Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Экологиялық зиянды өтеу тәсілдері 5 page





Қылмыстық жауаптылық мемлекет тарапынан қатаң шаралар қолдану арқылы сипатталады.Ол қылмыс жасаған кінәлі тұлғаға қылмыстық заңның негізінде Сот тәртібімен тағайындалады.Қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың түрлеріне бас бостандығынан айыру, айыппұл салу, түзету жұмыстары және т.б. саналады.

Сонымен қылмыстық жауапкершілік қоғамға қауіптілігі жағынан жоғары дәрежеде болатын әрекеттерге тағайындалады. Ол сотпен ғана тағайындалады және жаза тағайындаудың негізі болып сот үкімі саналады.

Осы жағдайды талдай отырып, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мәселедегі мемлекеттік саясат туралы күмәнданбай айтуға болады. Экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау сияқты бүкіл өркениетті әлемде басты болып саналатын ең маңызды құндылықтар біздің мемлекетте, сірә, ерекше, жақсы ойластырылған заңдық жағынан жетілген қорғауды қажет етпейтін шығар. Мен өзім пікірімді айтсам, Қазақстанда қоршаған орта әзірше тек сөз жүзінде қорғалады.

Жазалау институтын қылмыстық құқықта оқып - зерттеудің үлкен мәні бар. Ол қылмыстық құқықтық қорғаушы пәні бола отырып, қылмыстық әрекетті қылмыстық құқықтық зерттеудің қажетті бөлімі болып табылады. Өткен ғысырдың соңында, қылмыстық құқық ғылымының пәнін анықтағанда профессор Таганцев Н.С. былай деп жазған еді: “Қылмысты құқық курсының пәні қылмыстық әрекет конструкциясын зерттеу және солар себеп болатын мемлекеттің жазалаушы әрекеті, қылмыстық әрекеттің жазалануын анықтайтын нормалар жиынтығын зерттеу болу керек”.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 282 бабымен қарастырылған қылмыстың қылмыстық-құқықтық аспектілерін зерттеу жөнінде айту қажет деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бірақ атап өткен жөн болар бұл зерттеу көбінесе теориялық сипаттамаға ие болады. Әрине, теориялық жобаны қарастыру және құру – модельдің абсолютті әмбепаптылығы жөнінде сөз айтуға мүмкіндік бермейді, бірақ мүмкін берілген баптағы санкцияда, диспозицияда конструктивтік қателіктердің болуы оны практикада кеңінен қолдануға мүмкіндік бермейтін де болар.

Жасалған талдау жұмысының негізінде мынандай нәтижелер алынды:

Қазақстан аумағы жағынан да, тұрғындардың жан басына шаққанда да әлемдегі экологиялық қалдықтармен ең көп ластанған аумақ болып табылады. Дәл бүгіннің өзінде анықталған деректердің өзі адамзаттың өмір сүруін тоқтауға таяған ахуалды көрсетеді. Қазақстан аумағының экологиялық ахуалы әлі толық анықталған жоқ. Қалыптасқан жағдайдың өзін алдын-алу, сауықтыру шаралары жүргізілуде.

Қоршаған ортаны экологиялық сауықтыру және қорғау әлемдегі әрбір мемлекеттің және әлемдік қауымдастықтың күрделі мәселесі.

Әлемдегі ғылыми-техникасы дамыған ірі, алдыңғы қатарлы мемлекеттер де экологиялық тығырықтан қашып құтыла алмады. Бірақ бұл саладағы қоғамдық қатынастарды экономикалық әлеуетінің басымдығының және дамуы артта қалған елдердің есебінен нақты экологиялық басымдық принциптерді ұстануының нәтижесінде өркениетті түрде құқықтық реттеуге қол жеткізді. Еліміздің бүгінгі және келешектегі күн көрісі - оның халқының денсаулығының, арзан жұмыс күшінің, экологиялық лас өндірістің және келешекте гендік қоры бүлінген жарымжан мүгедек ұлттың қалыптасуы есебінен өтелуі тиіс емес. Қоршаған ортаның экологиялық мәселесін шешудегі маңызды тәсіл болып, қоршаған ортаны экологиялық ластанудан құқықтық қорғау болып табылады.

Ел Конституциясында салалық заңдармен салыстырғанда, азаматтардың өмір сүруге құқығы және келтірілген залалдарды толық өтеу құқығы олардың тұрғын-жайларына қол сұғылмау туралы анық айтылғандай етіп қолайлы қоршаған ортада өмір сүру құқығы тұжырымдалмаған.

Егер Конституциялық принципті, яғни азаматтардың денсаулығын сақтауға құқылы екендігін (29 бап.1 б.), мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қоятындығын (31 бап. 1 б.), мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары (1 бап. 1 б.) екендігін, және басқа да заңдық принциптерді, соның ішінде мәселен, экологиялық заңда көрсетілгендей, адамның өмірі мен денсаулығын қорғау басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтіру екендігін ескерсек, мұндағы барлық нормалардан нақты азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға ие болу құқықтарының танылуын және оның сақталуының мемлекеттік кепілдігі берілетіндігін көре алмаймыз.

 

Date: 2016-06-09; view: 1603; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию