Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Паренхималық дистрофияны сипаттаңыз





Паренхималық дистрофия деп зат алмасу үрдісінің тек жасу­ша ішінде бұзылуын айтады. Бұлар: 1) белоктық (диспротеиноздар); 2) майлы; 3) көмірсулы паренхималық дистрофиялар деп бөлінеді.

Белоктық паренхималық дистрофиялар-Жасуша ішіндегі белоктар әдетте майлармен қоспа түрінде (липопротеинді кешен) кездеседі. Тек ферменттер ғана таза химиялық зат түрінде болады.Жасушада белок алмасуының бұзылуымен қатар су-электро­лит алмасуы да өзгеріп, цитоплазмада су мөлшері өте көбейеді.Белоктық паренхималық дистрофияларға: гиалин-тамшылы дист­рофия, гидропиялық (сулы) дистрофиялар және түлеу жатады. Гиалин-тамшылы дистрофия жасуша цитоплазмасында гиалин белогына ұқсас ірі-ірі белок тамшыларының (коагуляттардың) пай­да болуымен сипатталады. Электрондық микроскоппен қарағанда бұл тамшылардың өте ірі, ыдырап жатқан лизосомалар екені анықталған. Бұл өзгерістер негізінен бүйрек өзекшелерінің эпителийінде, бүйрек шумақтары сүзгісінің өткізгіштігі күшейгенде немесе бе-локтардың бүйрек өзекшелерінде қайта сорылуы (резорбция) бұзылғанда көрінеді. Сонымен гиалин-тамшылы дистрофия гломеруло-нефритке байланысты дамыған нефроздық синдромда, бүйрек амилоидозында, диабетте айқын көрінеді. Бүйректің сыртқы көрінісі осы дистрофияның қай науқасқа орай шыққанына бай­ланысты. Әдетте бұл қайтымсыз, жасушаның коагуляциялық некрозына соқтыратын, үрдіс болып бүйрек қызметінің өте төмендеуімен, егер осы дистрофия ұзаққа созылса, бүтіндей бұзылуымен сипатталады. Гиалинге ұқсас заттар гепатоциттерде алкогольдік гепатит кезінде эозинофильдік қоспалар түрінде көрінеді. Қазіргі кезде алкогольдік гиалиннің (Маллори денешіктері) негізінен аралық филаменттерден тұратындығы анықталған, ол алкоголизмнің морфологиялық таңбасы (маркері) болып саналады.

Паренхиматозды май дистрофиясы негізінен паренхимотозды клетка цитоплазмасында триглицеридтердің жинақталуымен сипатталады. Белоктардың липидтермен байланысы үзілген - декомпозиция жағдайында клетканың мембрандық құрылымдарының деструкциясы жүзеге асады және клетка цитоплазмасында бос күйдегі липоидтар пайда болады. Олар паренхимотозды май дистрофиясының морфологиялық субстраты болып саналады. Декомпозиция процесі – инфекция, интоксикация әсерінен және липидтердің көміртекті ашуы нәтижесінде пайда болған заттар әсерінен пайда болады.

Көмірсулары алмасуының бұзылыстары көптеген біртектес патологиялық үрдістер мен дерттер кездерінде байқалады.

Көмірсулары алмасуының бұзылыстары:

• көмірсуларының ішек-қарында ыдырауы мен сіңірілуі;

• гликогеннің түзілуі мен ыдырауы;

көмірсуларының аралық алмасуы бұзылыстары кездерінде болуы мүмкін

Date: 2015-09-27; view: 3651; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию