Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Диагностикасы





1. Паразитологиялық әдіс- вегетативтік түрдегі лямблияны сұйық, ал цистаны қалыптасқан нәжістен табуға негізделген.Люголь ерітіндісімен боялған жағындынымикроскоппен қарау.Нәжісті тексеруді бірнеше күн қайталау керек.

2. Серологиялық әдіс- лямблияның антигендерін анықтау үшін қолдануға болады

Емдеу. Метринидозол және тинидазол,энтамизол,фуразолидин,аминохинол

Хлорлы дезинфекциялық заттар лямблиялар цисталарын өлтіре алмайды.3% лизол өте тиімді.Ыстық су цистаны тиімді өлтіреді.

 

Амебиоз

Амебиоз- нәжіс-ауыз механизмімен берілетін,тоқ ішектің жаралы зақымдануымен,түрлі мүшелерде абцесс пайда болатын,созылмалы түрге өтумен сипатталатын,саркодина тобына кіретін,антропонозды инфекциялық ауру.

Қоздырушысы. Еntamoeba histolytica.Амебаларды алғаш болып 1875жылы Ф.А.Леш Петербургте науқастың қан аралас нәжісінен тапқан.1883жылы Р.Кох науқастың ішегінің гистологиялық кесіндісінен амебаларды тапқан. Оның тіршілік циклінде мынадай формалары кездеседі: циста, ұсақ вегатативтік формасы (forma magna), ірі вегетативтік формасы (forma minuta) және ұлпалық формасы.

Вегетативтік формасы сыртқы ортада төзімсіз,нәжісте 30 мин өледі. Цисталар сыртқы орта әсеріне төзімді:нәжісте,суда 1 ай,төменгі температурада бірнеше ай сақталады.

Даму кезеңі. Негізгі қожайын-науқас адам. Инвазиялық сатысы болып 4 ядролы циста саналады. Ол лас қол арқылы, не жуылмаған жеміс-жидектерді жегенде адамға жұғады. Адам ішегіңде циста қабығы еріп 4 ядролы амебаға айналады. 4 ядролы амеба тез бөлініп 4 бір ядролы ұсақ вегетативтік формасы (7-15 мкм) (forma minuta) түзіледі. Ұсақ вегетативтік амеба тоқ ішекте бактериялармен қоректеніп, ұзақ уақыт зиянсыз тіршілік етеді. Тоқ ішектің төменгі бөлімдеріне өтіп ол цистаға айналады да нәжіспен сыртқа шығарылады.

Ішектің амеба аркылы зақымдануы салдарынан ұсақ вегетативтік формаға (forma minuta) ірі вегетативтік формаға (forma magna) айналады. Оның өлшемі ірілеу 30—40 мкм және ядро кұрылысы ерекше болып келеді. Олар эритроциттермен қоректенеді, сондыктан оларды эритрофагтардеп атайды.

Инвазия көзі -ауру немесе тасымалдаушы адам.Инвазия-паразиттерді адам ағзаның кіруі.Берілу механизмі- нәжіс-ауыз механизмі.Берілу факторы-су,тағам,тұрмыстық заттар,жанасу. Цистамен ластанған су,тағам,әсіресе көкөніс,жемістер,құрал-саймандар,кір қол,киім,ыдыс,есік тұтқасы т.б болып табылады.

Диагностикасы. Паразитологиялық әдіс- Нәжісті және сыртқы орта объектілерін зеттеу.

Серологиялық әдіс-ИФТЕР(титр 1:80 және одан да көп)АГЕР

Нәжісті микроскопиялык зерттеу арқылы жүргізіледі. Аурудың зілді кезінде үлкен дәретте эритроциттерді жұтқан ірі вегетативтік формасын, ал созылмалы ауру кезінде не циста тасымалдаушыларда 4 ядролы цисталарды іздейді.

Клиникалық сипаты. Негізгі белгілері (симптомдары) ішектің қансырап тұратын жарасы, қан мен сілемей араласқан сұйық үлкен дәреттің жиі келуі болып табылатын зілді ауруды қоздырады. Дұрыс емделмесе 40% жағдайда дүние салуға алып келеді.

Алдын алу шаралары ретінде жеміс-жидектерді жуып жеу, қайнаған суды ғана ішу, тамақтану алдында, дәрет алғаннан кейін, қолды сабындап жуу, яғни жеке тазалықты сақтау болып табылады механикалық тасымалдаушыларды (шыбындар, тарақандар) жою және санитарлық ағартушылық жұмыс (үгіт-насихат) жүргізу әдістерін атауға болады.

Адамның ас қорыту жолында дизентерия амебасымен қатар басқа да патогенді емес амебалар кездеседі. Ол - ішек амебасы (Entamoeba coli), ауыз амебасы (Entamoeba dingivalis). Олар адам денсаулығына зиянсыз болып табылады.

 

Токсоплазмоз

 

Токсоплазмоз-әртүрлі механизмдермен берілетін,латентті және созылмалы түрде өтетін зоонозды,табиғи-антропургиялық,протозойлы инвазия.

Қоздырғышы- Тохорlasmа gondіі- адамның және жануарлардың токсоплазмоз ауруын тудырушы, барлық жерлерде кең таралған паразит.

Токсоплазма адам ағзасының әр түрлі мүшелерінде — бас миында, скелет (қаңқа) және жұрек бұлшықеттерінде, кез ұлпасында, өкпеде, жатыр қабырғасында және ұрық қабықшаларында кездеседі.

Морфофизиологиялық ерекшеліктері.

 
Токсоплазма эндозоит сатысында апельсин жемісінің бір бөліміне немесе жарты айға ұксас болады; оның өлшемі — ұзындығы 4—7 мкм, ені — 2—4 мкм. Оның ал-дыңғы жағы қысыңқы, ал артқы жағы кең және домалақтанып келген. Денесін пелликула қаптап тұрады, денесінің алдыңғы жағында конус тәрізді кұрылым — коноид болады. Оның кабырғасында ширатылған фибриллдар кездеседі. Коноид паразиттің иесі денесіне енуі кезінде тірек кызметін атқарады деп есептелінеді. Коноидтан кейін токсоплазма денесінің артына карай бірте-бірте кеңейген қалта тәрізді органоид — роптрий бастама алады. Роптрийда паразиттің жасушаға енуін жеңілдететін заттар болады. Роптрий айналасында, дененің алдыңғы жағында, онымен байланысқан және ирелендеген жіпшелер — микронемалар кездеседі.

 

1-коноид,

2-микрожіпшелер,

3-микротүтікшелер,

4-микропоралар,

5-майтамшылары,

6-ядро,

7-эндоплазмалык тор,

8-Гольджи кешені,

9- митохондрия,

10-роптрии.

 

Инвазия көзі.Негізгі иесі болып мысық; аралык иесі — құстар, сүтқоректілер,кеміргіштер және адамдар саналады.

Date: 2015-07-01; view: 1747; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию