Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жүректің бүйректің гипортрофиясын ,морфологиясын және туындай себептерін түсіндіріп беріңіз?





Бұл сатыда миокардтың массасы 1-2 есе үлкейеді, оның метаболизмінде, құрылымында және гемодинамикасында пайда болған өзгерістер, оттегін пайдалану, энергия түзу қалыпты деңгейге жақындайды және жаңа жұмыс жағдайына бейімделіп, ұзақ мерзімде әдеттегі жағдайда ұсталып тұрады. Спортшыларда бұндай өзгерген жүрек бірнеше есе үлкен жұмыс атқара алады.Дегенмен, жүректің, әсіресе патолагиялық, гипертрофиясының белгілі кемшіліктері де бар. Жүрек массасының үлкеюі жеке ет талшықтарының жуандауына байланысты болады. Осының нәтижесінде жасуша ішіндегі құрылымдардың арақатынасы өзгереді, жасуша ішіндегі құрылымдардың үлкеюі кеміс қалады . Ет талшықтарының гипертрофиясы дамыған сайын митохондрийлардың үлкеюі кеміс қалады. Бұның нәтижесінде гипертрофияланған жасушалардың энергиямен қамтамасыз етілуі нашарлайды.Ет талшықтарының үлкеюі қан капиллярларының сәйкес өсуімен қабаттаспайды. Сондықтан гипертрофияланған миокардтың қан тамырларымен қамтамасыз етілуі бұзылады.Ет талшықтарының гипертрофиясы кезінде нерв талшықтарының өсуі байкалмайды.Осыдан жүрек нервтерінің трофикалық әсері бұзылады,миокардта норадреналиннің мөлшері азаяды,жүректің жиырылу қабілеті алсірейді. Осы көрсетілгендердің нәтижесінде жүрек қызметі біртіндеп әлсірейді,үдемелі кардиосклероз дамиды.Бүйрек аурулары қартайған шақтадағы жеке патология отандық нефрологтардың ойлары бойынша егде жастағы және қарт адамдардың өлімдерінің негізгі 4 себебінің бірі болып табылады. Бүйрек ауруларында жасқа байланысты ерекшеліктері бар. Жануарлармен адамдардағы зерттеулері дәлелденгендей жас келе бүйрек ұлпасының қызыметінің төмендеуі адам қартайғанда 1/3-1/2 нефрондарын жоғалтып дәнекер тіндер өсіп жастық нефросклероз түзіледі. Нефрондардың өлуімен қатар қалған жасушалардың компенсаторлы гипертрофиясы дамиды. Қартайған кезде бүйректің оттегіне қажеттілігі төмендейді, жасушаларда митохондри саны азаяды, жалпы АТФ-тың белсенділігі төмендейді, жалпы ағзадағы энергиялық алмасу қарқындылығы қысқарады. Үдемелі түрде бүйрек қанайналымымен шумақты фильтрациясының физиологиялық деңгейі төмендейді. Бүйректің экскреторлы (азотты, су мен электролит шығарушы) қызметі төмендеп бүйректің гипофункциясы дамиды. Бұған нейрогумаральды реттелудің жастық ерекшелктеріне байланысты зәр шығару жүйесінің жүйке бөлімінің ролінің азаюына, гуморальды белсенділігінің жоғарылауына байланысты. Бүйрек тостағаншалары, табақшалары, несеп ағар жас келе тығыздалады, эластикалығын жойып, көлемі ұлғайып ритмді қызметі бұзылып, рефлюкс жиілеп, қуық қабырғасы қалыңдап тығыздалып зәр шығаруы жиілейді. Қуықтың жас өзгеруіне байланысты жабушы аппараттың қызметі әлсіреп, зәрді ұстай алмауына алып келеді. Бұл зәр шығару рефлексін бақылаушы жоғарғы орталық жүйке жүйесінің қызметінің төмендеуінен болып табылады. Қарттық метаболикалық функционалдық, реттеуші құрылымдардың өзгерулері зәр шығару жүйесінің қартайғанда патологиясының өсуіне стресс кезінде декомпенсациялануы дәрмектердің мөлшерін азайтуға алып келеді.








Date: 2015-09-27; view: 501; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2018 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию