Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Клеткалар мен ұлпалар гомеостазын түсіндіріңіз?





Гомеостазды сипаттайтын көрсеткіштері:

1. Тұрақты;

2. Тұрақсыз.

Тұрақты көрсеткіштер негізінен ферментердің оптимальді сентивтілігін зат алмасу процестерді қамтамсыз ету үшін анықтайды. Қан клеткаларының саны, қысымы, элетролиттер саны т.б. Ағзаның ішкі ортаның тұрақтылығын сақтау үшін әрт түрлі мүшелер, жүйелерпроцестер, механизмдер қатысады. Оларға теріні көк бауырды, бауырды, бездерді, барлық жүйені иммундық жүйені. Тері – қоғаныс функциясының зат алмасу, бөлу сенсорлық т.б. функциясы су мен май деп осы б.а. Көк бауыр – қан түзу электролиттер қоры, липидтер қоры, қан клеткасы бұзылу мүшесінде болады.

Бауыр – залалсыздандыру токсинді, дәрілік залалсыздант, гомондар бұзылатын басқару, белоктардың, майлардың, көмірсу алмасуына қатысады. Қорғаныштық қызметін атқарады, өт түзілу.Гомеостаз - ішкі ортаның құрамы мен физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығы, яғни барлық физиологиялық қызметтерінің тұрақтылығы. Гомеостаз биологиялық константалармен сипатталады. Биологиялық константаларға жатады: қан реакциясы (рН), қандағы қант мөлшері, қоректік заттар, осмостық және онкотикалық қысымдар, қан қысымының мөлшері, дене температурасы және т.б. Осы организмнің ішкі ортасының тұрақтылығы әрдайым өзгеріп тұрады, бірақ бұл өзгерістер физиологиялық норманың ішінде болады. Жасушалардың тіршілігіне байланысты және олардың айналадағы табиғи құбылыстарымен ойдағыдай қарым қатынас жасауы әрдайым гомеостаздың сақталуына қауіп төндіретін жағдай болып саналады. Бірақ бүйрек, тер бездері, өкпе сияқты көптеген ағзалардың қызметі арқасында, сондай ақ денедегі арнайы механизмдердің қатысуымен гомеостаз әдетте бұзылмайды. Қолайсыз жағдайларда гомеостаз бұзылады. Адам ұзақ уақыт ыстықта немесе суықта қалғанда өліп те кетуі мүмкін. Организмнің ішкі ортасының негізі қан болып саналады. Қан – организмнің тіршілік етуіне өте қажет сұйықтық. Қанның 25-30% сыртқа ағып кетсе, ол организмге қауіпті болады. Ал 50% ағып кетсе - организм өледі. Қан тамырда жылжымай тоқтап қалса не қан ағысы тым баяуласа адам өлуі мүмкін. Мысалы, денедегі кейбір жасушалар, әсіресе ми қыртысының нейрондары уақытында келетін қан мөлшері азайса, 5-6 минуттан кейін бұзыла бастайды.

Қан - организмнің ішкі ортасының ең маңызды сұйықтығы болып табылады.

Тамырларда айналатын қан, қан түзу мүшелерi және қанды бұзу мүшелері бірігіп «қан жүйесін» құрайды (Ф. Ланг).

Қан жүйесіне кіреді:

1) Қан тамырларда айналатын қан;

2) Қан түзу мүшелерi – қызыл сүйек кемігі, лимфа түйіндері, көк бауыр;

3) Қанды бұзу мүшелері – көк бауыр, бауыр, қызыл сүйек кемігі;

4) Реттеуші нейро-гуморальды аппарат.

Қан плазма мен формалы элементтерден тұрады, олардың қатарына эритроциттер, лейкоциттер және қан пластинкалары – тромбоциттер кіреді. Формалы элементтер қан көлемінің 45% құраса, қалған 55% көлемді плазма құрайды. Қан плазмасында белоктар және электролиттер бар.

Қанның көлемі шамамен дене салмағының 7% құрайды (4,5-5 л). Фибриногеннен айырылған плазма сарысу деп аталады.

Бұл жүйенің барлық компоненттерінің әрекеті қанның негізгі қызметтерін қамтамасыз етеді: тасымалдаушы, тыныс алу, трофикалық, экскреторлы, термореттеуші, су-тұз алмасуды қамтамасыз ету, гуморальды реттеуді қамтамасыз ету, организм гомеостазын қамтамасыз ету, қорғаныш – организмнің арнайы және арнайы емес иммунитетің қамтамасыз ету.

Қанды сипаттайтын сандық көрсеткіштер:

1) қанның көлемі – 4,6 л немесе дене салмағынан 6-8%;

2) қанның тығыздығы – 1050-1060 г/л, оның ішінде: плазма – 1025-1034 г/л, эритроциттер – 1090 г/л.

3) қанның тұтқырлығы – 5 шартты бірлік (тұтқырлығы 1 шартты бірлік болып табылатын судан 5 есе жоғары);

4) гематокритті саны – қанның жалпы көлемінен қанның формалық элементтерінің пайызы 40-45;

5) Плазманың ионды құрамы (ммоль/л): натрий – 142; калий – 4,4; кальций – 2,5; магний – 0,9; хлор – 103.

24.Паренхималық майлану (май дистрофиясы)

Майлы паренхималық дистрофия деп жасуша цитоплазмасында майдың кебейіп кетуін, кейде майдың қалыпты жағдайда кездеспейтін жерлерде пайда болуын немесе химиялық құрамы басқаша майлардың (мысалы,
Гоше, Ниман-Пик липоидоздарында) жиналып қалуын айтамыз. Жасушада негізінен үшглицеридтер, холестерин эфирлері және фосфолипидтер жиналады. Жасушада майдың пайда болуы: жасушадағы май-белок кешендерінің ыдырап, майдың көрініп қалуына {фанероз, декомпозиция}, қанда май мөлшерінің көбейіп кетуіне {инфильтрация) және майдың көмірсулар мен белоктар есебінен шамадан ты түзілуіне байланысты.майлы дистрофия көбінесе,жүректе,бауырда,бүйректе кездеседі.Май жиналу үдерісі жасушаның жойылуына соқтырады.Бауырдың майлы циррозының дамуының негізінде осы механизмдер жатыр.Жасушаларда майды анықтау үшін,арнайы гистохимиялық әдістер қолданылады.Бауырдың майлы дист. Осы жердегі май мөлшерінің әдеттен тыс көбейіп,химиялық құрамы басқаша майлардың жиналып қалуын айтамыз.Қалыпты жағдайда бауырдағы майдың ¼ бөлігі ғана бейтарап майларға жатса,майлы дистрофияда бәрі бейтарап майдан тұрады.Бауыр май дистр.нәтижесінде үлкейіп,божырап,қамырдай жұмсарады.Бауыр май дистр.алкоголизмде,қантты диабетте,семіздікте,белоктық май жетіспеушлікке байланысты дамиды.Жүректің майлы дистр.кардиомиоциттерге май қышқылдары көбірек тасылып келгенде,жасуша ішіндегі май белок кешендері ыдырағанда келіп шығады.Май тамшылары цитоплазманы түгел жаулап,митохондрилер ыдырап,кардиомиоциттердің көлденең жолақтары жойылады.Жалпы жүрек үлкейіп,қуыстары кеңейіп,босап қалады.Бүйректер майлы дистр-ға байланысты үлкейіп,божырап қалады.Бүйректің қыртысты қабаты қалыңдап,көмескіленіп,арасында сары түсті ұсақ бедерлер п.б.

Date: 2015-09-27; view: 1680; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию