Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Нерв ұлпасының регенерациясының жүру жолын түсіндіріңіз?





Нерв жүйесінің регенерациясы орталық нерв жүйесінің, нерв жасушаларының бөлініп көбею өте сирек кездесетін құбылыс. Ми зақымданғанда нерв жасушалары, глия, аралық тін бүтіндей жойылып, ыдырап, орнында сұйықтықпен толған кисталар қалады. Ал зақымданған жасушалар қызметінің қалыптасуы сау жасушалардың жасушаішілік ультрақұрылымдарының гиперплаззиясы арқылы, яғни жасушаішілік репарациялық регенерация жолымен жүзеге асады. Нерв ұштарының гиперплазиясы әрі физиологиялық, әрі реперациялық регенерацияға тән құбылыс. Синапстардың жаңара алатындығы, тіпті жаңадан пайда болатындығы электронды микроскоптық зерттеулер нәтижесінде дәлелденген.

Вегетативтік нерв түйіндеріне регенерация үдерісі жасушаішілік ульрақұрылымдардың гиперплазиясы, ішінара бөлініп көбейген жасушалар есебінен жүреді.

Шеткі нерв жүйесінің регенерациясы тек орталықкесінді тарапынан ғана іске асады. Кесілген жердің төменгі жағындағы нерв талшықтары оынң миелинді қабықшасы бұзылып, шванн қабығындағы жасушалар жәрдемімен ыдырайды. Нервтің орталық кесіндісі ескі нервті бойлап өсе бастайды. Аксонның өсуі леммоциттердің гиперплазиясымен және гипертрофиясымен қатар жүреді. Нерв қызметінің қалпына келуі ұзақ созылатын тек орталық және шеткі кесінділер бір-біріне өте жақын, 2-5 мм қашықтықта жатқанда ғана іске асатын жағдай.

Эпителий регенерациясы эпителий тінінде регенерация мүмкіндігі өте жақсы дамыған. Жамылғы эпителий жасушалары камбиалдық қабаттың жасушалары есебінен көлемді жара беттерін де толық жаба алады. Бұл үдерісте эпителий астында жатқан түйіршікті дәнекер тіннің маңызы зор. Осы екі тіннің жетілуі қатар жүріп отырғанда ғана регенерация толық өтеді. Көп қабатты эпителидің мысалы, тері эпителиінің, регенерациясы негізгі қабаттағы жасушалардың өсіп-көбеюі арқылы жүреді. Алдымен бір қабатты эпителий пайда болып, ол жетіліп, көп қабатты эпителиге айналады. Шырышты қабықтардың жабынды эпителиінің регнерациясы жара айналасындағы камбиалды эпителий жасушаларынан басталады. Олар алдымен көбейіп пайда болған дефекті толтырады, кейінірек жетіліп сол жерге тән призмалық, жыбырлағыш, өтпелі және т.б. эпителиге айналады.

19. Трансплантация дегеніміз не? Оның түрлерін, практикалық маңызын түсіндіріңіз

ТРАНСПЛАНТАЦИЯ (ортағасырлық лат. transplantatіo – ауыстырып салу), Медицинада – адам мен жануарларда органдар мен тіндерді ауыстырып салу.

Трансплантация әдісі көне заманнан белгілі. Тері қабатының орнын ауыстырып салу әрекеті алғаш рет б.з.б. 1500 жылы жасалған. Клиникалық тәжірибеде бұлшық етті, сіңірді, қан тамырларын, жүйке талшықтарын, сүйек кемігін, т.б. ауыстырып салу жиі қолданылады. Трансплантацияның ерекше бір түрі – қан құю. Ең жиі алмастырылатын орган – бүйрек болып саналады.

· 1902 жылы австриялық хирург Е.Ульманн алғаш рет бүйректі Трансплантациялау операциясын жасады.

· Бұрынғы КСРО-да мұндай операцияны бірінші болып белгілі орыс хирургі Б.Петровский жасады (1965). Ол донор бүйректі шешесінен алып қызына салды, операция сәтті аяқталды. *Адамнан адамға жүрек алмастырудың алғашқы операциясын 1967 жылы оңтүстік африкалық хирург К.Барнард жасады. Пациент 18 күн өмір сүрді.

· Клиникада өкпені ауыстырудың алғашқы операциясын 1963 жылы америкалық кардио-хирург Дж.Харди (бір топ дәрігерлермен бірге) іске асырды.

· Қазақстанда органды Трансплантация операциясын тұңғыш рет М.Әлиев жасады.


Қазіргі кезде Трансплантация экспериментті биология мен медицинада ауто- (өз тіндерін Трансплантациялау), гомо- (сондай түрдің донорынан Трансплантациялау) және гетеротрансплантация (басқа түрдің донорынан Трансплантациялау, мысалы итке қояннан) кеңінен қолданылады. мысалы экспериментті онкологияда (жануарларға тәжірибе жасауда) қатерлі ісік штаммдарын Трансплантациялау. Трансплантацияға қажетті орган не тінді трансплантат деп атайды. Мұны ауру адамның ең жақын туысынан немесе қайтыс болған адамнан (мәйіттен) жан-жақты медициналық тексеруден өткізген соң алады. Трансплантатқа қойылатын басты шарттар: мәйіт жас адамдікі болғаны жөн; қан қысымы қайтыс болғанша қалыпты деңгейде болуы; қатерлі ісік немесе жұқпалы аурумен ауырмағандығы; ауруханада қайтыс болуы (немесе адам қайтыс болар алдында бірнеше сағат ауруханада болғаны) қажет.

Date: 2015-09-27; view: 2736; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию