Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Инфекция көзі ауру адам және үй жануарлары: ит, мысық, жылқы, қой





Берілу механизмі: жанасу. Бұл ауру ауырған адаммен тікелей қарым-қатынас жасау жолымен, сондай-ақ киім мен төсек жабдықтарын, сүлгіні, жөкені, қолғапты, ортақ төсек орынды пайдаланған кезде, жыныстық қатынас жасағанда жұғады. Моншаларда, душтарда, жатақханаларда, қонақ үйлерде, жолаушы поездарында санитарлық тәртіп сақталмаса жұқтыру жағдайы жиі кездеседі. Үй жануарларына қарағанда, ит, мысықпен ойнағанда да жұғуы мүмкін.

Инкубациялық кезең 7-10 күн. Қышымаға тән белгі – қышыма жолдарының көбіне қол буындарында әсіресе саусақтардың арасында, білектің бүгілетін буындарында, іш, жамбас, құйымшақ, аяқ терісінде пайда болуы. Қышыма жолдары ұзындығы 0,5-1см. тік сызықты немесе С әріпі нысанында бүгілген жіңішке сұрғылт түсті болады, ұрғашысы іріңді көпіршіктердің бір шетінде орналасады.

Қышыманың клиникалық белгісі: қышуы кешке қарай және түнгі уақытта өрши түседі, қышыма жолдарының бәрін қамтитын папулездік-везикулездік бөртпелердің элементтері бір-бірінен 1см дейінгі қашықтықта қатар тұрады.

Диагностикасы. Қышыманы зертханалық диагностикалау тері–венерологиялық диспансерлерде жүргізіледі.

Қышыманы зертханалық зерттеудің негізгі әдістері:

– қышыма жолдарынан кенені алып тастау, скальпель, ине ұшымен қышыма жолының шетіндегі көпіршікті тесу.

– қышыма жолдары, көпіршік тұстарындағы эпидермисті жіңішкелеп ұстараның жүзімен кесу.

– зақымдалған жердегі эпидермистің жіңішке қабатын қыратын қасықпен сылып алып тастау.

– тереңірек қыру (қышыма жолдары 5% йод тұнбасын жаққанда лупа арқылы жақсы көрінеді).

Қышыманы емдеу. Қышыма емдеудің негізгі әдісі – қышыма жерлерді ғана емес, барлық тері қабаттарын қышымаға қарсы дәрмекті өңдеу қажет. Емдеу үшін жоғары белсенділікке ие, жақсы қабылданатын және тез әсер ететін бензилбензоат және Демьянов әдісі қолданылады. Емшара аяқталғаннан кейін науқас таза іш киім және дезинфекцияланған сыртқы киім киеді. Төсек жарақтары міндетті түрде ауыстырылады.

Алдын алу. Қышымаға қарсы медициналық тексеру жүргізіледі:

· Алдын алу медициналық тексеру кезінде;

· Бала бақшаларда, мектеп-интернаттарда - әр бір 10 күн сайын;

· Мектептерде, кәсіптік-техникалық мектептерде, колледждерде – каникулдан кейін;

· Балаларды сауықтыру лагерінде - барар алдында; Студенттерді- жатақханаға орналасар алдында, Науқастарды емдеу-сауықтыру ұйымдарға барған кезде;

· Ошақта қарым-қатынаста болғандарды медициналық қадағалау кезінде.

Науқаспен қарым-қатынаста болған барлық адамдарды мұқият тексеріп 1,5 ай медициналық бақылау (әр 10 күнде 1 рет), алдын алу емдеу қажет. Ауырған бала толық айыққанға дейін және барлық санитарлық-індетке қарсы шараларды өткізіп болғанға дейін бала бақшаға, мектепке жіберілмейді. Халықтың декреттелген тобы ішіндегі қышыма ауруларына жұмыс істеуге рұқсат берілмейді және жұмыстан шеттеледі. Әр бір анықталған науқасқа дәрігер № 089/у – нысаны бойынша хабарлама толтырады, тері-венерологиялық диспансерге және тиісті аумақтық СЭҚБ хабарлайды. СЭҚБ балалар мекемелерінде, жатақханаларда және отбасы ошақтарында міндетті түрде эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі, №328 эпидемиологиялық тексеру картасы толтырылады. Ағымдағы дезинфекция үйде емделіп жатқан науқастың үйінде, емдеу кабинеті, стационарда, мектеп және балалар мекемелерінің оқшалау бөлмелерінде жүргізіледі. Үй жағдайында науқас үшін жекелеген төсек орны мен отбасының басқа мүшелері қолданатын заттардан бөлек тұратын жеке пайдаланатын заттарды (іш киім, сүлгі, ойыншық) бөліп беру керек. Науқастың заттары жұқтыру қауіпін төндіреді, сондықтан науқастың киімін күн сайын міндетті түрде дезинфекциялау, дезинсекциялау керек.

 

 

Date: 2015-07-01; view: 2268; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию