Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Экологиялық зиянды өтеу тәсілдері 1 page





Экологиялық зиян ұғымын белгілеу, оның жалпы сипаты мен ерекшеліктерін айқындау проблемасы бүгінгі таңда әлеуметтік және құқықтық зор мағынаға ие болып отыр. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда ол қоршаған ортаның ауыр күйімен байланысты. Соңғы кездері қоғамдық экологиялық қатынастарға қол сұғудың әлеуметтік заңдылығының елеулі түрде өзгергені күмән тудырмайды, қайта ол келтіретін зиянның сипаты күрделене түсіп, іс жүзінде әр қырынан танылып отыр. Кей жағдайларда оның жағымсыз салдары ұзақ уақыттан кейін және мүлдем өзге аумақта пайда болуы ықтимал. Бұл оның шекарамен теңдесетін табиғатын танытады.

Сонымен бірге, экологиялық құқық теориясында экологиялық зиян ұғымын зерттеуге көп мән берілмеуде.

“Экологиялық құқық бұзушылық” және “экологиялық зиян” ұғымдарын теориялық тұрғыдан терең зерттеу қажеттілігіне 80-ші жылдардың басында белгілі ғалым С.Б.Байсалов назар аударған. Қазақстандық құқықтық әдебиетте экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік мәселелері бойынша жекелеген зерттеулер шығып, онда қаралып отырған мәселенің кейбір аспектілері өз шешімін тапты [29,б.13]. Сонымен бірге, экологиялық зиян ұғымының жалпы жұршылыққа танылған бірыңғай анықтамасы әзірше жоқ.

Экологиялық заңнаманы бұзу салдарынан келтірілген зиянның ұғымы туралы мәселе тиісті құқық бұзушылық объектісі ұғымымен тығыз байланыста қарастырылады, себебі заңсыз әрекеттердің салдарынан нақ осы экологиялық ортаның өзіне зиян келтіргендіктен ол жалпы құқық бұзушылық объектісіне айналады.

Заң әдебиетінде заңсыз құқық бұзушылық болмайды деп әділ айтылып жүр, қандай да болмасын құқық бұзушылық зиян әкеледі, себебі қоғамдық қатынастар қол сұғу объектісі болып табылады.

Осыған орай, экологиялық құқық бұзушылық объектісі ұғымы жөніндегі ғалымдардың көзқарасын қысқаша қарастырып, зерделеген жөн.

Кейбіреу экологиялық құқық бұзушылық объектісі ретінде материалдық және материялдық емес игіліктерді, атап айтқанда, заң бойынша ластаудан, тозу және күйреуден қорғалатын табиғи объектілер мен кешендерді, сондай-ақ жалпы қоршаған ортаны, табиғи ортаның сапасына байланысты адамның денсаулығы мен материалдық құндылықтарды не қоршаған ортаның сапасын, басқалары-құқық қорғау мүддесін алып жүр. Кейбір ғалымдар заң тұрғысынан маңызды әлеуметтік қатынастар мен оларды реттейтін құқықтық нормалардың ажырамас байланысы туралы тұжырымға негіздеп, құқық бұзушылық объектісінің құрамына заңнаманың табиғатты қорғау және табиғи ресурстар саласындағы нормаларын және олар реттейтін қоғамдық қатынастарды енгізіп отыр.

Міне, осы айтылғандар экологиялық құқық ғылымындағы осы құқықтық санат бойынша біркелкі түсініктің жоқтығын білдіреді.

Бізге экологиялық құқық бұзушылық объектісі ұғымын экологиялық сипаттағы қоғамдық қатынастардың күрделі тұтас кешені ретінде қарастырып отырған ғалымдардың көзқарасы жақын.

Мысалы, қазақстандық ғалымдардың “Правовое обеспечение рационального природопользования” атты еңбегінде экологиялық құқық бұзушылық объектісі адамның қызметі мен қоршаған ортаның арасындағы тиімді қарым-қатынасты қолдануға, табиғи байлықты сақтап, қалпына келтіруге, оларды тиімді пайдалануға бағытталған, қоғам қызметінің нәтижелерінің тікелей немесе жанама түрде табиғатқа және адам денсаулығына зиянды ықпалының алдын алатын шаралар жүйесін жүзеге асыру барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар, сондай-ақ мемлекеттің табиғи объектілеріне жеке меншікті қорғау жөнінде қалыптасқан қатынастар ретінде берілген.

Осы соңғы көзқарасты қолдай отырып, қазіргі өзгерген экономикалық және саяси-әлеуметтік жағдайлар бұл ұғымды кеңейтіп, оған субъективтік экологиялық құқықтарды (оның ішінде табиғи ресурстарға мүліктік құқықтарды) қорғау бойынша қалыптасқан қоғамдық қатынастарды қосуды талап етеді.

Сонымен, құқық нормалары арқылы реттелетін және қорғалатын, табиғи ресурстарға меншік және өзге мүліктік құқық қатынастардан, табиғатты пайдалану саласындағы басқарушылық қатынастарынан, қоршаған ортаны зиянды әсерден қорғау жөніндегі қатынастардан, субъективтік экологиялық құқықтарды және адам мен азаматтың заңды құқықтарын қорғау жөніндегі қатынастардан тұратын, жалпы қоршаған орта мен оның жеке құрамдары бойынша қоғамдық қатынастардаң жиынтығы экологиялық құқық бұзушылық объектісі болып табылады.

Мұндай түсінік экологиялық заңсыз әрекет нәтижесінде жағымсыз әсер алуы мүмкін алуан түрлі әлеуметтік қатынастардың тұтастай кешенін қамтиды.

Экологиялық құқық саласындағы мамандар экологиялық құқық нормаларымен тыйым салынған әрекеттер жасалған кезде экологиялық қатынастарға зиян, әдеттегідей, сол қатынастардың нысанына әсер ету арқылы жүзеге асырылады деп есептейді.Осыған байланысты экологиялық құқық бұзушылықтың объектісі мен нысанасының арақатынасын анықтау қажеттілігі туады.

Қоғамдық қатынастарға себеп болған құбылыстар сол қатынастардың нысанасы болып табылады және оның субъектілерінің танымдық және практикалық қызметі жүзеге асырылады. Экологиялық қатынастар нысанасы әрқашанда материалдық нысанан екені белгілі, себебі қоршаған орта мен оның құрамы материалдық қабаттан тұрады.

Экологиялық құқық бұзушылық объектісі мен нысанасының айырмашылығы мынада: заң материалдық дүниенің заттарын емес, қоғамдық қатынастардың элементтері ретіндегі заттарды (мүлікті) қорғайды, және оларға қол сұғу тиісті қоғамдық қатынастарға қол сұғу болып табылады. Сондықтан біз қоршаған ортаны және оның құрамын экологиялық құқық бұзушылық объектісі ретінде қарастыратын авторлармен келісе алмаймыз.

Демек, жалпы табиғат объектілері мен қоршаған орта материалдық, басқаша айтқанда, заттай объектілер болып табылады. Олар арқылы экологиялық құқық қатынастары қарым қатынастарын белгілі бір қырлары мен қасиеттері танылады.

Құқықтық қорғауға алынған табиғи объектілердің шеңбері ҚР Экологиялық кодексінің 1-бабында белгіленген. Оларға: атмосфералық ауа, су, жер, оның қойнауы, жануарлар мен өсімдіктер, сондай-ақ климат жатады. [30,б.96].

Табиғи объектілердің қоршаған ортаның ажырамас құрамы ретінде міндетті түрде мынадай белгілері:

1) табиғи жаратылысы;

2) экологиялық жүйелермен өзара байланысы болуы тиіс.

Бұл белгілерінің екіншісінің анықтаушы маңызы бар, себебі заңсыз әрекетті экологиялық құқыққа қарсы әрекеттер қатарына жатқызу үшін ол жасалған кезде құқыққа қарсы әрекеттің заты қоршаған ортамен өзара табиғи байланыста болуға тиіс. Бұл белгі бойынша үй жануарларын ұрлауды, зоопарктегі жабайы аңдарды жоюды және т.б. экологиялық құқық бұзушылықтарға жатқызуға болмайды.

Жоғарыда айтылғандардың маңыздылығына қарамастан, осы санатпен байланысты мәселеллер мұнымен шектелмейді. Осы орайда “экологиялық құқық бұзушылық салдарынан келтірілген зиян” және “экологиялық зиян” ұғымдарының ара қатынасын ашып көрсету қажет.

Бұл үшін кейбір бастапқы ережелерді анықтап алайық. Біріншіден, заңмен қорғалатын кез келген қоғамдық қатынастарға қол сұғудың негізгі құқықтық тәртіпке келтірілген зиян. Демек, экологиялық құқық бұзушылық жасау барлық жағдайда жалпы экологиялық құқықтық тіртіпке зиян келтіреді, ал оны біз экологиялық құқық нормаларымен бекітілетін және реттелетін қоғамдық қатынастардың ұйымдастырылуы деп түсінеміз.

Сонымен бірге, жекелеген жағдайларда құқықтық нормалармен қатар субъективтік құқықтар бұзылып, құқық бұзушылықтың нысаны – нақты мүліктік және мүліктік емес игіліктердің маңызы төмендетіліп жатады.

Сондықтан, заң әдебиетінде зиянның екі түрі көрсетіледі – заң-әлеуметтік және нақты зиян. Бұл орайда, нақты зиян (субъективтік құқықты бұзу, мүліктік немесе мүліктік емес игіліктердің маңызын төмендету) болмаса да, заң-әлеуметтік маңызы бар зиянның туындауы мүмкін екендігіне назар аударылады.

Сонымен, заңға қарсы әрекет салдары ретінде экологиялық-құқықтық нормалармен қорғалатын қоғамдық қатынастарды бұзушылық экологиялық құқық бұзушылық объектісіне келтірілген зиянның әлеуметтік сипатын ашып көрсетеді. Сондай-ақ, экологиялық құқық бұзушылық нысанасына тікелей жағымсыз әсер еткен жағдайда, мұндай әрекеттер өзінің физикалық сипаты бойынша материалдық болып, заттай объектілерді бұзу немесе жою арқылы танылады.

Осы зерттеулерге сүйене отырып, мынадай тұжырым жасауға болады: кез келген құқықтық экологиялық талаптарды бұзушылық қоршаған ортаға оның сапасын нашарлату немесе санын азайту арқылы нақты зиян келтіре бермейді.

Жоғарыдағы айтылғандардың негізінде экологиялық құқық бұзушылық арқылы келтірілген зиянды былай топтастыруға болады;

1) жалпы экологиялық құқықтық тәртіпке келтірілген зиян (заң-әлеуметтік мағынадағы зиян);

2) қоршаған ортаның сапасын нашарлату немесе сандық көрсеткіштерін азайту арқылы келтірілген нақты зиян.

Экологиялық құқық бұзушылықтар арқылы келтірілген нақты зиян да өзінің құрылымы бойынша біркелкі емес. Біздіңше, кейбір экологиялық заңдарды бұзушылық, мысалы, заңсыз аң, құс, балық аулау, заңсыз ормандағы ағаштарды кесу және т.б., қоршаған ортаның сапасы және экологиялық тепе-теңдікті сақтау тұрғысынан жағымсыз экологиялық салдарға соқтырмайды, бірақ табиғи ресурстардың меншік иесі-мемлекетке немесе жекелеген табиғат пайдаланушыға мүліктік зиян келтіреді.

Сондықтан, мұндай зиянды топтастыру үшін қоршаған ортаға келтірілетін жағымсыз әсерлердің экологиялық тұрғыдан неғұрлым маңыздыларын егжей-тегжейлі қарастырған жөн.

Экологиялық зиян, біріншіден, қоршаған орта күйінің сапасына келтірілетін болғандықтан, оның сипаттамасын берер алдында құқықтық қорғау нысанасының дұрыс, бұзылмаған қалпының сипаттамасын беру керек. Бір сөзбен айтқанда, қоршаған ортаның сапасы түсінігін беру керек.

Заң әдебиетінде қоршаған ортаның сапасы мәселесі туралы біраз айтылып жүр. Кейде қоршаған ортаның сапасы деп адам мекендеген орта ішіндегі, адам мен оның мекендеген ортасы арасындағы заттар мен қуаттардың үнемі және тұрақты түрде алмасуы қабілетін сақтаған, шаруашылық қызмет барысында жетілдірілген және өзгерген табиғи экологиялық жүйелердің күйі деп түсіндіріледі. Кейбір авторлар қоршаған ортаның сапасы биологиялық, химиялық және өзге де қасиеттермен белгіленеді деп көрсетеді, үшіншілері оны-табиғи ортаның нормативтік жағынан бекітілген, мемлекет тарапынан қамтамасыз етілген, адам мен қоғамның дамуының осы кезеңінде олардың биологиялық, экономикалық және әлеуметтік-мәдени талаптарын қанағаттандыратын жиынтығы деп нақтылай түседі.

Біздің ойымызша, қоршаған ортаның сапасы төмендегі өлшемдердің жиынтығымен сипатталады.

1. Биологиялық тұрғыдан алып қарағанда, қоршаған ортаның адамның өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы күйі оның сапасының өлшемі болып табылады. Табиғаттағы құбылыстар мен процестердің өзара байланысы мен өзара шарттасуын ескерсек, адам өзінің мекендеген табиғи ортасымен өзара әрекеттеседі. Адамның табиғи физиологиялық - дем алу, шөл басу, тамақтану сияқты қажеттіліктерін табиғаттың жеке элементтері тікелей қанағаттандырады. Ал, бұл-қоршаған ортаның биологиялық тұрғыдан тазалық (ластанбаған) өлшеміне сәйкес келу қажет екенін білдіреді.

2.Табиғи байлықтар өздерінің экономикалық қасиеттеріне және белгілі экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты адамдардың әртүрлі материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру көзі болып табылады. Осының салдарынан адамның минералды ресурстарды, өсіидіктер мен жануарлар өнімдерін пайдаланбауы мүмкін емес, ал бұл қоршаған ортаның кейбір құрамының санының азаюына әкеп соқтырады. Нәтижесінде сапалық өзгерістер (экологиялық тепе-теңдіктің, табиғи экологиялық жүйелердің бұзылуы, т.с.с.) туындауы мүмкін. Алайда жаңартылатын табиғи ресурстарды олардың өзінен өзі қалпына келуінің табиғи жолдарын есекере отырып, оларды ақылмен және ғылыми негізде пайдалану немесе жаңартылмайтын табиғи ресурстарды тұтынудың әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан негізделген режимі қоршаған ортадағы тепе-теңдіктің бұзылуына шектеу болар еді.

Сонымен, экономикалық тұрғыдан қоршаған ортаның сапасы адамзаттың даму барысына көбейе түсетін материалдық қажеттіліктерін (өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, энергетика, көлік т.б.) қанағаттандыруды қамтамасыз етуге тиіс. Сондықтан, қоршаған ортаның қолайлы күйінің экономикалық көрсеткіштері оның ресурстарының сыйымдылығы (бітпеушілігі) және табиғи ресурстарының өндірушілік қабілеті.

3.Әлеуметтік тұрғыдан алып қарағанда қоршаған ортаның сапасы адамның эстетикалық, рекреациялық, ғылыми, мәдени қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс, себебі табиғатпен қарым-қатынас барысында адам өзінің физиологиялық және материалдық қана емес, сонымен бірге рухани қажеттіліктерін қанағаттандырады. Бұған осы орайда қоршаған ортаның сапасын алуан-түрлілік және эстетикалық байлық сияқты өлшемдерге жауап беруі қажет.

4.Құрылымдық функционалдық тұрғыдан алып қарағанда қоршаған орта экологиялық орнықтылық (экологиялық құрамдастардың балансы), табиғи экологиялық байланыстардың сақталуы сияқты өлшемдерге сәйкес келуге тиіс.

Сонымен, қоршаған орта сапасының өлшемдеріне:

1) қоршаған ортаның тазалығы (ластанбағандығы);

2) табиғи ресурстардың сыйымдылығы (бітпеушілігі) және табиғи ресурстардың өндірушілік қабілеті;

3) алуан түрлілік және эстетикалық байлық;

4) экологиялық орталық және табиғи экологиялық байланыстардың сақталуы жатады.

Бұл қоршаған орта келтірілетін зиянның құрылымына не әлеуметтік-мәдени, не экономикалық, не биологиялық аспектілердің барын білдіреді. Сондай-ақ олардың жалғаса пайда болуы мүмкін. Экологиялық тепе-теңдіктің жоғалуына әкеп соқтыратын, табиғи экологиялық байланыстардың құрылымдық-функционалдық бұзылуы экономикалық және (немесе) биологиялық аспектілердің деңгейіне байланысты.

Бұл орайда, жоғарыда аталған аспектілердің кез келгені жалпы қоғам үшін және жекелеген табиғат пайдаланушы үшін міндетті түрде жағымсыз материалдық салдарға әкеп соқтыратынын атап көрсеткен жөн, ал ол табиғи объектілерді қайта өңдеуге және жақсартуға бұрын жұмсалған қаражаттарды, көзделген табысты жоғалтуға, оны қалпына келтіру үшін шығындануға мәжбүр етеді. Сондықтан біз А.Хаджиевтің экологиялық зиян келтірген кезде оның соңының міндетті түрде жағымсыз экономикалық салдардың ере жүретіні туралы пікірін толық қуаттаймыз [31,б.52].

Алайда, біз оның табиғатқа келтірілген экономикалық зиянның экологиялық зардаптар келтіре алмайтыны туралы тұжырымына келісе алмаймыз.

Мысалы, аулауға рұқсат етілген жануарлар, құстар, балықтардың табиғи ортасында оларды заңсыз аулаудың салдарынан келтірілген зиянның экологиялық өлшемдері жоқ. Мұндай әрекеттердің заңсыздығы тиісті рұқсат қағаздарының болмауында, сондықтан бұл жерде жағымсыз экологиялық салдардың пайда болуы туралы айтуға ешқандай негіз жоқ. Б.Г.Розовский айтқандай, бір атылған броконьерлік оқ болашақта биосфераның өзгеруіне әкеп соғады десек, шындыққа қарсы шығамыз.

Сондықтан табиғи ресурстар санының азаюына әкеп соқтырған (отауға және сатуға арналған орман алқаптарының жойылуы, т.с.с.) нақты зиян олардың жүдеуіне немесе өзге жағымсыз экологиялық салдарға әкеледі деуге болмайды. Мұндайда мемлекетке немесе табиғат пайдаланушыға келтірілген мүліктік зиян туралы айтқан жөн.

Бұл көзқарасты Д.Л.Байдельдинов те қолдайды. Ол табиғатқа келтірілген зиянды екі дербес: экономикалық және экологиялық зиянға ұсынады. «Экономикалық зиян табиғат пайдаланушылардың мүліктік мүддесін қозғайды және заттандыруға келеді. Мұндай зиянның орнын толтыру жалпы азаматтық-құқықтық жауапкершілік негіздер бойынша жүргізіледі.Экологиялық зиян табиғаттың хал-ахуалын қозғайды… Экологиялық зиянның салдарын жою үшін ақшалай төлемдер емес, табиғи объектіні бастапқы қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар жүргізілуі қажет.»

Сонымен, экологиялық зиян деп қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзудың нәтижесінде қоршаған ортаның жай-күйі сапасының нашарлауын немесе жағымсыз экологиялық салдарға әкеп соқтыра алатын оның санының азаюын, сондай-ақ осымен байланысты заңмен қорғалатын материалдық және материалдық емес игіліктердің, оның ішінде адамның өмірі мен денсаулығының азаюын ұғынған жөн.

Қоршаған ортаның қандай да болмасын жекелеген құрамына жағымсыз әсер оның жалпы жай-күйінің әсер ететіндіктен жеке табиғи объектілерге зиян келтіру туралы тікелей айтылмайды. Сондықтан табиғи объектіге келтірілген зиян қоршаған ортаға келтірілген зиянның түрі болып табылады.

Экологиялық зиянның ерекшеліктерінің анық көрінетініне ғалымдардың барлығы ортақ.

Біріншіден, жағымсыз антропогендік әсер көбіне нақты табиғи объектіге тікелей зиян келтіріп қана қоймай, онымен байланысты басқа да объектілерге немесе жалпы қоршаған ортаға зиян келтіреді. Бұл бұзылған жойылған объектінің барлық табиғат жүйесімен экологиялық байланыстардың жойылуына әкеп соқтырады.

Табиғи-ғылыми тұрғыдан табиғат орта қолдан өзгертілген кез келген жағдайда жасанды өзгерісті немесе жаңа табиғи жүйелерді жоюға бағытталған, бір-біріне тізілген табиғи реакциялар пайда болады.

Сонымен, қоршаған орта элементтерінің өзара байланысына және өзара тәуелділігіне негізделген зиянды салдар «тізбекшісінің» туындау мүмкіндігі – экологиялық зиянның ерекшелігі болып табылады.

Екіншіден, зиянды салдардың барлығы бірден біліне бермейді, олардың көбі потенциялды сипатта.

Үшіншіден, экологиялық зиянның маңызды бір ерекшелігі – оны экономикалық тұрғыдан бағалау үшін алдымен жағымсыз антропогендік әсер салдарының көлемін анықтау қажет. Сондықтан, тап сол кезеңдегі ғылыми-техникалық мүмкіндіктерге сәйкес анықталып, көлемі белгіленген жағымсыз өзгерістерді ғана экологиялық зиян деп тануға болады.

Төртіншіден, экологиялық зиянның пайда болуының ерекше нысандары бар. Олар туралы төменде айтылады.

Экологиялық зиянның пайда болу нысандары алуан түрлі.

Ол адам мекендеген қоршаған табиғи ортадағы сан мен сапалық шығындар арқылы байқалады. Қоршаған ортаның немесе оның жеке объектілерінің ластануы; олардың бұзылуы немесе жойылуы (яғни, олардың сан немесе сапалық жағынан ішінара немесе толық жарамсыз болуы); ортаның тозуы және оның компоненттері арасындағы экологиялық байланыстардың бұзылуы (табиғи объектілер және жалпы қоршаған орта қызметінің азаюы немесе жоғалуы, жойылуы) арқылы байқалады.

Сонымен, экологиялық зиянның негізгі түріне: табиғи ресурстарды ластау тоздыру, жою, бұзу, табиғи экологиялық ресурстарды бүлдіру жатады.

Қоршаған ортаны ластау «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде» қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ қоршаған ортаға шудың, тербелістің, магнитті өрістердің және өзге зиянды физикалық ықпалдардың әсері деп белгіленеді.

Қоршаған ортаны ластаудың негізгі түрлері – физикалық, химиялық, биологиялық ластау.

Физикалық ластау қоршаған ортаның физикалық өлшемдерінің температуралық-энергетикалық (жылумен ластау), толқынды (жарық, шу, электромагнитті ластау) өзгерістерімен байланысты.

Жылумен ластау – температураның табиғи деңгейден кезең-кезеңімен немесе ұзақ мерзімге көтерілуі.

Жарықпен ластау - өсімдіктер мен жануарлар өміріндегі құбылыстарға әкеп соқтыруы мүмкін жасанды жарық көздерінің әсері нәтижесінде мекендердегі табиғи жарықтың бұзылуы.

Date: 2016-06-09; view: 1843; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию