Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Билет № 16





1. Кластан тыс жұмыстардың манызы. Химиядан жүргізілетін кластан тыс жұмыстардың түрлері, ұйымдастыру және өткізу әдістемесі мектепте оқушыларды тек сабақта немесе сыныпта ғана тәрбиелеп және қалыптастырып қана қоймай, сыныптан тыс жұмыстарда да тәрбиелеу қажеттілігі маңызды болып отыр.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысы тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде соған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде оқушылардың кең көлемде әрі терең, жан жақты тәрбиелік ықпал ете алады.

- Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми теориялық мәнін негіздеу.

- Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің мүмкіндіктерін

айқындау;

- Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің әдіс тәсілдерін анықтау және оны эксперимент – тәжірибе жүзінде тексеру.

Сабақтан тыс тәрбие жұмысының дамытушылық қызметінің маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке байланысты оқушьшардың психикалық процестерін, оқушыларды жеке-дара қабілеттерін дамытуды көздейді сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысы – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады. Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді. Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады. Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді Жетіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады.

Органикалық заттарды оқып –үйренудің әдістемесі, оқу –тәрбиелік манызы. Органикалық химия курсының мазмұны мен құрылымы 1.Органикалық химия курсының оқу-тәрбиелік маңызы мен міндеттері.

Орта мектепте органикалық заттар немесе көміртегі қосылыстарының химиясы арнайы курс ретінде өтіліп, бірқатар оқу-тәрбиелік міндетттерді шешеді. Органикалық химияда заттардың сан алуандығы және оның себептері жөнінде ұғым қалыптасады, органикалық және бейорганикалық қосылыстардың бірлігі мен айырмашылығы ашып көрсетіледі. Органикалық заттар сан жағынан көп, қазіргі кезде белгілі қосылыстардың төрттен үші органикалық заттарға жатады. Органикалық заттардың құрамына негізінен көміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт және фосфор элементтері, яғни санаулы ғана элементтер кіреді. Кейінгі кезде металорганикалық және электроорганикалық қосылыстар көптеп алынуда, бірақ олар орта мектепте оқылмайды. Органикалық қосылыстардың құрамына оқушыларға таныс элементтер ғана кіргенімен әр алуан болуы көміртегі атомдарының өзара бір және еселенген химиялық байланыстар түзуге бейімділігімен түсіндіріледі. Оқушылардың теориялық білімі жаңа сатыға көтеріледі. Органикалық химияның теориялық көзқарастарын дамытуда және ғылыми жаңалықтарын ашуда ғалымдардың қосқан үлесіне баса назар аударылып, интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жүзеге асырылады. А.М.Бутлеровтың органикалық заттардың құрылыс теориясы, М.М.Марковниковтың атомдардың өзара әсері жөніндегі ережесі, Н.Н.Зининнің анилин алу реакциясы, М.Т.Кучеровтың ацетиленді гидраттау реакцияларының маңызы түсіндіріледі. Органикалық химияда ғылым аралық және пән аралық байланыстарды жүзеге асыруға зор мүмкіндік туады. Органикалық химия тірі организмдердің құрамына кіретін, олардың денесін құрайтын, биохимиялық бағыттарға қатысатын заттарды зерттейді, тіршілік барысын молекулалық деңгейде түсінуге жәрдемдеседі. Биологиялық аса маңызды заттар: көмірсулардың, майлардың және ақуыздың химиялық құрамын және қасиеттерімен таныстыру арқылы органикалық химия оқушыларды жалпы биологияны оқу материалын жете игеруге әзірлейді.

Органикалық химияны өткенде оқушылардың зертханалық-сарамандық біліктері дамиды. Едәуір күрделі сапа және сан тәжірибелерін жасауды, эксперимент есептерін шығаруды үйренеді. Органикалық химияны игеру барысында оқушыларда дүниенің материадан тұратынын, бірлігі, үздіксіз дамуы, сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне ауысуы, оларды танып-білуге болатынын жөнінде ғылыми көзқарас қалыптасады. Өлі табиғат және тірі табиғаттың бейорганикалық заттармен органикалыз заттардың арасын бөліп тұрған шекара жоқ екені жөнінде пікір туады. Органикалық химия оқушылардың ақыл-ойының дамуына зор әсерін тигізеді. Қисынды ойлаудың дедукция, анализ және синтез, салыстыру және жалпылау тәсілдерін жиі пайдалынылады. Органикалық химияы оқытуда оқу жұмысын ұйымдастырудың бұрыннан келе жатқан түрлері пайдалынады. Солардың ішіндегі ең негізгісі-сабақтың типтері, мазмұны, әдістері мен құралдары материалдың сипатына, оқушылардың өсуіне және жасының есеюіне қарай елеулі өзгерістерге ұшырайды. Жаңа материалды үйрену, алған білімді жетілдіру, қайталау және қорытындылау сабақтары, көбінесе дәріс, семинар, пікір таласы және конференция түрінде өткізіледі. Бұларда қарастырылатын оқу дербестігі арттырылады. Дәріс пен әңгіменің мәселелік, әңгімелесудің эвристикалық түрлері жиі қолданылады. Оқыту әдістерінің сипаты, оларды қолдану кезіндегі мұғалім еңбегі мен оқушы іс-әрекетінің ара қатынасы өзгереді. Сөз, көрнекі және сарамандық әдістер оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын кеңінен және тиімді ұйымдастыру жағына қарай ауысады. Бірқатар деректі және суреттеме материалдарды оқушылар өздігінен оқып үйренеді. Оқыту құралдарының ішінде химиялық эксперименттің мәні артады. Органикалық химияда қойылатын тәжірибелердің техникасы күрделі болуынан, көбінесе, көрнекі көрсетулер жасалады. Көрнекі көрсету тәжірибелері тиісті нәтиже бермейтін жайдайларда ғана зертханалық тәжірибелер жүргізіледі. Тәжірибелер жасауда сурет бойыншы түсіндіру және зерттеу әдістері қолданылады. Сөз, көрнекілік және тәжірибені ұштастырудың түрлері материалдың мазмұнына және оқушылардың өткендегі әзірлігіне қарай анықталады. Байқалған қасиеттеріне сәйкес органикалық қосылыстың құрылымын іздеп табу, алдын-ала жасалған жорамалды сынау тәжірибелері көбірек орын алады. Сарамандық тәжірибелер эксперимент есептері түрінде беріледі. Сан есептерінен тәжірибе мәліметтері бойынша заттың химиялық формуласын табу жиі шығарылады. Органикалық химияны оқытуда оқушылардың қисынды оулыуын дамытуға баса назар аударылады. Органикалық қосылыстардың жеке кластарын өткенде салыстыру тәсілі жиі қолданылады. Қаныққан көмірсутектерінің құрылысы және қасиеттері қанықпаған қосылыстар қатарларының құрылысы мен қасиеттері өзара салыстырылады. Салыстыру кезінде табылған айырмашылықтар заттың құрылысы-қасиеттері-қолданылуы арасындағы себеп-салдар байланысы арқылы түсіндіріледі. Түсіндіру үшін анализ және синтез, жалпылау, қорытындылау және жүйелеу тәсілдері пайдалынады. Оқушылар даму идеясын нақтылау игеру үшін органикалық қосылыстар кластарының арасындағы генетикалық байланысқа ұдайы назар аударылады. Ол үшін әр кезде жасалған тәжірибелер еске түсіріліп, жаңартылады, жаттығулар орындалады, мысалы, мына сызбанұсқаға сәйкес жүзеге асатын химиялық реакциялардың теңдеулерін жазыңдар: C3H8→C3H7 Br→C3H8O→C3H6O→C3H6O2

Жаттығуды орындағанда оқушылар қанық көмірсутектерін галогендеу, галоген туындыларын гидролиздеу, спирттермен альдегидтердің тотығу реакцияларын еске түсіреді, әр класқа тән реакциялар арқылы бір кластан екінші класқа көшу мүмкіндіктері жөніндегі білімін нығайтады. Есте болатын нәрсе, генетикалық байланыс, әдетте оқылатын класқа жататын заттардың құрылысы мен қасиеттері өтілгеннен кейін қарастырылады. Органикалық заттардың құрылысы А.М.Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясы, электрондық теория және кеңістік құрылысының теориясы тұрғысынан қарастырылады. Соңғы кездегі бағдарлама бойынша органикалық химияның курсы органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясын мына жоспарға сәйкес оқып-үйренуден басталады: құрылыс теориясы шығуының алғы шарттары; құрылыс теориясының мәні мен маңызы; эзомерия туралы алғашқы ұғым; кіші период элементтері атомдарының электрондық құрылысы және химиялық байланыс. Бұл материалды үйренуге арналған сабақтар әңгімелесу кірістірілетін дәрістер түрінде өткізіледі. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында органикалық химияның дамуына өндірістің, қоғамдық сарамандықтың тигізген әсері, деректі материалдың көбеюі мен оларды түсіндіретін көзқарастар арасында қайшылық туғаны баяндалады. Солардың ішінде органикалық заттардың сан алуан болуын, оларда валенттілік заңдылығының сақталмайтын тәрізді көрінуін, сапалық құрамы бірдей заттар қасиеттеріндігі өзгешіліктерді түсіндіру қажет болғаны айтылады. Бұл қайшылықтарды дәлелдейтін нақтылы мысалдар келтіріледі.

3. Химия кабинетіндегі оқушыларға арналған қауіпсіздік ережелері. Химия кабинетінде жұмыс істеудің қауіпсіздік техникасының ережелері: 1. Алдымен әрбір орындалатын жұмыспен танысып, ондағы қолданылатын заттардың қасиеттерімен, құрал-жабдықтардың нақты өздерімен әрі не үшін қолданылатынын айқындап алу керек. 2. Химиялық кабинетте жұмыс кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін дүниелердің: бастапқы көмек көрсететін дәріханалық қобдишаның, көзді жуатын айдалған судың, өрт сөндіргіштің, оттың бетін жауып кішігірім өртті сөндіретін жамылғыш пен құм салған ыдыстың, қан тоқтатқыш қоспаның, йод ерітіндісінің т.б. тұрған жерін дәл біліп алу керек.3. Кез келген жұмысты орындаудан бұрын оқушы үстіне арнайы жұмыс халатын киіп, қажет болса көзіне қорғауыш көзілдірік, тіпті газтұтқыш арнайы тұмылдырық киіп алғаны дұрыс. Аяқ киімнің де жан-жағы жабық болғаны жөн, қолға арнайы қолғап кию де қажет болуы мүмкін. Егер оқушының шашы ұзын болса, оны жинап қою керек.4.Тәжірибеге кірісердің алдында жұмыс үстелінің үстінен артық дүниені, соның ішінде оқулықтар мен басы артық қағаздарды шетке алып қою керек.5. Реактив салынған ыдыстың сыртында жазылған заттың формуласы кем дегенде екі рет қарап, іздеп отырған заттың дәл сол ма айқындап алған жөн.6. Реактивтерді қолмен ұстауға, дәмін татып көруге болмайды. Егер газ күйіндегі заттың иісін сезгің келсе, оның ыдысын мұрыннан алысырақ ұстап, аздап желпіп көру керек. Оны дұрыс орындауды мұғалім немесе лаборант көрсетіп береді.7. Реактиві бар ыдыстың аузына үңілмейді, жанынан қарайды. Сынауықтың ашық аузын оқушы өзіне немесе жанындағы адамға қаратып ұстамауы керек.8. Артық алынған реактивтің қалғанын қайтадантаза зат салынған ыдысқа салуға немесе құюға болмайды. Кабинетте тек қана таза зат пен таза ыдыс қолданылатынын үнемі есте ұстаған жөн.9. Кабинеттегі компютерді, диспенсерді тоққа қосулы қалпында қалдырып кетуге болмайды. Өшіргендігіңе көз т.т. жеткізу қажет.10. Әсіресе қышқылдармен немесе сілтілермен жұмыс істегенде абай болыңдар! Егер реактив денеге немесе киімге тиіп кетсе, бірден суды көбірек пайдаланып, жуып жіберген дұрыс.11. Реактивтің әсерінен денедегі аздап күйіп қалған жерді суық ағынды сумен жақсылып шаю керек. Содан кейін барып тиісті дәрігерлік көмек көрсетіледі.12. Кабинетте орынсыз жүре беруге, дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресіңдер.13..Жұмыс соңында қолданылған құрал-жабдықты, реактивтерді, қыздырғыш құралдарды өз орындарына апарып қою керек. Реактивтердің қалдығын ережеге сай мұғаліммен не лаборантпен келісіп алып, аластау керек.14. Химиялық кабинеттен шығар алдында суды тоқтатқандығыңа, газды, ұыздырғыш торды өшіргендігіне, т.т. көз жеткізу қажет.15. Газ жанарғысын, спирт шамды және электр қыздырғыштарды пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері бар, соларды бұлжытпай орындау керек.

Date: 2015-06-11; view: 924; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию