Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану ережелеріне





Арсы қылмыстар

 

Өсiмдiктердiң аурулары мен зиянкестерiне қарсы күресу үшiн белгiленген ережелердi бұзу, ауыр зардаптарға әкеп соқса - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады [15,б.55].

Барлық топтағы ормандарда ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ орман қорына кiрмейтiн ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, сол сияқты өсуiн тоқтату дәрежесiне дейiн зақымдау, егер бұл әрекеттер елеулi зиян келтiрсе, - жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп немесе онсыз алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

Дәл сол әрекет:

а) бiрнеше рет;

б) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып;

в) iрi зиян келтiрiле отырып жасалса, - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда не ұйымдасқан топ жасаған әрекеттер, - бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Отты немесе өзге де қауiптiлігi жоғары көздердi ұқыпсыз қолдану салдарынан ормандарды, сол сияқты орман қорына кiрмейтiн екпе ағаштарды жою немесе зақымдау - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ормандарды, сол сияқты орман қорына кiрмейтiн екпе ағаштарды өртеу, өзге де жалпы қауiптi әдiспен не зиянды заттармен, қалдықтармен, тастандылармен немесе қоқыстармен ластау салдарынан қасақана жою немесе зақымдау - үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Орман даулары орманды беру, алу, пайдалану, қорғау кезінде орман қатынастары субъектілері арасында пайда болады. Бұл даулардың орманға және орман өнімдеріне мемлекеттік меншік құқығына қатысты болмауы керек. Орманға меншік даулары болуы мүмкін емес.

Орман даулары соттарда қаралады. Орманға байланысты барлық мүліктік даулар да соттарда шешіледі.

Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер арасындағы даулар екі жақтың келісімімен белгіленген тәртіпте өз шешімін табады.

Орман заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық экологиялық жауаптылықтың бір саласына жатады. Орман заңдарын бұзғаны үшін жауаптылықтың жалпы түрлері Орман кодексінің 75-бабында қаралған. Орман заңдарын бұзғаны үшін жауаптылықтың басқа да түрлері орман зандарында қаралуы мүмкін.

Орман кодексінің 75-бабында көзделген, қылмыс деп табылған әрекеттер мен әрекетсіздіктер үшін кінәлы адамдардың жауаптылығы тәртіптік, экімшілік, азаматтық, қылмыстық заңдарда көрсетілген жағдайларда ғана жүзеге асырылады.

Заңды ұйымдар мен жеке тұлғалар орман зандарын бұзу салдарынан өздері келтірген зиянды зандарда белгіленген мөлшерде және тәртіпте өтеуге міндетті.

Өз бетімен иеленген орман қорының учаскелері олардын иелеріне заңсыз пайдалану кезінде шыққан шығындар өтелместен қайтарылады. Ал орман қорының учаскесін өз бетімен алып қоюы салдарынан оның иесіне келген зиянды өтеуі тиісті [16,б.28].

Өз бетінше тұрғызылған құрылыстарды бұзу, жерлерді ағаш өсіруге жарамды күйге келтіру және орман алқаптарын қалпына келтіру кінәлы адамдардың есебінен жүргізіледі.

 

Date: 2016-06-09; view: 1231; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию