Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Гипертрофия және гиперплазияның түрлеріне, морфологиясына сипаттама беріңіз





Жасушалар көлемiнiң ұлғаюы – гипертрофия (грек. hуpеr-ең, өте; trорhе-қоректену), түзiлiстiк процесс ыдырау процесiнен басым болғанда өтедi, құрылымдар жасуша iшiндегi қалпына келу тәсiлi арқасында ұлғайып, өзгерiс жағдайларына бейiмдi болып келедi. Жасуша ядросында хромосома саны артып, ДНҚ молекуласындағы бiрiздiлiктiң иРНҚ молекуласына жазылуына қолайлы жағдай туатындықтан, ұлпалар көлемiнiң ұлғаюы жүредi. Онда көлемi ұлғайған, бiрақ саны өспеген жеке жасушалар байқалады. Бұл құбылысты ұлпалар көлемiнiң ұлғаюы-гипертрофия деп атайды.Ұлпада жаңадан жасуша түзе ұлғайып, өсуi жүрсе, жасушалар саны көбейедi, оны гиперплазия (грек. hуpеr-ең, өте; рlаsis-құру) деп атайды. Гипертрофия және гиперплазия ұлпалар көлемiнiң ұлғаюына жеткiзедi.

Дамуы механизміне қарай гипертрофия (гиперплазия) мынадай түрлерге бөлінеді:

1) Қызметтік (компенсаторлық),

2) викарлық,

3) нервтік- Гуморальдық және

4) гипертрофиялық өне өсу.

Қызметтік (компенсаторлық ) гипертрофия (гиперплазия) – органға күш түсіп, оның арнаулы қызмет атқаратын клеткаларының көлемінің (санының) өсуі. Қызметтік гипертрофия үнемі күш түскен жерлерде физиологиялық жағдайда да дамуы мүмкін (мысалы, спортсмендер мен дене еңбегімен айналысатын адамдардың жүрегі мен қанқа бұлшықетінің гипертрофиясы).Қызметтік гипертрофия жүректе, ішек- қарын, зәр- шығару жолдарында және т.б. органдарда дамиды. Компенсаторлық гипертрофияның көрнекті көрінісі -жүректің гипертрофиясы. Ол әсіресе жүрек қақпақшаларының тума және жүре біткен ақауына атриовентрикулярлық тесіктер мен жүрек қарыншаларының тарылуы қосарланғанда, гипертония ауруында, аортаның тума тарылуында, өкпе тамырларының склерозында және басқа жағдайларда айқын дәрежеде қалыптасады. Жүректің массасы қалыптыға қарағанда 3-4 есе өсіп, кейде 900-1000 грамға дейін жетеді. Викарлық(орнын басатын )гипертрофияжұп органдардың бірін (өкпені, бүректі т.б.)ауру жойғанда немесе операция жасап, алып тастағанда байқалады; Бірінің жеткіліксіз қызметін екіншісі ұлғайып барып, қалпына келтіреді.Викарлық гипертрофияның патогенездік мәні мен организмге әсері регенрациялық гипертрофияның мән - маңызына жуық.. Компенсаторлық гипертрофия сияқты, оның даму барысы рефлекторлық және гуморальдық әсермен тығыз байланысты. Нервтік – гуморальдық гипертрофия мен гиперплазия ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуынан туындайды (гормондық немесе коррелятивтік гипертрофия мен гиперплазия). Гипертрофия мен гиперплазияның бұл түрінің бейімделуге бағытталғандығы күмәнсіз; ал жатыр мен емшек безінің жүктілігі пен сүтшыққан кездердегі гипертрофия оған прототип бола алады, жүкті кезінде жатырдың бірыңғай салалы бұлшықет талшықтары бірнеше есе ұзарып, жуандаса, емшек безі күрт ұлғаяды. Аналық бездің дисфункциясынан (қызметінің қалпынан ауытқуы) жатырдың кілегейлі қабатының бездері көбейсе, кейде олардың саңылаулары кеңейіп, қиыса түзеді. Бұндай өзгеріс эндометрийдің безді – кисталы гиперплазиясы деп аталады; оған жатырдан ретсіз қан кету тән. Егер адамдардың аталық бездері семген жағдайда емшек бездерінің бөліктері гиперплазияланып, бездердің жалпы көлемі ұлғайып, генекомастия(грекше: gyne - әйел, matos- кеуде, төс) , байқалады. Гипофиздің алдынғы бөлігінің, әдетте аденомадан дамитын, гиперфункциясы органдар мен қаңқа сүйегінің шығыңқы бөліктерінің ұлғайтады; сөйтіп, акромегалия қалыптасады (грекше:akros- шеткі, шығыңқы megalos ірі ). Гипертрофиялық өне өсу түрлі себептерден дамып, тканьдер мен органдарды ұлғайтады. Ол полиптерді, кандиломаларды, бездердің гиперплазиясын қалыптастыратын созылмалы ағымды қабынуда, дәнекер тканьді өсіретін,шораяқ (слоновость) дамытатын аяқ қолдың лимфа айналымы бұзылып, лимфа іркілгенде жиі кездеседі. Майлы және дәнекер ткандерьдің өне өсуі оған жарым- жартылай немесе толық семгенде туындайды (жалған гипертрофия). Мысалы, бұлшықет семгенде майлы ткань оның талшықтарының арасында өсе, бүйрек семген майлы ткань оның төңірегінде көбейеді. Осы аталған тіректік тканьнің гипертрофиялық өне өсу процестерінің барлығы, органдар мен тканьдердің бұрынғы орын толтырып басады, сондықтан вакаттық гипертрофия деп аталады (латынша:vacuum – бос ). Гипертрофиялық өне өсудің компенсаторлы –бейімделу Процесс ретінде атқаратын ролі шамалы. гипертрофия мен гиперплазияның организ үшін мәні өте зор. Олар органдар мен тканьдердің зақымдалған қызметін қалпына келтіреді. Сонымен бірге тканьдер қабынудан немесе нервтік гуморальдык әсерден өне өссе организмге айтарлықтай зиян келтіруі және ісік дамытуы мүмкін.












Date: 2015-09-27; view: 829; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2018 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию