Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Опистархоз





Описторхоз (грек. opіsthen – артында, артқы және orchіs – аталық без, ен) – ішек құрт ауруы. Аурудың қоздырғышы – ұзындығы 4 – 13 мм-дей көлденеңі 1-3.5 мм, жалпақ құрт описторхис. Денесінің алдыңғы бөлігінде екі сорғышы болады. Ересек құрт адамның, иттің, мысықтың, терісі бағалы аңдардың өт жолдарын, бауырын, ұйқы безін зақымдап, нәжіс арқылы сыртқы ортаға (суға) түскен құрт жұмыртқаларын моллюскалар жұтады. Олардың денесінде құйрықты дернәсілдер (церкариялар) дамиды. Моллюскалардан шыққан церкариялар балықтардың денесіне еніп, олардың тері астында не бұлшық ет қабаттарында тіршілік етеді. Адамдарға аз тұздалған, дұрыс ысталмаған не шикі балық етін жегенде жұғады. Аурудың жасырын кезеңі 2 – 4 аптаға созылады. Содан кейін жедел түріне өтеді. Бұл кезде науқастың температурасы көтеріліп, басы, бұлшық еттері ауырып, буыны сырқырайды, терісінде қышыма бөртпе пайда болады. Ауру асқынып, созылмалы түріне өткенде, науқастың оң жақ қабырғасының астында ауырсыну пайда болып, бауыр және өт қалтасы үлкейеді. Ас қорытуы бұзылып, лоқсиды. Егер дер кезінде ем қолданылмаса, әр түрлі асқынулар дамиды. Мысалы, іріңді холангит, перитонит, жедел панкреатит, т.б. Ауруға диагноз лабораторияда қойылады. Алдын ала жүргізілетін шаралар: балық етін дұрыс өңдеп, пісіру; эпидемия шыққан жерде дұрыс санпединстанциялық-ағарту жұмыстарын жүргізу.

Date: 2015-07-01; view: 1029; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию