Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Билет № 3





1.Химияны оқытудың мақсаты мен міндеттері. Химия курсының білім, тәрбие және дамыта оқыту мүмкіндіктерінің сипаты. Химия курсының мазмұны егеменді еліміздің оқу жүйесі жөніндегі орта мектепте жалпы білім берудің тұжырымдамасында анықталған. Химиялық орта білім беру бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын үш орындалатын міндеттен тұрады. Ол оқытудың білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттары деп аталады. Химия пәнәнің білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мүмкіндіктері, химиялық орта білім берудің негізгі міндеті аға ұрпақтардың жинақтаған тәжірибесі негізіндегі білімді логикалық және дидактикалық өңдеуден өткізіп түсінікті етіп беру. Қазіргі кезде оқытудың мақсаты жеке адамды жан-жақты және кешенді оқыту, тәрбиелеу және дамыту.Химияны оқыту дамытылған мәнде жүргізілуі керек, өйткені танымдық мүмкіндіктер, логикалық ойлау мен шығармашылық іс-әрекеттерге байланысты. Химия курсының мазмұны жоғары идеялық-теориялық негізде оқытудың белсенді проблемалық әдістеріне сай, химиялық сынақ-тәжірибелерді жүйелі пайдалану, дидактикалық таным- тәсілдердің негізінде жүзеге асады. Ойлау, есте сақтау, эмоциялы сөйлеу, т.б. сапаларды дамытуды керек етеді.Химияны оқытуда пайдаланатын дидиактикалық материалдар мен үлестіріп беретін заттар, тәжірибелерді орындау оқушыларды байқампаздыққа, ұқыптылыққа, сезімталдыққа, жауапершілікке тәрбиелейді. Химиядан білім берудегі оқу-танымдық міндеттер. Оқыту мен тәрбиелеу – бір-біріне байланысты екі үрдіс. Химияны оқыту үрдісінде оқушылардың жеке басының қызметін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Оны оқу – танымдық бірінші міндет деп санауға болады. Оқу – танымдық қызмет аса маңызды химиялық әрекеттерді меңгеруді көздейді. Мәселен, химиялық сынақ – тәжірибелерді орындай білу, заттарды талдауды, синтездеуді меңгеру, химиялық әртүрлі сарамандық іскерліктерді, дағдыларды игеру жатады.Оқу – танымдық екінші міндет интеллектуалды және сарамандық іскерлік. Химияны оқыту кезінде оқушылардың репродуктивті және продуктивті танымдық әрекеттерінің дамуы маңызды рөл атқарады. Оқушылардың танымдық қызметі проблемалық оқу кезінде аса нәтижелі дамиды. Осы кезде оқушылар проблемалық ахуалға белсене араласып, өз беттерінше жұмыс істейді.Оқу – танымдық қызметті дамытудың үшінші міндеті – оқыту құралдары мен оқыту әдістерін жұмылдыру.Оқушылардың қызметін арттыруда теориялық материалдар мен асрамандық мәні бар материалдың бірлігін күшейту. Тарихи материалдардың мәнін арттыру, пәнаралық және пәнішілік байланысты күшейтіп, зерттеу әдістеріне көбірек көңіл бөлу. Оқу – танымдық қызметті дамытудың төртінші міндеті, оқушылардың дербестік және шығармашылық қабілеттерін күшейту. Сонымен қатар, химияны оқытуда мынадай жалпы міндеттері де шешіледі:

1. Химияны оқытудың ерекшеліктерін анықтау және оларды ғылыми негіздеу;

2. Педагогикалық үрдістің жалпы заңдылықтарын химияны оқытудың наұты ерекшеліктеріне қолдану үрдісін зерттеу;

3. Химияны оқытудағы озат тәжірибені зерттеу және керегінше қорытындылау;

4. Педагогикалық жаңалықтар мен жетістіктерді оқыту үрдісінде қолдану және тәжірибеге енгізу тетігі мен әдістемемсін жасау. Сонымен, бұл міндеттерді шешу ғылыми негізделген, тәжірибеден өткен оқыту әдістері мен тәсілдерін мектеп өміріне енгізу басты міндет болып табылады. Осыдан келіп химияны оқытудың мынадай жеке міндеттері туындайды:

1) оқытуды ұймдастыру формаларын жетілдіру;

2) оқушылардың білімін, іскерлігін және дағдарысын бағалаудың және оқыту әдістерін жеке тәсілдерін жақсарту;

3) оқыту үрдісінің тиімділігін тексеру;

4) мұғалімнің сабаққа дайындалуының мәнін ашып көрсету;

5) Сыныптан тыс жұмыстардың формаларын жетілдіру, жолдарын табу, т.б.

2.Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары туралы ұғымның қалыптасып, дамуы. Бағдарламадағы материалдардың оқытылу орны және көлемі. Миллиондаған қосылыстарды ортақ белгілері бойынша санаулы кластарға біріктіру арқылы оқып-үйренеді. Бейорганикалық қосылыстар құрамына қарай төрт класқа жіктеледі: оксидтер, қышқылдар, негіздер және тұздар. Бұлар туралы оқу материалы зат және химиялық реакция жөніндегі алғашқы ұғымдарды тереңдетіп, одан әрі дамытады.Оқушылар заттардың құрамы, жіктелуі, табиғатта таралуы, алынуы және қолданылуы жайында нақтылы ұғымдар алады. Әр класқа жататын заттардың жалпы және жеке қасиеттерімен тәжірибе жүзінде танысады. Денеге, киімге бүлдіре әсерін тигізетін қышқылдармен, сілтілермен және басқа заттармен жұмыс істеуге үйренеді. Эксперимент жасаудың білімі мен дағдысына машықтанады.Химиялық реакциялардың жүру жағдайлары, белгілері, механизмі және типтері туралы алған білімдерін жетілдіреді, реакцияның жаңа типтерімен танысады.Химиялық элемент, жай зат және күрделі зат ұғымдары жаңа сатыға көтеріледі. Бейорганикалық қосылыстар кластарының арасындағы генетикалық байланыстарды ашу арқылы периодтық заң мен периодтық жүйені саналы игеруге әзірленеді.Оқушылардың химиялық тіл туралы білімі тереңдейді. Заттардың құрамы мен қасиеттері тұрғысынан терминдерді, оксидтер, қышқылдар, негіздер және тұздар номенклатурасының негіздерін үйренеді. Валенттілік, химиялық формулалар және теңдеулер құрастыру жөніндегі білімі мен біліктері нығаяды.Заттар мен құбылыстарды салысытыру, ұқсаастығы мен айырмашылығын табу, себеп-салдар байланысын ашу, жеке деректерден қортынды жасау, жалпы заңдылықты нақтылы жағдайда қолдана білудің қисынды тәсілдерін меңгереді. Заттардың сан алуандылығы мен бірлігі, бір- бірімен шарттастығы, құрамы мен қасиеттеріндегі қайшылықтары, санның сапаға ауысуы туралы ғылыми қөзқарастар қалыптасады.1935-1950 жылдарда бөлек тақырып ретінде оқытылып, 7-класта басталып 8-класта аяқталды. Оқу материалы концентризм принципі бойынша орналастырылды. VII класта өтілетін деректі материалдың көлемі үлкен болғандықтан оқушыларға ауыр тиді. Оның үстіне бейорганикалық қосылыстар жөнінде аяқталған білім беруге тырысу байқалды. Бұл кезеңде материалды орналастырудың генетикалық негізі үстем болды. Алдымен оксидтер қарастырылып, олардың гидраттануы арқылы негіздерге және қышқылдарға ауысу жүзеге асырылды. Мұның кемшілігі оқушылар іс жүзінде жүрмейтін реакциялардың теңдеулерін жазды, білімнің үстірт болуына әкеліп соқты.1953-1962 жылдары Д.М. Кирюшкиннің VII класқа арналған оқулығында алдымен негіздер, қышқылдар содан соң оксидтер және тұздар оқылатын болды. Өйткені оксидтердің химиялық қасиеттері қышқылдарға және негіздерге қатынасы арқылы ғана берілуі мүмкін. 1970 жылдардың соңында химия бағдарламасына елеулі өзгерістер енгізілді. Бейорганикалық қосылыстар VII класта жеке тақырып ретінде оқытылмайтын болды. Оксидтер туралы алғашқы ұғым оттегі тақырыбына, қышқылдар мен тұздар су тақырыбына көшірілді. Олар туралы білім VIIІ класта қорытылып бір жүйеге түсірілді. Ең соңғы жаңартылған бағдарламада білімді қорытындылау VII класқа ауыстырылды. Бейорганикалық қосылыстардың мазмұны, оқылу реті, методикалық тәсілдері бірнеше рет өзгергенімен алғашқы ұғымдарды қалыптастыруды теориялық деңгейі атом- молекулалық ілімнің сатысында қадып отырды. Алмасу реакцияларының ақырына дейін жүру жағдайларын, иондық механизмін қарастыру мүмкін болмады. Оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар туралы алғашқы ұғымдар қалыптасуының үш кезеңі бар. Бірінші кезеңде бұл заттардың құрамы және кейбір химиялық қасиеттері атом молекулалық ілім тұрғысынан түсіндіріледі. Екінші кезең периодтық заң және периодтық жүйе, заттың құрылысы өтілгеннен кейін басталады. Әр класқа жататын заттардың химиялық байланыстарының түрлері, кристалл торлары және қасиеттері электрондық теорияның тұрғысынан қарастырылады. Үшінші кезеңде (ІХ класс) бейорганикалық қосылыстар туралы ұғымдар электрон- иондық көзқарастармен байытылып дамиды. Оқушылардың біліімі жаңа сатыға көтеріледі. Үш кезеңге сәйкес оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар туралы берілетін білімнің көлемі мен орнын келтіреміз.

Химия» пәнінен оқу бағдарламасы,оның құрылымы,мазмұны. Мұғалімнің бағдарламамен жұмысы. Оқу материалын жыл бойына бөлу.

Date: 2015-06-11; view: 880; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию