Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дерматомикоздар





Дерматомикоздар – теріде саңырауқұлақтық қоздырғыш тудыратын жұқпа кеселі. Бұл кесел негізінен тері және оның қосымшаларын, яғни шашты, тырнақты, сирегірек басқа ағзалар мен тіндерді зақымдайды. Тері саңырауқұлақтардың негізгі қоректену ортасы - адам және жануар. Олар өмірге қажетті қоректену заттарын - эпидермистен, шаштан, тырнақтан және тері майдан табады. Саңырауқұлақтар адамның немесе жануардың ағзасынан тыс жерде өмір сүруге қабілетті. Оған қоса өзінің жұғымтал қасиетін бірнеше жылдар бойы сақтай алады. Сол себепті жұғу тек ауру адамнан ғана емес, сонымен қатар тікелей емес жолмен құрамында саңырауқұлақ элементі бар - қабыршақ, тырнақ қалдықтары немесе шаш сынықтарымен арқылы да тұрмыстық жағдайда жұғуы мүмкін.

Инкубациялық кезеңі - аурудың алғашқы сатысынан бірінші симптомның пайда болуыны дейінгі кезең, орта есеппен 8 −14 күнді, кейде бір айды құрайды.

Трихофития (лишай, қырма таз) - адамға аса қауіпті кесел болып есептеледі. Инфекция көзі - ауру адам және үй жануарлары (ірі қара мал). Трихофитон туындысы саңырауқұлақпен шақырылып, адамның терісін, бастың шашты бөлігін және тырнақ пластинкасын зақымдайды. Кесел жануарды куту және ауру адаммен тікелей қатынаста болу немесе киім, тұрмыстық заттар (бас киім, жүнді жаға, тарақтар, төсек жабындысы, ойыншықтар) арқылы жұғады. Оған қоса зарарланған жануардың өнімдері (қабыршақ, шаш, жүн және шөпте, топырақта, астауындағы қалған қалдық) заттары арқылы жұғады. Бұдан басқа шаштаразда - шаш қысқартқанда, сақал қырғанда, тырнаққа маникюр жасағанда да жұғуы ықтимал.

Негізгі клиникалық белгілері: алғашында тек бастың шашты бөлігінде, бір, кейіннен көптеген диаметрі 1–2 см-дей айқын емес, шекарасы анықталмаған, оқшауланған, бір-бірімен қосылмаған ошақтармен көрінеді. Ошақ аймағындағы тері аздап ісінген, қызғылт түсті, беті ақшыл-сұр түсті қабыршақпен қоршалған, сонымен қоса көпіршік, іріңді бөртпе және шеткерлі қабыршықтануымен көрінуі мүмкін. Шаш тері беткейінен немесе түбінен 2–3 мм деңгейінде сынады. Жазық терінің өздігімен оқшаулануы немесе қосымша бастың шаш бөлігімен бірге зақымдануы мүмкін. Ошақ терінің ашық аймақтарында, яғни бет, мойын, дене, білек бөлігінде орналасады. Бір немесе бірнеше ісінген, аздап тері бетінен көтерілген, ашық-қызыл түсті, дұрыс шеңберлі, шекарасы анық дақтардың бетінде құрғақтанған қабыршақ және ұсақ көпіршіктер пайда болады. Ошақтың жазылуы орталықтан басталып, сақина түрді құрайды.

Тереңдік трихофития (инфильтративті - іріңді түрі) көбінесе ауылды жерде кездеседі. Жұғу көзі - малшы, тышқан, зертханалық егеуқұйрық, сиыр, бұзау, жылқы және қой болып табылады. Клиникалық симптомы - қабыну көрінісі айқын көрініп, іріңдеуге дейін барады. Денедегі жазық теріні, бастың шашты бөлігін және сақал-мұртты зақымдайды, олар айқын шектелген жартылай шарды немесе көкшіл–қызыл түсті тығыздалған түйіндермен, бұдырлы беткейлі іріңдікпен қапталған ойықтанумен, қабыршақтанумен, шаш түсуімен сипатталады. Шаш фолликуласы сағасының түбі іріңмен толып, кеңейіп, басқанда ірің сорғалап, не тамшылап бөлінеді («бал арасының торлы ұясы» симптомы). Соңғы кезде денедегі қасағалық аймағының терісінің және оның қосалқыларының зақымдануы жиі кездеседі. Жұқпа көзі - ауру адам, «теріден - теріге» принципі бойынша жыныстық қатынас арқылы да жұғады.

Алдын алу шаралары:

1. Теріні, жалпы денені таза ұстау.

2. Ааптасына бір рет моншаға шомылу, жеке бас гигиенасын сақтау, жеке тұтыну заттарын ұстау.

3. Жан-жануарлермен контактте болғаннан соң қолды мұқият сабындап жуу.

4. Сау адамдарды, аурудан (баланы балабақшаға, не мектепке баруды тоқтату) оқшаулау. Өйткені қоршаған ортаға ол аса жұқпалы ауру болып табылады.

5. Дененің басқа бөлімдерінің зақымданбауы үшін, ошақты сулауға, ванна не душ қабылдауға болмайды.

6. Өздігімен ошақты (түрлі маймен, кремдермен немесе басқа да заттарды жағуға) емдеуге болмайды, себебі микроскопиялық талдауда (саңырауқұлақшаға қырнау) дұрыс қорытынды бермейді. Егер өздігімен емделген жағдайда, майды немесе кремді сабынмен жуып, не спиртпен сүртіп, алдыңғы 3–4 күн ішінде ошақты суламай, ештеңе жақпай, бірден дерматолог-дәрігеріне, мүмкіндігінше аурумен қарым- қатынаста болған адамдарды қарауға алып келу керек.

 

 

Date: 2015-07-01; view: 4545; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию