Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жараның жазылуын сипаттап беріңіз.Гранулациялық ұлпаның рөлін түсіндіріңіз





Жара деп терінің немес кілегей қабық пен терең жатқан ұлпалардың бүтін қалпын бұзатын барлық механикалық зақымдалуларды айтады. Жараның жазылуы – жара 1-ші кезекте асқынбай және екінші кезекте тыртықтанып жазылып бітісуі мүмкін.

Бірінші кезекте жараның асқынбай жазылуы мынандай жағдайларда болуы мүмкін:

а) жара шеттері бір-біріне тығыз жанасып туруы керек;

б) жарада ұйыған немесе сұйық қан және бөгде заттар болмауы қажет;

в) жара шеттері қатты тартылып тұрмауы керек;

г) жарада қоздырғыш инфекцияның болмауы қажет;

Жараға жіп салғаннан соң біраз уақыттан кейін шеттері бірігеді, кішкене тамырлар бір шеттен екінші шетке қарай өтіп, жалғасып, таралады және кейіннен жас фибробластар пайда болады. Жарадағы өліетті лейкоциттер жояды. Іріңді жара бірінші кезекте асқынбай, бітісіп жазылмайды. Жара 7-8 күнде бітеді, ал ондағы сұйық өздігінен жойылып кетеді. Жіпті 6-7-10 күннен кейін алуға болады. Бірінші кезекте операциядан кейінгі немесе алғашқы хирургиялық өндеуден кейінгі жаралар асқынбай жазылуы керек. Екінші кезекте көбінесе үлкен, жалпақ жаралар тыртықталып жазылады. Бұл жаралардың бойында бөгде заттар, ұйыған қан, оның сұйығы болуы мүмкін. Жарада алдымен түйіршіктелген көкеттелу басталады.

Екінші кезекте – жара тыртықталып, витамин, ақуыз, қоректік заттар тапшылықтарында және тағы да басқа қосымша ауыр сырқаттар кезінде жазылады. Сонымен қатар күрделі, ластанған, асқынған жаралар да тыртықталумен жазылады. Екінші кезекте тыртықталып жазылған жарада жазылу үрдісі ұзаққа созылады, өйткені бұл кезде кішігірім тамырлар бір шеттен екінші шетке өтеді, олардан дәнекер торшалар негізі түзіледі және оның үстінде жас түйірленген көкетті ұлпа дамиды. Төмеңгі қабаттарда талшықты дәнекер ұлпа дамып, тыртық пайда болады және қалыптасқан көкетті ұлпа қорғаныс қызметін атқарады. Өйткені, мұнда лимфа тамырлары жоқ, ал сіңімділікті (всасывание) және түйірлі көкетті ұлпаны зақымдауға болмайды. Осы мезгілде жара шеттерінен терінің кілегейлі (эпителий) қабаты дамиды да, жара жас терімен тегістеліп жазылады.

Жара кейде қабықша астында қалыптасып жазылады, әсіресе шағын беткейлі жаралар немесе тырналған, жеңіл шағын күйген жаралар да тез бітіп кетеді.

Сусыздану (дегидратация) кезеңі – бұл кезеңге қайтадан қалпына келу өзгерістері тән. Бұл кезде жарақаттанудың барлық белгілері жойылып, ақуыздық, тұзды - минералдық алмасу қалпына келеді, қышқылдану төмендеп, қан айналысы жақсарады, ісіну төмендейді. Жарадан аққан сұйықтық азаяды, түйірленіп көкеттелу (грануляция) басталады да, кейіннен дәнекерлік ұлпа дамиды.

Date: 2015-09-27; view: 1937; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию