас заттарды соған арнайы уәкілдігі бар мемлекеттік органдардың рұқсатынсыз шығарғаны;

— атмосфераға шығарылатын заттарды тазалау және бақылау үшін орнатылған құрылыстарды, жабдықтарды, аппаратураларды пайдалану ережесін бұзғаны, сондай-ақ оларды пайдаланғаны;

—атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптарды қанағаттандырмайтын жаңадан салынған және қайта құрылған кәсіпорындарды, құрылыстарды және басқа объектілерді пайдалануға қосқаны;

—шығаратын заттарыңда лас заттардың құрамын белгіленген нормативтерден, мәселен, автомобильдер, ұшақтар, кемелер және баска қозғалыс құралдары мен қондырғыларын артық өндіріп, оларды пайдаланғаны үшін;

— атмосфералық ауаны қорғау жөнінде республикада белгіленген талаптарды қанағаттандырмайтын және атмосфераға шығарылатын заттарды бақылау жөніндегі техникалық құралдармен қамтамасыз етілмеген жаңалықтарды, өнертабыстарды, рационализаторлық ұсыныстарды, жаңа техникалық жүйелерді, заттар мен материалдарды енгізгені, сондай-ақ шетелдерден технологиялық жабдықтар мен басқа да объектілерді сатып алғаны;

— өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинап қою, өсімдік қорғау құралдарын, өсімдіктің өсуін шапшандататын заттарды, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да аппараттарды тасымалдау, сақтау және қолдану ережелерін бұзғаны, атмосфералық ауаны ластағаны немесе ластайтын қатер төндіргені;

—мемлекеттік бақылауды жүзеге асырушы органдардың атмосфералық ауаның қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқауларын орындамағаны үшін кінәлы адамдар Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік, материалдық және басқадай жауапқа тартылады.

Лауазымды адамдардың және басқа қызметкерлердің кінәсынан кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар зиянды өтеуге байланысты шығынға ұшыраса, ол адамдар белгіленген тәртіп бойынша материалдық жауапқа тартылады[10,б.54].

Атмосфераны ластағаны үшін қылмыстық жазалау.

Экологиялық саясатты жүзеге асырудағы басты орындардың бірін, бұрын да аталып өткендей құқық алады, ол қоғамдағы экологиялық қатынасты жемісті реттеуші ретінде қызмет етуі тиіс. Экологиялық қауіпсіздікке жетуде Қазақстан Республикасы қоғамды қоршаған ортаға оның жағдайы туралы шын ақпаратқа және табиғат қорғаушы заңнама келтірген залалдың айыбын төлеуге адамның құқығы туралы Конституция ережелерінің үлкен мәні бар.

Экологиялық құқықты бұзған үшін заңды жауапкершілік мәселесі, ең алдымен сот билігінің органдарына тиісті. Соттардың құқық қолданатын тәжірибесі осы категорияның нақты бір істерін құқықтық соттық шешілуін өз басты мақсаты ретінде қоя отырып, қылмыстық, әкімшілік, азаматтық - құқықтық жауапкершілік нормалармен айналысады ( жұмыс істейді).

Әрекет етуші заңнаманы шын өмірде қолдануының жағдайын көрсететін сот статистикасының мәліметін зерттеу оптимизмге негіз бермейді, себебі ол тым аз. Қалыптасқан жағдайды тек нашар деп сипаттауға болады. Алайда, сот практикасының жалпылау өткізу үшін ол болу керек. Осы берілген категория бойынша әкімшілік материалдар толығымен дерлік басқа өкілетті органдармен қарастырылады, соған байланысты осындай материалдардың көлемі тым жеткіліксіз.

Дегенмен, табиғат қорғаушы заңнаманы бұзғаны үшін айып төлеуге байланысты азаматтық істердің жағдайы шамалы болса да жақсырақ. Қылмыстық іске келетін болсақ қылмыстық заңнаманың экологиялық жемістілігін жоғарлатуға бағытталған нақты шараларды жедел түрде қолдану қажет. Ауаны қылмысты түрде ластағаны үшін сотталған адамдардың саны Қазақстанда жоқтың қасы бұл экология жағдайын анықтаған кезде ”катастрофалық” деген сөз анағұрлым жиі қолданатын елдегі қалыптасқан жағдай ма екен ?!

Соттардың табиғатты қорғау туралы заңнаманы қолдану практикасы туралы қазіргі кездегі қаулыда соттар жерді, оның байлықтарын, орманды, ауаны, жануарлар және өсімдіктер әлемін, атмосфералық ауаны қорғау туралы заңнаманы қатал орындауға назар аударды, табиғи ресурстардың ұқыпты да ұтымды қолданылуы ең маңызды мемлекеттік міндеттің бірі болып табылады. Ол мәселе адамдардың денсаулығы мен әл - ауқатымен, экономикалық және әлеуметтік жоспарды жемісті орындаумен тығыз байланысты.

Қаулыда табиғатты қорғаумен байланысты істерді қарастырған кезде сотта пайда болатын нақты құқықтық мәселені шешуге арналған бірқатар нұсқаулар бар. Жоғарғы Сот бұл көкейкесті тақырыппен бірнеше рет айналысқан болатын, 1991 жылы осы категориядағы істер бойынша сот практикасының кең жалпыламасы өткізілді, оның нәтижесі Жоғарғы Соттың бюллетенінде жарияланған шолуда көрініс тапты.

Қазақстанның бүкіл соттарына таратылып жіберілген шолуда осы саладағы істің жағдайы жағымсыз деп атап өтілген болатын. Бөлек тоқтала кетсек, онда табиғат қорғаушы заңнаманы бұзғаны үшін соттаудың күрт төмендеп кетуі істің шын жағдайын көрсете алмайды және де ол табиғат қорғаушы, құқық қорғаушы органдар жұмысындағы кемшіліктердің бар екендігі деп жазылды. Табиғатқа анықталған залал келтірушілердің көбі сот жаупкершілігіне тартылмайды, себебі материалдың басым бөлігі мемлекеттік инспекция органдарымен әкімшілік тәртіпте шешіледі немесе алдын – ала тергеу процесінде тоқтатылады.

Өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өндірістің кәсіпорындары табиғатқа кері әсер етеді, олар өзінің тазартылмаған, залал келтіретін қалдықтарымен ауаны, көлдерді, өзендерді басқа да су қоймаларын ластайды. Бірақ, өкінішке орай, аймақтық соттар осы категория істерінің талдауына басқаша қарайды, ал табиғат қорғау прокуратурасы үнсіздік сақтайды..

Бұл категориядағы қылмыстық істердің материалдары Атырау мен Шығыс Қазақстан, сондай-ақ Батыс Қазақстан облыстарында республикалық, облыстық, аймақтық қорларында жоқ. Бұл Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 282 бабы бойынша әрекетті саралаған кезде нақты қиыншылықтардың өз ерекшелігімен қорқытатына байланысты, себебі тергеу әрекет процедурасын регламентациялаған кезде тергеуге дейін тексеру өткізумен байланысты әрекет нысаны, тәртібі туралы қажетті нұсқаулар, негіздер, оның мерзімін ұзартудың шарттары туралы нұсқаулар заңнамада жоқ, ол құқық қорғаушы органдардың практикалық әрекетінде заңның жиі бұзылуын туғызады : тәртіпті сақтамау қылмыстарына сәйкес арыздары мен хабарлауға сәйкес тіркеу мен есеп беру мерзімдерінен бастап, оларды жасырумен аяқталады. Экологиялық қылмыс үшін жауапкершілікті реттейтін қылмыстық заңнама нормалары негізінен табиғатты қолданудың қандай да бір ережелеріне сүйенетін диспозицияларды құрайды.

Бұл ережелер залалды заттардың қоршаған ортаның қандай да болмасын объектісіне әсер етуінің мүмкін болатын шектеулі концентрациясы туралы, табиғи объектілерді өндірістік мақсатта қолданудың тәртібі мен шарты туралы, залалды қалдықтардың жерге көмілуі туралы мәліметтерді құрайды. Осы көрсетілген салада маман болып табылмайтын адамдар қабылдаған ақпаратты дұрыс бағалау қиынға соғады. Мәліметті жоғары маманданған сарапшы - экологтар алдын ала зерттемей, қылмыс құрамының белгілерінің бар - жоқ екендігін болжау мүмкін емес. Ауаның қылмысты түрде ластаудың ерекшелігі - фактілік мәліметті жинау процесінде алуан түрлі ғылыми салалардың арнайы танулары қолдана алатындығында болып тұр. Зерттеу жүргізіп отырған орган немесе адам соттық- химиялық, токсикологиялық, радиологиялық, техникалық, гидротехникалық, агротехникалық, ормантехникалық, зоотехникалық, гидрометеорологиялық, соттық медициналық, соттық ветеринарлық, ихтиологиялық, балық шаруашылық, басқа сараптама түрін белгілей алады, оның өткізілуі едәуір материалдық шығынды қажет етуі мүмкін[11,б.57].

Азаматтық немесе әкімшілік өндірістің тәжірибесінде істің қарастырылуын әрекет нәтижесіне терең талдау жасау қажеттілігін туғызбайды.

Біздіңше, табиғат қорғаушы заңнаманы бұзғандығы үшін экологиялық қылмыстық құқықтық нормалар санкцияларымен қарастырылған ең қатал жаза түрін қолдану қажет. Қылмыстық істің, атап айтқанда бөлім анализі соттың жаза белгілеуде кейбір принциптерді бұзатыны туралы қорытындыға әкеледі. Біріншіден, қылмыстық жауапкершіліктің әділеттілік қағидасы бұзылады. Оған қолданылатын шара – жазалау. Белгіленген жаза жасалған қылмыстық қоғамдық қаупінің дәрежесіне және сипатына сәйкес келуі тиіс оны жасаудағы жағдайға, кінәлінің өзіне сәйкес келуі тиіс. Егер сот осындай позициядан белгіленген жаза түрін таңдаған жағдайда, онда көрсетілген баптар қарастырған жазаның анағұрлым қатал түрін таңдау құқығын қолданар еді: түзеу жұмыстары немесе бас бостандығынан айыру. Екіншіден, соттың анық нұсқауына қарсы (ҚПК-ң 314 б) сот өзі қабылдаған жазаның ең жеңіл түрін таңдау туралы шешімін негіздеп, түсіндірген жоқ, сонымен қатар сотталған адамға бірдей емес жаза түрін қолданылғаны түсіндірілмейді жоқ.

Бүкіл Қазақстанда ұрлық немесе бұзақылық үшін бір жыл ішінде тек бір адамның ғана бас бостандығынан айырылғанын көз алдымызға елестету мүмкін емес. Неліктен жала жабудан, қамаудан ұсақ қылмыстан болатын зардаптан кем болмайтын экологиялық қылмыс бойынша жоқ статистика ешкімді алаңдатпайды. Экологиялық қылмыстық қоғамдық қаупінің қаншалықты терең, зор екендігі әлі де адамның санасына жетпегені ме?

Жоғарыда аталғанды қорытындылай келе, бұл мәселенің бүгінгі күнде тек теориялық көзқараспен қарастыруға болатыны анық шыға келеді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 282 бабының санкциясы тек жалпы превенцияның мақсатына әкеп соғады. Қылмыстық заңда тек осы функцияны орындайтын баптар бар болса да, олар соған қарамастан қылмыспен күрес ісінде үлес қосады. Бұл жерде ҚР-ң Мемлекеттік ел туы мен мемлекеттік елтаңбасын немесе мемлекеттік гимнін қорлау үшін қылмыстық жазалау жазылған баптар туралы сөз болып отыр (ҚК 317 б), бала асырап алу құпиясын жария ету (ҚК 135 б) т. б. Осы баптар бойынша сотта қылмыстық істі қарастыру туралы статистикалық мәліметте атмосфералық ауаны заңсыз ластау сияқты сандар тәртібі айтарлықтай бірдей.

Қылмыстық заңның оқиғаның алдын алу және тәрбиелеуші функциясы берілген жағдайда орындалады, алайда қалыптасып қалған жағдайды ескерсек, онда экологиялық құқық қорғаушы әрекеттің жемістілігін жалпы превенцияға жатқызуға болмайды.

Жазалау мемлекеттік мәжбүрлеудің шарасы бола отырып, мемлекеттің жасалған қылмысқа деген қатынасын анықтайды. ”Әрбір дәуір, әрбір мемлекет, біресе бір, біресе басқа арнайы мақсаттарға тырысады”, - деп жазған еді атақты ғалым Сергеевский ғасыр аяғында. Мемлекеттің берілген белгілі бір уақытта құқықпен қорғалатын мүддесінің қаншалықты маңызды екені оның жасалған қылмысқа жазалаудың қандай өлшемін қолданатынын анықтайды. Оған қоса ауырлықтың дәрежесі бойынша қылмыс белгілі бір түрінің классификациясы қылмыстық – құқықтық нормамен қарастырылған санкциялардың көлемімен анықталады. Бұл қағида жоқтан пайда болған жоқ. Әрекеттің қаншалықты жазаланатына байланысты қылмыстардың топтарға бөлінуі Қазақстан құқығының көне көздерінде боған еді, олар әрекетті бұл критерий бойынша ауыр қылмысқа, қылмысқа және қателікке бөлуді ұсынды. Бұл тенденция Кеңестік қылмыстық құқықта да болған еді. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы Қылмыстық кодексінің 10 бабына сәйкес әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің дәрежесі мен сипатына қарай бүкіл қылмыстар төрт топқа бөлінеді. Осы классификацияға сәйкес экологиялық қылмыстардың көбі онша ауыр емес қылмыс болып танылады (өйткені баптың санкциясына сәйкес анықталатын бас бостандығынан айыру түріндегі ең максималды жаза екі жылдан аспайды). Кейбір маманданған құрылымдар ауырлығы орташа қылмыстарға жатады. Тек қана Қылмыстық Заңының 247 бабының 3 тармағы (ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардық бұзылуы) және 292 бабы 3 тармағы (орманды жою немесе зақымдау) бойынша жауапқа тартылатын қылмыс ауыр қылмыс категориясына жатады.

 

 








Date: 2016-06-09; view: 514; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.015 sec.) - Пожаловаться на публикацию