Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азақстандағы экологиялық қауіпсіздік мәселелерді тиімді шешу жолдарын айқындау





Мазмұны

 

Кіріспе.........................................................................................................................4

Экологиялық қылмыстарға жалпы сипаттама және олардың түрлері

1.1 Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар……………................8-18

Суды және атмосфераны тиімді пайдалануға және қорғауға қол

сұғатын қылмыстар…………………………………………..............................18-24

Жерді,құрлықтық шельф,жер қойнауын қорғау және тиімді

пайдалануға қол сұғатын қылмыстар………………………….........................24-26

Жануарлар дүниесін тиімді пайдалану,сақтау және қорғау

ережелеріне қарсы қылмыстар…………………………………........................26-30

Сімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану ережелеріне

қарсы қылмыстар…………………………………………………......................30-31

Ерекше табиғи-биологиялық түрдегі дүниелерді қорғау

ережелеріне қарсы қылмыстар………………………………….............................32

Экологиялық қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы

Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік ұғымы

және жалпы сипаттамасы....................................................................................33-40

2.2 Қоршаған ортаны қорғау туралы заңды бұзғаны үшін заңдық

Жауапкершіліктің түрлері және заңды бұзумен келтірілген нұқсанды

өтеу........................................................................................................................40-54

2.3 Экологиялық зиянды өтеу тәсілдері............................................................54-81

Қорытынды...........................................................................................................82-83

Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................................................84-85

Қосымшалар.......................................................................................................86-92

 

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. ХХI ғасырдағы ғылымның ұлы жетістіктерінің бірі – технология жетістіктерін пайдалануға қол жеткізу болса, бұл бір жағынан адамзат баласының алдындағы көптеген күрделі мәселелердің шешілуіне, ғылым мен техниканың дамуы барысында үлкен бетбұрыс алуына мүмкіндік жасаса, екінші жағынан ол өзінің кері әсерін де тигізіп отыр.

Азақстан Республикасында экологиялық қолайсыздық салдарынан халықтың денсаулығы нашарлай түскені ресми деңгейде көптен бері айтылып жүр.Табиғатқа келтіріліп жатқан зиянның көлемі бүгінгі күні баршаға мәлім: теңіздер,өзендер мен көлдер ластанып,жыртылмалы жерлер жарамсыз болып қалып жатыр,миллиондаған адамдар уланған ауа жұтуға мәжбүр болып,халық арасындағы өлім саны да көбейді.

Бүгінгі таңда, ластайтын заттар қоршаған ортаға өте көп мөлшерде келіп түсуде,ал олардың түсуін қадағалау өте төмен деңгейде қалып отыр. Мысалы, жер, су, ауаның ластануы қалыпты деңгейден 2-3 есе, кейбір жерлерде 10-15 есе асып кеткенін,жеріміздің 44 пайызы аридті (шөл), 23 пайызы субаридті (шөлейт) екенін,еліміздің егістік жерінің 20-30 пайызы табиғи жолмен пайдалану шеңберінен шыққанын,63 млн.гектар тозып кеткен жайылымдық жер тіркелгенін,республика жерінде 20 млрд. тонна өндіріс қалдығы бар екендігі,оның ішінде 237 млн.тонна радиоактивті қалдықтардың ашық аспан астында үйіліп жатқандығы мен ормандардың тілсіз жау өрт құшағына оранған оқиғалар жиілеп кеткендігін анықтап алған кезде сөзсіз Экология кодексін қабылдау қажеттігі туындайды.

Ол туралы Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына жолдаған биылғы Жолдауында: «2007 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған. Экология кодексі қабылдануға тиіс» деп ерекше атап өткен болатын.Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 2007 жылы 9 қаңтарда қабылданған. Экологиялық кодексі келесі негізгі мәселелерді қарастырады:

1. қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті лицензиялау,экологиялық нормалау,экологиялық сараптама,рұқсаттар,экологиялық аудит;

2. қоршаған ортаның ластану учаскелерін мемлекеттік есепке алу,табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары,өндіріс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастры,зиянды заттарды,радиоактивті қалдықтарды көму мен сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттік кадастры;

3. жекелеген аумақтарды төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық зілзала аймақтарын белгілеу,жерді пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар,суды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар,ормандарды және өзге де өсімдіктерді пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар;

4. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында шаруашылық қызметті жұзеге асыру кезінде қойылатын экологиялық талаптар,радиациялық материалдарды,атом энергиясын пайдалануға қойылатын экологиялық талаптар;

Ндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптар,қалдықтарды көму полигондарына және ұзақ мерзімді сақтау қоймаларына қойылатын экологиялық талаптар [1,б.22].

Осыған орай,халық арасында заңдарды құрметтеу,әрбір адамның құқықтық санасын ояту және оларға құқықтық насихат жүргізу жұмыстарын жетілдіру мақсатын көздеген Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 949 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат Тұжырымдамасы дүниеге келді.Жалпы Тұжырымдама ұсынылған экологиялық қауіпсіздік пен табиғат пайдаланудың аса маңызды проблемалары бойынша зерттеулердің,оның ішінде іргелі ғылыми зерттеулердің ілгерілмелі дамуын қамтамасыз ету, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторингтің бірыңғай жүйесін енгізу, Қазақстан аумағын экологиялық аудандарға бөлу және арнаулы картографиялау үрдістері экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2004-2007 жылдар,2008-2010 жылдар және 2011-2015 жылдарды қамтитын үш кезеңдегі бағыттары мен негізгі тетіктерін жоспарлы түрде айқындап берілді.

Азақ халқының алдында тұрған стратегиялық мақсаттарын өткізуіне, яғни демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетті құру, тұлғаны, оның құқықтарын және бостандықтарын қорғауы маңызды роль болып, әлеуметтік – саясаттық,экологиялық және экономикалық шараларымен бірге құқықтық тәртіпті орнатылуы танылады. Бұл мақсатты іске асыруы қоғамдық өмірдің барлық салаларында заңдылықты сақтау, экологиялық құқық бұзушылықпен күресудің тиімділігін арттыру қажетімен байланысты. Экологиялық құқық бұзушылық –бұл Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігіне қауіп-қатер.Сондықтан біздің мемлекетіміздің Президенті осы мәселеге көп көңіл аударады. Қазақстан Республикасының Президенті экологиялық құқық бұзушылықпен күресу бұл «Мемлекеттік саясаттың ең маңызды бағытының бірі» деп мәлімдеді.

Бүгін мен бұрын болмаған мөлшерде экологиялық зиян келтіріліп жатқаны туралы баса айтуға тиіспін деп ойлаймын. Экологиялық зиян деп қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзудың нәтижесінде қоршаған ортаның жай-күйі сапасының нашарлауын немесе жағымсыз экологиялық салдарға әкеп соқтыра алатын оның санының азаюын, сондай-ақ осымен байланысты заңмен қорғалатын материалдық және материалдық емес игіліктердің,оның ішінде адамның өмірі мен денсаулығының азаюын ұғынған жөн. Зиянсыз құқық бұзушылық болмайды, қандай да болмасын құқық бұзушылық зиян әкеледі,себебі қоғамдық қатынастар қол сұғу объектісі болып табылады. Мысалы,қазақстандық ғалымдардың «Правовое обеспечение рационального природопользования» атты еңбегінде экологиялық құқық бұзушылық объектісі адамның қызметі мен қоршаған ортаның арасындағы тиімді қарым-қатынасты қолдауға,оларды тиімді пайдалануға бағытталған, қоғам қызметінің нәтижелерінің тікелей немесе жанама түрде табиғатқа және адам денсаулығына зиянды ықпалының алдын-ала шаралар жүйесін жүзеге асыру барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар ретінде берілген.

Бүгінгі таңда экологиялық құқық бұзушылықтардың жасырын деңгейі өте жоғары деп айтуға болады. Бұл жағдай нақты құқық бұзушыны айқындау қиындықтарымен де,құқық бұзушының іс-қимылдары мен зиян келтірудің арасындағы себептік байланыстарды дәлелдеу,сондай-ақ зиянның мөлшерін белгілеу қиындықтарымен де байланысты.

Сондықтан қазіргі уақытта ғалымдар мен практикалық қызметкерлердің күш-жігері қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу мәселелеріне және экологиялық қылмыстар үшін жауапкершілік жағдайларына жұмсалуы қажет деп ойлаймын.

Дипломдық жұмыстың мақсаты– экологиялық құқық бұзу факторларын айқындау және табиғаттың тұтастығына қол сұғатын қылмыстардың маңызын ашу, қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу жолдарын және осындай зиян үшін жауапкершілік шараларын белгілеу мәселелері болып табылады. Бұл мынандай мақсаттарды көрсетеді:

1. Экологиялық қауіпсіздігіне қол сұғатын қылмыстарды сипаттау;

2. Қоршаған ортаға келтірілген зардаптардың маңызын ашу;

3. Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңдық жауапкершілікке жалпы сипаттама жасау;

4. Қазақстан Республикасының экологиялық қолайсыздық салдарынан экологиялық апат аймақтарын белгілеу;

азақстандағы экологиялық қауіпсіздік мәселелерді тиімді шешу жолдарын айқындау.

Жұмысты жазған кезде мен келесі тәсілдерді пайдаландым:тарихи әдіс – экологиялық қолайсыз аймақтарының пайда болуына тарихи шолу жасау анализі,әлеуметтік- заңгерлік, яғни нормативтік актілері мазмұндарының өңдеуі мен анализі,статистикалық әдіс - санды деректерді өңдеу.

Дипломдық жұмыстың нормативтік базасы: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, Су кодексі, Орман кодексі және басқа нормативтік актілері, сондай-ақ журналдар, монографиялар, авторефераттар, мерзімді баспалардың мақалалары.

Менің ойымша, табиғаттың тұтастығына қол сұғатын қылмыстар тақырыбы өзекті болып келеді.Себебі,қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу жолдарын және табиғи байлықтарды тиімді пайдалану шараларын іздестіру қазіргі уақыттағы қоғамдық қатынастар саласында ең маңызды шешілетін сұрақтардың бірі болып табылады.

Экологиялық тұрғыдан алғанда Қазақстан аумағы жағынан да, тұрғындардың жан басына шаққанда да әлемдегі ең лас аймақ болып табылады. Демек, ел аумағының экологиялық ластануы адамзаттың өмір сүруін тоқтататындай жағдайға таяуда. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысында күн тәртібінде республикадағы экологиялық ахуалдың арнайы қаралуы осының айғағы.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 6 ақпан 2008 жылғы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысты бірнеше бағыттағы өзгерістер енгізу қажеттігін атап көрсеткен. Соның ішіндегі төртінші бағытында - жеке меншік тұрғын үй құрылысында индустриялық, арзан және экологиялық таза технологияларды игеру басымдыққа ие болуға тиіс. Шет мемлекеттердің озық тәжірибелерін кеңінен қолдану керек деп атап өтті.

Үкімет осымен бір мезгілде өзінің күш- жігерін қуат жинақтаушы және экологиялық таза технологиялар енгізуге жұмылдыруы тиіс делінген [2,б.54].Яғни кез-келген салынып жатқан немесе болашақта салынатын құрылыс кешендері тек қана экологиялық стандартқа сай, қоршаған ортаға зияндарын тигізбейтіндей жан-жақты зерттеліп барып құрылысын жүргізуі тиіс.

Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында баршаға мәлім болған деректердің негізінің өзінде, экологиялық мәселенің ең күрделі, әрі көкейтесті екендігіне көз жеткіземіз. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының басына дейiн Арал теңiзi әлемдегi ішкі теңiздердiң аумағы бойынша төртінші орында болды. Оның аумағы 64,5 мың шаршы километрге жетті, тереңдігі - 68 метрді құрады. 60-шы жылдардан бастап Арал теңiзiне құятын сулар лезде азайды. Теңiз аумағы теңiз түбінің үш миллионнан астам гектарын жалаңаштап екі есе қысқарды. Теңiз деңгейi 19 метрге төмендедi, көлемi 1064-тен 210 км3-қа қысқарды. Теңiз суының минералдануы 33,3-тен 60 г/л-ға дейiн екі eceге жуық көтерiлдi. Арал өңiрiнде пайда болатын, тұзды-шаңды ағыстар ғарыштан түсiрiлген суреттердiң деректерi бойынша 150-300 және одан да үлкен километрлерге таралады. Шаңның таралу және шөгуi аймақтарының көлемi шамамен 25 млн. гектар құрайды.Арал теңiзi айдынының апатты қысқаруы аумағында 178 елдi мекен орналасқан, 186,3 мың адам тұратын экологиялық апат аймағы деп, мәлiм болғандай, Арал өңiрiн жариялаудың себебi болды. Ауыз сумен қамтамасыз ету негізiнен, ашық су қоймалары мен әкелiнетін сулардың есебiнен, 25% құрайды. Қазiргi уақытта, Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 7 мамырдағы №520 қаулысымен 2004-2006 жылдарға арналған Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi бағдарлама бекiтiлдi.

 

Date: 2016-06-09; view: 1688; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию