Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Репаративті регенерацияның мысалдарын келтіріп, оның маңызын түсіндіріп беріңіз





Регенерация дегеніміз — құрылымның да, ол атқаратын қызметтің де қалпына келуі. Репаративтік, немесе қалпына келу деп аталатын регенерация клеткалар мен тканьдерді зақымдайтын патологиялық процестерде байқалады. Репаративтік пен физиологиялық регенерацияның даму механизмі ортақ. Осы тұрғыдан, репаративтік регенерация дегеніміз – ол үдей дамыған физиологиялық регенерация. Дегенмен репаративтік регенерация патологиялық процестің әсерінен дамитындықтан, оның морфологиялық құрылымының сапасында физиологиялық регенерациядағыдан айырмашылық бар. Репаративтік регенерация шала (неполная) және толық (полная) түрде дами алады. Толық регенерация, немесе реституция, - ақаулы жердің жойылған тканьге ұқсас тканьмен қалпына келуі. Ол көбінесе клеткалық регенерация басымырақ қалыптасқан тканьдерде орын алады. Шала регенерацияда, немесе субституцияда, ақаудың орнын дәнекер ткань, тыртық басады. Субституция регенерацияның клеткаішілік формасы басымырақ немесе ол клеткалық регенерациямен үйлесімді жүзеге асатын органдар мен тканьдерге тән. Регенерацияда арнайы қызмет атқаратын құрылымдар қалпына келетіндіктен, щала регенерацияның негізгі мәні – ақаудың орнын тыртықтық тканьнің басуында емес, арнайы қызмет атқаратын зақымдалмай сақталған элементтері көбейетін компенсаторлық гиперплазияда, яғни сол элементтердің көлемінің ұлғаюы – гипертрофияда. Сөйтіп, шала регенерация кезінде ақаудың орнын тыртық басып, оның төңірегінде гипертрофия дамиды. Бұл гипертрофия зақымдалған тканьнің орнын толтыруға бағытталған,, сондықтан регенерациялық гипертрофия деп аталады; оның негізгі биологиялық мәні – регенерация. Регенерациялық гипертрофия екі жолмен – клеткалардың гиперплазиясы немесе клетканың ультрақұрылымының гиперплазиясы мен гипертрофиясы, яғни клетканың гипертрофиясы арқылы жүзеге асрылады. Бауыр, бүйректер, ұйқы безі, бүйрек үсті безі, өкпе, талақ және басқа мүшелердің регенерациялық гипертрофиясы кезінде мүшелердің массасы мен қызметі негізінен клеткалардың гиперплазиясы арқылы бұрынғы қалпына келеді. Регенерацияның клеткаішілік формасы басымырақ орын алған жүрек, ми сияқты органдарда регенерациялық гипертрофия клетканың ультрақұрылымдарының гиперплазиясы арқылы іске асады. Қалпына келу кезеңі, әдетте зақымдалған органда дамыған репаративтік регенерациямен ғана шектелмейді. Патогендік әсер клетка жойылғанға дейін тоқтатылса, оның органеллалары біртіндеп қалпына келеді.

Date: 2015-09-27; view: 1794; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию