Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Билет № 7





1. Химияны оқытудың сөздік әдістері, Әңгіме және оның құрылымы. Әңгіме өткізудің әдістемелік ережесі мен амалдары. Әңгімелесу,оған қойылатын талаптар. Сөз әдістері тобына мына жеке әдістер жатады: а) баяндау (дәріс, әңгіме); ә) әңгімелесу; б) текспен өздігінен жұмыс. «Сөз әдістері» - тарихи қалыптасқан термин, оны «ғылыми тілге негізделген әдістер» десе жөн болар еді, өйткені білім жеке сөзбен емес тұтасынан алынған тіл арқылы беріледі. Сөз – көрнекі әдістер тобына жататын жеке әдістер: а) көрнекі құралдарды көрнекі көрсете отырып баяндау; ә) көрнекі құралдарды көрнекі көрсете отырып әңгімелесу;б) текст және көрнекі құралдармен өздігінен жұмыс; Сөз – көрнекі – сарамандық әдістер тобына: а) оқушылардың үлестіріліп берілген материалдармен жұмысы;ә) химиялық тәжірибелер орындау;б) құралдар құрастыру, модельдер жасау;в) жазбаша және графикалық жұмыстар орындау жатады; Оқу материалының мазмұнына қарай суреттеу, түсіндіру немесе мәселе тұрғысынан сипатты болуы мүмкін. Оның құрылымы үш бөліктен тұрады: кіріспе, баяндау және қорытынды. Кіріспе бөлімге кіретіндер: мәселе қою, баяндаудың мақсатын және маңызың түсіндіру арқылы оқушылардың ынтасын және ықыласың тудыру.Мәселенің жеке бөліктерің және бояндау жоспарын хабарлау. Баяндау бөлімі: жоспарға сәйкес ретімен баяндау. Мұғалім алдымен әр мәселені сұрақ түрінде қойып, оқушылардың назарын аударады, содан соң баяндайды, оқушылардың қалай қабылдағанын, түсінгенін бақылайды және бекітеді. Әр мәселе айтылған ретпен баяндалған соң ғылыми мәліметтердің өмірдегі, өндірістегі, социалистік құрылыстағы маңызы көрсетіледі. Қорытынды бөлімде баяндалған материал қорытылады және жүйеге келтіріледі.Суреттеу, түсіндіру және мәселеге негізделген әңгіме кезінде оқушылардың таным әрекеті әр түрлі жүзеге асады. Мәселеге негізделген әңгіме іздестіру әдісіне жақындайды, оқушылар білімнің алыну тәсілімен мына сызба нұсқа бойынша танысады: қайшылық жағдай туатын мәселе – шешу жолдарын қарастыру я гипотеза – оны дәлелдеу жолы – шешу – қорытынды. Мәселен, метанның электрондық құрылысымен таныстыратын мәселе негізінде әңгіме ек қайшылықты шешу арқылы жүзеге асырылады. Бірінші қайшылық көміртегі атомының құрылысы туралы оқушылардың білетіні мен метан молекуласының сандық құрылымы арасында туады. Көміртегі атомының электрондық құрылысына қарағанда сутегімен қарапайым қосылысының формуласы СН2 болуы керек, бірақ ол – СН4. Демек, көміртегі атомының сыртқы қабатындағы жұптасқан электрондар ковалентті байланыс түзуге қалайша қатысады? Бұл мәселені шешу үшін көміртегі атомының қалыпты және қозған күйі деген ұғымдар енгізіледі, олардың әрқайсысы символикалық сызбанұсқалар, электрон-толқындық модельдер арқылы көрсетіледі.

Әңгімелесу. Диалогтық (екі жақты) баяндауға жатады. Әдістің мәні – мұғалім сұрақтар қояды да, оқушылар жауап қайтарады, сондықтан кейде сұрақ-жауап әдісі деп те аталады. Баяндалғалы отырғалы отырған материалдың кейбір мәселелері оқушыларға бұрынғы кластардан, басқа пәндерден, өмірден және т.б. таныс болғанда қолданылады. Мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің сипаты және мақсатына қарай бұл әдіс хабарлама, эвристикалық және бақылау, қорытынды әңгімелесу әдістері деп жіктеледі. Әңгімелесу мұғалімнің шеберлігін және сезімталдығын қажет ететін күрделі әдіс, оған қойылатын талаптар:1.Әңгімелесудің мақсатын, негізгі міндетін оқушыларға жеткізу, белсенді қатысуға ынталандыру;2.Әңгімелесудің мазмұнын анықтайтын сұрақтарды белгілеу және жіктеу, қойылу ретін және тұжырымдалуын ойластыру;3.Негізгі және қосымша сұрақтардың ара қатынасын анықтау;4.Жоспарланған сұрақтар бойынша әңгімелесу, кластағы оқушыларды жаңа білім алуға ұмтылдыру, үнемдеу;5.Әңгімелесудің мақсатынынан ауытқымау, уақытты үнемдеу;6.Әңгімелесудің нәтижесін жинақтап, қорытынды жасау.

2. Химиялық элементтерді және олардың қосылыстарын Д.И.Менделеевтің периодтық заң және периодтық жүйесіне дейін және кейін оқыту әдістемесі. Д.И. Менделеев ашқан периодтық заң – табиғат дамуының жалпы заңдарының бірі. Ол химиялық элементтер және олардың қосылыстары туралы білімді бір жүйеге түсіруге, түсіндіруге және батыл болжамдар жасауға мүмкіндік берді. Атомның құрылысын анықтауға, жаңа элементерді ашуға және синтездеуге жол-жоба көрсетті. Периодтық заңның негізінде атомдық физика, геохимия және басқа да жаратылыстану ғылымы жедел дамыды.Периодтық заң және периодтық жүйе – орта мектептегі химия курсының теориялық негізі. Бұлардың негізінде құрылған химияның мазмұны ғылыми жағынан шынайы, жүйелі және түсінікті болып келеді. Сондықтан белгілі методист Д.М. Кирюшкин химияны оқытудағы периодтық заңның маңызын биологиядан сабақ берудегі эволюциялық ілімнің маңызымен қатар қойды.Периодтық заң және атом құрылысы өтілген соң химия курсының теориялық деңгейі артады. Оқушылардың түсінуінше химия суреттеме ғылымнан теориялық ғылымға айналады. Химияны оқып- үйренуде дедукцияның маңызы күшейеді. Ғылыми болжамның құдіретіне оқушылардың сенімі артады. Ашылмаған химиялық элементтер және олардың қосылыстарының қасиеттері туралы Д.И. Менделеевтің батыл болжамдарының тәжірибеде расталуы оқушыларда мақтаныш сезімін тудырады. Периодтық заң және атом құрылысы туралы оқу материалын қарастырудың үш тәсілі қалыптасты.Бірінші тәсіл химия ғылымының даму қисынына негізделеді. Ғылымда алдымен периодтық заң ашылып, периодтық жүйе жасалды, соңынан периодтық жүйедегі заңдылықтарды түсіндіретін атом құрылысы туралы мәліметтер анықталды. Д. И. Менделеев периодтық заңды тәжірибелік білімге сүйеніп қорытты, ішкі мәнісін түсіндіре алмады. Бірақ оның болашақта дамитынына, жаңа көзқараспен толасатынына кәміл сенді. Сондықтан Д. И. Менделеевтің данышпандығын, жалпы заңды ашудағы ғылыми ерлігін көрсету үшін алдымен периодтық заң және периодтық жүйе толық өтілді. Содан соң атом құрылысы қарастырылып, периодтық заң және периодтық жүйе электрондық теория тұрғысынан қайтадан оқытылды.Екінші тәсіл- біріншіге керісіншіге жүзеге асырылды. Алдымен атом құрылысы туралы оқу сатериалы өтіледі. Соның тұрғысынан периодтық заңдылықтар қорытылып шығарылады.Үшінші тәсіл бойынша периодтық заң мен атом құрылысы бір мезгілде өтіледі. Жаңа бағдарлама бойынша оқыту осы тәсілге негізделген. Периодтық заң және атом құрылысы туралы негізгі мәліметтер 8- класта қарастырылады да 11- кластағы жалпы химия курсында кеңейтіледі.

3.«Су. Ерітінділер.» тақырыбындағы есептер. Ерітінділер тақырыбына есептер шығару әдістемесі. Химия курсында берілетін есептерді дені-ерітінділерге құрылады. Сондықтан, күрделі де, негізгі тақырыптардың бірі – «Ерітінділерге сан есептерін дегейлеп беру арқылы оқушылырдың білім дейгейін шығырмашылықпен жұмыс істей алатын жағдайға дейін көтеруге болады.«Ерітінділер» тақырыбында шығарылатын есептердің түрлері:

- еріген заттың массасын анықтау;

- еріген заттың массалық үлесін анықтау;

- ерітінділерді әзірлеу есептері;

- ерітінділер қатысатын химиялық реакциялардың теңдеулер бойынша есептеу,

- ерігіштік коэффициенттері бойынша есептеулер;

- мольдік концентрация бойынша есептеулер;

- берілген концентрациялы ерітінділерді араластырып, жаңа ерітінді даярлау есептері..

Жалпы бұл есептерді шығарудағы негізгі шарт: есептегі шамалар арасындағы пропорциялық тәуелділікті анықтау. мысалы, заттың массасы, көлемі, тығыздығы, моль, мольдік массасы, мольдік көлемі арасындағы тәуелділік. Есептер төрт нұсқаға топтастырылады. Мұнда жеңілден сатылап қиынға көшу ұстанымын қолданады. А1→A2→A3→B1→B2→C1+C2. Мұндағы А нұсқасы 1балл, В нұсқасы – 2-3балл, С нұсқасы – 3-4 балл. Нұсқада берілген есептердің бәрі мектеп бағдарламасына сәйкес келеді. Осындай жүйелендірілген сан есептерін деңгейлеп оқыту арқылы сан есептерінің арасындағы тәуелділікті меңгертіп, оқушыларды есеп шығаруға машықтандыруға болады. Сонда ғана өз бетімен жұмыс істей алатын оқушылар даярлауға болады.

Date: 2015-06-11; view: 852; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию