Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лейшманиоз





Лейшманиоз- трансмиссивті механизммен таралатын,табиғи ошақты зооноздыжәне антропонозды инфекциялық ауру.

Қоздырушы — Leishтапіа,4түрге бөлінеді:

 

1. Leishтапіа donovani-Еуропалық вицериальды лейшманиоз қоздырушы

2. Leishтапіа tropica-тері лейшманиоз қоздырушы

3. Leishтапіа mexican-Америкалық тері лейшманиоз қоздырушы

4. Leishтапіа brasiliensis-Жаңа құрлықтың тері-шырышты лейшманиоз қоздырушы

Барлық лейшманиялар екі даму кезеңінен өтеді:Талшықты және талшықсыз.

Бұл тұқымдастың ерекше белгісі ретінде даму циклінде, қоршаған орта ерекшеліктеріне қарай, бірнеше морфологиялық формалары бар:

1. Трипоносомалық формасының жалпақ, таспа тәрізді денесі болады, оның ортасында сопақша ядро орналасқан. Талшық денесінің артқы жағынан, ядродан кейіндеу, басталады, желпуші перде жаксы жетілген.

2. Критидиалдық формасының талшығы денесінің ортасынан, ядродан ілгерілеу, басталады: желпуші перде қысқа болып келеді.

3. Лептомонадалық формасының талшығы денесінің алдыңғы жағының жиегінен басталады, желпуші перде дамымаған.

4. Лейшманиялық (немесе жасуша ішілік) формасынын денесі домалақ, ядросы ірі, талшык мүлдем дамымаған не өте нашар дамыған, оның тек базаль денесі ғана болады.

5. Метациклдік формасы критидиалдық формаға ұқсас, бірақ талшықтың еркін болігі дамымаған.

Лейшмания туысының өкілдерінде 2 морфологиялық форма кездеседі: лептомонадалық және лейшманиялык.

Тіршілік циклі иесін алмастыру арқылы жүреді. Лейшманиялық нысаны адамдарда және омыртқалыларда паразиттік тіршілік етеді; лептомонадалык формасы — таратушы насекомдарда кездеседі. Лейшмания тудыратын ауруды лейшманиоздар деп атайды, ол табиғи-ошактық, трансмиссивтік аурулар қатарына жатады.

Лейшманиялар екі түрге бөлінеді:

1. дерматотропты (теріні закымдайды)

2. висцеротропты (ішкі мүшелерді зақымдайды)

Висцералді лейшманиозды қоздырушы — Leishтапіа donovai.

Көбіне 1-5жастағы балалар мен эндемиялық емес аудандардан жаңадан келгендер ауырады.Аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады.Инкубациялық кезеңі-5айдан-1жылға дейін.

Ол Жерорта теңізі елдерінде, Азия, тропикалык Африка, Оңтүстік Америка, Орта Азия, Кавказ елдерінде таралған.

Патогенезі. Денеге түскен жерінде гранулема пайда болады, лимфа түйіндері зақымданады,бауыр,көк бауыр,сүйек миында қабыну пайда болады. Белгілері: папула,температура 39-40 , бауыр,көк бауыр улкеюі,салмақ азаюы,анемия.

Ауру зілді түрде не созылмалы түрде жүруі мүмкін. Дұрыс емделмесе өлімге алып келеді. Бұл аурумен негізінен балалар жиі ауырады.

Диагностикасы.Төс сүйегі кемігінің жағындысын микроскоп арқылы зерттеп, паразиттің лейшманиялық түрін табу болып саналады.

Алдын алу шарлары: жеке шаралар — бәкене шыбындардан сақтану; қоғамдық шаралар — табиғи резервуарларды жою; санитариялық-ағартушылық жұмыстар жүргізу, ауруларды емдеу т.с.с.

Тері лейшманиозын қоздырушы — Leishтапіа trоріса

Лейшманияның дерматотропты түрінің 3 түрлі тармағы белгілі: L. tгоріса mіnог; L. tгоріса majог (Жер шарының шығысында) және L.tгоріса mехісапа (Жер шарының батысында). Олар тері жасушаларында кездеседі.

Еуропа, Азия, Америка, Африка, Орта Азия және Кавказ елдерінде кең таралған.

Инвазия көзі болып адам және жабайы жануарлар (ұсақ кемірушілер) саналынады. Таратушылары болып шіркейлер есептелінеді.

Ағзаның ашық жерлерінде ұзақ жазылмайтын жаралар пайда болады. Жара жазылғаннан кейін оның орнында тыртық із қалады.

Диагностикасы. Жара бетіндегі ылғалды микроскопиялық зерттеу арқылы жүргізіледі.

Алдын алу үшін шіркейлердің шағуынан сақтану; қоғамдық шаралар шіркейлерді, табиғи резервуарларды жою.

 

Безгек

Безгек («саз-батпақты қызбасы», «пароксимальды безгек» - адамның және жануардың жедел протозойлы трансмиссивті ауру, қоздырғышы Анофелес туыстығы масаларымен беріледі. Ауру қызу приступтарымен анемиямен, бауыр және көкбауырдың ұлғаюымен сипатталады.

Этиология. Безгек қоздырғышы Protozoa қарапайымдылар типіне, Sporozoa споравиктер класына, Plasmodium туыстығына жатады. Безгек плазмодиясы – Лаверонмен 1880 жылы ашылған. Қазіргі таңда безгек плазмодиясының 100 астам түрі бар, соның ішінде 4 түрі адамда паразиттеледі.

1. Plasmodium vivax – үш күндік безгекті шақыратын көп кездесетін қоздырғыш.

2. Plasmodium malazia – төрт күндік безгекті шақырады.

3. Plasmodium balcipazum – тропикалық безгектің қоздырғышы.

4. Plasmodium ovale – үш күндік безгекке ұқсайтын суруды шақырады және Африканың кейбір аудандарында ғана таралған.

Тарихи мәлімет. Адам безгегі ежелден келе жатқан ауру. Қызу приступының клиникалық сипаты біздің э.д. 400 жыл бұрын Гиппократпен айтылған. Безгектің біріншілік ошағы Африка болып саналады. И.В. Фавраның тұжырымы бойынша бұл ауру Ресейге Ираннан әкелінген. СССР-дан 60 жылдары жойылған безгек 90 жылдары қайта оралды. Ауру шырыштармен, туристермен, бизнесмендермен, орта Азия және Кавказ елдерінен келетін саудагерлермен, үнемі сәтсіз Таджикистан, Азербайжан және Узбекстан елдерінен әкелінеді.

Даму циклі үш кезеңге бөлінеді, оның екеуі адам денесінде, үшіншісі маса денесінде өтеді.

Преэритроцитарлық шизогония. Плазмодий адам денесіне зақымданған маса сілекейінде болатын спорозоиттар күйінде енеді, яғни бұлардың инвазиялық сатысы болып спорозоиттар саналады. Спорозоиттар қан арқылы бүкіл денеге, бауыр жасушаларына келіп жетеді. Бұл жерде олар өсіп, үлкейіп шизонтқа айналады. Содан кейін шизонт шизогония жолымен (көпшілікті бөліну) бөлініп, көптеген (1000-5000) ұсак бір ядролы мерозоиттар пайда етеді. Бұл процесс преэритроцитарлық немесе ұлпалық шизогония деп аталады. Бауыр жасушалары бұзылғанда мерозоиттар шығып қанға өтіп эритроциттерге енеді.

Эндоэритроцитарлық шизогония. Эритроциттерге енген мерозоиттар гемоглобинмен қоректеніп өсіп шизонтқа айналады. Өздерінің дамуында мерозоиттар бірнеше сатыдан өтеді: алғаш олардың өлшемдері өте кішкентай, эритроцит көлемінің 1/3-1/6 бөлігін алып, цитоплазмасы сақина тәрізді болады бұл сақиналы шизонт сатысы; әрі қарай сақиналы шизонт ұлғайып, жалғанаяқтар пайда болып, қозғалып, амебатәрізді шизонтқа айналады. Шизонт бірте-бірте өсіп, эритроцит көлемін түгел толтырады, гемоглобинді толық жояды және шизогония жолымен бөлінеді. Әр түрлі түрлерде түрліше мөлшерде мерозоиттар түзіледі. Р1.vіvах-22, Р1.malarіае-6-12, РІ. falciparum 12-18. Бұл кезде эритроциттер кабықшасы жыртылып мерозоиттар канға өтеді де зақымданбаған жаңа эритроциттерге еніп жаңа цикл басталады. Мерозоиттармен бірге қанға олардың улы өнімдері де етеді. Осының нәтижесінде ағзада қалтырау ұстамасы басталады. Эндоэритроцитарлық кезең РI.vіvах, РI. falciparum,PI.ovale -де 48 сағатқа (үшкүндік безгек), Р1.malarіае - 72 сағатқа (төрткүндік безгек) созылады. Шизогонийдің қайталануы нәтижесінде адам ағзасындағы паразиттер саны тез көбейеді. Бірнеше дүркін жыныссыз кебеюден кейін жыныстық жолмен көбеюге дайындық басталады. Кейбір мерозоиттар эритроциттерге еніп жетілмеген жыныстык формаларға — гаметоциттерге айналады. Олардың кейбіреулері аналық жыныс формаларын — макрогаметоциттерді, енді біреулері — аталық жыныс формаларын — микрогаметоциттерді түзеді. Гаметоциттер шизонттарға қарағанда ірілеу, домалақ болып келеді, олардың қою қара ядросы болады. Адам ағзасында гаметоциттер әрі қарай дамымайды. Олардың әрі қарай дамуы маса денесінде өтеді.

Спорогония. Маса ағзасына гаметоциттер ауру адамның қанымен бірге енеді. Маса асқазанында олар жетілген жыныстық нысанға немесе гаметаларға айналады. Микрогаметоциттер бөлініп 5—6 талшық тәрізді микрогаметаларға, ал макрогаметоциттердің көлемі үлкейіп 1 макрогаметаға айналады. Ұрықтанғаннан кейін зигота козғалғыш оокинетаға айналып, асқазан қабырғасын тесіп өтіп оның сыртқы қабатына бекінеді. Ол қабықшамен қапталып ооцистаға айналады да тез өсе бастайды. Содан кейін спорогония процесі басталады, яғни ядро мен цитоплазма бөлініп ооциста ішінде көптеген (1000) спорозоиттар түзіледі. Ооциста кабықшасы жарылып спорозоиттар масаның дене қуысына, гемолимфаға, сілекей безіне өтеді.

Инвазия көзі болып перифериялық қанда безгек паразиттерінің жыныстық жетілген түрі бар науқас адам немесе паразит тасымалдаушы және жедел приступты кезеңінде, сырқаттың рецидив стадиясында және клиникалық білінулері айқын гаметотасымалдаушы жатады.

Инкубация кезеңі қысқа 10-20 күннен 1 айға дейін болуы мүмкін. Тропикалық безгекте инкубациялық кезеңі 10-14, ал 3 күндік безгекте қысқа инкубациялық кезең 10-14 күн, ұзақ 8-14 ай және 4 күндік безгек 20-25 күнге созылуы мүмкін.

Беріліс механизмі -трансмиссивті,тасымалдаушы-Anopheles тобының масалары.Сирек жағдайда парентералды жолмен,тасымалдаушы донордың қанын құю кұю кезінде жұғуы мүмкін. Эндемиялық ошақтарда көп жағдайда планценті арқылы немесе босану кезінде ана мен ұрықтың қанының араласуы нәтижесінде құрсақ іші зақымдалу байқалады

Диагностикасы. Диагноз клиникалық-зертханалық мәліметерге және эпидемиологиялық анамнезге сүйеніп қойылады. Безгекке күдіктенген барлық науқастардың қанына микроскопиялық зерттеулер жүргізеді. Плазмодиялардың анықталуы жалғыз даусыз дәлел болып келеді. Зерттеулердің серологиялық әдістері (РФА, РНГА) де қолданады.

Емдеу: Жедел ұстамаларды тоқтату және безгек паразиттердің жынысты клеткалары гаметалардың инфекциялық берілуін және аурудың қайталануын алдын-алу үшін бағытталған.

Хинин препараттарын және 4 аминохиналды (примахин, делагил, фанзимиф және т.б.) нақты схема бойынша қолдану қажет.

Date: 2015-07-01; view: 4263; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию